Отизол®
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Отизол
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Құлақ тамшы дәрісі
Құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді заттар: 50 мг антипирин, 50 мг бензокаин, 1,25 мг фенилэфрин гидрохлориді бар,
қосымша заттар: натрий метабисульфиті, пропиленгликоль.
Сипаттамасы
Мөлдір, түссіз немесе сарғыш тұтқыр сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Отологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар. Aнальгетиктер және анестетиктер. Біріктірілген препараттар.
АТХ коды S02DA30
Фармакологиялық қасиеттері
Отоларингологияда жергілікті қолдануға арналған біріктірілген дәрілік зат. Антипирин ауырғанды басатын, ыстықты түсіретін және қабынуға қарсы әсер көрсетеді. Пирозолонның синтетикалық туындысы. Бұл топ препараттары ауырғанды басу және ыстықты түсіру белсенділігі бойынша салицил қышқылы туындыларына жақын. Пирозолон туындылары қылтамырлардың өткізгіштігін төмендетеді де қабыну реакциясының дамуына кедергі жасайды. Жергілікті қолданғанда кейбір қан тоқтататын әсері белгілі болған.
Фенилэфрин постсинаптикалық альфа-адренорецепторларды көтермелей отырып, тамыр тарылтатын әсер етеді. Вазоконстриктор ретінде антиконгестивті әсері бар: шырышты қабықтың ісінуі мен гиперемиясын және экссудативті көріністердің айқындығын төмендетеді.
Бензокаинның жергілікті айқын жансыздандыратын әсері бар. Натрий иондары үшін жасуша жарғақшасының өткізгіштігін төмендетеді, жарғақшаның ішкі бетінде орналасқан рецепторлардан Са2+ ығыстырып шығарады, жүйке импульсінің өтуін бөгейді.
Белсенді заттары сіңбейтіндіктен Отизол жүйелік әсер етпейді.
Қолданылуы
- жедел ортаңғы отитте
- барожарақат кезіндегі отитте
- жарақаттан кейінгі отитте
Қолдану тәсілі және дозалары
Емшектегі балаларға 6 айдан бастап күніне 1-2 тамшыдан, одан үлкен жастағы балаларға 2 тамшыдан, ересектерге 3-4 тамшыдан күніне 3 рет.
Тамшыны ішкі есту жолына тамшуырдың көмегімен тамызады.
Емдеу ұзақтығы 3-7 күн.
Жағымсыз әсерлері
Препарат компоненттеріне сезімталдыққа байланысты белгілер (шымылдату сезімі, гиперемия, тері бөртпелері) сирек байқалуы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың ингредиенттеріне жекелей сезімталдықтың жоғарылауы
- жұқпа немесе жарақатқа байланысты дабыл жарғағының тесілуі
- 6 айға дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Отизолды жергілікті қолданғанда бір мезгілде тағайындалатын анальгетиктермен және қабынуға қарсы дәрілермен, антисептиктермен және жергілікті әрі жүйелі қолдануға арналған антибиотиктермен өзара әрекеттестігі анықталмаған.
Айрықша нұсқаулар
Қолданғаннан кейін қақпағын тығыздап жауып және құтыны картон қорапқа (препаратты жарықтан қорғау үшін) салу керек.
Жүктілік және лактация
Жүктілік кезінде анаға деген пайда ұрыққа болуы мүмкін қауіптен жоғары болған жағдайда ғана қолдануға болады. Лактация кезінде препаратты сақтықпен қабылдау керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Жүйелік сіңуі төмен дәрежеде болуына байланысты артық дозалану ықтималдығы аз.
Емдеу: симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
15 мл препарат бұралатын полипропиленді қалпақшасы бар және полиэтилентерефталаттан жасалған құтыға құйылған.
1 құтыдан полипропиленнен жасалған тамшуыр қақпағымен және мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкенің ішіне салынған.
Сақтау шарттары
25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Құты ашылғаннан кейін препаратты 2 ай ішінде пайдаланылады.
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Био-Фарм, Инк. АҚШ
2091 Хартел Стрит, Левиттаун, Пенсильвания 19057, АҚШ
Тіркеу куәлігінің иесі
Байер Консьюмер Кэр АГ, Швейцария
Қаптаушы-ұйымның атауы мен елі
Био-Фарм, Инк. АҚШ
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Байер КАЗ» ЖШС
Тимирязев к-сі, 42, Экспо-Сити, 15 пав.,
050057, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
тел.: + 7 (727) 258 80 40 (148)
факс: + 7 (727) 244 70 01
e-mail: kz.claims@bayer.com