Оптизин® (капли глазные, 0.25%)

МНН: Тимолол
Производитель: Фармацевтическая компания "МЕДОПТИК"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Timolol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014627
Информация о регистрации в РК: 28.02.2013 - 28.02.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Оптизин®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Тимолол

Дәрілік түрі

0,25%, 0,5% 5 мл, 8 мл, 10 мл көз тамшы дәрісі

Құрамы

100 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - 0,342 г, 0,684 г тимолол малеаты (0,25 г, 0,5 г – тимололға шаққанда)

қосымша заттар: натрий дигидрофосфат дигидраты, динатрий фосфат додекагидраты, бензалконий хлоридінің 10 % ерітіндісі, инъекцияға арналған су бар.

Сипаттамасы

Мөлдір, түссіз немесе аздап сарғыш сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Глаукомаға қарсы препараттар және миотиктер. Бета-адреноблокаторлар. Тимолол

АТХ коды S01ED01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданған кезде Оптизин® мөлдір қабық арқылы жылдам өтеді. Көз тамшысын тамызғаннан кейін көздің алдыңғы камерасының сулы ылғалында препараттың ең жоғарғы концентрациясына 1-2 сағаттан соң жетеді.

Конъюнктива тамырлары, мұрын шырышы және көзжасы жолы арқылы сіңу жолымен аздаған мөлшерде жүйелі қан ағымына келіп түседі. Оптизин® препаратының метаболиттері негізінен бүйрек арқылы шығады.

Фармакодинамикасы

Оптизин® бета-адренорецепторларының селективті емес бөгегіші болып табылады. Ішкі симпатомиметикалық және мембрананы тұрақтандырушы белсенділікке ие емес. Көз тамшысы түрінде жергілікті қолданған кезде көзішілік сұйықтығының түзілуін азайту есебінен қалыпты және жоғарылаған көзішілік қысымды төмендетеді. Қарашықтың көлеміне және аккомодацияға әсер етпейді.

Препараттың әсері конъюнктивальды қуысқа тамызғаннан кейін 20 минуттан соң байқалады. Көзішілік қысымының ең жоғарғы төмендеуі 1-2 сағаттан соң басталады және 24 сағат бойы сақталады.

Қолданылуы

- көзішілік қысым жоғарылағанда (көз гипертензиясында)

- глаукомада (созылмалы ашықбұрышты глаукомада)

- афакиялық глаукомада және екіншілік глаукоманың басқа түрлерінде

- жабықбұрышты глаукома кезінде (миотиктермен біріктіргенде) көзішілік қысымды төмендету үшін қосымша дәрі ретінде

- туа біткен глаукомада (басқадай емдік шаралар жеткіліксіз болған кезде)

Қолдану тәсілі мен дозалары

Емдеудің басында Оптизин® 0,25% немесе 0,5% препаратын 1 тамшыдан зақымданған көзге күніне 2 рет тамызады.

Егер көзішілік қысым тұрақты қолданған кезде қалпына келсе препараттың дозасын 1 тамшыдан күніне 1 ретке дейін шектеуге болады. Препаратпен емдеу ұзақ уақыт бойы жүргізіледі. Емдеуді үзу немесе дозаны өзгерту тек дәрігердің тағайындауымен жүргізіледі.

Жағымсыз әсерлері

- конъюнктиваның, қабақ терісінің гиперемиясы және тітіркенуі, көздің ашуы және қышуы, жас ағуы, жарықтан қорқу, мөлдір қабық эпителиясының ісінуі, нүктелік беткейлік кератопатия, мөлдір қабықтың гипостезиясы, диплопия, птоз, көздің құрғақтығы

- фистулалық антиглаукоматозды операцияларда операциядан кейінгі кезеңде тамыр қабығының ажырауы

- жүрек жеткіліксіздігі, брадикардия, брадиаритмия, артериялық қысымның төмендеуі, коллапс, атриовентрикулярлы блокада, жүректің тоқтап қалуы, ми қан айналымының өтпелі бұзылуы

- ентігу, бронхтың түйілуі, өкпе жеткіліксіздігі

- бас ауыруы, бас айналуы, әлсіздік, депрессия, парестезиялар, елестеулер, шым-шытырық түстер көру

- жүрек айнуы, диарея

- есекжем, экзема, алопеция

- ринит

- жыныс қызметінің бұзылуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- тимололға жекелеген жоғары сезімталдық

- бронх демікпесінде немесе тыныс жолдарының басқа да ауыр созылмалы тарылу аурулары

- синустық брадикардия (жүрек жиырылу жиілігінің азаюы)

- II немесе III дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада

- айқын жүрек жеткіліксіздігі

- кардиогенді шок

- жайылған тері бөртпесі бар аллергиялық реакциялар

- ауыр атрофиялық ринит

-мөлдір қабық дистрофиясы

- лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Оптизин®-ді сақтықпен қолдану керек: өкпе жеткіліксіздігі, ауыр түрдегі цереброваскулярлық жеткіліксіздігі, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, Рейно синдромы, феохромоцитома атрофиялық риниті, артериялық гипотензиясы, қант диабеті, гипогликемиясы, тиреоуыттылығы, миастениясы бар науқастарға, сондай-ақ басқа да адреноблокаторларды бір мезгілде тағайындаған кезде.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Оптизин®-ді құрамында адреналині бар көз тамшыларымен біріктіріп пайдаланғанда көз қарашығының кеңеюін туғызуы мүмкін.

Препараттың ерекше әсері – құрамында адреналині және пилокарпині бар көз тамшыларын бір мезгілде пайдаланған кезде көзішілік қысымының төмендеуі күшейеді, көзге екі бета-адреноблокаторларды тамызбау керек.

Артериялық қысымның төмендеуі және жүрек ырғағының баяулауы кальций антагонистері препаратымен, резерпинмен және бета-адреноблокаторлармен біріктіріп қолданған кезде күшеюі мүмкін.

Инсулинмен немесе диабетке қарсы ішілетін дәрілермен бір мезгілде қолданған кезде гипогликемияға әкелуі мүмкін.

Оптизин® миорелаксанттардың әсерін күшейтеді, сондықтан жалпы наркозды қолданумен жоспарланған хирургиялық араласуларға дейін препаратты 48 сағат бұрын тоқтату керек.

Айрықша нұсқаулар

Көзішілік қысымын өлшеу және мөлдір қабықты тексеру үшін дәрігерге тұрақты көрініп отыру қажет.

Егер науқас жұмсақ жанаспалы линза тағып жүрген болса, онда оған Оптизин® препаратын қолданудың қажеті жоқ, өйткені консервант жұмсақ жанаспалы линзаларда жинақталуы және көз тіндеріне жағымсыз әсер етуі мүмкін.

Препаратты тамызудың алдында қатты жанаспалы линзаны шешу және оны 15 минут өткеннен кейін кию керек.

Препаратты тамызғаннан кейін сол сәтте көру жітілігінің төмендеуі және психикалық реакциялардың баяулауы мүмкін, ол көше қозғалысы кезінде белсенді қатысуға, машинаға қызмет етуде немесе сенімсіз тірексіз жұмыстарды орындауға қабілеттілікті азайтуы мүмкін. Бұның әсіресе препараттың алкогольмен өзара байланысуы кезінде мәні бар.

Науқасты Оптизин® препаратымен емдеуге ауыстырған кезде ертеректе қабылдаған миотиктер туғызған әсерден кейін рефракцияны түзету қажет болуы мүмкін.

Жалпы анестезияны қолдану арқылы жасалатын операциялық араласулар қажет болған жағдайда препаратты 48 сағат бұрын тоқтату керек.

Жаңа туған нәрестелерге жергілікті қолданғанда апноэге әкелуі мүмкін.

Жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда препаратты пайдалануды тоқтату және мүмкіндігінше тезірек емдеуші дәрігерге (офтальмологқа) көріну керек.

Жүктілік және лактация кезеңінде қолдану

Оптизин® плацента арқылы өтеді, емшек сүтімен бөлінеді.

Оптизин® препараты жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарға қолданылмайды.

Емдеу кезінде бала емізуді тоқтату керек.

Автокөлікті және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолданған кезде оның мүмкін болатын жағымсыз әсерлері мен ерекшеліктерін ескере отырып, сақтану қажет.

Артық дозалануы

Белгілері: бас айналуы, бас ауыруы, аритмия, брадикардия, бронхтың түйілуі, жүрек айнуы, құсу (бета-адреноблокаторларға тән жалпы резорбтивті әсерлер).

Емі: көзді сумен немесе физиологиялық ерітіндімен тез арада шаю, белгісіне қарай ем жүргізу керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл, 8 мл және 10 мл-ден алғашқы ашылуы бақыланатын, қақпақпен тығыз жабылған, полиэтиленнен жасалған тамшылатқыш-құтыларда.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон кораптан жасалған пәшкеге салынған.

Картоннан жасалған қорапқа 10, 20 немесе 100 пәшкеден салынған.

20, 100 немесе 1000 құтыдан (пәшкеге салмай) қораптық картоннан жасалған қорапқа құты санына қарай мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Құтыны ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі 4 аптадан аспауы керек.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Медоптик» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Алматы қ-сы, Огарев к-сі 2 «б»

тел: 8 (727) 2320822,2320823, 2320824

факс: 8 (727) 3832202

Е-mail: -572202@gmail.com

Тіркеу куәлігінің иесі

«Медоптик» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар)

сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Медоптик» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Алматы қ-сы, Огарев к-сі 2 «б»

тел: 8 (727) 2320822,2320823, 2320824

факс: 8 (727) 3832202

Е-mail: -572202@gmail.com

Медоптик ЖШС Директоры Ахметов Е.О.

Сарапшы

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлiгi медициналық және фармацевтикалық қызметті

бақылау комитеті Төрағасының

2012 жылғы «___» ____________

№ бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН

Дәрілік заттың медицинада

қолданылуы жөніндегі

нұсқаулық

Прикрепленные файлы

939046881477976943_ru.doc 79 кб
786422391477978120_kz.doc 96.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники