ОЛФРЕКС

МНН: Оланзапин
Производитель: Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: N05AX
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№022153
Информация о регистрации в РК: 01.06.2021 - 01.06.2031
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 1 141.3 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

ОЛФРЕКС

Халықаралық патенттелмеген атауы

Оланзапин

Дәрілік түрі

Ауыз қуысында ұсақталатын 5 мг, 10 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 5.000 мг және 10.000 мг оланзапин

қосымша заттар: фармабарст С1, кросповидон CL (коллидон), L-гидроксипропилцеллюлоза LH 11, кросповидон CL-F (коллидон), аспартам, темірдің сары тотығы (Е 172), қою ванильді хош иістендіргіш (FA00313), магний стеараты, тазартылған су

Сипаттамасы

Сопақша пішінді, екі жақ беті дөңес, сары түсті, бір жақ бетінде «5» жазуы бар таблеткалар (5 мг доза үшін).

Сопақша пішінді, екі жақ беті дөңес, сары түсті таблеткалар (10 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Психотроптық препараттар. Нейролептиктер (Антипсихотиктер). Дибензодиазепиндер және олардың туындылары. Оланзапин.

АТХ коды N05AH03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Пероральді түрде қабылдаудан кейін оланзапин жақсы сіңеді және ол қан плазмасында ең жоғары концентрацияға 5 - 8 сағаттан соң жетеді. Оланзапиннің сіңгіштігі тамақ ішуге байланысты емес. Плазмадағы концентрациясы 7-ден 1000 нг/мл-ге дейін болғанда, оланзапиннің 93%-ға жуығы плазма ақуыздарымен, негізінен, альбуминмен және 1-қышқыл-гликопротеинмен байланысады.

Оланзапин бауырда конъюгация және тотығу үдерістерінің нәтижесінде метаболизденеді. Негізгі айналымдағы метаболиті 10-N-глюкуронид болып табылады, ол гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтпейді. Р450 цитохромының CYP1A2 және CYP2D6 изоферменттері оланзапиннің N-десметил және 2-гидроксиметил метаболиттерінің түзілуіне қатысады. Р450 цитохромының CYP2D6 изоферментінің белсенділігі оланзапиннің метаболизмі деңгейіне ықпалын тигізбейді. Препараттың негізгі фармакологиялық белсенділігіне бастапқы зат – оланзапин себепші болады. Оланзапиннің 57%-ға жуығы бүйрек арқылы, негізінен, метаболиттер түрінде шығарылады.

Оланзапин емшек сүтімен бірге бөлініп шығады. Анасында тепе-тең концентрацияға жеткен кезде нәрестенің алатын орташа дозасы (мг/кг) анасындағы оланзапин дозасының 1.8%-ын (мг/кг) құрады.

Оланзапиннің фармакокинетикалық көрсеткіштері темекі тартуға, пациенттің жынысына және жасына байланысты ауытқып отырады (кестені қараңыз).

Пациенттердің сипаттамасы

Жартылай шығарылу кезеңі (сағаты)

Плазмадағы клиренсі

(л/сағ.)

Темекі тартпайтындар

38.6

18.6

Темекі тартатындар

30.4

27.7

Әйелдер

36.7

18.9

Еркектер

32.3

27.3

Егде жастағылар (65 жас және одан үлкендер)

51.8

17.5

65 жасқа толмағандар

33.8

18.2

Бүйрек функциясы зақымданған (креатинин клиренсі <10 мл/мин) пациенттерде, дені сау субъектілермен салыстырғанда, жартылай шығарылуының орташа кезеңінде (сәйкесінше, 37.7 және 32.4 сағат) немесе плазмалық клиренсінде (сәйкесінше, сағатына 21.2 және 25.0 л) елеулі айырмашылықтар байқалмайды.

Бауыр функциясының аздаған бұзылулары бар темекі тартатын адамдарда, бауыр функциясы бұзылмаған, темекі тартпайтындарға қарағанда, жартылай шығарылу кезеңі (39.3 сағ.) ұзағырақ және оланзапин клиренсі (сағатына 18.0 л) төмен болады (сәйкесінше, 48.8 сағат және сағатына 14.1 л).

Оланзапиннің плазмалық клиренсі 65 жасқа толмаған пациенттермен салыстырғанда егде жастағы пациенттерде, еркектермен салыстырғанда әйелдерде және темекі тартатын пациенттермен салыстырғанда темекі тартпайтын пациенттерде төмен болады. Алайда жастың, жыныстың немесе темекі тартудың креатинин клиренсіне және жартылай ыдырау кезеңіне ықпал ету шамасы, жалпы жекелей адамдар арасындағы ауытқушылықпен салыстырғанда, мардымсыз болады.

Оланзапиннің фармакокинетикасы ересек пациенттер мен 13-тен 17 жасқа дейінгі пациенттерде ұқсас. Клиникалық зерттеулерде оланзапиннің орташа әсері жасөспірімдер арасында 27%-ға жоғары болды, бұл пациенттердің осы тобының демографиялық ерекшеліктерімен (дене салмағы төменірек және темекі тартатын пациенттер саны азырақ) байланысты болуы мүмкін.

Фармакодинамикасы

Олфрекстің серотониннің (5HT2A/2C, 5HT3, 5HT6), дофаминнің (D1 - D5), мускариннің (М1 – М5), гистаминнің (Н1) рецепторларына, сондай-ақ адренергиялық жүйенің α-1 рецепторларына да ұқсастығы жоғары болады.

Препарат мезолимбиялық (А10) дофаминергиялық нейрондардың қозғыштығын селективті түрде төмендетеді, және сол уақытта моторлы функцияны реттеуге қатысатын стриарлы (А9) жүйке жолдарына аздаған әсерін тигізеді. Олфрекс каталепсияны (моторлы функцияға жағымсыз ықпалынан көрінетін бұзылыстар) тудыратын дозаларға қарағанда, төменірек дозаларда шартты қорғаныс рефлексін (антипсихоздық белсенділігімен сипатталатын тест) төмендетеді. Олфрекс «анксиолитикалық» тест жүргізген кезде үрейленуге қарсы әсерді күшейтеді.

Олфрекс өнімді бұзылыстардың да (сандырақтау, елестеулер және басқалар), сонымен қатар жағымсыз бұзылыстардың да редукциясын қамтамасыз етеді.

Қолданылуы

  • Олфрекс айқын өнімді (мысалы, сандырақтау, елестеулер, ойлаудың бұзылысы, өшпенділік және күмәнданушылық) және/немесе жағымсыз (мысалы, эмоциональді немқұрайлылық, эмоциональді және әлеуметтік шектелушілік, сөйлеу жұтаңдығы) симптоматикасы, сондай-ақ қатар жүретін салдарлық аффективтік бұзылыстары бар пациенттерде шизофренияның және ұқсас психоздық бұзылыстардың өршуін емдеуге және оларға демеуші ем жүргізуге арналған. Олфрекс емнің бастапқы әсері байқалған пациенттерде емдеуді жалғастырған кезде клиникалық жақсаруды демеуге арналған.

  • Олфрекс монотерапия түрінде немесе литиймен немесе вальпроатпен біріктіріліп биполярлы бұзылысы бар пациенттерде, психоздық көріністері бар немесе жоқ болған кезде және фазалардың тез алмасуы бар немесе жоқ болған кезде, жедел маниакальді немесе аралас көріністерді емдеуге арналған. Олфрекс биполярлы бұзылыстарда маниакальді, аралас немесе депрессиялық көріністердің қайталануының және қайталану жиілігінің азаюы арасындағы аралықты ұзарту үшін қолданылады.

  • Олфрекс монотерапия немесе флуоксетинмен біріктіріліп биполярлы бұзылысы бар пациенттерде депрессиялық көріністерді емдеуге арналған.

  • Флуоксетинмен біріктірілген Олфрекс резистентті депрессиясы (екі антидепрессантпен жеткілікті дозада және тиісті ұзақтықпен емдеуге жауап бермейтін пациенттердегі үлкен депрессиялық бұзылыс) бар пациенттерді емдеу үшін қолданылады.

  • Олфрекс ауырлығы орташадан айқын дәрежеге дейінгі маникальді көріністерді емдеуге арналған.

  • Олфрекс маниакальді көріністі емдегенде препарат тиімді болған, биполярлы бұзылыстары бар пациенттерде аурудың қайталануына жол бермеуге арналған.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке қабылдауға арналған. Диспергирленетін Олфрекс таблеткалары сілекейде тез ериді және оңай жұтылады. Таблетканы ерімеген күйінде ауыздан шығарып алу қиындау. Олфрекс таблеткасы сынғыш болғандықтан, оны блистерден тура пайдаланар алдында ғана шығарып алған жөн. Таблетканы тура пайдаланар алдында суда немесе басқа сұйықтықта (мысалы, апельсин немесе алма шырынында, сүтте, кофеде) ерітуге болады. Олфрексті тамақ ішуге қарамай-ақ қабылдай беруге болады, өйткені тамақ препараттың сіңімділігіне ықпалын тигізбейді.

Олфрекстің емдік дозалары тәулігіне 5 мг-ден 20 мг-ге дейінгі ауқымда өзгереді. Тәуліктік дозаны науқастың клиникалық жағдайына байланысты жекелей таңдау қажет. Тәуліктік дозаны стандартты тәуліктік дозадан жоғарыға арттыруды, пациентті тиісті клиникалық тексеруден кейін ғана, кем дегенде 24 сағаттық аралықпен жүргізу ұсынылады. Олфрексті қабылдауды тоқтатқан жағдайда дозаны біртіндеп азайту қарастырылуы тиіс.

Диспергирленетін Олфрекс таблеткалары және үлбірлі қабықпен қапталған Олфрекс таблеткалары биобаламалы және сіңу жылдамдығы мен сіңу дәрежесі ұқсас болады. Диспергирленетін Олфрекс таблеткалары үлбірлі қабықпен қапталған оланзапин таблеткаларындағы мөлшерде және сондай жиілікте қолданылады. Диспергирленетін Олфрекс таблеткаларын үлбірлі қабықпен қапталған оланзапин таблеткаларының орнына қолдануға болады.

Шизофрения және ұқсас психоздық бұзылыстар. Олфрексің ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 10 мг құрайды. Олфрекстің емдік дозасы тәулігіне 5 мг-ден 20 мг-ге дейінгі ауқымда өзгереді. Дозаны стандартты тәуліктік 10 мг дозадан арттыруды, пациентті тиісті клиникалық тексеруден кейін ғана, кем дегенде 24 сағаттық аралықпен жүргізу ұсынылады.

Биполярлы бұзылыс кезіндегі жедел мания. Олфрекстің ұсынылатын бастапқы дозасы монотерапия ретінде тәулігіне бір рет 15 мг немесе литиймен немесе вальпроатпен біріктірілген дозасы тәулігіне бір рет 10 мг құрайды.

Биполярлы бұзылыстағы демеуші ем. Жедел манияны емдеу үшін Олфрекс қабылдаған пациенттерде демеуші емді сол дозада жалғастыру қажет. Ремиссиядағы пациенттерде Олфрекстің ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 10 мг құрайды. Әрі қарай тәуліктік дозаны пациенттің клиникалық жағдайына байланысты жекелей 5 мг-ден 20 мг-ге дейінгі шекте таңдау қажет.

Биполярлы және резистентті депрессия. Флуоксетинмен біріктірілген Олфрексті, тамақ ішуге қарамай-ақ, күніне 1 рет кешкі уақытқа тағайындаған жөн. Әдеттегідей, бастапқы доза 5 мг Олфрексті және 20 мг флуоксетинді құрайды. Қажет болған кезде Олфрекстің де, сонымен қатар флуоксетиннің де дозасын өзгертуге рұқсат етіледі.

Маниакальді көрініс: Олфрекстің ұсынылатын бастапқы дозасы монотерапияда тәулігіне бір рет 15 мг немесе біріктірілген емде тәулігіне бір рет 10 мг құрайды.

Биполярлы бұзылыстарда аурудың қайталануын болдырмау профилактикасы: Олфрекстің ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 10 мг құрайды. Маниакальді көріністі емдеу үшін Олфрекс қабылдап жүрген пациенттер, аурудың қайталануының профилактикасын жүргізу үшін емдеуді осы дозада жалғастыруы қажет. Жаңа маниакальді, аралас немесе депрессиялық көрініс пайда болған кезде, Олфрекспен емдеу көңіл-күйдің өзгеру симптомдарын емдеу үшін қосымша емнің клиникалық көрсетілімдері бойынша тағайындаумен (қажет болғанда дозаны үйлестіре отырып) жалғастырылуы тиіс.

Пациенттердің ерекше топтары үшін тәуліктік дозаны таңдаудың жалпы тәртібі.

65 жастан бастап және одан үлкен жастағы пациенттерге немесе бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігін немесе бауыр функциясының ауырлығы орташа дәрежедегі (бауыр циррозы, Чайлд-Пью шкаласы бойынша А және В класы) жеткіліксіздігін қоса, басқа да клиникалық қауіп факторлары бар пациенттерге бастапқы дозаны тәулігіне 5 мг-ге дейін төмендету ұсынылады. Дозаны 5 мг-ден арттыруды сақтықпен жүргізу қажет.

Оланзапиннің метаболизмін баяулатуы мүмкін факторлар біріктірілімімен пациенттер (әйел науқастар, егде жас, темекі тартпайтындар) үшін бастапқы дозаны төмендету ұсынылуы мүмкін. Мұндай пациенттерде дозаны арттыру сақтықпен жүргізілуі тиіс.

Препаратты педиатриялық популяцияда қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі жөнінде деректердің жоқтығын ескеріп, Олфрекс препаратын 18 жасқа толмаған пациенттер тобында қолдану ұсынылмайды.

2,5 мг доза тағайындау қажет болғанда, Олфрекс препаратын үлбірлі қабықпен қапталған таблетка түрінде пайдаланған жөн.

Жағымсыз әсерлері

Клиникалық зерттеу деректері бойынша, өте жиі ( 1%) мәлімделген жағымсыз реакцияларға ұйқышылдық, дене салмағының артуы, эозинофилия, пролактин, холестерин, глюкоза және триглицеридтер деңгейлерінің артуы, глюкозурия, тәбеттің жоғарылауы, бас айналу, акатизия, паркинсонизм, дискинезия, ортостатикалық гипотония, антихолинергиялық әсерлер, бауыр трансаминазасының транзиторлы симптомсыз жоғарылауы, бөртпе, астения, шаршау және ісіну жатады.

Жекелеген жағдайларға қарағанда (кездейсоқ мәлімдеме деректері бойынша және клиникалық сынақтар барысында) жиі кездескен жағымсыз реакциялар келесі градацияға сәйкес берілген: өте жиі (≥10%), жиі (≥1%, <10%), кейде (≥0,1%, <1%), сирек (≥0,01%, <0,1%), өте сирек (<0,01%).

Өте жиі

  • салмақтың артуы1,3 (дене салмағының ≥7%-ы)

  • плазмада пролактин3,8 деңгейінің жоғарылауы

  • ортостатикалық гипотензия3

  • ұйқышылдық

  • ашқарындағы бастапқы ≥5.17 - <6.2 ммоль/л көрсеткішпен салыстырғанда холестерин3 деңгейінің ≥6.2 ммоль/л артуы

  • бастапқы ≥1.69 - <2.26 ммоль/л көрсеткішпен салыстырғанда триглицеридтер3 деңгейінің ≥2.26 ммоль/л артуы

  • ашқарындағы бастапқы ≥5.56 - <7 ммоль/л көрсеткішпен салыстырғанда глюкоза3 деңгейінің ≥7 ммоль/л артуы

Жиі

  • салмақтың артуы1,3 (дене салмағының ≥15%-ы)

  • эозинофилия3, лейкопения (нейтропенияны қоса)3

  • әсіресе емдеудің ерте кезеңдерінде бауыр аминотрансферазаларының (АЛТ, АСТ) 3 транзиторлы асимптоматикалық жоғарылауы

  • сілтілік фосфатаза (СФ) 3 деңгейінің артуы

  • ашқарындағы бастапқы <5.17 ммоль/л көрсеткішпен салыстырғанда холестерин3 деңгейінің ≥6.2 ммоль/л артуы

  • бастапқы <1.69 ммоль/л көрсеткішпен салыстырғанда триглицеридтер3 деңгейінің ≥2.26 ммоль/л артуы

  • ашқарындағы бастапқы <5.56 ммоль/л көрсеткішпен салыстырғанда глюкоза3 деңгейінің ≥7 ммоль/л артуы

  • гамма-глутамилтрансфераза деңгейінің артуы3

  • несеп қышқылы деңгейінің артуы3

  • глюкозурия3

  • тәбеттің күшеюі

  • бас айналу

  • акатизия6

  • паркинсонизм6

  • дискинезия6

  • іш қатуды және ауыз ішінің құрғауын қоса, орташа транзиторлы антихолинергиялық әсерлер

  • еркектерде эректильді дисфункция, еркектерде және әйелдерде жыныстық құмарлықтың төмендеуі

  • бөртпе, ісіну (соның ішінде шеткергі)

  • астения, шаршау, қызба

  • артралгия

Кейде

  • салмақтың артуы1 (дене салмағының ≥25%-ы)

  • лейкопения, нейтропения

  • брадикардия, QTc аралығының ұзаруы

  • тромбоэмболия (соның ішінде өкпе артериясының тромбоэмболиясы және тереңдегі көктамырлар тромбозы)

  • фотосезімталдық реакциясы

  • алопеция

  • несепті ұстай алмау, несептің іркілуі

  • әйелдерде аменорея, сүт безінің ұлғаюы, галакторея, еркектерде гинекомастия/ кеуде безінің ұлғаюы

  • креатинфосфокиназа деңгейінің артуы, жалпы билирубиннің ұлғаюы

  • іштің кебуі

  • амнезия

  • мұрыннан қан кету

Сирек

  • гепатит (бауырдың бауыр-жасушалық, холестаздық немесе аралас зақымдануын қоса)

  • гипергликемия

  • талмалар/ұстамалар

Өте сирек

  • аллергиялық реакция (мысалы, анафилактоидтық реакция, ангионевроздық ісіну, қышыну, есекжем)

  • тоқтату симптомдары7

  • панкреатит

  • тромбоцитопения

  • сарғаю

  • бірнеше өліммен аяқталуларды қоса, кейде кетоацидозбен4 немесе комамен байланысты қант диабетінің пайда болуы немесе өршуі

  • рабдомиолиз

  • приапизм

  • гипертриглицеридемия5, гиперхолестеринемия

Жиілігі белгісіз

  • гипотермия

  • көптеген жағдайларда сыртартқыда ұстамалар немесе құрысудың даму қаупінің факторлары бар болғандағы құрысулар

  • қатерлі нейролептикалық синдром

  • дистония (көз алмасының қозғалуын қоса)

  • жаңа туған нәрестелерде тоқтату синдромы

  • кеш дискинезия

  • қарыншалық тахикардия/фибрилляция, кенеттен болатын өлім

  • несептің бөлініп шығуының қиындауы

1 Дене салмағының клиникалық тұрғыдан маңызды артуы барлық ДСИ (дене салмағының индексі) категориялары бойынша байқалды. Берілген деректер препаратты қысқа мерзімдік (орта есеппен 47 күнге жуық) қолдану кезеңіне сәйкес келеді.

2 Ашқарындағы липидтер мәнінің орташа артуы липидтік алмасу бастапқыда бұзылмаған пациенттерде жоғары болды.

3 Бағалау осы клиникалық зерттеулер деректерінің базасында өлшенген мәндердің негізінде жасалды.

4 Диабеттік ацидоздың COSTART термині.

5 Гиперлипидемияның COSTART термині.

6 Клиникалық зерттеулерде паркинсонизмнің және дистонияның пайда болу жиілігі оланзапин қабылдаған пациенттерде саны жағынан жоғары болды, бірақ плацебодан статистикалық тұрғыдан айқын айырмашылығы болған жоқ. Оланзапин қабылдаған пациенттерде, галоперидолдың титрленетін дозаларымен салыстырғанда, паркинсонизмнің, акатизияның және дистонияның пайда болу жиілігі өте төмен болды.

7 Оланзапин қабылдауды кенеттен тоқтатқанда тершеңдік, ұйқысыздық, тремор, мазасыздық, жүректің айнуы және құсу сияқты жедел симптомдардың дамығаны байқалды.

8 Ұзақтығы 12 аптаға дейінгі клиникалық зерттеулерде плазмадағы пролактин деңгейі оланзапин қабылдаған пациенттердің шамамен 30%-ында қалыптың жоғары шегінен артық болды. Пациенттердің көбісінде пролактин деңгейінің жоғарылауы орташа болды және мәндердің қалыпты ауқымының жоғарғы шегінен екі есе төмен күйінде қалды.

Шизофрениясы бар пациенттерде кейде, жыныс функциясының бұзылуымен және сүт безінің ауруларымен потенциалды байланысқан клиникалық көріністердің дамығаны білінді (≥0.1% <1% дейін) және етеккір функциясының бұзылуымен потенциалды байланысты жағымсыз реакциялардың дамуы жиі байқалды (≥1% <10% дейін). Басқа да психикалық аурулары (биполярлы депрессия, психоздық депрессия, жеке бастың шектік бұзылыстары және биполярлы мания) бар пациенттерде, пролактин деңгейі жоғарылаған кезде сексуальді функцияның бұзылуымен байланысты жағымсыз реакциялар жиі (≥1% <10% дейін) болды, сол кездегі етеккір функциясының бұзылуымен және сүт бездерінің ауруларымен байланысты жағымсыз реакциялар ретінде анда-санда кездесті (≥0.1% <1% дейін).

Олфрексті ұзақ қолданғанда (кем дегенде 48 апта) салмақ көрсеткіштерінде, глюкоза, жалпы холестерин, ТТЛП, ТЖЛП немесе триглицеридтер деңгейінде клиникалық тұрғыдан едәуір айырмашылықтары бар пациенттердегі сандық арақатынас уақыттың өтуі барысында артты. Емнің 9-12 курсын аяқтаған пациенттерде қандағы глюкоза деңгейінің орташа шамасының өсу қарқыны шамамен 6 айдан соң баяулады.

Пациенттердің ерекше топтарындағы жағымсыз әсерлер.

Клиникалық зерттеулерде ақыл кемістігі бар егде жастағы пациенттерде Олфрекспен емдеу, плацебомен салыстырғанда, өте жоғары өліммен және жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан жағымсыз реакциялардың өте жоғары даму жиілігімен астасты. Пациенттердің осы тобындағы өте жиі жағымсыз реакцияларға (10%) жүріс-тұрыс мәнерінің бұзылуы және құлап қалу жатады. Жиі жағымсыз реакциялар (≥1%, <10%) дене температурасының жоғарылауы, летаргия, эритема, көру елестеулері, пневмония және несепті ұстай алмау болып табылды.

Паркинсон ауруында дәрілік препаратты (допамин агонисі) қабылдаумен индукцияланған, психозы бар науқастарда, плацебо тобына қарағанда, елестеулер және паркинсонизм симптомдарының күшеюі өте жиі ( 10%) және өте жоғары жиілікпен байқалды.

Олфрексті литиймен немесе вальпроатпен біріктіріп қабылдап жүрген, биполярлы маниясы бар науқастарда нейтропенияның дамуы байқалды. Осы топтағы өте жиі (10%) жағымсыз әсерлер салмақтың артуы, ауыз ішінің құрғауы, тәбеттің жоғарылауы, тремор және жиі (< 10% және ≥ 1%) – сөйлеудің бұзылуы болды. Олфрексті литиймен немесе дивалпроекспен біріктіріп емдеу кезінде, салмақтың бастапқы деңгейден ≥7% артуы жедел кезеңін (6 аптаға дейінгі) емдеген кезде пациенттердің 17.4%-да байқалды. Аурудың қайталануын болдырмауға жүргізілген профилактикада Олфрекспен ұзақ мерзімдік (12 айға дейін) емдеу биполярлы бұзылысы бар пациенттердің 39.9%-да дене салмағының бастапқы деңгейден ≥7%-ға артуымен астасты.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың кез келген компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

  • жабық бұрышты глаукома

  • фенилкетонурия

  • бала емізу кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Олфрекстің метаболизмі CYP1А2 қатысты спецификалық белсенділік танытатын Р450 цитохромының изоферменттері тежегіштерінің немесе индукторларының әсер етуімен өзгеруі мүмкін.

Іn vitro зерттеу деректері бойынша, Р450 цитохромының келесі: CYP1A2, CYP2C9, CYP2C19, CYP2D6 және CYP3A изоферменттерінің белсенділігін басу үшін Олфрекстің потенциалы өте аз. Клиникалық сынақтар келесі препараттармен: трициклдік антидепрессанттармен (CYP2D6) (соның ішінде имипраминмен немесе оның метаболиті дезипраминмен (CYP2D6, CYP3A, CYP1A2)), варфаринмен (CYP2C19), теофиллинмен (CYP1A2) немесе диазепаммен (CYP3A4, CYP2C19) емдеу аясында Олфрексті бір реттік енгізу метаболизмнің басылуымен қатар жүрмейтіндігін көрсетті.

Олфрекстің клиренсі темекі тартатын пациенттерде және карбамазепин қабылдап жүрген науқастарда (CYP1А2 белсенділігінің артуымен байланысты) жоғарылайды. Клиникалық мониторинг жүргізу және қажет болғанда Олфрекстің дозасын арттыру ұсынылады.

Белгілі күшті CYP1А2 тежегіштері Олфрекстің клиренсін төмендетуі мүмкін. Олфрекс CYP1А2 белсенділігінің күшті тежегіші болып табылмайды, сондықтан Олфрексті қабылдаған кезде негізінен CYP1A2 қатысуымен метаболизденетін теофиллин сияқты дәрілік заттардың фармакокинетикасы өзгермейді.

Олфрексті сондай-ақ литиймен немесе бипериденмен біріктіріп қолданғанда дәрілік өзара әрекеттесу белгілері байқалған жоқ.

Олфрекс допаминнің тікелей және тікелей емес агонистерінің әсерін бәсеңдетуі мүмкін.

Олфрекстің тұрақты концентрациясының аясында этанолдың фармакокинетикасында өзгерулер байқалған жоқ. Алайда этанолды Олфрекспен бірге қабылдау оланзапиннің фармакологиялық әсерлерінің, соның ішінде седативтік әсерінің күшеюімен қатар жүруі мүмкін.

Флуоксетин (60 мг бір реттік немесе 60 мг күн сайын 8 күн бойы) Олфрекстің ең жоғары концентрациясын орта есеппен 16%-ға арттырады және Олфрекстің клиренсін орта есеппен 16%-ға төмендетеді. Флуоксетиннің ықпал ету дәрежесі осы көрсеткіштердің жекелей айырмашылықтарының айқындылығын едәуір кемітеді, сондықтан флуоксетинмен біріктіргенде әдетте Олфрекстің дозасын өзгерту ұсынылмайды.

Құрамында алюминий- немесе магний- бар антацидтің немесе циметидиннің бір реттік дозасы ішке қабылданған Олфрекстің биожетімділігін бұзған жоқ.

Белсендірілген көмірді бірге тағайындау ішке қабылдаған кезде Олфрекстің биожетімділігін 50 - 60%-ға дейін төмендетеді. Белсендірілген көмірді Олфрексті қабылдаудан кем дегенде 2 сағат бұрын немесе қабылдағаннан кейін кем дегенде 2 сағаттан соң қабылдау қажет.

Флувоксамин, CYP1A2 спецификалық тежегіші Олфрекстің клиренсін едәуір төмендетеді. Нәтижесінде, флувоксамин қабылдағанда Олфрекстің Смах мәні темекі тартпайтын әйелдерде 54%-ға және темекі тартатын еркектерде 77%-ға артады және Олфрекстің AUC мәнінің орташа артуы, сәйкесінше, 52% және 108% құрайды. Флувоксаминді немесе ципрофлоксацин сияқты CYP1A2 кез келген басқа тежегішін қабылдап жүрген пациенттерге Олфрекстің өте төмен бастапқы дозасын тағайындау қажет. CYP1A2 тежегіштерімен емдеуді бастаған кезде Олфрекстің дозасын төмендету қажет.

Адам бауырының микросомаларын пайдаланып жүргізілген in vitro зерттеулерде Олфрекстің вальпроат глюкуронидінің түзілу үдерісін (вальпроат метаболизмінің негізгі жолы) аздап басатындығы көрінді. Вальпроат сондай-ақ Олфрекстің метаболизміне шамалы in vitro ықпалын тигізеді. 10 мг Олфрексті in vivo 2 апта бойы күн сайын бірге тағайындау плазмадағы вальпроаттың тұрақты концентрациясына ықпалын тигізбейді. Осылайша, Олфрексті бір мезгілде тағайындау вальпроаттың дозасын түзетуді қажет етпейді.

Олфрексті алкоголь қабылдайтын немесе орталық жүйке жүйесінің тежелуін туындатуы мүмкін дәрілік препараттар қабылдап жүрген пациенттерге тағайындағанда сақтық таныту қажет.

Паркинсон ауруы және деменциясы бар пациенттерде Олфрексті паркинсонизмді емдеуге арналған дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Оланзапинді QTc аралығын арттыратын препараттармен бір мезгілде тағайындағанда сақтық таныту қажет.

Айрықша нұсқаулар

Олфрекстің құрамында фенилаланиннің көзі болып табылатын аспартам бар, және фенилкетонуриядан зардап шегіп жүрген пациенттерге зиянын тигізуі мүмкін.

Олфрекстің құрамында маннитол, натрий метилпарагидроксибензоаты және натрий пропилпарагидроксибензоаты бар. Осы консерванттар есекжемнің дамуын, жанаспалы дерматиттердің кейіннен дамуын және өте сирек жағдайларда бронхтың түйілуін тудыруы мүмкін.

Антипсихоздық препараттармен емдеу кезінде пациенттің клиникалық жағдайының жақсаруына қол жеткізу бірнеше күннен бірнеше аптаға дейінгі уақытты алуы мүмкін. Осы кезеңде пациенттердің жағдайын мұқият бақылау қажет.

Мінез-құлық бұзылыстары және/немесе деменциямен байланысты психоздар

Олфрекс өліммен аяқталу жиілігінің және цереброваскулярлық бұзылулардың (инсульт, транзиторлы ишемиялық шабуыл) даму қаупінің артуымен байланысты деменциямен байланысты психозы бар және/немесе, мінез-құлық бұзылулары бар егде жастағы пациенттерге қолдану үшін ұсынылмайды. Өлімнің көбеюі Олфрекспен емдеу дозасымен немесе ұзақтығымен байланысты емес. Осы популяциядағы пациенттердің өлімінің көбеюіне бейім ететін қауіп факторлары жастың 65-тен асуы, дисфагия, седация, тойып тамақтанбау, сусыздану, өкпе патологиясының (аспирациямен/онсыз пневмония) болуы немесе бір мезгілде бензодиазепиндерді қолдану болды.

Цереброваскулярлық бұзылулары бар барлық пациенттерде цереброваскулярлық жағымсыз құбылыстардың (мысалы, бұрын байқалған цереброваскулярлық жағымсыз құбылыстар немесе транзиторлы ишемиялық шабуыл жағдайы, гипертония, темекі тарту) дамуының бұдан бұрынғы қауіп факторлары, сондай-ақ қатар жүретін аурулары болды және/немесе цереброваскулярлық жағымсыз құбылыстармен уақытша байланысы бар препараттарды қабылдады. Жастың 75-тен асуы, қантамырлық деменция немесе аралас типті деменция Олфрекспен емдеген кездегі цереброваскулярлық жағымсыз реакциялардың дамуын тудыратын қауіп факторлары ретінде анықталды. Оланзапиннің тиімділігі пациенттердің осы тобында анықталған жоқ.

Паркинсон ауруы. Дофаминдік рецепторлардың агонистерін қолдану әсерінен туындаған Паркинсон ауруында психозды емдеу үшін, паркинсонизм симптомдары және елестеулер күшеюі мүмкін болғандықтан, Олфрексті қолдану ұсынылмайды. Психоздық симптомдарды емдеу үшін Олфрексті қолданудың тиімділігі мұндай жағдайда плацебо қолданудан басым болмайды.

Қатерлі нейролептикалық синдром (ҚНС). Олфрексті қоса, кез келген нейролептиктерді қолданған кезде ҚНС дамуы мүмкін, оның клиникалық көріністеріне дене температурасының едәуір жоғарылауы, бұлшықеттердің сіресуі, психикалық статустың өзгеруі және вегетативтік бұзылулар (тахикардия, тамыр соғуының немесе артериялық қысымның тұрақсыздығы, жүрек аритмиясы, қатты терлеу) жатады. Қосымша белгілеріне сарысулық КФК концентрациясының артуы, миоглобинурия (рабдомиолиз симптомы) және бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі қамтылуы мүмкін. Қатерлі нейролептикалық синдромның клиникалық көріністері немесе дене температурасының осы синдромның басқа симптомдарынсыз едәуір жоғарылауы барлық нейролептиктерді, Олфрексті қоса, тоқтатуды қажет етеді.

Гипергликемия және қант диабеті. Жекелеген жағдайларда Олфрексті қолданған кезде гипергликемия, қант диабеті, бұрыннан бар диабеттің өршуі, диабеттік кетоацидоз және диабеттік кома, соның ішінде өліммен аяқталатын жағдай дамуы мүмкін. Мәлімделгендей, пациенттің дене салмағының артуы осы жағымсыз әсерлердің дамуына бейім ететін факторлар болуы мүмкін. Олфрексті қоса, кез келген антипсихоздық препараттарды қабылдап жүрген пациенттерге, гипергликемия симптомдарының (полидипсия, полиурия, тәбеттің жоғарылауы және әлсіздік) бар-жоқтығына қатысты, сондай-ақ қант диабеті және диабеттің даму қаупінің факторлары бар пациенттерге, гликемиялық бақылаудың нашарлау белгілерінің бар-жоқтығына қатысты, мұқият клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады. Пациенттердің дене салмағына мұқият мониторинг қажет.

Липидтер концентрацияларының өзгеруі. Олфрекспен емдеу кезінде дислипидемиясы бар пациенттерде және липидтердің алмасуында бұзылулардың даму қаупінің факторлары бар пациенттерде қан плазмасындағы липидтердің концентрацияларындағы өзгерістерді бақылау қажет. Олфрексті қоса, кез келген антипсихоздық препараттарды қабылдап жүрген пациенттерге, пайдаланылған нормативтерге сәйкес, липидтердің мөлшеріне қатысты, мұқият клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады.

Антихолинергиялық белсенділік. Олфрекспен емдеу антихолинергиялық әсердің білінуімен байланысты жағымсыз реакциялармен қатар жүруі мүмкін. Қатар жүретін аурулары бар пациенттерде Олфрексті қолданудың клиникалық тәжірибесі шектеулі, сондықтан қуықасты безінің клиникалық тұрғыдан маңызды қатерсіз гипертрофиясы, ішектің салданған бітелісі, жабық бұрышты глаукомасы және басқа да ұқсас жағдайлары бар пациенттерде Олфрексті қолданған кезде сақтық таныту керек.

Бауыр функциясының бұзылулары. Бауыр трансаминазасы (аспартатаминотрансфераза (ACT) және аланинаминотрансфераза (АЛТ)) белсенділігінің транзиторлы симптомсыз жоғарылауы Олфрекспен емдеудің басында өте жиі байқалды. АЛТ және/немесе ACT белсенділігі бастапқыда жоғары пациенттерде, бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар, бауырдың функциональді қоры шектелген пациенттерде немесе потенциалды гепатоуытты препараттармен ем қабылдап жүрген пациенттерде сақтық танытқан жөн. Гепатит (соның ішінде гепатоцеллюлярлық, холестаздық немесе аралас этиологиядағы) дамыған жағдайда Олфрекспен емдеуді тоқтатқан жөн.

Нейтропения. Кез келген себептермен, соның ішінде нейтропенияны туындататын дәрілік препараттарды қабылдаумен, қатар жүретін аурулар себебінен сүйек кемігі функциясының тежелуімен, сыртартқыдағы сәуле немесе химиотерапиямен, сондай-ақ гиперэозинофилиямен немесе миелопролиферативтік аурулармен байланысты, лейкоциттер және/немесе нейтрофилдер мөлшері төмен болатын пациенттерде сақтық танытқан жөн. Нейтропения, әдеттегідей, Олфрекс пен вальпроат қышқылын бір мезгілде қолданған кезде пайда болады.

Тоқтату синдромы. Олфрекс қабылдауды күрт тоқтатқан кезде жекелеген жағдайларда жедел пайда болған симптомдармен: қатты тершеңдікпен, ұйқысыздықпен, тремормен, мазасыздықпен, жүректің айнуымен және құсумен қатар жүретін жағдай дамуы мүмкін.

QT аралығы. Клиникалық зерттеулер барысында Олфрекс қабылдап жүрген пациенттерде, плацебо тобындағы пациенттермен салыстырғанда, кейде QTc аралығының (бастапқыда QTcF <500 мс болған пациенттерде Фридериция бойынша QTcF≥500 мс түзетілген QT аралық), жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан қатар жүретін құбылыстардағы аздаған айырмашылықтармен бірге, клиникалық тұрғыдан маңызды ұзаруы байқалды. Алайда басқа да антипсихоздық препараттарды қабылдаған кездегідей, Олфрексті QT аралығын ұзартатын дәрілік препараттармен бір мезгілде қолданғанда, әсіресе егде жаста, QT аралығының туа біткен ұзару синдромы бар пациенттерде, жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігінде, миокард гипертрофиясында, гипокалиемияда немесе гипомагниемияда сақтық танытқан жөн. Оланзапинмен емдеу кезінде электрокардиограммаға мезгіл-мезгіл бақылау жүргізу керек.

Орталық жүйке жүйесіне (ОЖЖ) ықпалы. Препараттың ОЖЖ-ге әсер ету сипатын ескере отырып, Олфрексті орталыққа әсері бар басқа дәрілік препараттармен және алкогольмен біріктіргенде абайлап қолданған жөн. Іn vitro жағдайларында Олфрекс дофаминді рецепторларға қатысты антагонизм танытады және дофаминнің тікелей және тікелей емес агонистерінің әсерін басуы мүмкін.

Тромбоэмболия. Олфрексті қабылдаған кезде көктамырлық тромбоэмболияның пайда болуының жекелеген жағдайлары жөнінде мәлімделді. Осы оқиғалардың арасында себеп-салдарлық байланыс анықталған жоқ. Алайда шизофрениясы бар пациенттерде көктамырлық тромбоэмболияның даму қаупінің жүре пайда болған факторларымен қатар, көктамырлық тромбоэмболияның даму қаупінің басқа да ықтимал факторлары, мысалы, төсекке ұзақ уақыт иммобилизация мүмкін болатындықтан, осы қауіп факторларын анықтау және профилактикалық шаралар жүргізу қажет.

Талмалар/ұстамалар. Олфрексті сыртартқысында талмалары/ұстамалары көрсетілген немесе құрысу белсенділігі шегінің төмендеуіне мүмкіндік беретін қауіп факторлары бар пациенттерде сақтықпен қолданған жөн. Сирек жағдайларда (олардың ішінде көбіне талмалардың сыртартқыда болуы немесе талмалардың пайда болуының қауіп факторларының бар болуы) Олфрекс қабылдаған пациенттерде талмалардың/ұстамалардың пайда болғаны жөнінде мәлімделді.

Кеш дискинезия. Ұзақтығы бір жылдан бастап немесе одан аз салыстырмалы зерттеулерде Олфрекспен емдеудің дәрі-дәрмектік түзетуді қажет ететін дискинезияның дамуымен қатар жүруі нақты сирек болды. Алайда кеш дискинезияның даму қаупі Олфрексті өте ұзақ қолданған кезде ұлғайды. Кеш дискинезияның белгілері немесе симптомдары пайда болған кезде препарат дозасын төмендету немесе оны тоқтату жөніндегі мәселені қарастыру қажет. Кеш дискинезия симптомдары тіпті препаратты тоқтатқан кезде де уақытша күшеюі немесе көрініс беруі мүмкін.

Постуральді гипотензия. Клиникалық зерттеулерде сирек жағдайларда егде жастағы пациенттерде постуральді гипотензияның дамығаны жөнінде мәлімделді. Басқа да антипсихоздық препараттарды қабылдаған жағдайдағы сияқты, 65 жастан асқан пациенттерде артериялық қысымды мезгіл-мезгіл бақылап отыру ұсынылады.

Жүректен кенет өлу (ЖКӨ). Постмаркетингтік бақылау кезінде Олфрекс қабылдаған пациенттер арасында жүректен кенет өлу жағдайлары тіркелді. Ретроспективтік обсервациялық когорттық зерттеу деректері бойынша, антипсихотиктерді қолданбаған пациенттер арасындағы кенеттен болатын өлім жағдайларымен салыстырғанда, атипиялық нейролептиктер қабылдаған пациенттерде кенеттен өлу қаупінің ұқсас, дозаға байланысты, екі есе артуы байқалды.

Лактоза. Олфрекстің өзінің құрамында лактоза бар. Сирек тұқым қуалайтын галактозаның жақпаушылығы, Lapp лактаза тапшылығы немесе глюкозо-галактоза мальабсорбциясы проблемалары бар пациенттер Олфрексті қабылдамауы тиіс.

Жүктілік және лактация

Олфрексті жүктілік кезінде қолдану тәжірибесінің жеткіліксіздігімен және тиісті клиникалық зерттеулердің жоқтығымен байланысты, препаратты жүктілік кезінде тек пациент үшін потенциалды пайдасы ұрық үшін потенциалды қаупінен едәуір басым болған жағдайда ғана тағайындаған жөн. Олфрекспен емделу кезеңінде жүктілік басталған немесе жоспарланған жағдайда, оны емдеуші дәрігерге айту қажеттілігі пациенттерге алдын ала ескертілуі тиіс.

Жүктіліктің үшінші триместрінде антипсихоздық препараттар (Олфрексті қоса) әсер еткен жағдайда жаңа туған нәрестелер, ауырлығы және ұзақтығы бойынша ауытқып отыруы мүмкін экстрапирамидтік симптомдарды және/немесе тоқтату симптомдарын қоса, жағымсыз реакциялардың даму қаупіне ұшырайды. Қозудың, гипертонияның, гипотонияның, тремордың, ұйқышылдықтың, тыныс алу немесе тамақтану бұзылыстарының даму жағдайлары жөнінде мәлімделді. Демек, жаңа туған нәрестелер мұқият бақылауда болуы тиіс.

Клиникалық зерттеулерде Олфрекстің емшек сүтімен бірге бөлініп шығатыны анықталды. Анасында тепе-тең концентрацияға жеткен кезде нәрестенің алатын орташа дозасы анасындағы Олфрекс дозасының 1.8%-ын (мг/кг) құрады. Олфрекспен емделу кезінде бала емізу ұсынылмайды.

Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері.

Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне Олфрекстің ықпал етуіне зерттеулер жүргізілген жоқ. Олфрекс қабылдап жүрген пациенттер автомобильді қоса, механикалық құралдарды басқарған кезде сақтық танытқаны жөн, өйткені дәрілік препарат ұйқышылдықты және бас айналуды туындатуы мүмкін.

Артық дозалануы

Белгілері және симптомдары

Өліммен аяқталатын жедел артық дозалану кезіндегі ең төмен доза 450 мг құрады, жағымды аяқталған (тірі қалу) артық дозалану кезіндегі ең жоғары доза 2000 мг құрады.

Олфрекс артық дозаланған кездегі өте кең таралған (жиілігі 10%) симптомдар тахикардия, қозу/озбырлық, дизартрия, әртүрлі экстрапирамидтік бұзылыстар және сананың ауырлығы әртүрлі дәрежеде (седативтік әсерден комаға дейін) бұзылулары болды.

Олфрекстің артық дозалануының клиникалық тұрғыдан маңызды басқа да зардаптары сандырақтауды, құрысуларды, қатерлі нейролептикалық синдромды, тыныстың тарылуын, аспирацияны, артериялық гипертензияны немесе гипотензияны, жүрек аритмиясын (артық дозаланудың <2% жағдайлары) және жүрек пен тыныс алудың тоқтап қалуын қамтыды.

Артық дозаланған кездегі медициналық жәрдем

Олфрекс үшін арнайы у қайтарғы жоқ. Құстыруға кеңес берілмейді. Артық дозаланған кезде стандартты емшаралар жүргізу (асқазанды шаю, белсендірілген көмір тағайындау) талап етілуі мүмкін. Белсендірілген көмірді бірге тағайындау ішке қабылдаған кезде Олфрекстің биожетімділігін 50-60%-ға дейін төмендететіндігін көрсетті.

Клиникалық жағдайына сәйкес симптоматикалық ем жүргізу және артериялық гипотонияны, циркуляторлық коллапсты емдеуді және тыныс алу функциясын демеуді қоса, өмір үшін маңызды ағзалардың функцияларын бақылау керек. Эпинефринді, дофаминді және бета-агонистік белсенділігі бар басқа да симпатомиметиктерді қолданбаған жөн, өйткені бета-адренорецепторлардың стимуляциясы артериялық гипотонияны өршітуі мүмкін. Болуы мүмкін аритмияларды анықтау мақсатында жүрек-қантамыр жүйесіне мониторинг жүргізу қажет. Мұқият медициналық бақылау және мониторинг пациент сауыққанша жалғастырылуы тиіс.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 14 таблеткадан.

Пішінді 1 немесе 2 қаптамадан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге өндіруші фирманың голограммасы бар картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы

Алматы қ-сы, Шевченко к-сі, 162 Е

Тіркеу куәлігінің иесі

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын және тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60

Электронды поштасы nobel@nobel.kz

Прикрепленные файлы

387516131477976241_ru.doc 132.5 кб
990188541477977503_kz.doc 193.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники