Олопат

МНН: Олопатадин
Производитель: Jamjoom Pharmaceuticals Co. Ltd
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Olopatadine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019650
Информация о регистрации в РК: 01.02.2013 - 01.02.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Олопат

Халықаралық патенттелмеген атауы

Олопатадин

Дәрілік түрі

Көз тамшы дәрісі, 1 мг/мл - 5 мл

Құрамы

5 мл препараттың құрамында

белсенді заттар 1.11 мг олопатадин гидрохлориді (1.0 мг олопатадинге баламалы),қосымша заттар бензалконий хлориді, сусыз динатрий гидрофосфаты натрий хлориді, полисорбат 80, хлорсутек қышқылының 1 М ерітіндісі немесе натрий гидроксидінің 1 М ерітіндісі, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Көрінетін бөлшектерсіз мөлдір, түссіз ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да аллергияға қарсы препараттар

АТЖ коды S01GX09

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданғанда жүйелі сіңуі төмен. Қан плазмасында олопатадин 2 сағаттың ішінде Cmax жетеді және 0,5 нг/мл- ден 1,3 нг/мл- ге дейіннен төменді құрайды. Плазмадағы T1/2 3 сағатты құрайды. Негізінен бүйректермен 60-70% - өзгермеген түрінде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Олопатадин гистаминді H1-рецепторлардың іріктелген тежегіштері болып табылады, сондай- ақ ірі жасушалардан қабыну медиаторларының босануын тежейді. Аллергияға қарсы әсер етеді. α-адренергиялық, допаминді, мускаринді 1 және 2 типті, сондай- ақ серотонинді рецепторларға әсер етпейді.

Қолданылуы

- аллергиялық конъюнктивиттерде

Қолдану тәсілі және дозалары

Конъюнктивальді қапқа 1 тамшыдан күніне 2 рет. Қолданар алдында құтыны сілкіңіз. Тамшуырдың ұшын құтының ішіндегісінің ластануын болдырмау үшін, көзге немесе басқа беткейлерге тигізуге болмайды.

Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер белгілейді.

Жағымсыз әсерлері

Жергілікті. Жеке жағдайларда (5% төмен): көрудің бұлыңғырлануы

- көздің ауыруы мен ашуы, жас ағуы

- көзде бөгде денені сезіну

- конъюнктиваның гиперемиясы

- кератит, ирит

- қабақтың ісінуі 0,1-1% жағдайларда байқалады:

- әлсіздік, бастың ауыруы, бас айналуы

- жүректің айнуы, дәм сезудің бұзылуы - фарингит

- ринит, синусит

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жекелеген жоғары сезімталдық

- 18 жасқа дейінгі балаларда

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қажет жағдайда басқа да жергілікті офтальмологиялық препараттармен біріктірілімде қолдануға болады. Бұл жағдайда оларды қолдану аралығы 5 минуттан кем еместі құрауы керек.

Айрықша нұсқаулар

Олопаттың құрамында жанаспалы линзалармен сіңірілетін бензалконий хлоридінің консерванты бар. Препаратты тамызар алдында линзаны шешіп алу керек және препаратты тамызғаннан кейін 20 минуттан кейін қайта киюге болады.Тамшуырдың ұшын ерітіндінің ластануын болдырмау үшін басқа беткейлерге тигізуге болмайды.

Егер емделушіде препаратты қабылдағаннан кейін уақытша көрудің жітілігі төмендесе, ол қалпына келгенше автокөлікті басқару және зейінді жоғары жұмылдыруды қажет ететін жұмыстармен айналысуға болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Олопатты жүкті әйелдерге оны қолданудан күткен пайда әлеуетті қаупінен жоғары болғанда ғана тағайындауға болады.

Олопатты емшекпен емізудегі әйелдерге қолдануға болмайды.

Дәрілік заттардың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механиздерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Басқа да көз тамшы дәрілерімен жағдайлардағыдай, тамызғаннан кейін, көлік құралдарын және қауіптілігі зор механиздерді басқару қабілетіне жағымсыз әсер етуі мүмкін, уақытша көрудің бұлыңғырлануы немесе басқа да көрудің бұзылыстары болуы мүмкін. Бұл жағдайда көру қабілеті қалпына келгенше біршама уақыт күте тұру керек.

Артық дозалануы

Жергілікті қолданғанда артық дозалану мүмкіндігі болымсыз. Көзге препараттың артық мөлшері түсіп кеткен жағдайда көзді жылы сумен шаю керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл препараттан алғашқы ашылуы бақыланатын бұралатын қақпағымен полиэтилен құтыларға құйылған.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 150С-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Құтыны ашқаннан кейін сақтау мерзімі 28 күн.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Jamjoom Pharmaceuticals Co. Ltd», Сауд Арабиясы

Жедах қ-сы, Индустриальная алаңы фаза 5,

тел./факс +966 2 6081111 / +966 2 6081222

e-mail: www.jamjoompharma.com

Тіркеу куәлігінің иесі

«Jamjoom Pharmaceuticals Co. Ltd», Сауд Арабиясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазастан Республикасы, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы,

15 ПФО "Нұрлы Тау", 4 "В" блок, кеңсе №18.

Тел.: 8 (727) 311- 13 - 09

Факс: 8 (727) 311- 13- 08

Электрондық поштасы: pharmacovigilance@jamjoompharma.com

 

 

Прикрепленные файлы

701575911477976942_ru.doc 44 кб
533403591477978103_kz.doc 52.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники