Оксолин (мазь назальная, 10 г, 0,25%, Алтайвитамины)

МНН: Диоксотетрагидрокситетрагидронафталин
Производитель: Алтайвитамины ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Противовирусные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003284
Период регистрации: 15.12.2015 - 15.12.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Оксолин

Халықаралық патентелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Мұрынға арналған 0,25% жақпамай, 10 г

Құрамы

100 г жақпамайдың құрамында

белсенді зат – диоксотетрагидрокситетрагидронафталин (оксолин) 0,25 г;

қосымша заттар – сұйық парафин, вазелин

Сипаттамасы

Ақтан ақшыл сары түске дейінгі жақпамай. Сақтаған кезде қызғылт түстің пайда болуына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Жергілікті қолдануға арналған микробқа қарсы препараттар.

Вирусқа қарсы препараттар

АТХ коды D06BB

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Шырышты қабыққа жаққанда препарат 20%-ға дейін сіңеді. Организмде жинақталмайды және негізінен бүйрек арқылы тәулік ішінде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Оксолиннің вирустарға қарсы белсенділігінің механизмі вирустық репродукция қарқындылығына тікелей әсер етуіне, жұқпа жұқтырған жасушалардан РНҚ (рибонуклеин қышқылы) синтезін бәсеңдету есебінен қожайын жасушалары арқылы туындаған әсерлерге байланысты ол вирустардың көбеюіне кедергі болады.

Тұмау вирустарына, Herpes zoster-дің, аденовирустардың репродукциясына айқын тежегіш әсер етеді; әсіресе А тұмауының вирусына қатысты белсенді.

Қолданылуы

- тұмаудың профилактикасы үшін

- вирусты риниттің профилактикасы үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Мұрын ішіне.

Тұмаудың профилактикасы үшін: күнделікті мұрынның шырышты қабатына тұмаудың эпидемиясы кезеңінде (әдетте 25 күн бойы) немесе тұмауы бар науқаспен жанасқанда күніне 2-3 рет жағады.

Вирусты ринитті емдеу: мұрынның шырышты қабығына 3-4 күн бойы күніне 2-3 рет жағады.

Жағымсыз әсерлері

Шырышты қабығының жылдам өтетін күйдіру сезімі, ринорея.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • Препараттың және оның компоненттерін көтере алмаушылық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдану анаға деген болжанған пайдасы ұрыққа және балаға деген әлеуетті қаупінен жоғары болғанда ғана қолдануға болады.

Екі жасқа дейінгі балаларға сақтықпен қолдану керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын жүргізуге және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолданғанда көлік құралдарын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Мәлеметтер жоқ

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 г препаратты іші лакпен қапталған алюминий сықпада және ашылуы бақыланатын мембранасы, бұралатын бушоны бар мембрананы тесетін құрылғымен салады. 1 тубадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

10ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Мекенжайы: 659325, Ресей, Алтай өлкесі, Бийск қаласы, Заводская көшесі 69

Телефон: (3854) 326-946, 338-719

Факс: (3854) 327-640.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы туралы түскен шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы, телефон нөмірі, факс нөмірі, электронды поштасы

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Мекенжайы: 659325, Ресей, Алтай өлкесі, Бийск қ-сы, Заводская к-сі 69

Телефон: (3854) 326-946, 338-719

Факс: (3854) 327-640

E-mail: office@altayvitamin.ru

 

Прикрепленные файлы

325928861477976312_ru.doc 44 кб
640690271477977557_kz.doc 51.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники