Оксолин (мазь назальная, 10 г, 0,25%, Химфарм АО)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Оксолин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
0,25% 10 г мұрынға арналған жақпамай
Құрамы
10 г жақпамайдың құрамында
белсенді зат – 0,025 г оксолин,
қосымша заттар: вазелин, вазелин майы.
Сипаттамасы
Ақтан ақшыл-сары түске дейінгі жақпамай. Сақталу кезінде қызғылт рең пайда болуы мүмкін.
Фармакотерапиялық тобы
Жергілікті қолдануға арналған микробқа қарсы препараттар.
Вирусқа қарсы препараттар.
АТЖ коды D06BB
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Жергілікті қолданғанда препарат аздап сіңеді және айқын білінетін жүйелі әсері жоқ. Оксолин организмнен тез шығарылады және ағзада жиналмайды. Тәулік ішінде организмнен толық негізінен несеп арқылы шығарылады.
Фармакодинамикасы
Оксолин - жергілікті қолдануға арналған препарат.
Оксолиннің вирусқа қарсы белсенділігінің механизмі вирустық репродукция қарқындылығына тікелей әсер етуіне, сонымен қатар қожайын жасушалары арқылы жұқпа жұқтырған жасушалардағы РНҚ (рибонуклеин қышқылы) синтезін бәсеңдету жолымен әсер ету арқылы ол вирустардың көбеюіне кедергі болады.
Тұмау вирустарына, Herpes zoster, аденовирустардың репродукциясына айқын тежегіш әсер етеді. Әсіресе А тұмауының вирусына қатысты белсенді. Бұдан жоғары концентрацияларда (1% және одан жоғары) оксолин тері ауруларының вирустық қоздырғыштарына (қарапайым көпіршікті және белдемелі теміреткі, жайпақ және өрескел сүйелдер, контагиозды моллюскалардың) қатысты тиімді.
Қолданылуы
- тұмаудың, аденовирусты жұқпалардың алдын алу үшін
- вирустық ринитті емдеуде
Қолдану тәсілі және дозалары
Жергілікті, зақымданған тері аймақтарына күніне 2-3 рет жағу керек. Тұмаудың алдын алу үшін оны күнделікті мұрынның шырышты қабатына тұмаудың эпидемиялық өршу кезеңінде (әдетте 25 күн бойы) немесе тұмауы бар науқаспен жанасқанда күніне 2 рет (таңертең және кешке) қолданады.
Вирустық ринитте жақпамаймен емдегенде мұрынның шырышты қабығына 4-5 күн бойы күніне 2-3 рет жағады.
Жағымсыз әсерлері
- ринорея
- зақымданған теріге жақпамай жаққан кездегі шымылдату сезімі
Бұл құбылыстар қосымша емсіз немесе препаратты тоқтатқаннан кейін өзінен өзі қайтады.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-препаратқа жоғарғы сезімталдықта
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Адреномиметикалық заттармен (нафтизин, ксилометазолин, галазолин) бір мезгілде қолданғанда мұрынның шырышты қабығы құрғауы керек.
Айрықша нұсқаулар
Педиатрияда қолданылуы
2 жасқа дейінгі балаларға сақтықпен қолдану керек.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілікте және лактация кезеңінде қолдану пайда/қауіп арақатынасы мұқият таразыланғаннан кейін ғана қолданылуы мүмкін.
Дәрілік заттың көлік құралдарын жүргізуге немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көліктерді немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Жүйелі көріністеріне қатысты артық дозалану мәліметтері жоқ.
Жағымсыз әсерлері күшейген кезде жергілікті реакция болуы мүмкін.
Емдеу: жақпамайды қолдануды тоқтатып, қалғанын жылы сумен жуу керек.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
Мұрынға арналған жақпамай. Іші лакпен қапталған бушоны бар медициналық жақпамайға арналған алюминий сықпада 10 г-нан.
Әр сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі бекітілген мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 10ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Химфарм» АҚ, Қазақстан,
Шымкент қ-сы, Рашидов к-сі, н/з, т/ф.: 56-13-42.
Тіркеу куәлігінің иесі
«Химфарм» АҚ, Қазақстан
Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Химфарм» АҚ, Шымкент қ-сы, Қазақстан,
Рашидов к-сі, н/з т/ф.: 560882
Телефон нөмірі 7252 (561342)
Факс нөмірі 7252 (561342)
Электронды поштасы standart@santo.kz