Оксолин (мазь назальная, 10 г, 0,25%, Нижфарм ОАО)

МНН: Диоксотетрагидрокситетрагидронафталин
Производитель: Нижфарм ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Противовирусные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015088
Период регистрации: 07.10.2014 - 07.10.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Оксолин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Мұрынға арналған 0,25% жақпамай, 10 г

Құрамы

1 г жақпамайдың құрамында

белсенді зат – диоксотетрагидрокситетрагидронафталин – 0,0025 г,

қосымша зат: вазелин – 1 г дейін.

Сипаттамасы

Ақтан ақшыл-сары түске дейінгі жақпамай. Сақтаған кезде қызғылт рең пайда болуына жол беріледі

Фармакотерапиялық тобы

Жергілікті қолдануға арналған микробтарға қарсы препараттар. Вирусқа қарсы препараттар.

АТХ коды D06ВВ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Шырышты қабыққа жаққанда препарат 20 %-ға дейін сіңеді. Организмде жинақталмайды және негізінен бүйрек арқылы тәулік ішінде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Оксолин – мұрынға қолдануға арналған вирусқа қарсы дәрі. Тұмау вирусына қатысты вирусқа қарсы белсенділік танытады, жасушалық жарғақша беткейімен вирустың байланысу орнын бөгей отырып, жасушаларда вирус репродукциясына кедергі болады. Диоксотетрагидрокситетрагидронафталиннің әсеріне Herpes simplex, белдемелі герпес вирустары, аденовирустар, жұқпалы сүйелдер мен контагиозды моллюск вирустары сезімтал.

Қолданылуы

  • тұмаудың алдын алуда

  • вирусты ринитте

Қолдану тәсілі және дозалары

Мұрын ішіне.

Тұмаудың алдын алуда және тұмаумен ауырғандармен қатынасу кезінде - тұмаудың эпидемиялық таралуының өсуі және ең жоғары дамуы кезеңінде күніне 2-3 рет 25 күн бойы мұрының шырышты қабығына жағады немесе тұмаумен ауырғандармен қатынасу кезінде.

Вирусты ринитті емдеу: мұрының шырышты қабығына күніне 2-3 рет 3-4 күн бойы жағу керек.

Жағымсыз әсері

  • мұрын шырышты қабығын жылдам өтетін күйдіру сезімі, ринорея

Сирек:

  • шырышты қабықтың көкке боялуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

қолданылуы

2 жасқа дейінгі балаларға сақтықпен қолдану керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Сақтықпен қолдану керек.

Оксолин мұрынға арналған 0,25% жақпамайы көздің вирустық зақымдануларында қолдануға арналмаған.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Препараттың артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Алюминий сықпаға 10 г салынған.

Сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

5 °С-ден 15 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

603950, Нижний Новгород қ.

ҚҚП-459, Салганская к-сі, 7

Тел. (831) 278-80-88

Факс (831) 430-72-28

Веб сайт: http://www.nizhpharm.ru

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Нижфарм» ААҚ Өкілдігі

050043, Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б

тел.: (727) 2222-100

факс: (727) 398-64-95

e–mail: almaty@stada.kz

 

Прикрепленные файлы

742606261477976703_ru.doc 49 кб
754709381477977862_kz.doc 48 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники