Оксикорт (55 мл)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Оксикорт
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған аэрозоль
Құрамы
Бір баллон ішінде
белсенді зат: 300 мг окситетрациклин гидрохлориді,
100 мг гидрокортизон;
қосымша заттар: сорбитантриолеат (Спан 85V), лецитин, изопропилмиристат, пропеллент (пропан, бутан, изобутан) Дривосоль 35A.
Сипаттамасы
Өзіне тән иісі бар, сары түстен ақ сұр түске дейінгі біртекті суспензия.
Фармакотерапиялық тобы
Тері ауруларын жергілікті емдеуге арналған глюкокортикостероидтар.
Антибиотиктермен біріктірілген белсенділігі әлсіз глюкокортикостероидтар.
Антибиотиктермен біріктірілген глюкокортикостероидтар
АТХ коды D07CА01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Зақымдалмаған теріге қолданылатын окситетрациклин жергілікті әсер береді және қанға өтпейді деуге болады. Препаратты зақымдалған теріге қолданған жағдайда ол қанға өтіп, жүйелік әсер беруі мүмкін.
Жергілікті, әсіресе терінің ауқымды бөліктеріне қолданылатын гидрокортизон қанға өтуі мүмкін. Қабыну үдерісі және (немесе) басқа тері аурулары препараттың сіңуін жеделдетеді. Окклюзиялық таңғышты қолдану препараттың тері арқылы сіңуін айтарлықтай күшейтеді.
Қанға өткеннен кейін, гидрокортизон бауырда метаболизмге ұшырайды, сосын бүйрекпен шығарылады.
Фармакодинамикасы
Оксикорт - құрамында екі әсер етуші зат: окситетрациклин және гидрокортизон бар біріктірілген препарат болып табылады.
Окситетрациклин – тетрациклиндер тобының антибиотигі. Көптеген грамоң және грамтеріс бактерияларға қатысты бактериостатикалық белсенділік танытады.
Гидрокортизон – кортикостероид болып табылады, қабынуға қарсы, қышуға қарсы әсері бар, қан тамырлардың өткізгіштігін төмендетеді.
Оксикорт препараты терінің қабыну ошақтарындағы тетрациклинге сезімтал бактерияларға әсер етеді, сондай-ақ жергілікті қабыну үдерістерін шектейді, эритема мен қышуды азайтады.
Қолданылуы
Препарат бактериялық жұқпамен асқынған терінің қабынбалы үдерістерін жергілікті емдеу үшін, төмендегі ауруларда қолданылады:
- импетигода
- фолликулитте
- терінің аллергиялық ауруларында (есекжем, экзема, қышыну)
- I дәрежелі күйіктер мен үсулерде
- жәндіктер шаққаннан кейінгі жағдайларда
- тілме тәрізді қабынуда
Қолдану тәсілі мен дозалары
Оксикорт препаратын дәрігердің ұсынымдарына сәйкес қолдану қажет.
Препарат сыртқа қолдануға (теріге) арналған.
Ересектер
Терінің зақымдалған бөліктеріне, баллонды тігінен, шашыратқыш бастиегін жоғары, 15 см-ден 20 см-ге дейінгі қашықтықта, 1-3 секунд бойы ұстап тұрып аэрозоль ағынымен бүркейді. Әдетте препаратты тәулігіне 2-ден 4 ретке дейін, бірдей уақыт аралығында қолданады.
Ескерту: Көздеріңізді препараттың түсуінен қорғаңыз, шашыраған аэрозольді деммен ішке тартпаңыз.
Баллонды, әр қолданар алдында бірнеше рет қатты сілку керек.
Препаратты әр жаққан сайын, қолды мұқият сабындап жуу керек.
Балалар
Қолданудың қауіпсіздігіне қатысты мәліметтер жоқ болғандықтан, балаларда қолдануға болмайды.
Егер препарат тағайындалған уақытында қолданылмай, ал препаратты келесі қолдануға дейін әлі көп бар болса - препаратты мүмкіндігінше тезірек қолдану немесе препаратты ұсынымдарға сәйкес ұдайы қабылдауды жалғастыру қажет.
Жіберілгенінің орнын толтыру үшін қосарлы дозасын қолдануға болмайды.
Емдеу ұзақтығы жекелей анықталады.
Жағымсыз әсерлері
- күйдіру, қышу, препаратты жаққан жердегі тітіркену, шамадан тыс құрғау, терінің атрофиялық өзгерістері, жанаспалы дерматит, ерін айналасы терісінің қабынуы, тері мацерациясы, акне тәрізді бөртпе, дермэктазиялар, тербөртпе, бөртпе, гипертрихоз, терінің депигментациясы, терінің салдарлы жұқпалары және фолликулит
- препаратты ұзақ қолданғанда және (немесе) терінің ауқымды бөліктеріне жаққанда, гидрокортизон қанға өтіп және бүйрекүсті безі функциясының бәсеңдеуін қоса, кортикостероидтарға тән типтік ұнамсыз жүйелік әсерлер туғызуы мүмкін («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз)
- препаратты бет терісіне ұзақ уақыт қолдану тері атрофиясы мен қан тамырлардың кеңеюіне алып келуі мүмкін
- препараттың құрамындағы окситетрациклин, терінің жергілікті тітіркенуін, аллергиялық реакцияларды, жарыққа жоғары сезімталдық реакцияларын тудыруы және (немесе) ашытқылардың немесе бактериялардың төзімді штаммдарының өсуіне алып келуі мүмкін.
Кейбір емделушілерде Оксикорт препаратын қолданған кезде басқа жағымсыз әсерлер пайда болуы мүмкін. Жоғарыда атап көрсетілген немесе бұл нұсқаулықта көрсетілмеген басқа жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда дәрігерге хабарласу керек.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- окситетрациклинге, гидрокортизонға немесе препараттың қандай да бір қосымша затына жоғары сезімталдық
- тері туберкулезі, мерез
- терінің қатерлі ісіктері, обыр алды жағдайлар
- терінің зеңдік аурулары, терінің вирустық аурулары (ұшық, желшешек)
- вакцинациядан кейінгі тері реакциялары
- жүктілік пен лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Дәрігерге соңғы кезде қабылданған барлық дәрілік препараттар, тіпті рецептісіз босатылатындары туралы да хабарлау қажет.
Препарат ұсынылған көрсетілімдер бойынша, қолдану тәсілін сақтай отырып тағайындалғанда, препаратты жергілікті қолданудағы өзара әрекеттесулер анықталмаған.
Екі немесе одан көбірек препараттарды бір мезгілде жергілікті қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл жаққан жердегі әсер етуші заттардың концентрациясына әсер етіп және терінің қызаруын тудыруы мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Препарат тек теріге қолдануға арналған.
Шашыраған субстанцияны деммен ішке тартуға болмайды.
Көзіңізді препараттың түсуінен қорғаңыз. Препарат көздің шырышты қабықтарымен жанасқан жағдайда, оларды бөлме температурасындағы сумен мұқият жуу керек.
Егер препаратты жаққан жерде терінің тітіркенуі туындаса, дәрігерге қаралу қажет. Егер қолданғаннан 7 күннен кейін жақсару басталмаса, дәрігерге қаралу қажет.
Препарат жағылған теріні бинтпен орауға және препаратты окклюзиялық таңғыштардың астына қолдануға болмайды. Окклюзиялық таңғышты қолдану препараттың тері арқылы қанға өтуін күшейтеді, соның нәтижесінде кортикостероидтардың ұнамсыз жүйелік әсері дамуы мүмкін.
Гидрокортизон қанға тері арқылы сіңіп және иммуносупрессивті әсер етуі (ағзаның төзімділігін төмендетуі) мүмкін. Сондықтан, препаратты қолданған кезде, емделуші вирустық жұқпалардан сақтануы тиіс (желшешек, қызылша).
Препаратты ұзақ уақыт немесе оны терінің ауқымды бөліктеріне қолданудан аулақ болыңыз. Мұндай жағдайларда гидрокортизон қанға сіңуі және гипоталамус – гипофиз – бүйрекүсті бездері жүйесінің бәсеңдеуін (соның ішінде Кушинг синдромының көріністерін, глюкозурияны, гипергликемияны) қоса, кортикостероидтарға тән жүйелік жағымсыз әсерлер беруі мүмкін. Кортикостероидтардың әсер етуінің жүйелік симптомдары пайда болған жағдайда, дәрігерге қаралу қажет.
Препаратты теріге ұзақ уақыт қолдану қан тамырлардың кеңеюіне және тері атрофиясына алып келуі мүмкін.
Препарат құрамында окситетрациклин бар, сондықтан күнге аллергия пайда болуы мүмкін болғандықтан, күн сәулесінен немесе жасанды УК-сәулеленуден (мысалы, солярий) аулақ болу керек.
Дәрілік препаратты әсіресе, ұзақ уақыт бойы қолдану, окситетрациклинге немесе зеңдерге төзімді бактериялар штаммдарының өсуіне алып келуі мүмкін. Оксикорт дәрілік препаратын қолданғанда жаңа жұқпа симптомдары байқалған жағдайда, препаратты тоқтату және дәрігерге қаралу керек.
Педиатрияда қолданылуы
Балаларда қолданылуының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Егер тіпті, жоғарыда келтірілген ескертулер бұрын байқалған жағдайларға қатысты болса да, дәрігермен кеңесу қажет.
Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автокөлік басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Жергілікті қолданғанда артық дозалану симптомдары байқалған жоқ.
Егер препарат терінің ауқымды бөліктерінде, жоғары дозаларда, окклюзиялық таңғыштың астынан немесе зақымдалмаған теріге қолданылса, онда қанға өтуі және кортикостероид немесе окситетрациклиннің жүйелік әсерін туғызуы мүмкін.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
Ішінде 55 мл препарат бар, қысымдағы алюминий баллон.
Әр баллон мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Сақтау шарттары
25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Басқа ақпараттар
Препаратты ашық оттың жанында қолдануға болмайды.
Баллонды ашуға немесе қыздыруға болмайды.
Қысымдағы баллон.
Толық босаған баллонды тастау керек.
Препарат жеңіл тұтанады, баллонды оттан сақтау керек.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Тархомин фармацевтикалық зауыты „Польфа” Акционерлік Қоғамы
А. Флеминг к-сі 2, 03-176 Варшава, Польша
Тіркеу куәлігінің иесі
Тархомин фармацевтикалық зауыты „Польфа” Акционерлік Қоғамы
Польша
Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік препараттың сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Adalan» ЖШС
Тимирязев к-сі 42, 23 пав. 202 кеңсе, 050057 Алматы қ-сы
Тел. + 727 269 54 59; e-mail: reg@adalan.kz