Оксикорт® (Hydrocortisone and antibiotics)

МНН: Гидрокортизон, Окситетрациклин
Производитель: Фармзавод Jelfa А.О.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Гидрокортизон в комбинации с антибиотиками
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010225
Информация о регистрации в РК: 13.12.2012 - 13.12.2017
Номер регистрации в РБ: 602/94/99/05/10/15/17/22
Информация о регистрации в РБ: 06.05.2022 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Оксикорт®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

10 г жақпамай

Құрамы

1 г жақпамайдың құрамында

белсенді заттар: 30.0 мг окситетрациклин гидрохлориді, 10.0 мг гидрокортизон ацетаты,

қосымша заттар – ақ вазелин 1.0 г-ға дейін.

Сиапттамасы

Біртекті, сары түсті майлы масса

Фармакотерапиялық тобы

Антибиотиктермен біріктірілген глюкокортикостероидтар. Антибиотиктермен біріктірілген гидрокортизон.

АТХ коды D07СА01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Оксикорт® жақпамайын теріге жаққаннан кейін белсенді компоненттері эпидермиске жиналады (негізінен түйіршікті қабатта).

Окситетрациклин теріге жергілікті жаққан кезде іс жүзінде сіңбейді және жүйелік әсер етпейді, оның аздаған мөлшері резорбциядан кейін бауырда биотрансформацияға ұшырайды және бүйрек арқылы шығарылады.

Гидрокортизон эпидермиске енеді, аздап сіңуі және жүйелік әсер етуі мүмкін. Гидрокортизонның теріден сіңуі жақпамайды жиі қолданған кезде, терінің ауқымды бөлігіне қолданғанда, бет терісіне немесе терінің қатпарлы жерлеріне жаққан кезде, сондай-ақ ылғалдылық пен жергілікті температураны жоғарлататын окклюзиялық таңғышты қолданған кезде артады.

Препаратты жиі жаққан кезде қолданған жердегі теріде гидрокортизонның жиналуы артады. Гидрокортизон тікелей эпидермисте метаболизденеді, ал одан әрі сіңгеннен соң оның аздаған мөлшері жалпы қан ағысына түседі – бауырда биотрансформацияланады. Қанда транскортинмен 80-ға байланысады және альбуминдермен 10-ға байланысады. Метаболиттер түрінде және аздаған мөлшері өзгермеген күйінде несеппен бірге және аз мөлшерде өтпен бірге шығарылады.

Фармакодинамикасы

Оксикорт® – құрамында екі әсер етуші зат: окситетрациклин және гидрокортизон бар біріктірілген препарат болып табылады.

Окситетрациклин – тетрациклиндер тобының антибиотигі. Көптеген грамоң және грамтеріс бактерияларға қатысты бактериостатикалық белсенділік танытады.

Гидрокортизон – кортикостероид болып табылады. Қабынуға қарсы, қышуға қарсы әсері бар, қан тамырлардың өткізгіштігін төмендетеді.

Оксикорт® препараты терінің қабыну ошақтарындағы тетрациклинге сезімтал бактерияларға әсер етеді, сондай-ақ жергілікті қабыну үдерістерін шектейді, эритема мен қышуды азайтады.

Құрамындағы гидрокортизонның арқасында, препарат жасушалық және субжасушалық, соның ішінде лизосомалық жарғақшаларды тұрақтандырады. Протеолитикалық ферменттердің лизосомалардан шығуын азайтады, қабыну медиаторларының эозинофилдермен босап шығуын басады, жуан жасушалар мөлшерін төмендетеді және жарғақшаларын тұрақтандырады. Альтерация сатысын тежейді және қабынған жасушалық инфильтраттарды азайтады, лейкоциттер мен лимфоциттердің қабынған аймаққа көшуін төмендетеді. Иммуно- глобулиндердің жасуша беткейіндегі рецепторларымен байланысуын азайтады және лимфоциттер мен макрофагтардан цитокиндердің (интерлейкиндер мен интерферонның) синтезін немесе босап шығуын тежейді. Арахидон қышқылының фосфолипидтерден босап шығуын және оның метаболиттерінің (простагландиндердің, лейкотриендердің, тромбоксанның) синтезін азайтады. Нәтижесінде зақымданған жердегі гиперемия мен экссудация азаяды. Иммунологиялық ертерек жауаптың айқындылығын төмендетеді. Иммунологиялық кешеннің жасушалық жарғақша арқылы енуіне кедергі жасайды және комплемент компоненттерінің және иммуноглобулиндердің концентрациясын азайтады. Стероидтық рецепторларды көтермелей отырып, ісінуге қарсы белсенділігі бар липокортиндердің түзілуін күшейтеді. Глюконеогенезді арттырады, глюкозаның тіндердегі утилизациясын төмендетеді және катаболиялық үдерістерді белсенді етеді. Емдік дозаларда іс жүзінде жүйелі әсер етпейді.

Қолданылуы

  • созылмалы пиодермияда (стрептококкты, стафилоккокты және аралас)

  • тері аллергиялық ауруларының іріңді асқынуларында

  • аллергиялық дерматитте

  • экземада, жанаспалы дерматитте

  • вульгарлы және күлдіреуікті импетигода

  • бактериялық жұқпамен асқынған баздануда

  • фурункулда, фурункулезде, көптеген абсцестерде

  • есекжемде, жәндіктер шаққанда, строфулюсте

Қолдану тәсілі және дозалары

Оксикорт® препаратын дәрігердің ұсынымдарына сәйкес қолдану қажет.

Жақпамайды терінің зақымданған бөліктеріне тәулік ішінде 2-3 рет жұқалап жағады. Жақпамайды окклюзиялық таңғыш астына қолданбаған жөн. Емдеу әдетте 1-2 аптаға созылады. Бет терісіне 1 аптадан артық қолдануға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

- күйдіру, қышу, препарат аппликациясы орнындағы тітіркену, шамадан тыс құрғау, терінің атрофиялық өзгерістері, жанаспалы дерматит, ерін айналасы терісінің қабынуы, тері мацерациясы, акне тәрізді бөртпе, дермэктазиялар, тербөртпе, бөртпе, гипертрихоз, терінің депигментациясы, терінің салдарлы жұқпалары және фолликулит

- препаратты ұзақ қолданғанда және (немесе) терінің ауқымды бөліктеріне жаққанда, гидрокортизон қанға өтіп, бүйрек үсті безі қызметінің бәсеңдеуін қоса алғанда, кортикостероидтарға тән жағымсыз жүйелік әсерлер туғызуы мүмкін («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз)

- препаратты бет терісіне ұзақ уақыт қолдану тері атрофиясы мен қан тамырлардың кеңеюіне алып келуі мүмкін

- препараттың құрамындағы окситетрациклин, терінің жергілікті тітіркенуін, аллергиялық реакцияларды, жарыққа жоғары сезімталдық реакцияларын тудыруы және (немесе) ашытқылардың немесе бактериялар төзімді штаммдарының өсуіне алып келуі мүмкін.

Кейбір емделушілерде Оксикорт® препаратын қолданған кезде басқа жағымсыз әсерлер пайда болуы мүмкін. Жоғарыда атап көрсетілген немесе бұл нұсқаулықта көрсетілмеген басқа жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда дәрігерге хабарлау керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- окситетрациклинге, гидрокортизонға немесе препараттың қандай да бір қосымша затына жоғары сезімталдық

- тері туберкулезі

- терінің ісіктері, терінің обыр алды жағдайлары

- терінің бактериялық, зеңдік, вирустық аурулары (ұшық, желшешек)

- акне

- периоральді дерматит

- профилактикалық екпе кезеңі

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Глюкокортикостероидтарды сыртқа қолданған кезде болатын өзара әрекеттесу жағдайлары белгісіз. Препаратпен емдеу кезінде шешекке қарсы екпелер және иммунизацияның басқа түрлерін иммунологиялық тапшылықтың пайда болу қаупіне байланысты жүргізбеген жөн. Глюкокортикостероидтар қатарындағы екі немесе одан көп дәрілік заттарды пайдалану ұсынылмайды. Препарат иммуносупрессиялық дәрілік заттардың әсерін күшейтуі және иммунитет көтеретін дәрілік заттардың әсерін әлсіретуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Препарат дәрігердің тағайындауы бойынша тек теріге қолдануға арналған. Терінің тітіркену симптомдары пайда болған жағдайда емдеу тоқтатылуы тиіс.

Препаратты жарақатқа, шырышты қабықтарға, оның ішінде көзге тигізуден сақтану керек, көзге тигізіп алғанда бөлме температурасындағы сумен көзді мұқият жуу қажет. Глаукома немесе катаракта туындау қаупіне байланысты көздің айналасына пайдалануға болмайды.

Препаратты ұзақ уақыт (үзіліссіз 2 аптадан аса) немесе оны терінің ауқымды бөліктеріне қолданбаған жөн.

Егер қолданудың 7 күнінен кейін жақсару басталмаса, емдеуді тоқтатып, дәрігерге қаралу қажет.

Бет терісіне, қолтық ойығына, шапқа осы аймақтарда препараттың сіңуі жоғары болуы салдарынан дерматитті болдырмау үшін тек өте қажет болғанда ғана пайдалану керек.

Препаратты окклюзиялық таңғыштардың астына қолдануға болмайды. Окклюзиялық таңғышты қолдану препараттың тері арқылы қанға өтуін күшейтеді, соның нәтижесінде кортикостероидтардың жағымсыз жүйелік әсері дамуы мүмкін.

Гидрокортизон қанға тері арқылы сіңуі және иммуносупрессивті әсер етуі мүмкін, сондықтан препаратты қолданған кезде емделуші вирустық жұқпалардан сақтануы тиіс (желшешек, қызылша).

Псориазы бар емделушілерде ерекше сақтықпен қолдану керек.

Препарат құрамында окситетрациклин бар, сондықтан күнге аллергия пайда болуы мүмкін болғандықтан, күн сәулесінен немесе жасанды УК-сәулеленуден (мысалы, солярий) аулақ болған жөн.

Дәрілік препаратты, әсіресе ұзақ уақыт бойы қолдану, окситетрациклинге немесе зеңдерге төзімді бактериялар штаммдарының өсуіне алып келуі мүмкін. Оксикорт® дәрілік препаратын қолданғанда жаңа жұқпа симптомдары байқалған жағдайда препаратты тоқтату және дәрігерге қаралу керек.

Препаратты тері асты шелмайы атрофиялық зақымданулары болғанда, әсіресе егде жастағы адамдарда болғанда, өте сақтықпен қолдану керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Жергілікті қолданғанда артық дозалану симптомдары байқалмаған.

Егер препарат терінің ауқымды бөліктерінде, жоғары дозаларда, окклюзиялық таңғыштың астынан немесе зақымдалған теріге қолданылса, онда қанға өтуі және кортикостероидтың немесе окситетрациклиннің жүйелік әсерін туғызуы мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 г ішкі жағы лакталған алюминий сықпаға салынған.

1 сықпадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Фармзауыт Jelfa А.Қ.

58-500, Еленя Гура, В.Поля к-сі, 21, Польша.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Валеант» ЖШҚ, Мәскеу, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Валеант» ЖШҚ ҚР өкілдігі

Қазақстан, 050059, Алматы қ-сы, Әл-Фараби даңғылы,

17 үй, Блок 4Б, ғимарат 4-4Б-11

Телефон 3 111 516 Факс 3 111 517

Электронды пошта Office.KZ@valeant.com

 

 

 

Прикрепленные файлы

352482801477976948_ru.doc 61 кб
911677741477978104_kz.doc 61.5 кб
602_94_99_05_10_15_17_22_p.pdf 2.16 кб
602_94_99_05_10_15_17_22_s.pdf 1.98 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники