Оксивин-DF (Капли глазные)

МНН: Оксиметазолин
Производитель: DOSFARM ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Oxymetazoline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№121703
Период регистрации: 14.10.2015 - 14.10.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Оксивин-DF

Халықаралық патенттелмеген атауы

Оксиметазолин

Дәрілік түрі

Көз тамшысы 0,025 % 10 мл

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат - оксиметазолин гидрохлориді - 0,25 мг,

қосымша заттар: бензалконий хлориді (10 % ерітінді түрінде), натрий хлориді, натрий дигидрофосфат дигидраты, динатрий фосфат додекагидраты, инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз немесе сәл сарғыш ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Деконгестанттар мен аллергияға қарсы препараттар. Деконгестанттар ретінде пайдаланылатын симпатомиметиктер. Оксиметазолин

АТХ коды S01GA04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданғанда оксиметазолин азғантай мөлшерде жүйелі қан ағымына сіңеді, сондықтан оның қан плазмасындағы концентрациясы елеусіз. Препараттың әсері қолданғаннан кейін 15 минуттан соң білінеді және 6-8 сағатқа созылады.

Препарат тек орташа дәрежеде метаболизденеді және организмнен негізінен өзгеріссіз күйде несеппен және нәжіспен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Оксиметазолин имидазолин туындылары тобына жататын альфа-адреномиметик болып табылады. α1-адренорецепторларды стимуляциялайды. Конъюнктива қалтасына тамызған кезде (қабақтың артқы беткейі мен көз алмасының алдыңғы беткейі арасындағы қуысқа) конъюнктива (көздің сыртқы қабығы) тарапынан болатын ісінуді, гиперемия мен экссудациялық құбылыстарды азайтады.

Қолданылуы

- аллергиялық конъюнктивитте

- шығу тегі инфекциялық емес конъюнктивитте (түтін, шаң, жел мен күннің әсері, хлорлы су, жасанды сәуле)

- іркілісті құбылыстар мен конъюнктиваның ісінуінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Жергілікті.

Ересектер мен 8 жастан асқан балаларға: әр көзге препараттың 1-2 тамшысын конъюнктива қалтасына тәулігіне 3-4 рет.

Емдеу курсы 3 күннен аспайды.

Препаратты қолданар алдында жанаспалы линзаларды алып тастау және препаратты тамызғаннан кейін кемінде 15 минут күте тұру керек.

Тамызған кезде тамшылатқыш құтының ұшы басқа заттарға немесе беткейлерге тиіп тұрмауын қадағалау қажет. Тамызғаннан кейін тамшылатқыш құтыны қалпақшасымен тығыз жауып қою керек!

Жағымсыз әсерлері

Әдетте препарат жақсы көтерімді.

Жиі емес

- конъюнктива мен айналасындағы тіндердің тітіркенуі

- мидриаз

- аккомодация парезі

- қабақ ретракциясы

Сирек

- ириттер болуы мүмкін

- мазасыздық

- ұйқының бұзылуы

- шаршау

- бас ауыруы

- бас айналуы

- жүрек айнуы

- гипертензия

- тахикардия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жабықбұрышты глаукома

- аритмиялар

- артериялық гипертензия

- жүректің созылмалы жеткіліксіздігі

- бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі

- айқын атеросклероз

- қант диабеті

- тиреотоксикоз, гипертиреоз

- қуықасты безі гиперплазиясы

- моноаминооксидаза тежегіштерін бір мезгілде және оларды қолдану аяқатлғаннан кейінгі 14 күнге дейінгі кезеңде қабылдау

- феохромацитома

- порфирия

- 8 жасқа дейінгі балаларға

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препарат жергілікті жансыздандырғыш дәрілердің әсерін баяулатады және олардың әсерін ұзартады.

Оксивин-DF басқа тамырды тарылтатын дәрілермен қолданғанда (енгізу тәсіліне байланыссыз) жағымсыз әсерлері өзара күшеюі мүмкін.

Моноаминооксидаза тежегіштері мен үшциклдық антидепрессанттарды бір мезгілде (оларды тоқтатқаннан кейінгі 14 күн ішіндегі кезеңді қоса) тағайындау артериялық қысымның жоғарылауына алып келуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Ұсынылған дозаларын өз бетінше арттырмау және препаратты 3 күннен артық қолданбау керек.

Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) кезінде сақтықпен қолдану керек.

Препараттың құрамындағы бензалконий хлориді жұмсақ жанаспалы линзаларды түссіздендіретіндіктен, емдеу кезінде жұмсақ жанаспалы линзаларды тақпай тұра тұру керек!

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Оксивин-DF жағымсыз әсерін ескере отырып, көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақтық таныту қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: конъюнктиваның тітіркенуі және құрғауы, мидриаз, көзішілік қысымның жоғарылауы.

Емі: көзді ағынды сумен жуу, ары қарай – симптоматикалық ем жүргізу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бірінші ашылуы бақыланатын қалпақшалармен тығындалған, пластиктен жасалған тамшылатқыш құтыларда 10 мл препараттан. Әр құтыға заттаңба жабыстырылады. Бір құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Құты ашылғаннан кейінгі препараттың қолданылу кезеңі – 15 тәулік.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші/Қаптаушы

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3, тел.: (727) 253-03-88

Тіркеу куәлігінің иесі

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3

Қазақстан Республикасы аумағында өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3, тел./факс: (727) 253-07-07, 253-03-88, эл. поштасы: dosfarm@dosfarm.kz

Прикрепленные файлы

541036421477976410_ru.doc 47 кб
488568131477977617_kz.doc 57 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники