Оксивин-DF

МНН: Оксиметазолин
Производитель: DOSFARM ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Oxymetazoline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№121737
Период регистрации: 23.10.2015 - 23.10.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Оксивин-DF

Халықаралық патенттелмеген атауы

Оксиметазолин

Дәрілік түрі

Мұрын тамшысы 0,01 % 10 мл

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат - оксиметазолин гидрохлориді - 0,1 мг,

қосымша заттар: бензалконий хлориді (10 % ерітінді түрінде), натрий хлориді, натрий дигидрофосфаты дигидраты, динатрий фосфаты додекагидраты, инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз немесе сәл сарғыш ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Мұрын препараттары. Антиконгестанттар және басқа да жергілікті қолдануға арналған мұрын препараттары. Симпатомиметиктер. Оксиметазолин

АТХ коды R01AA05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданған кезде оксиметазолин аздаған мөлшерде жүйелі қан ағысында сіңеді, сондықтан оның концентрациясы қан плазмасында елеусіз. Препараттың әсері қолданғаннан кейін 15 минуттан соң байқалады. Әсер ету ұзақтығы - 10-12 сағ.

Препарат орташа дәрежеде ғана метаболизденеді және негізінде организмнен өзгермеген түрде несеппен және нәжіспен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Оксиметазолин имидазолин туындысы тобынан альфа-адреномиметик болып табылады. α1-адренорецепторларды көтермелейді. Интраназальді қолданған кезде мұрын шырышты қабығының қантамырлары тарылып, мұрынжұтқыншақ шырышты қабығының ісінулері және гиперемиясы басылады. Мұрын шырышының ісінуін басқаннан кейін есту түтігінің, мұрынның қосалқы қуысының аэрациясы үшін шығатын арналар кеңейеді және ашылады. Ол мұрын қуысының дренажды функциясын көтермелейді және бактериялық асқынулар дамуының алдын алады.

Қолданылуы

- жедел, аллергиялық, вазомоторлы ринитте

- риносинуситте

- евстахиитпен астасқан ринитте

- диагностикалық емшаралардың алдында мұрын қуысы шырышты қабығының ісінуін басу үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Интраназальді.

Қалпақшасын бұрап алып, құтының корпусын сәл басады.

0,01 % мұрын тамшысы:

- жаңа туған балаларға өмірінің алғашқы 4 аптасында – 1 тамшыдан әрбір мұрын жолына тәулігіне 2-3 рет

- балаларға өмірінің 5-ші аптасынан бастап 1 жасқа дейін – 1-2 тамшыдан әрбір мұрын жолына тәулігіне 2-3 рет.

Мынадай емшара жүргізуге болады: жасына байланысты 0,01% ерітіндінің 1-2 тамшысын мақтаға тамызып, мұрын жолдарын сүртеді.

Емдеу курсы 5-7 күннен аспайды.

Тамызған кезде тамшылатқыш құтының ұшы басқа заттарға немесе беткейлерге тиіп тұрмауын қадағалау қажет. Тамызғаннан кейін тамшылатқыш құтыны қалпақшасымен тығыз жауып қою керек!

Жағымсыз әсерлері

жиі:

- мұрын жолдары шырышының ашуы және құрғауы

- ауыздың және тамақтың кебуі

- түшкіру

жиі емес:

- бас айналуы, бас ауыруы

- ұйқысыздық

- шаршағыштық (қажығыштық)

- жүрек айнуы

- шырыш қабығының домбығуы және ісінуі (мұрынның бітелуін сезіну)

- реактивті гиперемия

- шырыш қабығының атрофиясы

- аллергиялық реакциялар (Квинке ісінуі, есекжем, қышыну)

өте сирек:

- пульстің жиілеуі

- артериялық гипертензия

- тахикардия

- тахифилаксия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- атрофиялық ринит

- айқын атеросклероз

- созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

- аритмиялар

- артериялық гипертензия

- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

- қуық безінің гиперплазиясы

- моноаминооксидаза тежегіштерін бір мезгілде қабылдау және оларды қолдануды аяқтағаннан кейін 14 күнге дейінгі кезең

- қант диабеті

- тиреотоксикоз, гипертиреоз

- жабықбұрышты глаукома

- көздің ауыр аурулары

- феохромацитома

- порфирия

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препарат жергілікті жансыздандыратын дәрілердің сіңуін баяулатады және олардың әсерін ұзартады.

Оксивин-DF қантамырларын тарылтатын басқа да дәрілермен (енгізу тәсіліне байланысты емес) қолданған кезде жағымсыз әсерлер өзара күшеюі мүмкін.

Моноаминооксидаза тежегіштерін (оларды тоқтатқаннан кейін 14 күндік кезеңді қоса) және үшциклді антидепрессантарды бір мезгілде тағайындау артериялық қысымның жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Оксивин-DF ұзақ қолдану мен артық дозалауды болдырмаған жөн.

Тамыр тарылтатын препараттарды ұзақ немесе жиі қолдану препарат тиімділігінің азаюына әкеледі, сондай-ақ оларды дұрыс пайдаланбау мұрын шырышты қабығының атрофиясы мен ісінуін туындатуы мүмкін. Оксивин-DF созылмалы ринитті емдеуге тағайындалған кезде, мұрын шырышы атрофиясы қаупін болдырмас үшін тек дәрігердің бақылауымен ғана қолдануға болады. Жоғары дозада жиі қолданғанда имидазолин туындылары мұрын жолының реактивті іркілуіне (бітелуіне) әкелуі мүмкін.

Сондықтан өз еркімен ұсынылған дозадан асырмаған және препаратты 5-7 күннен артық қолданбаған жөн.

Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) кезінде абайлап қолдану керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: ұсынылған дозадан арттырған немесе байқаусызда ішке қабылдаған жағдайда мынадай симптомдар байқалуы мүмкін: көз қарашығының тарылуы, жүрек айнуы, құсу, цианоз, температураның көтерілуі, тахикардия, аритмия, коллапс, жүрек қызметінің бәсеңдеуі, артериялық гипертензия, өкпенің ісінуі, тыныс алудың бұзылуы. Одан басқа да психиканың бұзылуы байқалуы мүмкін, сондай-ақ ұйқышылдықпен, дене температурасының төмендеуімен, брадикардиямен, артериялық гипотензиямен, тыныс алудың тоқтауы және команың даму мүмкіндігімен қатар жүретін орталық жүйке жүйесі функциясы бәсеңдеуі мүмкін.

Емі: шұғыл түрде белсендірілген көмір (абсорбент), натрий сульфатын (іш жүргізетін дәрі) тағайындау немесе асқазанды шаю. Артериялық қысымды төмендетуі үшін селективті емес альфа-адреноблокаторлар (5 мг фентоламинді тұзды (физиологиялық) ерітіндіде к/і баяу немесе 100 мг пероральді) тағайындайды. Вазопрессорлы дәрілерді қолдануға болмайды.

Қажет болған кезде ыстықты түсіретін, құрысуға қарсы емді және өкпені жасанды желдетуді жүргізеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бірінші ашылуы бақыланатын қалпақшалармен тығындалған, пластиктен жасалған тамшылатқыш құтыларда 10 мл препараттан. Әр құтыға заттаңба жапсырылады. Бір құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Құты ашылғаннан кейінгі препараттың қолданылу кезеңі – 15 тәулік.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3, тел.: (727) 253-03-88

Тіркеу куәлігінің иесі

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3

Қазақстан Республикасы аумағында өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3, тел./факс: (727) 253-07-07, 253-03-88, эл. поштасы: dosfarm@dosfarm.kz

 

Прикрепленные файлы

094573121477976381_ru.doc 57 кб
669333191477977582_kz.doc 60 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники