Оксибрал®

МНН: Винкамин
Производитель: ГлаксоСмитКляйн С.Е.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Винкамин
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011813
Информация о регистрации в РК: 12.04.2013 - 12.04.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Оксибрал®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Винкамин

Дәрілік түрі

Шығарылуы ұзаққа созылатын 30 мг капсулалар

Құрамы

Шығарылуы ұзаққа созылатын бір капсуланың құрамында

белсенді зат –30 мг винкамин,

қосымша заттар: қант сфералары, лактоза, метакрил қышқылының сополимері, А типі; шеллак, повидон, тальк,

желатин капсуланың құрамы: желатин, эритрозин (Е127), индигокармин (Е132).

Сипаттамасы

Корпусы түссіз және қақпақшасы көк түсті, капсула қақпақшасында «Oxybral» деген жазуы бар мөлдір капсулалар. Капсуланың ішіндегісі – ақ түсті домалақ түріндегі микротүйіршіктер.

Фармакотерапиялық тобы

Шеткергі вазодилататорлар.

Басқа да шеткергі вазодилятаторлар. Винкамин.

АТХ коды C04AX07

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Винкамин ішке қабылданғаннан кейін, майда еритін қосылыс ретінде, асқазан-ішек жолынан тез сіңеді. Қан плазмасында ең жоғары концентрацияға (Сmax) препаратты қабылдағаннан кейін 1-2 сағаттан соң жетеді. Капсула түрінде жасалған дәрілік түрі белсенді заттың біртіндеп босап шығуын жүзеге асырады және, тиісінше, жартылай шығарылу кезеңі өте ұзақ, 2 сағатқа жуықты құрайды. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысы – 64%. Таралу көлемі дене салмағының әр кг-на шаққанда 5 л-ге жуықты құрайды. Препарат гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді. Винкамин бауырда толық дерлік метаболизденеді, және қабылданған дозаның тек 4-6%-ы ғана өзгермеген түрінде бүйректер арқылы шығарылады.

Препараттың 55% -70%-ы несеппен бірге және 27%-30%-ы нәжіспен бірге шығарылады.

Фармакодинамикасы

Оксибрал® - өсімдік текті препарат, кіші барвинка (Vinca minor L.) алкалоиды.

Оксибрал® препаратымен емдеу кезінде ми жасушаларының оттегіні және глюкозаны тұтынуы күшейіп, церебральді қан айналымы жақсарады. Мұндайда лактаттың өндірілуі төмендейді. Препараттың әсер етуінің дәл механизмі сипатталмаса да, метаболикалық белсенділенуінің механизмдері және кальций антагонизмі, препараттың цитопротективтік әсері есебінен, дегенеративтік үдерістердің дамуына кедергі келтіреді деп болжам жасалады. Фармакологиялық сынақтардың деректері винкаминнің альфа-ырғақ жиілігін төмендету және дельта мен тета-ырғақтарды арттыру арқылы психикалық ауытқуды қалыпқа келтіретінін және қырағылықты және зейінді жұмылдыруды арттыратынын көрсетті.

Допплерографиялық деректер Оксибрал® препаратын қолданғанда цереброваскулярлық бассейн қантамырларының гемодинамикалық кедергісі азаятынын айғақтайды, осымен қатар электроэнцефалография (ЭЭГ) деректері альфа-ырғақ жиілігін төмендету және дельта мен тета-ырғақтарды арттыру жолымен биоэлектрлік белсенділіктің жақсарғанын айғақтайды. Нәтижесі ми қыртысындағы микроайналымның және глияда және жүйке жүйесінде аэробтық метаболизмнің жақсаруы болып табылады.

Винкаминнің әсері, бәрінен бұрын, метаболизмдік түрде көрініс беретіндігіне қарамастан, препараттың әсерінен тромбоциттер агрегациясының төмендеуі және микроайналымның жақсаруы арқылы қан ағымының гематологиялық сипаттамалары да жақсарады.

Винкаминмен емдеу төмен церебральді қан айналымында, әсіресе жеңіл және орташа дәрежедегі деменциясы бар емделушілерде тиімді. Емдеу нәтижесінде ишемиялық аймақтар саны азаяды, жады және мінез-құлық реакциялары жақсарады.

Көмір қышқыл газының парциальді қысымының деңгейі немесе артериялық қысым өзгермейтін болғандықтан, винкамин тікелей вазодилалатор ретінде әсер білдіреді және сол арқылы церебральді метаболизм деңгейін жақсартады деп есептеледі.

Оксибрал®қан ағымын метаболизмдік қажеттіліктерге бейімдей отырып, мидың микроайналымын селективті түрде реттейтін әсер береді. Винкамин глюкозаның тотығуын арттыру жолымен церебральді метаболизмді жақсартады, мұндайда организмнің жалпы белсенділігін стимуляциялайтын энергия босап шығады. Препарат нейрондармен оттегінің қармалуын және пайдаланылуын арттырады.

Қолданылуы

Келесі патологияларда метаболизмдік қажеттіліктерге церебральді қан айналымын қалыпты етуге және бейімдеуге, ми функциясын жақсартуға, реттеуге және демеуге:

- егде жастағы емделушілерде церебральді бұзылуларда (жадының нашарлауы, зейінді жұмылдырудың және ойлау функциясының төмендеуі)

- дегенеративті трофикалық бұзылуларда (диабеттік ангиопатия, ми қантамырларының атеросклероздық зақымданулары)

- ми қан айналымының бұзылу зардаптарында (бассүйек-ми жарақаттары, ишемиялық инсульттан кейінгі жағдай, гипертониялық энцефалопатия)

- бас айналуда, бас ауыруда және генезі қантамырлық бас сақинасында

- генезі қантамырлық естудің және көрудің бұзылуларында

- психикалық бұзылуларда (кеңістік-уақыт бағдарының бұзылуы, эмоциональді сфераның бұзылуы, церебральді қантамырлық бұзылулар, соның ішінде ми ишемиясы)

- интеллектуальді қабілетті жақсартуға

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге, егде жастағы емделушілерді қоса, күніне екі рет ішке 1 капсуладан (30 мг) тағайындайды.

Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер белгілейді.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

Препаратты бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілерге қолдану жөнінде деректер жоқ.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі

Ұзақ уақыт емдеген кезде бауыр функциясының көрсеткіштеріне мониторинг қажет.

Жағымсыз әсерлері

Белгісіз

- жүректің айнуы, қыжыл, диарея немесе іш қату, ауыз ішінің құрғауы

- QT аралығының ұзаруы, «пируэт» типті қарыншалық тахикардия (Torsade de Pointe), қарыншалық аритмия (винкаминді тек бұлшықетішілік және көктамырішілік енгізу жолдарында)

- тері бөртпесі, эритема, қышыну

- айқын емес психотроптық әсерлер

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- винкаминге немесе препараттың басқа да компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- ми ісігі

- бассүйекішілік қысымның жоғарылауымен қатар жүретін аурулар

- құрысу синдромы

- ми қан айналымының жедел бұзылуы

- жүрек ырғағының бұзылулары

- электролиттік теңгерімнің ауыр бұзылулары, гипокалиемия немесе гипокальциемия

- лактоза/галактоза, фруктоза мальабсорбциясы синдромы немесе тұқым қуалайтын жақпаушылығы, лактаза тапшылығы, сахароза және изомальтаза ферменттерінің жеткіліксіздігі

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

«Пируэт» типті қарыншалық тахикардияның (Torsade de Pointe) даму қаупіне байланысты, әсері қарыншалық тахикардияға әкеп соғуы мүмкін препараттармен бірге қолданбау қажет. Егер осы препараттарды біріктіруден басқа жол жоқ болса, клиникалық симптомдарға мұқият мониторинг және ЭКГ-мониторинг ұсынылады.

Квинупристин және далфопристин Р450 3А4 цитохромы энзимдерінің потенциалды тежегіштері болып табылады, және бір мезгілде тағайындағанда винкаминнің концентрациясын арттыруы мүмкін. Бір мезгілде қолданған кезде қабыршөп алкалоидынан болатын жағымсыз реакцияларға (нейропатия, құрысулар, лейкопения, тромбоцитопения) мұқият мониторинг қажет, винкаминді дозалау тиісінше түзетілуі тиіс.

Итраконазолдың және винкаминнің өзара әсер ету механизміне итраконазолмен Р450 3А4 цитохромы энзимдерінің тежелуі жатады. Итраконазол сондай-ақ винкаминнің шығарылуын жүзеге асыратын Р-гликопротеиндік сорғы әсерін тежеуі мүмкін. Осылайша, итраконазол мен Оксибралды® бірге тағайындағанда сақ болу қажет.

Айрықша нұсқаулар

Жүрек-қантамыр жүйесі

Оксибрал® препаратын гипокалиемия жағдайларында және QT аралығын арттырғанда қолдануға болмайды, өйткені патология деректері қарыншалық аритмияның пайда болуы үшін болжамды факторлар болып табылады.

Миоркард инфарктісін, жүрек ауруларын немесе жүрек функциясының жеткіліксіздігін бастан өткергенде сақтықпен тағайындау керек. Осындай жағдайларда жүргізілетін емде бастапқы дозаны төмендету және мұқият ЭКГ жасау және емделушіні клиникалық бақылау ұсынылады.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі

Оксибралды® қабылдаған кезде бауыр функциясының бұзылуы байқалмағанына қарамастан, препаратты ұзақ уақыт қабылдағанда бауыр функциясының көрсеткіштерін бақылап отыру керек.

Оксибрал® препаратының құрамында лактоза және қант микросфералары бар, осыған байланысты лактоза/галактоза, фруктоза мальабсорбциясы синдромы, лактаза тапшылығы, сахароза және изомальтаза ферменттерінің жеткіліксіздігі немесе тұқым қуалайтын жақпаушылығы бар емделушілерге тағайындалмауы тиіс.

Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Препарат автомобильді немесе басқа да механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізуі мүмкін.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары жөнінде мәлімделген жоқ.

Емі: клиникалық және мұқият ЭКГ-мониторинг, симптоматикалық ем және өмірлік функцияларды демеу ұсынылады.

Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Шығарылуы ұзаққа созылатын 30 мг капсулалар.

ПВХ/ПВДХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 капсуладан салынған.

Пішінді 2 қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

30С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

ГлаксоСмитКляйн С.Е.А., Мысыр

EI Salam City, 11491, Каир

Тіркеу куәлігінің иесі

ГлаксоСмитКляйн С.Е.А., Мысыр

EI Salam City, 11491, Каир

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстандағы ГлаксоСмитКляйн Экспорт Лтд өкілдігі

050059, Алматы қ., Фурманов к-сі, 273

Телефон нөмірі: +7 727 258 28 92, +7 727 259 09 96

Факс нөмірі: + 7 727 258 28 90

Электронды поштасы: kaz.med@gsk.com

 

Прикрепленные файлы

850693221477976916_ru.doc 68.5 кб
458504801477978089_kz.doc 73 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники