Овин Д

МНН: Дексаметазон, Офлоксацин
Производитель: Алембик Фармасьютикалс Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Дексаметазон в комбинации с противомикробными препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021599
Период регистрации: 28.08.2015 - 28.08.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Овин-Д

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Көз тамшысы

Құрамы

1 мл препарат, мг құрамында

белсенді заттар: офлоксацин 3.0

дексаметазон натрий фосфаты

дескаметазонға баламалы 1.0

қосымша заттар: натрий хлориді, динатрий эдетаты, бензалконий хлориді, хлорсутек қышқылы, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Түссіз немесе ақшыл-сары мөлдір ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Микробтарға қарсы препараттармен біріктірілген қабынуға қарсы препараттар. Микробтарға қарсы препараттармен біріктірілген глюкокортикостероидтар. Микробтарға қарсы препараттармен біріктірілген дексаметазон.

АТХ коды S01СA01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Дексаметазон: жергілікті қолданғанда мөлдір қабық арқылы камералық ылғалға сіңеді. Әсер етуші заттардың конъюнктивалық қаптан жалпы қан айналу жүйесіне сіңуі соншалықты көп емес, содан болар фармакокинетикасы мен жүйелік әсер етуінің клиникалық мәні жоқ.

Офлоксацин: Офлоксацинді жергілікті қолданғанда препараттың емдік концентрациясына көз тіндерінде 30-60 минуттан соң жетеді. Элиминация кезеңі –6-7 сағат. Жүйелік сіңірілуі төмен.

Көп мәрте қолдану да офлоксациннің шыны тәрізді денеде емдік концентрацияға жетуіне әкеледі. Көздің сулы ылғалына қарағанда, көз тіндерінде дәрілік заттың концентрациясы анағұрлым жоғары болады. Бір реттік қолданудан кейін конъюнктивада және аққабықта офлоксациннің Cmax 5 мин кейін жетеді, осыдан кейін офлоксациннің концентрациясы ақырындап төмендейді. Көздің сулы ылғалында және мөлдір қабықта офлоксациннің Cmax 1 сағаттан соң жетеді.

Фармакодинамикасы

Овин- Д – бактерияға қарсы, қабынуға қарсы және аллергияға қарсы әсері бар біріктірілген препарат.

Дексаметазон синтетикалық глюкокортикостероид болып табылады, қабыну үдерісінің барлық фазаларына әсер етеді. Қан тамырларының өткізгіштігін төмендетеді, лейкоциттер, фагоцитозалар көшуін, кининдердің босап шығуы мен антиденелер өндірілуін бәсеңдетеді. 

Офлоксациннің бактерицидтік әсері бактериялық жасушалардағы ДНҚ- гираза ферментінің блокадасымен байланысты. Көптеген грамтеріс микроорганизмдерге қатысты белсенділігі жоғары: Esherichia coli, Salmonella spp., Proteus spp.,   Morganella  morganii,    Shigella spp.,  Klebsiella   spp.,   Enterobacter spp., Serratia    spp.,   Citrobacter   spp.,   Yersinia spp.,   Providencia   spp.,   Legionella pneumophilla, Acinetobacter spp.,   Chlamydia spp.

Кейбір грамоң микроорганизмдерге, атап айтқанда Staphylococcus spp., Streptococcus spp. қатысты белсенді.

Офлоксацинге Enterococcus faecalis, Streptococcus pheumoniae, Pseudomonas spp. сезімталдығы орташа.

Офлоксацин бета-лактамаза өндіретін микроорганизмдерге сезімтал. Препаратқа анаэробты бактериялардың (B. Urealiticus-ден өзге) сезімталдығы жоқ.

Қолданылуы

- көз алмасының жедел және созылмалы аллергиялық және жұқпалы емес қабыну үдерістерінде

- көздің алдыңғы бөлігінің жұқпалы-қабыну ауруларында (блефарит, теріскен, конъюнктивит, дакриоцистит, кератит (эпителий зақымданбаған), мөлдір қабықтың ойық жарасы, көздің хламидий жұқпасы)

- көз жарақаттары мен хирургиялық араласудан кейін бактериялық жұқпаның алдын алу мен емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Қолданар алдында сілку керек.

Жедел қабыну жағдайларында 1 - 2 тамшыдан тәулігіне 4 - 5 рет 2 күн бойы, содан соң 1-2 тамшыдан тәулігіне 3 – 4 рет 4 – 6 күн бойы конъюнктивалық қапқа тамызу керек.

Созылмалы қабыну жағдайларында 1 – 2 тамшыдан тәулігіне 2 рет 14 күннен асырмай (дәрігердің қадағалауымен) тамызу керек.

Операциядан және жарақаттардан кейін қабыну симптомдарының қарқындылық дәрежесіне қарай 1 – 2 тамшыдан тәулігіне 2 – 4 рет 14 күннен асырмай (дәрігердің қадағалауымен).

Жағымсыз әсерлері

Препаратты тамызғаннан кейін бірден пайда болуы мүмкін:

- өтпелі жайсыздық, аздап күйдіруді сезіну, қышыну, шаншып ауыру

- қарқындылығы аздау конъюнктива гиперемиясы, сондай-ақ көзден жас ағу

- көзде бөгде денені сезіну

Бұл симптомдар 5 – 15 секундтан кейін жойылады және препарат қолдануды тоқтатудың көрсетілімі болып саналмайды.

Өте сирек

- қабақтың немесе конъюнктиваның ісінуі немесе тітіркенуі

- мөлдір қабықтың жұқаруы немесе көз алмасының тесілуі (көрудің бұзылыстары, көзден жас ағу)

- кейіннен глаукома дамуы жүретін көзішілік қысымның көтерілуі

- көру жүйкесінің зақымдануы

- артқы субкапсулярлық катаракта

- көру өткірлігінің бұзылыстары және көру өрісінің тарылуы (айқын көрмеу, көз алмасының ауыруы)

- көздің салдарлы жұқпалары, мөлдір қабықтың зеңдік зақымдануы

- глаукома (кортикостероидтарды ұзақ пайдаланғанда)

- көз жүйкесінің зақымдануы

- конъюнктиваның қабынуы (фотофобияны қоса)

- бас ауыруы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- дексаметазонға және препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық

- Herpes simplex және басқа да вирустар туындатқан мөлдір қабық пен конъюнктивалық қабықтың вирустық аурулары

- көздің зең аурулары

- көз туберкулезі

- желшешек

- көздің емделмеген іріңді жұқпалары

- жұмсақ жанаспалы линзалар қолдану

- компенсацияланбаған көзішілік қысымы бар глаукома

- лактация кезеңі

- 8 жасқа дейінгі балалар

Мөлдір қабықтан бөгде денені асқындырмай алып тастағаннан кейін және мөлдір қабық эпителийі беткейінің басқа да кез келген жұқпаларында немесе зақымдануларында ұсынылмайды.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Глаукома кезінде қолданылатын дәрілік заттармен, әсіресе ұзақ уақыт және үлкен дозада араластыруға болмайды, өйткені көзішілік қысымның көтерілуі мүмкін. Антихолинергиялық препараттарды, әсіресе атропин мен оның аналогтарын препаратпен қосып ұзақ қолдану көзішілік қысымның жоғарылау қаупін тудырады.

Айрықша нұсқаулар

Құтының ішіндегісін ластамас үшін тамшылатқыш ұштығының ұшын кез келген беткейге тигізбей ұстау керек. Препаратты қолданар алдында жұмсақ жанаспалы линзалар алынуы керек. Оларды препаратты тамызған сәттен бастап 30 минут өткен соң қайтадан тағуға болады. Жанаспалы линзалар мен препаратты қолданған жағдайда мөлдір қабық ойық жарасының даму қаупі артады.

Кортикостероидтарды көздің қызару себептері анықталмаған жағдайда қолдануға болмайды. Препаратты ұсынылғаннан айтарлықтай асып түсетін мерзімде ұзақ қолдану зеңдер, бактериялар және вирустар туындататын салдарлы жұқпаның даму қаупін жоғарылатады; сондай-ақ катаракта дамуының пайда болуына немесе жеделдеуіне, бейімділігі бар адамдарда көзішілік қысымның жоғарылауы мен глаукомаға әкелуі мүмкін, бұл аурулардың туындау қаупіне қант диабетімен науқастар көбірек ұшырайды.

Препаратты ұзақ қолданғанда мөлдір қабықтың жағдайын флюоресцеиндік тестімен тексеріп, сонымен қатар көзішілік қысымды өлшеп отыру ұсынылады. Флюоресцеиндік тестінің оңды нәтижесі кезінде немесе көзішілік қысым жоғары болғанда препарат қолдануды тоқтатқан жөн. Жергілікті қолданылатын стероидтар көз алмасы бактериялық жұқпаларының симптомдарын бүркемелеуі мүмкін, мұндай жағдайларда бір мезгілде антибиотиктерді жергілікті тағайындаған жөн.

Препаратты қолдану кезінде бұрын мөлдір қабықтың немесе ақ қабықтың жұқаруына әкелетін ауруларды өткерген адамдарда сақтық танытқан дұрыс, өйткені мұндай емделушілерде мөлдір қабықтың немесе ақ қабықтың тесілуі орын алуы мүмкін.

Жүктілік

Жүкті әйелдерде кортикостероидтар мен фторхинолондарды жергілікті қолдану клиникалық сынақтарының деректері жоқ, сондықтан препаратты жүктілік кезінде анасы үшін болжамды пайдасы ұрыққа төнетін ықтимал қауіптен асып түсетін жағдайда ғана мүмкін болады.

Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты тамызғаннан кейін көзден жас ағу мен тұмандануы мүмкін екендігін ескере отырып, оны тікелей көлік құралдарын басқару немесе қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс алдында қолданбаған жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: препарат жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі: көзді жылы сумен жуып-шаю, симптоматикалық ем, арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл препараттан пластик тамшылатқыш-құтыға құйылады.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Құтыны нығыздап жауып ұстау керек. Құтыны алғаш ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі – 4 апта.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Алембик Фармасьютикалс Лимитед, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

Алембик Фармасьютикалс Лимитед, Үндістан

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі 137, 39 пәтер

тел/факс +7(727) 292-72-75

Прикрепленные файлы

528039191477976376_ru.doc 52 кб
094706291477977568_kz.doc 64 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники