Облепиховое масло (500 мг)

МНН: Облепиховое масло
Производитель: ФАРМАПРИМ ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения геморроя и анальных трещин для местного применения
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№009748
Информация о регистрации в РК: 14.04.2017 - 14.04.2022
Номер регистрации в РБ: 5456/02/06/11/16
Информация о регистрации в РБ: 12.10.2016 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Шырғанақ майы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

500 мг ректальді суппозиторийлер

Құрамы

Бір суппозиторийдің құрамында

белсенді зат шырғанақ майы (құрамында қосындысы 240 мг % кем емес каротиноидтері бар β-каротинге шаққанда ) - 500 мг,

қосымша зат – суппозиторийлерге арналған негіз: суппоцир (жартылай синтетикалық глицеридтер – салмағы 2000 мг суппозиторий алуға жеткілікті мөлшер).

Сипаттамасы

Ашық сарыдан қоңыр қызғылт сарыға дейінгі күңгірт және/немесе жылтыр беткейлі цилиндрконус пішінді суппозиторий. Қимасында ауалы және кеуекті өзегі мен воронка тәрізді ойығы болуы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Геморрой мен анустық сызатты емдеу үшін жергілікті қолдануға арналған басқа дәрілер.

АТЖ коды С05АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Шырышты қабаттардағы репаративті үдерістерді көтермелейді, зақымданған тіндердің жазылуын жылдамдатады. Антиоксидантты және цитопротекторлы әсер береді. Бос радикальді үдерістердің қарқындылығын азайтады және жасушалық және субжасушалық жарғақшаларды (майда еритін биоантиоксиданттардың бар болуының арқасында) зақымданудан қорғайды.

Қолданылуы

- геморрой, артқы өтіс сызатында, тік ішектің ойық жарасында

- спецификалық емес проктиттер мен проктосигмоидиттерде

- артқы өтісте, тоқ ішек және тік ішекке операциядан кейінгі жағдайларда

- жамбас мүшелері ісіктерін сәулемен емдеуден кейінгі жағдайларда (қабыну, тарылу, тікішектік-, қынаптық, -несепқуықтық жыланкөздер)

Қолдану тәсілі және дозалары

Суппозиторийді пішінді қаптамасынан босатып, ішекті босатқаннан кейін артқы өтіске терең енгізеді. Балаларға 6 жастан кейін және ересектерге әдетте 10-15 күн бойы күніне 1-2 рет 1 свечадан тағайындайды. Ауыр жағдайларда емделу курсын жалғастыруға болады. Емдеу курсы қажет болған кезде 4-6 аптадан соң қайталанады.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

- артқы өтіс аймағында ауыру сезімдері

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне асқын сезімталдықта

  • 6 жасқа дейінгі балаларға

Дәрiлермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация

Жүктілік және емшек емізіп жүрген уақытта қолданылуы мүмкін.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі туралы деректер жоқ.

Артық дозаланғанда

Артық дозалану жағдайлары туралы деректер жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті ламинадталған полиэтилен үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 5 суппозитроийден .

2 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 15°С -ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

ФАРМАПРИМ ЖШҚ, Молдова Республикасы

MD-2028, Кишинэу қ., Г. Тудор к-сі, 3

Тіркеу куәлігінің иесі

ФАРМАПРИМ ЖШҚ, Молдова Республикасы

Тұтынушылардан өнім сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«FARMAPRIM SRL» («ФАРМАПРИМ СРЛ») фирмасының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі

Алматы қ., Гоголь к-сі, 86, 528-кеңсе

Телефон/факс: 279-65-18

Email: farmaprim.kz@farmaprim.md

 

 

 

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

162389471477977167_ru.doc 45 кб
987896991477978332_kz.doc 54 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ