Облепиховое масло (50 мл, масло для приема внутрь, для местного и наружного применения)

МНН: Облепиховое масло
Производитель: Алтайвитамины ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты, способствующие нормальному рубцеванию
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012365
Информация о регистрации в РК: 05.12.2013 - 05.12.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Шырғанақ майы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішуге арналған, жергілікті және сыртқа қолдануға арналған май, 50 мл

Құрамы

100 мг препараттың құрамында

белсенді зат – шырғанақ майының концентраты - (каротиноидтар қосындысының құрамы, β-каротинге шаққанда, 300 мг%) – 60.0 мг қосымша зат – күнбағыс майы

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар сарғыш-қызғылт түсті майлы сұйықтық. 40°С-ге дейін қыздырған кезде еритін елеусіз шөгіндінің түзілуіне жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Жоғары тыртықтануды емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды D03 АX

Фармакологиялық қасиеттері

Шырғанақ майы тері және шырышты қабаттарда репаративті үдерісті көтермелейді, зақымданған тіндердің жазылуын жылдамдатады, қабынуға қарсы әсер етеді. Антиоксиданттық және цитопротекторлық әсерге ие (майда еритін биоантиоксиданттардың бар болуының арқасында бос радикальді үдерістердің қарқындылығын азайтады және жасушалық және субжасушалық жарғақшаларды зақымданудан қорғайды).

Қолданылуы

- сәулемен зақымдануларда, тері мен шырышты қабаттардың күюлерінде

- гинекологияда ( кольпит, эндоцервицит, жатыр мойнының эрозиясы)

- гастроэнтерологияда (өңештің эрозиялы-ойық жаралы зақымдануы, асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруында кешенді ем құрамында)

- проктологияда ересектер мен балаларда геморройда, тік ішектің сызаттануында

- пародонтозды емдеу мен алдын алуда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Шырғанақ майын сыртқа және ішке қолданады.

Терінің зақымдануында майлы таңғыш түрінде қолданылады.Терінің некротикалық тіндерден алдын ала тазартылған бөліктеріне шырғанақ майын жағады, содан кейін мақта-дәке таңғышты салып, күнара ауыстырып отырады. Емді грануляция пайда болғанша жүргізеді.

Кольпиттерді, эндоцервициттерді, жатыр мойны эрозиясын, геморройды, тік ішектің сызаттануын емдеуде шырғанақ майы молынан сіңірілген тампондар түрінде қолданылады. Кольпиттерде емдеу курсы 10-15 емшара; эндоцервициттер, жатыр мойнының эрозиясында 8-10 емшара.

Тік ішектің сызаттануында және геморройда емдеу курсы 5-7 күнді құрайды.

Асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруында 1 шай қасықтан күніне 2-3 рет 3-4 апта бойы қолданылады.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

- күйік үстіне жаққанда шымылдатып ашыту сезімі болуы мүмкін

- ішке қолданғанда ауызда ащы дәм сезілуі мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

  • өт қабының, бауырдың, ұйқы безінің қабыну үдерісі, өт-тас ауруы

Дәрiлермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Препаратты аллергиялық реакцияларға бейім науқастарға сақтықпен қолдану керек.

Қолданар алдында құты ішіндегісін шайқау керек.

Балалар

Балаларға препаратты пайда/қауіп арақатынасын дәрігер бағалағаннан кейін қолданады.

Жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдану

Жүктілік және бала емізу кезеңінде препаратты, ана үшін күтілетін пайда ұрық немесе бала үшін қауіптен артқан жағдайда ғана дәрігердің тағайындауы бойынша қолданады.

Препараттың көлік құралын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі

Емі: белгісіне қарай

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 мл препараттан қалпақша- қақпақтары бар шыныдан жасалған құтыларға құйылған. Әрбір құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 12 0С-ден 15 0С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

1 жыл 6 ай

Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Телефон: (3854) 326-946, 338-719

Факс: (3854) 327-640

Тіркеу куәлігінің иесі

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасы жөнінде шағымдарды, қабылдайтын ұйымның мекенжайы, телефон нөмірі, факс нөмірі, электрондық поштасы

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Мекенжайы: 659325, Ресей, Алтай өлкесі, Бийск қ., Заводская к-сі, 69

Телефон: (3854) 326-943, факс: (3854) 327-640

 

 

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

565365811477976794_ru.doc 52 кб
222438381477977947_kz.doc 57.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники