Облепиховое масло (Фармацевтическая Фабрика ДКП ООО)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Шырғанақ майы
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
50 мл май
Құрамы
100 г препараттың құрамында
белсенді зат – құрамында 360 мг% кем емес каротиноидтері бар шырғанақ майының концентраты - 50.0 г,
қосымша зат – күнбағыс майы
Сипаттамасы
Өзіне тән иісі бар сарғыш-қызғылт түсті майлы сұйықтық. 40°С-ге дейін қыздырған кезде еритін елеусіз шөгіндінің түзілуіне жол беріледі. .
Фармакотерапиялық тобы
Жоғары тыртықтануды емдеуге арналған басқа да препараттар.
АТЖ коды D03А X
Фармакологиялық қасиеттері
Өсімдік тектес дәрі, тері және шырышты қабаттырдың репаративті үдерісін көтермелейді, зақымданған тіндердің жазылуын жылдамдатады. Жалпы нығайтқыш әсер етеді, антиоксидантты және цитопротекторлы әсерге ие. Бос радикальді үдерістердің қарқындылығын азайтады және жасушалық және субжасушалық жарғақшалардың (майда еритін биоантиоксиданттардың бар болуының арқасында) зақымданудан қорғайды.
Қолданылуы
Күйік, тесілу ауруларын, терінің және шырышты қабықтың сәулемен зақымдануында, гинекологиялық ауруларды (кольпиттерді, эндоцервициттерді, жатыр мойнының эрозиясын) емдеу кезінде сыртқа қолданылады.
Өңеш дертінде, асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруында кешенді ем құрамында ішке қабылдайды.
Фарингит, ларингит, жоғарғы тыныс алу жолдарының созылмалы қабыну ауруларын (мұрын жұтқыншақ, дыбыс байламдарын, трахея, бронхтарды) емдеу үшін кешенді ем құрамында препаратты жергілікті қолданады.
Қолдану тәсілі және дозалары
Препаратты сыртқа, ішке қолданады.
Тері аурулары кезінде препаратты сыртқа, терінің зақымданған беткейі некротикалық тіндерден тазарғаннан кейін майлы таңғыш ретінде тіндер қайта жаңғырғанға дейін күнара қолданады.
Гинекологиялық аурулар кезінде – кольпиттерде, эндоцервициттерде – майға малынған мақта тампонымен, оларды күнара ауыстыра отырып, ойылған беткейге тығыз басады. Кольпитті емдеу курсы 10-15 емшараны құрайды, эндоцервицитті және жатыр мойнының эрозиясын емдеу курсы 8-12 емшараны құрайды. Емдеу курсы қажет болған кезде 4-6 аптадан соң қайталауға болады.
Өңеш ауруы кезінде, асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруы кезінде препаратты күніне 1 шай қасықтан 2-3 рет ішке қабылдайды. Көрсетілген ауруды емдеу курсы 3-4 аптаны құрайды. Емдеу курсы қажет болған кезде 4-6 аптадан соң қайталауға болады.
ЛОР-мүшелерінің дерті кезінде – созылмалы тонзиллитте, ангинадан кейінгі жай-күйде, созылмалы фарингитте – майға малынған мақта тампонымен бадамшаға, жұтқыншаққа жағады; созылмалы гайморит кезінде майға малынған дәке пілтелерді мұрын қуысына (мұрын ішін алдын ала тазалап алып) енгізеді. ЛОР-мүшелерінің дерті кезінде емдеу курсы 8-10 емшараны құрайды. Емдеу курсы қажет кезде 4-6 аптадан соң қайталауға болады.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар
- күйік үстіне жаққанда шымылдатып ашыту сезімі болуы мүмкін
- ішке қолданғанда ауызда ащы дәм сезілуі мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттеріне жоғары жеке сезімталдықта
-
өт қалтасының, бауырдың, ұйқы безінің қабыну үдерісінде, өт-тас ауруында
Дәрiлермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Препаратты аллергиялық реакцияға бейім науқастарға сақтықпен қолдану керек.
Қолданар алдында құты ішіндегісін шайқау керек.
Балалар
Балаларға препаратты пайда/қауіп арақатынасын дәрігер бағалағаннан кейін қолданады.
Жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдану
Жүктілік және бала емізу кезеңінде препаратты, егер ана үшін күтілетін пайда ұрық немесе бала үшін қауіптен артқан жағдайда ғана дәрігердің тағайындауы бойынша қолданады.
Препараттың көлік құралын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозаланғанда
Симптомдар: жағымсыз әсердің күшеюі
Емдеу: ауру белгісіне қарай
Шығарылу түрі және қаптамасы
Тығынмен тығындалған құтыларда 50 мл-ден. Құтылар мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге ыдысқа салынған.
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«ЕКК «Фармацевтикалық фабрика» ЖШҚ, Украина
10014, Украина, Житомир қ-сы, Лермонтов к-сі, 5
Тіркеу куәлігінің иесі
«ЕКК «Фармацевтикалық фабрика» ЖШҚ, Украина
Тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Желтвай Андрей Иванович
Тел.(0412) 413-084
Факс (0412)413-084
e-mail farmfab@vishpha.ua