Нуклео Ц.М.Ф. ФОРТЕ

Производитель: Феррер Интернасиональ С.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний нервной системы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003425
Информация о регистрации в РК: 02.05.2018 - 02.05.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Нуклео Ц.М.Ф. ФОРТЕ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді дайындау үшін лиофилизацияланған ұнтақ еріткішімен жиынтықта

Құрамы

Бір ампула препараттың құрамында

белсенді заттар: цитидин 5'- динатрий монофосфаты 10.00

уридин 5'-тринатрий трифосфаты

уридин 5'-динатрий дифосфаты

уридин 5'-динатрий монофосфаты (барлығы) 6.00

(уридин құрамына баламалы 2.66)

қосымша заттар: маннитол

еріткіштің құрамы: натрий хлориді, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Түсі ақ немесе ақ дерлік лиофилизацияланған ұнтақ, гигроскопиялы.

Еріткіш – иіссіз мөлдір түссіз сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар

АТХ коды N07XX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бұл препарат компоненттерінің шығу тегі органикалық, олар биологиялық сұйықтықтардың құрамында болғандықтан препаратқа фармакокинетикалық зерттеу жүргізуде қиындық туғызады, және бұл радиоактивті изотоптармен таңбаланған өнімді пайдалана отырып, зерттеу жүргізуге негіз болды. Осы зерттеудің мақсаты УМФ, ЦМФ, сондай-ақ УТФ сіңірілуі мен фармакокинетикасын бағалау болатын.

4,97 мг/кг дозамен 14С-УМФ қолданудан кейін, 1,749 мг/кг құрайтын плазмадағы (Cmax) ең жоғары концентрациясына 10 минуттан кейін жеткен. Содан соң радиоактивтілігі альфа-таралу және бета-элиминация үшін сәйкесінше 0,5 және 0,6 сағат жартылай шығарылу кезеңімен жылдам шығарылған.

4,83 мг/кг дозамен 14С-ЦМФ қолданудан кейін 1,567 мг/кг құрайтын Cmax мәніне 20 минуттан кейін жеткен. Сосын радиоактивтілігі сәйкесінше 1,0 және 3,8 сағат жартылай шығарылу кезеңімен жылдам шығарылған.

4,86 мг/кг дозамен 14С-УТФ қолданудан кейін, 1,291 мг/кг құрайтын Cmax мәніне 20 минуттан кейін жеткен. Сосын радиоактивтілігі сәйкесінше 1,2 және 5,0 сағат жартылай шығарылу кезеңімен жылдам шығарылған.

Метаболизмнің осы бір жолы УМФ мен УТФ-да, яғни урацил арқылы кем дегенде анағұрлым полярлы радиоактивті бір фракцияға дейін жылдам өзгеруі анықталған.

ЦМФ қосылысы цитозинге, урацилге және кем дегенде бір анағұрлым полярлы радиоактивті фракцияға дейін жылдам өзгерген. Сондықтан цитозин негізінен урацилге өзгерген. Бұл нәтижелер қанда цитозин қатысуымен болатын урацилдің жылдамдығы аздау метаболизмі байқалғанын көрсетеді, бұл бастапқы қабылданған қосылыс – ЦМФ-ден пайда болған.

Фармакодинамикасы

Нуклео ЦМФ Форте құрамында нуклеотидтер қатары: ШЖЖ (шеткергі жүйке жүйесі) ауруларын емдеуде кеңінен пайдаланылатын цитидин монофосфаты (ЦМФ), уридин трифосфаты (УТФ) бар.

Биохимиялық көзқарас тұрғысынан бұл екі компоненттің әсерін мынадай түрде сипаттауға болады: ЦМФ нейрональді жарғақшаны, ең бастысы миелин қабығының негізгі компоненті – сфингомиелинді түзетін липидтер кешенінің синтезіне қатысады. ЦМФ сондай-ақ нуклеин қышқылдарының (ДНҚ және РНҚ) ізашары саналады, олар өз кезегінде жасушалық метаболизмнің (мысалы, ақуыздар синтезінде) негізгі элементтері болып табылады. УТФ гликолипидтер, нейрондық құрылымдар мен миелин қабығының синтезінде, ЦМФ әсерін толықтырып, кофермент ретінде әсер етеді. Мұнымен қоса, ол бұлшықеттің жиырылуы үдерісінде қуат көзі ретінде әрекет етеді. Жалпы алғанда, ЦМФ және УТФ негізінен миелин қабығы мен басқа да жүйке құрылымдарын құрайтын фосфолипидтер мен гликолипидтер синтезіне қатысады. Бұл шеткергі жүйке зақымданулары кезіндегі демиелинизацияны реттей отырып, өз кезегінде миелин қабығы регенерациясы үдерісіне ықпал ететін қарқынды метаболикалық белсенділікке алып келеді. Осылайша, ЦМФ мен УТФ әсерлерінің бірігуі миелин қабығы регенерациясына, жүйке қозуының дұрыс жүруі мен бұлшықет трофикасының қалпына келуіне ықпалын тигізеді. Нуклео Ц.М.Ф. ФОРТЕ организмді жүйке қабықтарын қалыптастыру үшін моносахаридтерді кераминдермен біріктіруге қажетті фосфатты топтармен, және де миелин қабығының негізгі компоненттері – сфингомиелин мен глицерофосфолипидтер құрайтын фосфатидті қышқылдармен қамтамасыз етеді. Осылайша тұрақты трофикалық әсер, аксональді жүйке талшықтарының барынша толық жетілуі мен регенерациясы қамтамасыз етіледі. Осының нәтижесінде қабыну азайып, аксонның зақымданған бөлігінің сезімталдығы дұрысталады, бұл аксональді тасымалданудың қалпына келуіне ықпал етеді.

Қолданылуы

- ишиалгияда

- радикулитте

- диабеттік полинейропатияда

- алкоголдік полиневритте

- белдемелі теміреткіде

- бет, үштік, қабырға аралық жүйкелер невралгиясында

- люмбагода.

Қолдану тәсілі

Лиофилизацияланған ұнтақты 2 мл еріткіште ерітіп, сұйылтылғаннан кейін бірден бұлшықетке енгізу керек.

Ересектерге: 2 мл (1 ампула) күніне 1 рет.

Емдеу курсы 21 күнге дейін.

2 жасқа дейінгі балаларға: 2 мл (1 ампула) 2 күнде 1 рет.

Емдеу курсы 6 - 12 күн.

Жағымсыз әсерлері

Сипатталмаған, бірақ препаратты қолдануға байланысты кез келген жағымсыз реакциялар туындаған жағдайда өз дәрігеріңізбен кеңесіңіз.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 2 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Белгісіз

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңі.

Қабылдаудың ұтымдылығы ықтимал қатерден қабылдаудың артықшылығы асып түсуіне байланысты анықталады

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Препарат уыттылығының аздығына байланысты артық дозалану мүмкіндігі аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Лиофилизацияланған ұнтақ ашуға арналған сақинасы бар қызыл-сары бейтарап шыны ампулаларға салынған.

2 мл еріткіштен ашуға арналған сақинасы бар түссіз бейтарап шыны ампулаларға салынған.

Препаратымен 3 ампула және еріткішімен 3 ампула полвинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

300С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

Өндіруші

Феррер Интернасиональ, С.А.,

Гран Виа Карлос III, 94, 08028 Барселона, Испания.

Тіркеу куәлігінің иесі

Феррер Интернасиональ, С.А.,

Гран Виа Карлос III, 94, 08028 Барселона, Испания.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы өкілдігі:

Орталық Азия бойынша Қазақстан Республикасындағы Медиал Ди энд Пи ЛТД

Мекенжайы: 050050 Алматы қ.,

Темекі зауыты к-сі, 20,тел +77272954882/83, факс – 2954881

e-mail: medial.office@gmail.com

Прикрепленные файлы

739027141477976957_ru.doc 49 кб
114149781477978131_kz.doc 77.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники