НОТТА-сановель (4 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
НОТТА-сановель
Халықаралық патенттелмеген атауы
Монтелукаст
Дәрілік түрі
Шайнайтын 4 мг, 5 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 4.16 мг (4.0 мг монтелукастқа баламалы) немесе
5.2 мг (5.0 мг монтелукастқа баламалы) натрий монтелукасты,
қосымша заттар: маннитол, микрокристалды целлюлоза, гидроксипропилцеллюлоза, натрий кроскармеллозасы, натрий сахарині, магний стеараты, шие хош иістендіргіші, темірдің (III) қызыл тотығы Е172.
Сипаттамасы
Ұзынша пішінді, сызықсыз, қызғылт түсті таблеткалар (4 мг доза үшін).
Дөңгелек пішінді, сызықсыз, қызғылт түсті таблеткалар (5 мг доза үшін).
Фармакотерапиялық тобы
Тыныс алу жолдарының обструкциялық ауруларын емдеуге арналған препараттар. Тыныс алу жолдарының обструкциялық ауруларын емдеуге арналған басқа да жүйелі пайдаланылатын препараттар. Лейкотриен рецепторларының антагонистері. Монтелукаст.
АТХ коды R03DC03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі
Ішке қабылдаудан кейін монтелукаст тез сіңеді. Ересектер үлбірлі қабықпен қапталған 10 мг таблеткаларды аш қарынға қабылдағаннан кейін қан плазмасындағы орташа ең жоғары концентрациясына (Cmax) 3 сағат ішінде (Tmax) жетеді. Орташа биожетімділігі – 64%. Биожетімділігі және Cmax ас ішуге байланысты емес.
2-ден 5 жасқа дейінгі балалар аш қарынға қабылдағаннан кейін шайнайтын 4 мг таблеткалар Cmax мәніне препарат қабылдаудан кейін 2 сағаттан соң жетеді.
Таблеткаларды 10 мг дозада қабылдаудан кейінгі ересектердегіден орташа Cmax мәні едәуір жоғары (66%), ал орташа Cmіn мәні едәуір төмeн.
Аш қарынға қабылданғаннан кейін шайнайтын 5 мг таблеткалар Cmax мәні 2 сағат ішінде жетеді. Ас ішуден соң 63% дейін төмендейтін орташа биожетімділігі – 73%.
Таралуы
Монтелукаст плазма ақуыздарымен 99%-дан аса байланысады. Монтелукасттың таралу көлемі, орта есеппен, 8-11 л құрайды.
Биотрансформациясы
Монтелукаст белсенді метаболизденеді. Емдік дозалары пайдаланылған зерттеулерде ересектер мен балалардың плазмасында монтелукаст метаболиттерінің концентрациялары анықталмаған.
Р450 2С8 цитохромы монтелукаст метаболизмінің негізгі ферменті болып табылады. Бауырдың микросомалық ферменттері пайдаланылған in vitro зерттеулері Р450 3А4 және 2С9 цитохромының монтелукаст метаболизміне қатысатынын көрсетті. Осы орайда монтелукаст емдік концентрацияларында Р450 цитохромының 3А4, 2С9, 1А2, 2А6, 2С19 және 2D6 изоферменттерін тежемейді. Метаболиттердің монтелукасттың емдік әсеріне ықпалы тым аз.
Шығарылуы
Дені сау ересектерде монтелукаст клиренсі шамамен 45 мл/мин құрайды.
Монтелукаст және оның метаболиттері толық дерлік өтпен шығарылады.
Радиобелсенді таңбаланған монтелукаст ішу арқылы қолданылған соң 86% радиобелсенділігі 5 күн ішінде нәжіспен және 0.2%-дан азы несеппен шығарылады, бұл монтелукаст және оның метаболиттерінің тек қана дерлік өтпен шығарылатынын растайды.
50 мг дейінгі дозалардағы монтелукаст фармакокинетикасы дозаға байланысты дерлік. Күніне бір рет 10 мг монтелукаст қабылдаудан кейін плазмадағы бастапқы препараттың жинақталуы шамамен 14% құрады.
Пациенттердің әртүрлі топтарындағы фармакокинетикасы
Егде жастағылар
Егде жастағыларда дозаны түзету қажет емес.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр жеткіліксіздігі жеңіл және орташа пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі ауыр (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 9 баллдан астам) пациенттерде монтелукаст фармакокинетикасының сипаты туралы деректер жоқ.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Монтелукаст және оның метаболиттері несеппен шығарылмайтындықтан, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде монтелукаст фармакокинетикасы зерттелмеген. Бұл пациенттерде дозаны түзету қажет емес.
Монтелукасттың жоғары дозалары қолданылғанда (ересектерге ұсынылған дозадан 20 және 60 есе асып кететін) қан плазмасында теофиллин концентрациясының төмендеуі байқалды. Бұл әсері тәулігіне 1 рет 10 мг дозада ұсынылған препаратты қолдану кезінде байқалмаған.
Қабықпен қапталған 10 мг таблеткаларды қабылдаудан кейінгі плазмадағы монтелукаст концентрациясының бейіні ≥ 15 жастағы жасөспірімдер мен жас адамдарда ұқсас. 10 мг дозасы ≥ 15 жастағы пациенттердің қабылдауына ұсынылады.
Фармакокинетикалық зерттеулер 2-5 жастағы педиатриялық пациенттерде шайнайтын 4 мг таблеткаларды және 6-14 жастағы педиатриялық пациенттерде шайнайтын 5 мг таблеткаларды қолданудан кейін қан плазмасындағы монтелукаст концентрациялары бейіндерінің ересек пациенттерде қабықпен қапталған 10 мг таблеткаларға тән қан плазмасындағы монтелукаст концентрациясының бейінімен ұқсас екенін көрсетеді.
Фармакодинамикасы
Цистеинилді лейкотриендер (LTC4, LTD4, LTE4) жуан жасушалар мен эозинофильдерді қамтитын әртүрлі жасушалардан бөлініп шығатын қабыну эйкозаноидтары болып табылады. Бұл маңызды демікпелік медиаторлар цистеинилді лейкотриен (CysLT) рецепторларымен байланысады. 1-типті CysLT рецепторлары (CysLT1) тыныс жолдарында (тегіс бұлшықет жасушаларын және тыныс жолдарының макрофагтарын қоса) және басқа қабыну жасушаларында (эозинофильдер мен белгілі бір миелоидты діңдік жасушаларды қоса) болады. CysLTs демікпе патофизиологиясымен және аллергиялық ринитпен өзара байланысты. Демікпе кезіндегі лейкотриенмен байланысты әсерлері бронх түйілуін, шырыш гиперсекрециясын, тамыр қабырғасы өткізгіштігінің жоғарылауын және эозинофильдердің жинақталуын қамтиды. Аллергиялық ринитте CysLTs аллергеннің әсер етуінен кейін мұрынның шырышты қабығынан реакцияның ерте және кеш фазасы бойына босап шығады, сондай-ақ аллергиялық ринит симптомдарымен астасқан.
CysLTs-пен жасалған мұрынішілік сынама мұрынның тыныс алу жолдары төзімділігінің артуы мен мұрынның бітелу симптомдарын көріністеген.
Олардың әсері мұрын қуысы өткізгіштігінің нашарлауымен және мұрын бітелісінің күшеюімен көрініс береді.
Монтелукаст – 1-типті цистеинилді лейкотриен рецепторларымен (CysLT1-рецепторлар) жоғары афинділікпен және іріктеліп байланысатын, ішке қабылдау кезінде белсенді болатын дәрілік зат. Монтелукаст – CysLT1 рецепторларымен байланысу жолымен, аталған рецепторларға көтермелеу әсерін көрсетпей, LTC4, LTD4 және LTE4 цистеинилді лейкотриендер әсерін тежейді.
Клиникалық зерттеулерде 5 мг дозадағы монтелукаст бронх демікпесі бар пациенттерде деммен ішке LTD4 тартудан болатын бронх түйілуін тежеген.
Монтелукаст ішке қабылдаудан кейін 2 сағат ішінде бронх дилатациясын туындатады және β-агонистер туындататын бронх кеңітетін әсерін толықтыра алады.
Күніне бір рет қабылданатын 10 мг-ден асып кететін дозаларда монтелукаст қолдану препараттың тиімділігін арттырмайды.
Қолданылуы
4 мг доза үшін
-
ингаляциялық кортикостероидтар қабылдаумен жеткіліксіз бақыланатын, сондай-ақ «қажет болғанда» қолданылатын қысқа әсер ететін бета-агонистер демікпенің жеткілікті клиникалық бақылануын қамтамасыз етпейтін ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейінгі персистирлейтін демікпесі бар 2-ден 5 жасқа дейінгі балаларда бронх демікпесінің негізгі емін толықтыруда.
-
ішуге арналған кортикостероидтар қолдануды талап ететін күрделі демікпе ұстамалары соңғы уақытта болмаған, ауырлығы жеңіл дәрежедегі персистирлейтін демікпесі бар 2-ден 5 жасқа дейінгі балаларда, сондай-ақ ингаляциялық кортикостероидтар пайдалануға қабілетсіз науқастарда ингаляциялық кортикостероидтардың төмен дозаларының орнына таңдалатын ем ретінде
- басты компоненті дене жүктемесімен көтермеленген бронх түйілуі болатын 2-ден 5 жасқа дейінгі балаларда демікпе профилактикасында.
5 мг доза үшін
- ингаляциялық кортикостероидтар қабылдаумен жеткіліксіз бақыланатын, сондай-ақ «қажет болғанда» қолданылатын қысқа әсер ететін бета-агонистер демікпенің жеткілікті клиникалық бақылануын қамтамасыз етпейтін ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейінгі персистирлейтін демікпесі бар 6-дан 14 жасқа дейінгі балаларда бронх демікпесінің негізгі емін толықтыруда.
- ішуге арналған кортикостероидтар қолдануды талап ететін күрделі демікпе ұстамалары соңғы уақытта болмаған, ауырлығы жеңіл дәрежедегі персистирлейтін демікпесі бар 6-дан 14 жасқа дейінгі балаларда, сондай-ақ ингаляциялық кортикостероидтар пайдалануға қабілетсіз науқастарда ингаляциялық кортикостероидтардың төмен дозаларының орнына таңдалатын ем ретінде
- басты компоненті дене жүктемесімен көтермеленген бронх түйілуі болатын 6-дан 14 жасқа дейінгі балаларда демікпе профилактикасында.
Қолдану тәсілі және дозалары
НОТТА-сановель препаратын сәби ересектердің қадағалауымен ғана қабылдауы тиіс. Таблетка шайнай алмайтын балаларға препарат түйіршіктер түрінде тағайындалады.
2-ден 5 жасқа дейінгі балаларға арналған дозасы тәулігіне кешкілік 1 шайнайтын таблетканы (4 мг) құрайды.
6-дан 14 жасқа дейінгі балаларға арналған дозасы тәулігіне кешкілік 1 шайнайтын таблетканы (5 мг) құрайды.
НОТТА-сановель тамақтанудан 1 сағат бұрын немесе тамақтанудан кейін 2 сағаттан соң қабылдану керек.
Жалпы нұсқаулар
НОТТА-сановель препаратының бронх демікпесін бақылау көрсеткіштеріне емдік әсері бірінші күн ішінде дамиды.
Пациент тіпті егер демікпенің бақылануына жетудің сәті түссе де, сондай-ақ демікпе ағымы нашарлаған кезеңдерде де НОТТА-сановель қабылдауды жалғастырғаны жөн. НОТТА-сановельді, құрамында дәл осы әсер етуші зат – монтелукаст бар басқа препараттармен бір мезгілде қабылдауға болмайды.
Бүйрек функциясы бұзылған немесе ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейін бауыр функциясы бұзылған пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Бауыр функциясы бұзылуының ауыр түріне шалдыққан пациенттерге қатысты деректер жоқ. Ер балалар мен қыз балалар үшін дозалануы бірдей.
Ауырлығы жеңіл дәрежедегі персистирлейтін демікпесі бар балаларда ингаляциялық кортикостероидтардың төмен дозаларының орнына таңдалатын ем ретінде. Монтелукаст ауырлығы орташа дәрежедегі персистирлейтін демікпесі бар пациенттерге монотерапия ретінде ұсынылмайды. Ауырлығы жеңіл дәрежедегі персистирлейтін демікпесі бар балаларда төмен дозалы ингаляциялық кортикостероидпен баламалы ем ретінде монтелукаст қолдану ішуге арналған кортикостероидтар қолдануды талап ететін күрделі демікпе ұстамалары соңғы уақытта болмаған пациенттерде, сондай-ақ ингаляциялық кортикостероидтар пайдалануға қабілетсіз науқастарда ғана қарастырылу керек. Ауырлығы жеңіл дәрежедегі персистирлейтін демікпе симптомдардың аптасына 1 реттен жиірек, бірақ күніне 1 реттен сирек туындауы, түнгі симптомдардың айына 2 реттен жиірек, бірақ аптасына 1 реттен сирек туындауы, көріністер арасындағы кезеңдердегі қалыпты өкпе функциясы ретінде анықталған. Егер тексерілуге бару қарсаңында демікпенің жеткілікті бақылануына жетудің сәті түспесе (әдетте 1 ай бойы), демікпені емдеудің бірізді жүйесін негізге алып, қосымша немесе басқа да қабынуға қарсы ем қажеттілігін қарастыру керек. Демікпенің бақылануына қатысты пациенттердің жағдайын мезгіл-мезгіл бағалау керек.
Басты компоненті дене жүктемесімен көтермеленген бронх түйілуі болатын балалардағы демікпе профилактикасында. 2-ден 5 жасқа дейінгі пациенттерде дене жүктемесімен көтермеленген бронх түйілуі ингаляциялық кортикостероидтар қолдануды талап ететін персистирлейтін демікпенің негізгі көрінісі болуы мүмкін. Монтелукастпен 2-4 апта емделуден соң пациенттердің жағдайынағалау керек. Егер жеткілікті жауапқа жетпеген болса, қосымша және басқа ем жөніндегі мәселені қарастыруға болады.
Демікпені емдеудің басқа әдістеріне қарай НОТТА-сановель препаратымен емдеу
НОТТА-сановель препаратын пациентке жүргізіліп жатқан емге қосуға болады.
Егер НОТТА-сановель препараты ингаляциялық кортикостероидтармен емдеу кезінде қосымша ем ретінде қолданылса, ингаляциялық кортикостероидтарды НОТТА-сановель препаратымен күрт алмастыруға болмайды.
Препаратты кезекті қабылдауды өткізіп алған жағдайда пациент препараттың келесі дозасын әдеттегі уақытта қабылдауы тиіс. Пациент 2 дозаны қатар қабылдамауы тиіс.
Ересектер мен 15 жастан асқан балалар үшін қабықпен қапталған таблеткалар 10 мг дозада шығарылады.
Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз әсерлер олардың туындау жиілігі бойынша мына топтарға бөлінген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 <1/10), жиі емес (≥1/1 000 <1/100), сирек (≥1/10 000 <1/1 000), өте сирек (<1/10 000)
Жиі (≥1/100 <1/10)
-
бас ауыру
-
іштің ауыруы
-
шөлдеу (4 мг доза үшін)
Постмаркетингтік зерттеулер нәтижелері
Өте жиі (≥1/10)
- жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары*
Жиі (≥1/100 <1/10)
- диарея**, жүрек айну**, құсу**
- бөртпе**
- трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы (АЛТ және АСТ)
- қызба*
Жиі емес (≥1/1 000 <1/100)
- аса жоғары сезімталдық реакциялары, анафилаксияны қоса
- патологиялық түстер, шым-шытырық түстер көруді қоса, ұйқысыздық, сомнамбулизм, үрей, қозу, озбырлық пен жауығуды қоса, депрессия, психомоторлық аса жоғары белсенділік, ашушаңдықты, мазасыздықты, треморды қоса
- бас айналу, ұйқышылдық, парестезия/гипестезия, құрысулар
- мұрыннан қан кету
- ауыздың кеберсуі, диспепсия
- қанталаулар, есекжем, қышыну
- артралгия, миалгия, бұлшықеттердің түйілуін қоса
- астения/шаршау, дімкәстану, ісіну
Сирек (≥1/10 000 <1/1 000)
- қан кетуге бейімділік, тромбоцитопения
- есте сақтаудың нашарлауы, зейіннің бұзылуы
- жүректің жиі соғуы
- зейін шоғырландырудың бұзылуы, жады бұзылыстары
- ангионевроздық ісіну
Өте сирек (<1/10 000)
- бауырдағы эозинофильді инфильтраттар
- елестеулер, бағдардан жаңылу, суицидтік ниеттер және мінез-құлық (суицид әрекетін қоса)
- Чердж-Стросс синдромы, өкпе эозинофилиясы
- гепатит, холестаздық, гепатоцеллюлярлы түрлерін қоса және шығу тегі аралас бауыр зақымданулары
- мультиформалы эритема, түйінді эритема
- балалардағы энурез
*Аталған жағымсыз құбылыстар клиникалық зерттеулерде монтелукаст қабылдаған пациенттерде де, плацебо қабылдаған пациенттер тобында да «өте жиі» кездесті.
** Осы жағымсыз құбылыстар клиникалық зерттеулерде монтелукаст қабылдаған пациенттерде де, плацебо қабылдаған пациенттер тобында да «жиі» кездесті.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- монтелукастқа немесе препараттың кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық
- 2 жасқа дейінгі (4 мг доза үшін) және 6 жасқа дейінгі (5 мг доза үшін) балаларға
- жүктілік және лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Монтелукастты жағымсыз әсерлер күшеюінсіз демікпені ұзақ уақыт емдеу және оның профилактикасы үшін басқа препараттармен қолдануға болады. Дәрілермен өзара әрекеттесулерін зерттеу кезінде монтелукаст ұсынылған дозада келесі препараттардың: теофиллин, преднизон, преднизолон, ішуге арналған контрацептивтер (норэтиндрон 1 мг / этинилэстрадиол 35 мкг), терфенадин, дигоксин, варфарин фармакокинетикасының клиникалық мәнді өзгерістерін туындатпаған.
Монтелукаст CYP 3А4, 2C8 және 2С9 арқылы метаболизденеді, осыған орай, әсіресе, балаларда CYP 3А4, 2C8 және 2С9 индукторлары болып табылатын монтелукаст және фенитоин, фенобарбитал және рифампицинді бір мезгілде қабылдағанда сақ болу керек.
In vitro зерттеулерінде монтелукасттың CYP2C8 изоферментін тежейтіні анықталды. Алайда монтелукаст пен розиглитазонның (CYP2C8 изоферментінің қатысуымен метаболизденеді) дәрілік өзара әрекеттесуінің in vivo зерттеуінде монтелукасттың CYP2C8 изоферментін тежейтіні расталмаған. Сондықтан клиникалық тәжірибеде бірқатар дәрілік препараттардың, соның ішінде паклитаксел, розиглитазон, репаглинидтің CYP2C8 арқылы метаболизміне монтелукаст ықпалы жорамалданбайды.
In vitro зерттеулері монтелукасттың CYP2C8, 2С9 және 3А4 субстраты екенін көрсетті. Монтелукаст пен гемфиброзилге қатысты (әрі CYP2C8, әрі 2С9 тежегіші) дәрілік өзара әрекеттесуін клиникалық зерттеудің деректері гемфиброзилдің монтелукаст жүйелік әсер ету тиімділігін 4.4 есе арттыратынын көрсетті. Гемфиброзилмен немесе басқа CYP2C8 әлеуетті тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда монтелукаст дозасын түзету қажет емес, бірақ дәрігерлерге жағымсыз реакциялардың артуы мүмкін екенін ескеру керек. Басқа CYP2C8 белгілі тежегіштерімен (мысалы, триметоприммен) клиникалық маңызды дәрілік өзара әрекеттесулері жорамалданбайды. Бұдан басқа, монтелукастты CYP3A4 күшті тежегіші болып табылатын итраконазолмен ғана бір мезгілде қолдану монтелукаст жүйелік әсер ету тиімділігінің елеулі жоғарылауына әкелмейді.
Айрықша нұсқаулар
Жалпы
Пациенттер ішу арқылы қолданылатын монтелукасттың демікпенің жедел ұстамаларын басуға арналмағанын білуі тиіс, сондай-ақ, олар шұғыл көмек көрсетуге тиісті препаратты үнемі өздерімен алып жүруі тиіс.
Жедел ұстамада әсер етуі қысқа ингаляциялық β-агонистерді пайдалану керек. Пациенттер, егер оларға қысқа әсер ететін β-агонистердің әдеттегіден көп мөлшері қажет болса, мүмкіндігінше ертерек дәрігермен кеңесуі тиіс.
Монтелукаст ингаляциялық немесе ішуге арналған кортикостероидтарды күрт алмастырмауы тиіс.
Ішуге арналған кортикостероидтар дозасын монтелукаст бір мезгілде қолданылғанда төмендетуге болатынын растайтын деректер жоқ.
Жүйке-психикалық бұзылыстар
Психика тарапынан болатын бұзылулар монтелукаст қабылдаған ересектерде, жасөспірімдерде және балаларда аталды. Психика тарапынан бұзылуларға қозу, озбыр мінез-құлық, жауығу, үрейлену, депрессия, бағдардан жаңылу, зейін шоғырландырудың бұзылуы, патологиялық түстер, елестеулер, ұйқысыздық, ашушаңдық, есте сақтаудың бұзылулары, мазасыздық, сомнамбулизм, суицидтік ойлар мен әрекеттер (суицидті қоса) және тремор сияқты жағымсыз әсерлер жатады. Постмаркетингтік есептерден алынған деректер дәрі-дәрмектік ем барысында алынған клиникалық деректермен салыстырмалы. Пациенттер және медицина қызметкерлері осындай құбылыстардың туындауы мүмкін екенін білуі тиіс. Пациенттер және/немесе олардың қамқоршылары осындай бұзылулар туралы өз дәрігерлеріне хабарлауы тиістігінен ақпараттанған болуы тиіс. Аталған жағымсыз құбылыстар туындағанда монтелукастпен емді жалғастыру үшін пайда-қауіп арақатынасын бағалау керек.
Эозинофильді жағдайлар
Монтелукаст қабылдайтын бронх демікпесі бар пациенттерде сирек түрде жүйелі эозинофилия болуы мүмкін, кейде Чердж-Стросс синдромына ұқсас васкулит симптомдарын (жүйелі кортикостероидтармен ем жүргізілетін жай-күй) байқауға болады. Бұл жағдайлар ішуге арналған кортикостероид дозасын азайтумен немесе тоқтатумен жиі байланысты, бірақ үнемі емес. Лейкотриен рецепторларының антагонистерін қолданумен себептік байланысы анықталмаса да, дәрігерлер пациенттерде эозинофилия, васкулярлы бөртпе, өкпе симптомдарының нашарлауы, кардиологиялық асқынулар немесе нейропатияның туындауы мүмкін екенін есте сақтауы тиіс. Осы симптомдар білінген пациенттерді қосымша тексеріп, олардың емдеу сызбасын қайта қарау керек.
Аспиринге сезімтал демікпесі бар пациенттерде монтелукастпен емдеу аспиринді немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қолданбау қажеттілігін теріске шығармайды.
Дәрілік заттың автокөлікті және механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
НОТТА-сановель бас ауыруын, ұйқышылдық, енжарлық, сылбырлық туғызуы мүмкін. Бұл қызметі автокөлік басқарумен, машиналар және механизмдермен жұмыс істеуге байланысты тұлғаларда препаратты қолдану қажет болғанда ескерілу керек.
Артық дозалануы
Монтелукастпен артық дозалануды емдеу туралы арнайы ақпарат жоқ. Артық дозалану симптомдары бронх демікпесі бар ересек науқастарды тәулігіне 200 мг дейінгі дозаларда ұзақ уақыт (22 апта) емдеудің клиникалық зерттеулері барысында немесе тәулігіне 900 мг дейінгі дозалардағы (1 аптаға жуық) қысқа клиникалық зерттеулер барысында байқалмаған.
Постмаркетингтік қолдану және клиникалық зерттеулер (тәулігіне кемінде 1000 мг препарат қабылдау) барысында монтелукасттың жедел артық дозалануы туралы хабарламалар болған. Клиникалық және зертханалық деректерде ересектер мен балалардағы қауіпсіздік бейіндерінің салыстырмалы екені айғақталған. Ең жиі жағымсыз реакциялар абдоминальді ауыру, ұйқышылдық, шөлдеу, бас ауыру, құсу және психомоторлық аса жоғары белсенділік болды.
Емі: симптоматикалық, демеуші ем. Монтелукасттың гемодиализ немесе перитонеальді диализ көмегімен шығарылуы белгісіз.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықта қаптамаға 14 таблеткадан салады.
Пішінді 2 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Сановель» фармако-индустриялық сауда компаниясы, Түркия
34580 Силиври-Стамбул/Түркия
Тіркеу куәлігінің иесі
Арвен Илач Санаий ве Тиджарет Аноним Ширкети, Түркия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын және дәрілік зат қауіпсіздігінің тіркеуден кейін қадағалануына жауапты ұйымның мекенжайы
Қазақстан Республикасы, 050059
Алматы қ., Қажымұқан к-сі, 26А
Телефон: 8 (727) 264 73 05, 8 701 014 1182
Факс: 8 (727) 262 00 12
эл. поштасы: sanovel@mail.ru