Нотта®
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Нотта®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Гомеопатиялық тамшылар, 20 және 50 мл
Құрамы
100 мл препараттың құрамында
белсенді заттар:
Егістік сұлы (Avena sativa) D1– 20 мл,
Фосфор (Phosphorus) D12 – 10 мл,
Дәріханалық түймедақ (Chamomilla) D12 – 10 мл,
Кофе ағашы (Coffea) D12 – 10 мл,
Мырыш валерианаты (Zincum valerianicum) D12 – 10 мл
қосымша заттар: этил спирті 43%.
Сипаттамасы
Сәл сарғыштан жасылдау-сары түске дейінгі, арнайы иісі жоқ және сұлының әлсіз дәмі бар мөлдір сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Басқа емдік өнімдер
Басқа дәрілік препараттар
АТХ коды V03AX
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Қазіргі кезде, сұйылтылу дәрежесі жоғары болғандықтан, гомеопатиялық медициналық препараттардың фармакокинетикалық қасиеттері туралы хабарланбаған.
Фармакодинамикасы
Нотта® тамшылары – бұрыннан бар әр түрлі жекелеген гомеопатиялық дәрілердің қоспасы. Бір-бірінің тиімділігін толықтыратын ингредиенттердің спецификалық біріктірілімі және бір бағытта әсер етеді.
Егістік сұлы құрамында витаминдер, минералды тұздар және крахмал бар, жүйке жүйесіне нығайтқыш және сергіткіш әсер береді, тыныштандыратын, жұмсартқыш, антиоксиданттық әсерлері бар.
Фосфор өмірлік қажеттілігі бар заттарға жатады, ол организмнің барлық тіндерінің, әсіресе бұлшықеттер мен ми тіндерінің құрамына кіреді, зат алмасудың барлық түрлеріне қатысады, жүйке жүйесінің, жүрек бұлшықетінің қалыпты қызмет атқаруы үшін қажет.
Дәріханалық түймедақ құрамында эфир майы – хамазулен бар, ол тыныштандыратын әсерге ие.
Кофе ағашы, кофедегі негізгі биологиялық белсенді қосылыс кофеин алкалоиды болып табылады. Ол психостимуляциялаушы дәрілерге жатады, орталық жүйке жүйесіне, әсіресе ми қыртысына әсер етеді: шаршау сезімін азайтады, ақыл-ой жұмысын жақсартады, есту мен көруді күшейтеді. Кофеин мидың, жүректің, өкпенің, қаңқа бұлшықеттерінің қантамырларын кеңейтеді, жүректің жиырылуын күшейтеді, тыныс алуды жиілетеді.Мырыш валерианаты, мырыш негізінен ми мен жұлынға, сондай-ақ шеткергі жүйке жүйесіне органотропты әсер етеді. Тыныштандыратын және спазмолитикалық әсер береді.
Қолданылуы
- үрейде (қорқыныш), вегетативті құбылмалылықта (тершеңдік, жүректің лүпілдеуі және т.б.), қатты ашушаңдықта, қажығыштықта, психикалық ширығуда, ұйқы бұзылғанда, невроздық және психосоматикалық бұзылыстар кезіндегі көңіл-күйдің құбылмалылығында (органикалық патологияны қоспағанда)
- зейін бұзылғанда, жоғары қозғыштықта (астениямен немесе онсыз), 3 жастан асқан балаларда болатын қатты қажығыштықта
Қолдану тәсілі және дозалары
Жас шамасы |
Дозасы |
Дозасы |
Ересектер мен 12 жастан бастап жасөспірімдер |
10 тамшы |
7 күн бойы күніне 3 рет |
3 жастан 12 жасқа дейінгі балалар |
5 тамшы |
7 күн бойы күніне 3 рет |
Аурудың жедел түрлерінде әр жарты сағат сайын немесе сағат сайын қабылдау керек (күніне 8 реттен асырмай).
Жағдай жақсарған кезде дозасын күніне 3 ретке дейін азайту қажет.
Нотта® тамшыларын тамақтан 30 минут бұрын немесе 1 сағаттан кейін қабылдау керек.
Нотта® тамшыларын таза күйінде немесе азғантай суда сұйылтып қабылдау керек, балалар сұйылтылған күйінде қабылдауы керек.
Жағымсыз әсерлері
- препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- белсенді заттарына немесе толтырғыштарының кез-келгеніне жоғары сезімталдық
- 3 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Қазіргі кезде басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі туралы ешқандай ақпарат жоқ.
Айрықша нұсқаулар
Нотта® тамшыларының бір дозасында (5/10 тамшы) 0,08 / 0.16 г этил спирті бар және сондықтан да, алкогольге тәуелділіктен зардап шегетін адамдар қабылдамауы тиіс.
Препарат жүкті және бала емізетін әйелдерге, сондай-ақ балалар мен бауыр аурулары немесе эпилепсиясы бар емделушілерге тағайындалған жағдайда, құрамында алкоголь бар екендігін ескерілуі тиіс.
Гомеопатиялық дәрілік заттармен емдеудің басында, организмнің иммунитет жүйесінің стимуляциялануына байланысты, ағымдағы жағдайдың бастапқыда өршуі орын алуы ммүкін. Бұл жағдай қауіпті емес.
Нотта® тамшыларының құрамында өсімдік тектес шикізат болғандықтан, иісі мен дәмі өзгеруі, сондай-ақ ерітінді бұлыңғырлануы мүмкін, бұл препараттың сапасы мен тиімділігіне ешқандай әсер етпейді.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препараттың жүктілік және лактация кезінде қолданылуы жөнінде мәліметтер жоқ.
Препаратты әйелдер жүктілік және лактация кезінде қолданғанда сақ болуы ұсынылады.
Құрамында салмақ бойынша 43% алкоголь бар екендігін ескеру қажет.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Нотта® тамшылары автокөлік құралдарын басқару қабілетіне әсер етпейді.
Бірақ препарат құрамында спирттің болуы жоғары зейін шоғырландыруды, жылдам қимыл-қозғалыс және психикалық реакцияны қажет ететін жұмыстарды орындауда сақ болуды талап етеді.
Артық дозалануы
Ешқандай артық дозаланған жағдайлар туралы хабарланбаған.
Шығарылу түрі және қаптамасы
20 немесе 50 мл препараттан тығыздығы жоғары полиэтиленнан жасалған бұралатын қақпағы және тығыздығы төмен полиэтиленнан жасалған тамшылатқышы бар қоңыр шыныдан жасалған құтыларға құяды. Құтыға заттаңба жапсырылады.
1 құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
25º С-ден аспайтын температурада, күн сәулесінен және күшті электромагниттік сәуледен қорғалған жерде сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау шарттары
5 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Рихард Биттнер АГ, Австрия.
Тіркеу куәлігінің иесі
Рихард Биттнер АГ, Австрия.
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Хербс Трэйдинг ГмбХ» ҚР өкілдігі, Алматы қ., Бегалин к-сі 115
Телефон +7(727) 390-98-93 факс (727) 291-85-34
Электронды поштасы: www.omegapharma.kz