НОСтоп-ТК (NOStop-ТК)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
НОСтоп-ТК (NOStop-ТК)
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозасы
0.65 % мұрынға тамызатын дәрі
Фармакотерапиялық тобы
Респираторлық жүйе. Мұрынға арналған препараттар. Деконгестанттар және басқа жергілікті мұрынға арналған препараттар. Мұрынға арналған басқа препараттар. Басқа да препараттар.
АТХ коды R01АХ10
Қолданылуы
мұрын қуысының күнделікті гигиеналық күтімі үшін
мұрын қуысының және қосалқы қойнауларының қабынбалы ауруларының профилактикасында және кешенді емдеу үшін
аллергиялық, инфекциялық, атрофиялық және дәрі-дәрмектік риниттерде мұрын қуысын шырыштан және қабыршақтан тазарту үшін
кондиционерлердің, жылыту жүйелерінің жұмыс істеуінен және басқа факторлардан болатын шырыштың құрғақтығын басу үшін
мұрын қуысына және қосалқы қойнауларға операциялық араласулардан кейін
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Арнайы ескертулер
Препарат құрамында бензалконий хлориді бар, сондықтан препарат мұрын-жұтқыншақ шырышты қабығының тітіркенуін тудыруы мүмкін.
Педиатрияда қолдану
Балалар ересектердің қадағалауымен қабылдайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Дәрігердің тағайындауымен қолдануға болады
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Ересектерге - 2 тамшыдан, 1 жастан асқан балаларға - 1-2 тамшыдан, 1 жасқа дейінгі балаларға - 1 тамшыдан емдік мақсатта әрбір мұрын қуысына тәулігіне 3-4 рет, гигиеналық мақсатта - тәулігіне 1-4 рет.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажетті шаралар
Анықталмаған
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер сізге қосымша ақпарат немесе ұсыныстар қажет болса, дәріхана қызметкеріне жүгініңіз.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қолдану керек шаралар
Анықталмаған
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімді еместігі туралы мәлімдемелерді қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөнінде деректердің ақпараттық базасына тікелей хабарлау керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат: 6.50 мг натрий хлориді;
қосымша зат: бензалконий хлориді, сусыз натрий дигидрофосфаты, сусыз натрий гидрофосфаты, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз сұйықтық. Кристалды шөгінділердің түсуіне жол беріледі.
Ескерту. 15°C температурадан төмен болған кезде шөгінді түсуіне жол беріледі.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Препарат 20 мл немесе 50 мл немесе 100 мл-ден полимерлі материалдан жасалған тамшылатқыш-қақпақпен тығындалған полиэтилен құтыға салынады.
Құтыға өздігінен желімделетін заттаңба немесе заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған заттаңба жапсырылады.
Құтылар медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Екінші қаптамасы жоқ құтылар қазақ және орыс тіліндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге сәйкес санымен қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе полиэтилен жылу ұстағыш үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25о С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәлімет
«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., № 467 ғимарат, тел.: 8 (7132) 21 72 15.
Электронды пошта: dir-tkpharm@mail.ru
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., № 467 ғимарат, тел.: 8 (7132) 21 72 15.
Электронды пошта: dir-tkpharm@mail.ru
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар(ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., № 467 ғимарат, тел.: 8 (7132) 21 72 15.
Электронды пошта: dir-tkpharm@mail.ru