Носид (суспензия для приема внутрь)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Носид
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ішуге арналған суспензия, 170 мл
Құрамы
10 мл суспензия құрамында
белсенді заттар: 350,0 мг алюминий гидроксидіне баламалы
2700 мг алюминий гидроксидінің гель-пастасы (13 %),
400,0 мг магний гидроксидіне баламалы
1428.6 мг магний гидроксидінің пастасы (28 %)*,
қосымша заттар: натрий кармеллозасы (LVP категориясы), метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, пропиленгликоль, натрий цитраты, натрий сахаринаты, бұрышты жалбыз майы, ментол, сутегі асқын тотығы концентрацияланған ерітіндісі, сұйық сорбитол (кристалданбаған), тазартылған су
* - магний гидроксидінің пастасын 100% мөлшерлік құрамға шаққанда пайдаланады
Сипаттамасы
Тәтті дәмі және жалбыз иісі бар ақ немесе ақ дерлік суспензия. Сақтау кезінде беткейінде бір қабатты мөлдір сұйықтық түзіледі. Құтыны жақсылап шайқаған кезде суспензия гомогенділігі қалпына келеді.
Фармакотерапиялық тобы
Қышқылдылықтың бұзылуымен байланысты ауруларды емдеуге арналған препараттар. Алюминий, кальций және магний препараттарының біріктірілімі.
АТХ коды A02AD01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Магний және алюминий гидроксидтері – жергілікті әсер етуші, жүйелі емес антацидті дәрілер, қалыпты жағдайда пайдаланған кезде сіңуі елеусіз. Носид суспензиясы асқазан-ішек жолынан нашар сіңеді. Бейтараптандыру үдерісінде магний және алюминий иондары елеусіз дәрежеде босап шығады. Ішек арқылы өту кезінде негізінен олар қиын еритін фосфатқа өзгереді және сол күйінде нәжіспен шығарылады. Магний және алюминий иондарының кейбір мөлшері сіңеді, ол қан плазмасындағы алюминий концентрациясының уақытша жоғарылауына және оның бүйректен шығарылуын арттыруға әкеледі. Қан плазмасындағы алюминий деңгейі уыттану диапазонынан төмен болып қалады және емдеуді тоқтатқаннан кейін 3-5 күн ішінде қалыпты мәнге оралады. Магнийдің аздаған фракциясы сіңеді. Қан плазмасындағы магний концентрациясы, әдетте, бүйрек арқылы шығатындықтан тұрақты болып қалады. Бүйрек қызметі бұзылған және үлкен дозада ұзақ уақыт қабылдаған жағдайда гипермагниемияның және тіпті магниймен уыттану орын алуы мүмкін; одан басқа, әсіресе, жүйке және сүйек тіндерінде алюминийдің жинақталуы біртіндеп түзілуі мүмкін.
Фармакодинамикасы
Носид асқазан сөліндегі тұз қышқылын бейтараптандыра отырып асқазан мен он екі елі ішектің, өңештің шырышты қабығын қорғайды. Носид шырышты қабыққа зақым беретін факторлардың әсер етуін азайта отырып адсорбциялайтын және бүркемелеуші әсерге ие.
Алюминий гидроксиді мен магний гидроксидін үйлестіру қышқылға қарсы белсенді заттардың әртүрлі реакцияларын пайдаланады.
Магний гидроксиді асқазан ішіндегі рН-тың физиологиялық емес мәндердің (рН 7-8) шегінде тез әрі қысқа мерзімде артуына әкеледі, осы кезеңде алюминий гидроксиді өзін ғана пайдалануы үшін тым әлсіз болып келеді. Қос гидроксиді біріктірілімі жалпы жиынтығы алюминий мен магнийдің жалпы санына тең болатын протондардың ұзақ байланысуына әкеледі. Магний мен алюминийдің гидроксиді түрлі жолдармен ішектің жиыру қабілетіне әсер етеді. Магний гидроксиді іш жүргізетін әсерге ие, ал алюминий гидроксиді ішті қатыруға әкеледі.
Носид рентгендік сәулелендіру үшін өтімді. Бір дозаның жалпы антацидтік қабілеттілігі (рН 1 кезінде титрлену) 14,71 ммоль Н+ (Vatier әдісі бойынша).
Қолданылуы
-
асқыну сатысындағы асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруында
-
жедел гастродуоденитте
-
қызметі қалыпты немесе созылмалы гастродуодениттің жоғары асқыну сатысында
-
диафрагманың өңеш саңылауындағы жарығы
-
рефлюкс-эзофагитте
-
кейбір дәрілік заттарды (оның ішінде стероидты емес қабынуға қарсы дәрілерді, глюкокортикостероидтарды) қолдану салдарынан пайда болған диспепсиялық құбылыстарда (және олардың алдын алуда)
-
жайсыздықта (метеоризм, жүрек айнуы, қышқылды кекірікте) немесе эпигастрия маңының ауыруында, емдәм бұзылған, алкогольді, кофені, никотинді шамадан тыс пайдаланған кездегі қыжылда.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке. Қолданар алдында құтыны шайқау керек.
Ересектер және 15 жастан асқан балалар: симптомдар пайда болған кезде – тамақтанғаннан кейін 1-2 сағаттан соң және түнге қарай күніне 3-4 рет 5-10 мл-ден. Қажет болған кезде бір реттік дозаны 15 мл-ге дейін арттыруға болады. Қажет болған кезде 2 сағаттан соң препаратты қабылдауды қайталауға болады.
Рефлюкс-эзофагит кезінде Носид тамақтан соң қысқа уақыт – 0,5-1 сағат аралығында қабылданады.
Эпизодтық қолдану кезінде (жайсыздық және емдәм бұзылған, алкогольді, кофені, никотинді шамадан тыс пайдаланған кездегі қыжылда) бір рет 10-15 мл қабылдайды.
Ең жоғарғы тәуліктік доза – 120 мл суспензия.
Емдеу курсы 10 күннен аспау керек.
Алдын алу мақсатында асқазан-ішек жолын тітіркендіретін дәрілік заттарды қабылдаған кезде – дәрілік затты қабылдағанға дейін 15 минут бұрын 5-15 мл-ден, бірақ 10 күннен көп емес.
Носидті қабылдағаннан кейін жатып, оның асқазан шырышты қабығына жақсылап жайылуы үшін бірнеше рет (әрбір 1-2 минут сайын) бір қырынан екінші қырына аунап жату ұсынылады.
Жағымсыз әсерлері
Сирек:
-
іш қату, нәжіс консистенциясының өзгеруі, жүрек айнуы, құсу, дәм сезінудің өзгеруі
-
аллергиялық реакциялар
Басқалары:
-
жоғары дозада жиі қабылдаған кезде асқазан сөлінісінің компенсаторлы гиперсекрециясы
-
препаратты ұзақ уақыт қабылдаған кезде бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда гипермагниемия және гиперкальциемия
-
бұл препараттың құрамында алюминий бар болғандықтан ұзақ уақыт қабылдағаннан кейін немесе препаратты жоғары дозада қабылдағаннан кейін гипофосфатемия
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
-
бүйрек қызметінің айқын бұзылуы
-
15 жасқа дейінгі балаларға
-
препарат құрамында сорбитолдың бар болуына байланысты фруктозаны көтере алмаушылық.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Антацидтер ауыз арқылы ішілетін кейбір басқа дәрілік препараттармен өзара байланысады.
Қолдану кезіндегі сақтық шараларын талап ететін біріктірілімдер
Бір мезгілде қабылданған дәрілік препараттардың гастроинтестинальді сіңуінің төмендегені байқалған. Сақтық шаралары ретінде антацидтерді және басқа дәрілік заттарды қабылдау аралығын сақтаған жөн. Осы препаратты және мынадай дәрілік заттарды: Н2-антигистаминді дәрілер, туберкулёзге қарсы препараттар: этамбутол, изониазид (пероральді), атенолол, метопролол, пропранолол, хлорохин, циклиндер, дифлунизал, дигоксин, дифосфонаттар, фексофенадин, темір (тұз), фторхинолондар, фторлы натрий, глюкокортикоидты препараттар (преднизолонмен және дексаметазонмен байланысты сипатталған), индометацин, кейиксалат, кетоконазол, ланзопразол, линкозамидтер, фенотиазинді нейролептиктер, пеницилламин, фосфор (қоспалар), тироксинді қабылдау аралығы мүмкіндігінше 2 сағат болуын сақтаған жөн.
Ескерілуі керек біріктірілмдер
Cалицилаттар: несептің сілтіленуінің салдарынан бүйректен салицилаттар шығарылуының күшеюі.
Айрықша нұсқаулар
Науқастар мынадай жағдайда дәрігерден кеңес алу үшін жүгінулері мүмкін:
- дене салмағы төмендегенде
- жұтыну кезіндегі қиындықта және іштегі жайсыздықты тұрақты сезінгенде
- алғаш рет пайда болған ас қорытудың бұзылуы немесе бұрыннан бар ас қорыту бұзылуының өзгеруі
- бүйрек жеткіліксіздігі.
Носидті бүйрек қызметі бұзылған науқастарға тағайындаған кезде қан сарысуындағы магний және кальций концентрациясын ұдайы бақылап отыру керек. Мұндай жағдайларда жоғары дозада ұзақ уақыт бойы емделуден аулақ болу керек.
Қант диабеті бар науқастарға нұсқау: 10 мл Носидтің құрамында 10 мг натрий сахарині және 700 мг сұйық сорбитол бар.
Жүктілік және лактация
Жүктілік кезінде препарат тек қажет болған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін. Жүктілік кезінде препаратты қолдану мүмкіндігін дәрігер жекелей шешеді. Емдеу кезінде емшек емізуді жалғастыра беруге болады.
Көлік және техниканы басқару қабілетіне әсері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Симптомдары: препаратты ұзақ уақыт және жоғары дозада қабылдау гиперкальциемияға әкелуі мүмкін, ол препаратты тоқтатқаннан кейін қайтады.
Емі: белгісіне қарай ем (магниймен артық дозаланған кезде регидратация, қарқынды диурез жүргізіледі; бүйрек жеткіліксіздігі жағдайында гемодиализ немесе перитонеальді диализ қажет).
Шығарылу түрі және қаптамасы
Алғашқы ашылуы бақыланатын төсеуішімен бұралып жабылатын металды қақпағы бар қоңыр түсті пластик құтыға суспензияны 170 мл-ден құяды. 1 құты полиэтиленді дозатор-мензуркасы бар және медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қоралған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды!
Құтыны алғаш рет ашқаннан кейін құрғақ, жарықтан қоралған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Құтыны алғаш рет ашқаннан кейін 15 күннен асырмай қолдану керек.
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Аджио Фармацевтикалз Лтд» (Agio Pharmaceuticals Ltd), Үндістан
T-82, M.I.D.C., Bhosari, Pune – 411 026, Үндістан
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
«Аджио Фармацевтикалз Лтд», Үндістан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Авицена-ЛТД» ЖШС, Алматы қ-сы, Жангелдин к-сі, 31, 416 кеңсе
Тел./факс: (727) 278 59 20, 278 59 21, 278 59 67
e-mail: reg@avitsena.kz