Нормазе (Фрезениус Каби Австрия ГмбХ)

МНН: Лактулоза
Производитель: Фрезениус Каби Австрия ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Lactulose
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023718
Информация о регистрации в РК: 28.06.2018 - 28.06.2023
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)

Инструкция

Саудалық атауы

Нормазе

Халықаралық патенттелмеген атауы

Лактулоза

Дәрілік түрі

Шәрбат 667 мг/мл, 200 мл

Құрамы

100 мл шәрбаттың құрамында

белсенді зат – 66.7 г лактулоза,

қосымша заттар: лимон қышқылының моногидраты, хош иістендіргіш (№ 7 бис), тазартылған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз немесе бозғылт қоңыр-сары түсті, тәтті дәмі және кремнің иісі бар шәрбат тәрізді сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Ас қорыту жолы және зат алмасу. Іш жүргізетіндер. Осмоcтық іш жүргізетіндер. Лактулоза

АТХ коды А06АD11

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішу арқылы қабылдағанда лактулоза сіңбейді. Өзгермеген түрде лактулоза тоқ ішекке жетеді, онда сахаролитикалық флора ыдыратады.

Фармакодинамикасы

Лактулоза (-галактозил-фруктоза) – жіңішке ішекте арнайы ферменттің болмауынан тоқ ішекке өзгермеген түрде жететін синтетикалық дисахарид. Мұнда лактулоза сахаролитикалық бактериялардың (Lactobacillus acidophilus, Lactobacillus bifidus) өсуін арттыра және протеолитикалық флораны бәсеңдете отырып ыдыратады. Тоқ ішекте бұдан кейін рН төмендетумен молекуласы төмен органикалық қышқылдарға (негізінен, сүт қышқылы) дейін ыдырайды.

Нәтижесі ретінде лактулозаның мынадай әсері байқалады:

- лактулоза тоқ ішекте pH төмендетеді, соның салдарынан ішектің шырышты қабығы арқылы сіңірілетін аммиакты сіңірілмейтін аммоний ионына өзгеруін ынталандырады;

- лактулоза протеолитикалық флораны бәсеңдетеді және аммиактың және протеин катаболизмінде алынатын басқа уытты заттар түзілуіне жол бермейді;

- лактулоза ыдырағанда түзілетін органикалық аниондар, өйткені олар ішекте сіңірілмейді, осмос арқылы тоқ ішектегі судың құрамын арттырады. Нәжісте судың құрамы артады, нәтижесі ретінде, ішек тазартылуы жақсарады.

Гиперосмостық, гипоаммониемиялық, іш жүргізетін әсері бар, ішек перистальтикасын ынталандырады, фосфаттар және кальций тұздарының сіңірілуін жақсартады.

Іш жүргізетін әсер бере отырып, препарат тоқ ішектің шырышты қабығына және тегіс бұлшықетіне тікелей әсер етпейді. Қабылдағаннан кейін 24 - 48 сағаттан соң әсер етеді (кешіктірілуі препараттың асқазан - ішек жолдарынан сіңірілуіне байланысты).

Тоқ ішекте сальмонеллалар өсуін тежеу қабілеті бар. Дәрумендер сіңірілуін азайтпайды және дағдылануды тудырмайды.

Қолданылуы

  • іш қатуды қысқа мерзімді емдеу үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішуге арналған.

Ересектер үшін:

Бастапқы дозалануы әдетте тәулігіне 20 мл құрайды, содан соң демеуші доза ретінде тәулігіне 10 мл құрайды. Кейбір пациенттер үшін қажет болған жағдайда бұдан жоғары доза (30-40 мл), бұдан әрі әдетте демеуші дозаға дейін біртіндеп төмендейді. Сезімтал пациенттер үшін ең төмен дозадан қабылдай бастау қажет.

Балалар үшін:

Дене салмағына байланысты тәулігіне 5-тен 15 мл-ге дейін.

Емшек еметін балаларға:

Дене салмағының әр кг тәулігіне 0.5 - 1 мл.

Жоғарыда көрсетілген мөлшерді тәулігіне бір рет мүмкіндігінше таңертең аш қарынға немесе кешкі ас ішердің алдында қабылдау керек.

Судың жеткілікті мөлшерімен бірге қабылдау керек (толық стақан су). Сұйықтықтың үлкен мөлшерін бірге қабылдау дәрілік зат әсерінің тиімділігіне ықпал етеді.

Дұрыс таңдалған доза кем дегенде жұмсақ консистенциялы нәжісті жеңіл дәретпен шығарылуы үшін жеткілікті.

Алдымен ең кіші ұсынылатын дозаны пайдаланған жөн. Қажет болған жағдайда доза арттырылуы мүмкін, бірақ ең жоғары көрсетілген дозадан аспауы керек.

Іш жүргізетін дәрілерді мүмкіндігінше сирек, жеті күннен асырмай пайдалану керек. Бұдан ұзақ уақыт қолдану әрбір жеке жағдайды мұқият бағалаудан кейін дәрігердің тағайындауын талап етеді.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

  • іштің бірлі-жарымды түйілулер немесе шаншулар, бұдан жиі ауыр іш қатуы жағдайда, метеоризм (бұл симптомдар, әдетте жеңіл түрде жүретін, емдеудің алғашқы күндері бірден басылады)

  • диарея (диарея пайда болғанда, дозалануды төмендету керек немесе емдетуді тоқтату керек)

  • электролитті сарқылуы (ұзақ емдегеннен кейін).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • лактулозаға немесе кез келген қосымша заттарға жоғары сезімталдықта

  • галактоземия, лактоза тапшылығының синдромында, глюкоза және галактоза мальабсорбциясының синдромында, фруктозаны көтере алмаушылықта

  • жедел немесе шығу тегі белгісіз іштің ауыруы, жүрек айнуы және құсуда

  • ішек бітелуі немесе стенозы, асқазан-ішек жолдарының тесілуі немесе тесілу қаупінде

  • шығу тегі белгісіз тік ішектен қан кетулерде, ауыр дегидратациясында.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Неомицинмен әсерін өзара күшейтуі мүмкін.

Антибиотиктер мен антацидтер препараттың әсерін төмендетеді.

Ішекте еритін дәрілік заттардың рН-тәуелді босап шығуын өзгертеді (тоқ ішектің рН төмендету нәтижесінде олардың белсенділігінің жойылуының орын алуы мүмкін).

Диуретиктермен, кортикостероидтермен, Б амфотерицинмен бір мезгілде қолданғанда калий жоғалтылуы күшеюі мүмкін.

Жүрек гликозидтерімен бір мезгілде қолданғанда гликозидтердің әсері күшеюі мүмкін.

Іш жүргізетін дәрілер ішектің толу дәрежесін, соның салдарынан бір мезгілде ішу арқылы тағайындалған басқа дәрілік заттардың сіңірілуін төмендетуі мүмкін.

Нормазені басқа дәрілік заттарды қабылдағаннан кейін 2 сағат ішінде қабылдауға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Іш жүргізетін дәрілерді шамадан тыс қабылдау (жиі, ұзақ пайдалану немесе үлкен дозаларды қолдану) су, минералды тұздар (калий) және басқа қоректі факторларды жоғалтумен тиісінше диарея туғызуы мүмкін.

Ауыр жағдайларда сусыздану (дегидратация) немесе гипокалиемия байқалуы мүмкін. Гипокалиемия жүрек немесе нейробұлшықет дисфункциясын, атап айтқанда, жүрек гликозидтермен, диуретиктерімен немесе кортикостероидтарымен қатар емдегенде туындатуы мүмкін.

Дигиталиспен емделіп жатқан науқастар, емдеудің алдында дәрігермен кеңесуі керек.

Іш жүргізетін дәрілерді, атап айтқанда ынталандыратын іш жүргізетін дәрілерді шамадан тыс қабылдау тәуелділікті (соның салдарынан, дозаны тұрақты арттыру қажеттігі), созылмалы іш қатуы және ішектің қалыпты функциясынан айрылуын (ішек атониясы) туындатуы мүмкін.

Нормазе препаратының белсенді субстанциясы мүлдем сіңірілмейді және қорытылмайтын қант болып табылады. Лактоза, галактоза және тагатоза сияқты қанттар болуына орай, осы препаратты қант диабеті бар науқастарға сақтықпен тағайындау керек.

Созылмалы немесе қайта өршіген іш қатуларды емдеу диагнозды анықтау үшін дәрігердің кеңесін, препаратты тағайындау және емдеу кезінде бақылауды әрдайым қажет етеді.

Іш жүргізетін дәрілерді пайдалану қажеттігі науқаста екі аптадан аса тұрақты байқалған немесе іш жүргізетін дәрілерді пайдалану тиімсіз болғанда алдыңғы ішек шығарылуының күрт өзгеруімен (нәжістің жиілігі және сипаттамасы) байланысты болғанда дәрігерден кеңес алу керек.

Егде және дені сау емес адамдарға дәрілік заттармен емдеу басталғанға дейін дәрігермен кеңесу керек.

Балалар

Препаратты 12 жасқа дейінгі балаларға тек дәрігердің кеңесінен кейін қолдануға болады.

Емдеу кезінде нәжіс шығару рефлексінің бұзылыстары және су-электролиттік алмасудың бұзылуы орын алуы мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңінде

Нормазені жүктілік кезінде қабылдаған кезде лактулозаның жүйелі әсері болмауынан шаранаға әсері күтілмейді.

Нормазені бала емізу кезінде қабылдағанда лактулозаның жүйелі әсері болмауынан нәрестеге әсері күтілмейді.

Нормазені жүкті және бала емізетін әйелдерге қабылдауға болады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: іштің ауыруы, іштің кебуі, диарея, сусыздану және электролиттік теңгерімсіздік.

Емі: препаратты қабылдауды тоқтату немесе дозалауды төмендету, су-электролитті теңгерімді түзету керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

200 мл препараттан алғаш ашуы бақыланатын бұралып жабылатын пластик (ПЭВП) қақпағы бар қара түсті пластик (ПЭТ) құтыларда.

2.5-нан 30 мл-ге дейін бөлінген полипропилен өлшегіш стақаны бар 1 құтыдан және мемлекеттік және орыс тіліндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Құтыны бірінші ашқаннан кейін – 12 ай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші/Қаптаушы

Фрезениус Каби Австрия ГмбХ, Австрия

Estermannstrasse, 17, 4020 Linz Austria /

Эстерманнштрассе, 17, 4020 Линц, Австрия

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы /

Шығарылу сапасын бақылау

Л. Молтени және К. дей Фрателли Алитти Сочиета ди Езерчицио С.п.А., Италия

Strada Statale 67, Localita Granatieri, 50018, Scandicci (Firenze), Italy /

Страда Статале 67, Локалита Гранатьиери, Скандиччи (Флоренция), Италия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы және мекенжайы:

«ВИВА Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 050030, Алматы қ., 2- Остроумов көшесі, 33; тел.: +7(727) 383 74 63, факс: +7(727) 383 74 56;

viva@vivapharm.kz.

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы және мекенжайы:

ҚР өкілі, Қазақстан Республикасы, 050050, Алматы қ., Рысқұлов көш., 62-11; тел.: +7 (727) 397 31 51, gbektaeva@pharmagate.co.uk.

Сайт: www.pharmagate.co.uk/ru/contactsru/reaction.

Прикрепленные файлы

Нормазе_инстр_рус.doc 0.06 кб
Нормазе_каз.docx 0.03 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту