Нопейн

МНН: Нефопам
Производитель: Медикал Юнион Фармасьютикалс
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Nefopam
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004403
Информация о регистрации в РК: 22.04.2013 - 22.04.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Нопейн

Халықаралық патенттелмеген атауы

Нефопам

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған ампулалардағы ерітінді

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат – 20 мг нефопам гидрохлориді,

қосымша заттар: натрий моногидрогенфосфаты, натрий дигидрогенфосфаты, инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Анальгетиктер. Басқа да анальгетиктер-антипиретиктер. Нефопам

АТХ коды N02BG06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Плазмадағы ең жоғары концентрациясына енгізілгеннен соң 90 минуттан кейін жетеді. Гематоэнцефалдық бөгет арқылы еркін өтеді. Плазма ақуыздарымен 71-76-ға байланысады. Бауырда метаболизденеді. Жартылай шығарылуы (Т1/2) 4 сағатты құрайды. 90%-ы бүйрекпен және 10%-ы өтпен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Нефопам гидрохлориді орталықтың әсер ететін есірткілік емес анальгетик болып табылады. Әсерінің механизмі мидың дофаминдік, норадреналиндік және серотониндік рецепторларына әсер етуіне байланысты. Тыныс алу орталығының жұмысын бәсеңдетпейді, қан ұюы жүйесіне әсер етпейді, асқазан шырышты қабығының тітіркенуін тудырмайды. Парентеральді енгізу кезінде ауыруды басатын әсері алғашқы 30 минут ішінде дамиды.

Ауыруды басатын әсерінің ұзақтығы 6 сағатқа созылады.

Қолданылуы

Шығу тегі және қарқындылығы әр түрлі ауыру синдромында:

- жарақаттанудан және хирургиялық араласулардан кейін

- босануда ауырғанды басу үшін

- қатерлі ісіктер кезінде

- тіс ауыруында

Қолдану тәсілі және дозалары

Доза ауыру синдромының қарқындылығына және емдеушінің реакциясына сәйкес болуы тиіс.

Ұсынылатын доза: 1 мл-ден (20 мг) бұлшықет ішіне әрбір 6 сағат сайын, препаратты көктамыр ішіне, тереңдете енгізу керек.

Нопейн енгізген кезде және инъекциядан кейін 15-20 мин. бойы емделуші жатқан қалыпта болуы тиіс.

Ең жоғары тәулікті доза: тәулігіне 120 мг.

Жағымсыз әсерлері

- aшушаңдық, жоғары қозғыштық, бас ауыру, бас айналу, ұйқышылдық/ ұйқысыздық, естен тану

- қатты тершеңдік

- жүрек айну, құсу

- тахикардия, жүректің қағуы, артериялық қысымның жоғарылауы

- айқын көрмеу

- атропиндегідей реакциялар (ауыздың құрғауы, несептің іркілуі)

- аса жоғары сезімталдық, есекжем, Квинке ісінуі, шок, құрысулар, елестеулер

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- сыртартқыдағы эпилепсия және құрысу синдромы

- нефопамға немесе препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- жедел глаукома

- уретра мен қуық асты безінің зақымдануына байланысты несептің іркілуі

- МАО (моноаминоксидаза) тежегіштерін, сондай-ақ үшциклді антидепрессанттарды қабылдайтын емделушілерге Нопейнді қолдану ұсынылмайды.

- 18 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Резерпин Нопейннің ауыруды басатын әсерін бөгейді. МАО (ниаламид) тежегіштерімен бір мезгілде пайдалану артериялық қысымның күрт жоғарылауын тудыруы мүмкін. Нопейнді үшциклді антидепрессанттармен (амитриптилин, имизин) бір мезгілде қолданғанда соңғыларының антихолинэргиялық қасиеттері күшейеді.

Айрықша нұсқаулар

Педиатрия тәжірибесінде қолданылуы

Нопейнді балалар тәжірибесінде қолдану мүмкіндігін растайтын жеткілікті деректер жоқ.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілік және бала емізу кезінде қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.

Нопейнді лактация кезеңінде қолданған жағдайда бала емізуді тоқтату керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын жүргізушілерге, сондай-ақ жоғары зейін қоюды талап ететін операцияларды орындау кезінде сақтық таныту қажет, өйткені препарат бас айналуын, ұйқышылдықты, айқын көрмеуді туындатуы мүмкін.

Артық дозалануы

Симптомдар: құрысулар, қозу, елестеулер, тахикардия

Емі: симптоматикалық, қозу мен құрысуларды жою үшін диазепам тағайындалатын демеуші ем-шаралар, стационар жағдайында науқастың жай-күйіне кардиологиялық және респираторлық мониторинг жүргізу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

1 мл-ден сындыруға арналған ақ жолағы бар, түссіз шыныдан жасалған ампулаларда. Әр ампулаға өздігінен желімденетін заттаңба жапсырылады.

3 ампуладан пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

25С-ден аспайтын температурада сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Медикал Юнион Фармасиютикалс», Мысыр

36,Мохамед Хасан Эль-Гамаль к-сі, 6-шы аудан, Наср Сити, Каир 11471, А/ж 7010.

Факс/тел: 2(02) 2270-93-15; 2(02) 2271-94-60.; export@mupeg.com.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Медикал Юнион Фармасиютикалс», Мысыр

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы «Медикал Юнион Фармасьютикалс» компаниясының өкілдігі.

Мекенжайы: Алматы қ. 050040, Шашкин к-сі 36-а, 1 пәтер;

тел./факс: 8(727) 2 63 56 00;

эл. поштасы: office@mupkz.com

 

 

 

Прикрепленные файлы

606985101477976887_ru.doc 46.5 кб
266259351477978052_kz.doc 67.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники