Номидес (30 мг)

МНН: Осельтамивир
Производитель: АО Фармасинтез
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Oseltamivir
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023153
Информация о регистрации в РК: 20.04.2023 - 20.04.2033

Инструкция

Саудалық атауы

Номидес

Халықаралық патенттелмеген атауы

Осельтамивир

Дәрілік түрі

Капсулалар, 30 мг,45мг, 75 мг

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі қолдануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған вирусқа қарсы препараттар. Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар. Нейраминидаза тежегіштері. Осельтамивир.

АТХ коды J05AH02

Қолданылуы

Тұмауды емдеу

  • Номидес препараты тұмаудың өршуі кезінде тұмаудың сипатты белгілері байқалатын ересектерді емдеуге арналған. Егер емдеу симптомдар пайда болған сәттен бастап алғашқы екі күн ішінде басталса, препараттың емдік әсерін қамтамасыз ететіні дәлелденген.

Тұмаудың профилактикасы

  • Аурудың өршуі кезінде тұмаудың клиникалық расталған диагнозы бар науқастармен жанасудан кейін ересектердегі қарым - қатынастан кейінгі профилактикасында.

  • тұмаудың профилактикасы үшін Номидес препаратын қолданудың тиісті тәртібі әрбір нақты жағдайда, профилактикалық қорғауды талап ететін популяцияның шынайы жағдайлары мен сипаттамаларына қарай анықталады (мысалы, егер вакцинадағы штамм мен тұрғындар арасындағы немесе пандемия жағдайындағы штаммның сәйкессіздігі болса) маусымдық профилактиканы тағайындау мүмкіндігін қарастыруға болады.

Номидес препараты вакцинацияны алмастырмайды.

Тұмауды емдеу және профилактикасы үшін вирусқа қарсы препараттарды қолдану ресми ұсынымдар негізінде жүргізілуі тиіс. Тұмауды емдеу және профилактикасы үшін осельтамивирді пайдалану туралы шешім вирустың айналымдағы штаммдарының белгілі сипаттамаларын, әр маусым үшін дәріге сезімталдық туралы қолда бар ақпаратты және әртүрлі географиялық аймақтарда және пациенттердің популяцияларында ауруға әсерді ескере отырып, қабылдануы тиіс.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың белсенді затына немесе кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

  • Бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысы (креатинин клиренсі ≤10 мл/мин)

  • Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

  • Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Жүктілік кезінде және бала емізу кезінде сақтықпен қолдану керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Клиникалық маңызды дәрілік өзара әрекеттесулерінің ықтималдығы аз. Осельтамивир фосфаты жоғары дәрежеде, негізінен бауырда орналасқан эстеразаның әсерінен белсенді метаболитке айналады. Эстеразаның белсенді орталықтарымен байланыстыру үшін бәсекелестікке негізделген дәрілермен өзара әрекеттесуі әдебиет дереккөздерінде кеңінен берілмеген. Осельтамивирдің және белсенді метаболиттің плазма ақуыздарымен байланысуының төмен дәрежесі ақуыздармен байланысынан дәрілік заттарды ығыстыруға байланысты өзара әрекеттесудің болуын болжауға негіз болмайды. Осельтамивир фосфаты да, оның белсенді метаболиті де P450 цитохром жүйесінің полифункционалды оксидтері үшін немесе глюкуронилтрансфераза үшін қолайлы субстрат болып табылмайды. Пероральді контрацептивтермен өзара әрекеттесуге негіздер жоқ.

Циметидин, P450 цитохромы жүйесінің изоферментінің спецификалық емес тежегіші және сілтілі типті препараттармен және катиондармен өзекшелік секреция бәсекелес процесінде осельтамивирдің және оның белсенді метаболитінің плазмалық концентрациясына әсер етпейді.

Осындай препараттардың көпшілігі үшін қауіпсіздік резервін, осельтамивирдің белсенді метаболитін шығару жолдарын (шумақтық сүзіліс және анионды өзекшелік секреция), сондай-ақ әрбір жолдың шығару қабілетін назарға ала отырып, өзекшелік секреция үшін бәсекелестікке байланысты дәрілердің өзара әрекеттесулерінің клиникалық мәнді болуының ықтималдығы аз.

Пробенецид осельтамивирдің белсенді метаболитінің AUC-нің шамамен 2 есе (бүйректегі белсенді өзекшелік секрецияның төмендеуінің желісі үшін) ұлғаюына әкеледі. Алайда, белсенді метаболиттің қауіпсіздік резервін ескере отырып, пробенецидпен бір мезгілде қолданғанда дозаны түзету талап етілмейді. Амоксициллинмен бір мезгілде қабылдау осельтамивир мен оның компоненттерінің плазмалық концентрациясына әсер етпейді, бұл анионды өзекшелік секреция жолымен шығарғаны үшін әлсіз бәсекелестікті көрсетеді. Парацетамолмен бір мезгілде қабылдау осельтамивирдің және оның белсенді метаболитінің немесе парацетамолдың плазмалық концентрациясына әсер етпейді.

Осельтамивир, оның негізгі метаболиті арасындағы фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер парацетамолмен, ацетилсалицил қышқылымен, циметидинмен немесе антацидтік дәрілермен (магний және алюминий гидроксиді, кальций карбонаты), варфаринмен, римантадинмен немесе амантадинмен бір мезгілде қабылдаған кезде табылған жоқ.

Осальтемивирді ангиотензин өзгертуші ферменттің тежегіштері (эналаприл, каптоприл), тиазидті диуретиктер (бендрофлуметиазид), антибиотиктер (пенициллин, цефалоспориндер, азитромицин, эритромицин және доксициклин), Н2-гистаминді рецепторлардың блокаторлары (ранитидин, циметидин), бета-адреноблокаторлар (пропранолол), ксантиндер (теофиллин), симпатомиметиктер (псевдоэфедрин), апиындар (кодеин), глюкокортикостероидтер, ингаляциялық бронхолитиктер және есірткілік емес анальгетиктер (ацетилсалицил қышқылы, ибупрофен және парацетамол) сияқты жиі қолданылатын препараттармен қолданған кезде жағымсыз құбылыстар сипатының немесе жиілігінің өзгеруі байқалмаған.

Осельтамивирді емдік әсерінің ауқымы аз препараттармен (мысалы, хлорпропамид, метотрексат, бутадион) біріктірілімде сақтықпен қолдану қажет.

Арнайы ескертулер

Осельтамивир тұмау вирусынан туындаған аурулар кезінде ғана тиімді. Тұмау вирусынан өзгеше агенттер тудырған ауруларға қатысты осельтамивир тиімділігінің дәлелдемелері жоқ.

Номидес тұмауға қарсы вакцинаны алмастырмайды. Осельтамивирді қолдану тұмауға қарсы жыл сайынғы вакцинациялау үшін адамдарды анықтауға әсер етпеуі тиіс. Тұмаудан қорғау тек осельтамивир қабылдау кезінде ғана болады. Бірақ Номидес дәрілік затты тұмауды емдеу және оның профилактикасы үшін тек популяциядағы тұмаудың айналымы фактісін растайтын сенімді эпидемиологиялық деректер болған жағдайда ғана қолданған жөн. Осельтамивирге тұмаудың айналымдағы штаммдарының сезімталдығы өте өзгергіш. Демек, рецептуралық препараттарды тағайындаған медицина қызметкерлері Номидес дәрілік затты пайдалану туралы шешім қабылдау кезінде қазіргі сәтте айналымдағы вирустардың осельтамивирге сезімталдығының сипаты туралы неғұрлым жаңа ақпаратты ескеруі тиіс.

Қатарлас ауыр жай-күйлер

Жеткілікті дәрежеде ауыр немесе тұрақсыз кез келген медициналық жағдайлары бар пациенттерде осельтамивирдің қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер жоқ. Емдеуге жатқызу қаупі сөзсіз ретінде қарастырылады.

Иммунитет тапшылығы бар пациенттер

Осельтамивирдің тұмауды емдеу үшін де, профилактикасы үшін де тиімділігі иммунитеті әлсіз пациенттерде анық анықталған жоқ. Алайда иммунитеті әлсіреген ересек пациенттерде тұмауды емдеуді 10 күн бойы жүргізген жөн, себебі клиникалық зерттеулер емнің қысқа курсында жүргізілмеген.

Жүрек / респираторлық аурулары

Осельтамивирдің жүрек және/немесе респираторлық созылмалы ауруларымен ауыратын пациенттерді емдеу үшін тиімділігі анықталмаған. Мұндай пациенттерде дәрілік зат пен плацебо алған топтар арасындағы асқынулардың жиілігінде айырмашылықтар байқалмады.

Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі

Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде емдеу және профилактика кезінде дозаны түзету ұсынылады. Дозалау бойынша ұсыныстар беру үшін "Дозалау режимі"бөлімін қараңыз.

Нейропсихиатриялық бұзылулар

Осельтамивир қабылдау кезінде нейропсихиатриялық бұзылулар тұмаумен ауыратын науқас пациенттерде, әсіресе жасөспірімдерде байқалды. Мұндай көріністер осельтамивир қабылдамаған тұмаумен ауыратын пациенттерде де байқалды. Пациенттерді мінез-құлық өзгерістеріне мұқият бақылау және әрбір пациент үшін емдеуді жалғастырудың пайдасы мен қаупін мұқият бағалау керек.

Қосымша заттар

Дәрілік зат Номидес құрамында 1 ммольден (23мг) аз мөлшерде натрий бар, яғни іс жүзінде "құрамында натрий жоқ»

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік кезінде және емшекпен емізу кезінде озельтамивирді егер ана үшін болжамды пайда шарана мен сәби үшін әлеуетті қаупінен асқан жағдайда ғана қолданады.

Жүктілік

Тұмау ауруы жүктіліктің қолайсыз ағымымен байланысты, шарананың даму ауытқуын тудыруы мүмкін, сондай-ақ туа біткен күрделі ақаулардың, соның ішінде жүрек ақауының даму қаупі болып табылады. Осельтамивирдің жүкті әйелдерде қолданылуы туралы көптеген деректер осельтамивирдің фото/неонаталдық уыттылығы барына және даму ақаулары қаупіне әсер ететінін көрсетпейді.

Осельтамивирдің репродуктивтілік уыттылығына әсері туралы деректер жоқ.

Номидес препаратын жүктілік кезінде қолдану қажет болған жағдайда және емнің қауіпсіздігі мен артықшылықтары, сондай-ақ тұмау вирусының айналымдағы штаммының патогендігі туралы қолда бар ақпаратты бағалағаннан кейін де мүмкін болады.

Бала емізу

Осельтамивир және белсенді метаболит сүтке енеді. Осельтамивирдің адамда емшек сүтімен экскрециясы және емізетін әйелдердің осельтамивирді қолдануы жөніндегі деректер шектеулі. Шектелген деректер осельтамивир мен оның белсенді метаболиті аз мөлшерде емшек сүтіне еніп, нәресте қанында субтерапиялық концентрация жасайтынын көрсетеді. Осельтамивирді бала емізетін әйелдерге тағайындағанда, сондай-ақ бұрыннан бар қатарлас ауруларды және тұмау вирусының айналымдағы штаммының патогендігін ескеру керек. Емшекпен емізу кезеңінде озельтамивир емшек емізетін ана үшін емдеудің айқын күтілетін артықшылықтары бала үшін қауіптен асып кеткен жағдайда ғана қолданылады.

Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрілік заттың көлік құралдарын басқару қабілетіне әсерін зерттеу және қатты зейін қою мен психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін басқа да әлеуетті қауіпті қызмет түрлерімен айналысу бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ. Қауіпсіздік бейініне байланысты, осельтамивирдің осы қызмет түрлеріне әсер ету ықтималдығы аз.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Ересектер

Емі

Ішке қабылдауға ұсынылған доза 5 күн ішінде тәулігіне екі рет 75 мг осельтамивирді құрайды

Дене салмағы

5 күн ішінде ұсынылған доза

˃ 40 кг

75 мг тәулігіне екі рет

Емді тұмау симптомдары дамыған сәттен бастап 2 тәуліктен кешіктірмей бастау қажет.

Қатынастан кейінгі профилактика:

Тұмаумен ауыратын науқаспен тығыз байланыста болған соң тұмаудың профилактикасы үшін ұсынылған доза 10 күн бойы тәулігіне бір рет 75 мг осельтамивирді құрайды. Емдеуді науқаспен жанасқан сәттен бастап 2 тәуліктен кешіктірмей бастау қажет.

.

Дене салмағы

10 күн ішінде ұсынылған доза

˃ 40 кг

75 мг тәулігіне екі рет

Қоғамдастықтағы тұмау індеті кезіндегі тұмаудың профилактикасы: індеттің өршуі кезінде тұмаудың профилактикасы үшін 6 апта ішінде тәулігіне бір рет 75 мг осельтамивирді қолдану ұсынылады.

Суспензияны бір рет дайындау жөніндегі нұсқаулықтар "Номидес суспензиясын экстемпоральді дайындау" бөлімінде келтірілген.

Пациенттердің ерекше топтары

Бүйрек жеткіліксіздігі

Тұмауды емдеу: бүйрек жеткіліксіздігі орташа және ауырлық дәрежесі жоғары пациенттер үшін препарат дозасын төмендету ұсынылады. Келесі кестеде осы пациенттерде дозаны түзету бойынша ұсынымдар берілген.

Креатинин клиренсі

Ұсынылатын доза (емі)

>60 (мл/мин)

75 мг тәулігіне екі рет

>30 - 60 (мл/мин)

30 мг (суспензия) тәулігіне екі рет

>10 - 30 (мл/мин)

30 мг (суспензия) тәулігіне бір рет

≤10 (мл/мин)

Ұсынылмайды (деректер жоқ)

Гемодиализдегі пациенттер

Гемодиализдің әрбір емінен кейін 30 мг 30 мг

Перитонеальді диализдегі пациенттер*

30 мг (суспензия) – бір реттік доза

* осельтамивир карбоксилатының клиренсі автоматты перитонеальді диализ (АПД) режимін пайдалану кезінде жоғарылайды деп күтілуде. Егер бұл нефрологтың пікірі бойынша қажет болса, емдеу режимін САПД-дан АПД-ға ауыстыруға болады.

Тұмаудың профилактикасы: келесі кестеде орташа және ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар паценттерде тұмау профилактикасы кезінде препараттың дозасын түзету бойынша ұсынымдар берілген

Креатинин клиренсі

Ұсынылатын доза (профилактика)

>60 (мл/мин)

75 мг тәулігіне екі рет

>30 - 60 (мл/мин)

30 мг (суспензия) тәулігіне бір рет

>10 - 30 (мл/мин)

30 мг (суспензия) күн ара

≤10 (мл/мин)

Ұсынылмайды (деректер жоқ)

Гемодиализдегі пациенттер

Гемодиализдің әрбір екінші сеансынан кейін 30 мг

Перитонеальді диализдегі пациенттер*

30 мг (суспензия) аптасына бір рет аптасына бір рет

* Деректер созылмалы амбулаториялық перитонеалдық диализдегі (САПД) пациенттердің қатысуымен зерттеулерде алынды; осельтамивир карбоксилат клиренсі автоматты перитонеалдық диализ (АПД) режимін пайдалану кезінде жоғарылайды деп күтілуде. Егер бұл нефрологтың пікірі бойынша қажет болса, емдеу режимін САПД-дан АПД-ға ауыстыруға болады

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа бауыр функциясы бұзылған пациенттерде тұмауды емдеу және профилактикасы кезінде дозаны түзету талап етілмейді. Осельтамивирдің қауіпсіздігі мен фармакокинетикасы бауыр функциясының ауыр бұзылыстары бар пациенттерде зерттелмеген.

Егде және қарт жастағы науқастар

Тұмаудың профилактикасы немесе емі үшін дозаны түзету қажет емес.

Иммунитеті әлсіреген пациенттер (трансплантациядан кейін)

Емі

Осельтамивирдің ұсынылған дозасы ересек пациенттерде ішке тәулігіне 2 рет 75 мг құрайды.Препаратты қабылдауды ауру симптомдары дамыған сәттен бастап 2 тәуліктен кешіктірмей бастау керек.

Маусымдық профилактика

Иммунитеті әлсіреген науқастарда тұмаудың маусымдық профилактикасы үшін 12 апта бойы дозаны түзету қажет емес.

Енгізу әдісі мен жолы

Препарат ішуге арналған.

Капсуланы жұта алмайтын пациенттерге Номидес препаратының тиісті дозаларын ішке қабылдау үшін суспензия түрінде (6 мг/мл) тағайындауға болады.

Номидес суспензиясын экстемпоральді дайындау

Ересектерде капсулаларды жұтуда қиындық болған және дайын пероральді суспензия болмаған жағдайларда , капсуланы ашу керек, оның ішіндегісін ащы дәмді білдірмеу үшін бір шай қасығынан асырмай (қантты су) жарамды тәттіленген тамақ өнімін араластырыңыз. Қоспаны мұқият араластырып, пациентке толығымен беру керек. Қоспаны дайындағаннан кейін бірден жұтып қою керек.

Капсулалар 75 мг

Егер пациенттерге 75 мг доза қажет болса, онда келесі нұсқауларды орындау қажет:

1. Бір 75 мг Номидес капсуласын шағын ыдыс үстінде ұстап тұрып, капсуланы мұқият ашып және ұнтақты ыдысқа төгіп салыңыз.

2. Жарамды тәттіленген тамақ өнімін (ащы дәмді білдірмеу үшін) аз мөлшерде қосып (1 шай қасығынан асырмай) және жақсылап араластырыңыз.

3. Қоспаны мұқият араластырып және оны дайындағаннан кейін бірден ішіп қою керек. Егер ыдыста аздаған мөлшерде қоспа қалса, ыдысты аз мөлшердегі сумен шайып жуып және қалған қоспаны ішіп қою керек.

Егер пациенттерге 30-60 мг доза қажет болса, дұрыс дозалау үшін келесі нұсқауларды орындау қажет:

1.Кішкене ыдысқа Номидес препаратының 75 мг бір капсуласын ұстап, капсуланы мұқият ашып, ұнтақты ыдысқа төгіп салыңыз.

2. Алынған сұйықтықтың мөлшерін көрсететін белгілері бар шприцпен 5 мл суды ұнтаққа қосыңыз. 2 минут бойы мұқият араластыру кеерк.

3. Шприцке ыдыстан қоспаның қажетті мөлшерін төменде келтірілген кестеге сәйкес жинау:

Дкене салмағы

Ұсынылған доза

Бір қабылдауға арналған Номидес қоспасының мөлшері

>23-40 кг

60 мг

4 мл

Ерімейтін ақ ұнтақты алудың қажеті жоқ, себебі ол толтырғыштың белсенділігі жоқ. Шприц поршеньін басу арқылы оның ішіндігесінің барлығын екінші ыдысқа енгізу керек. Қалған пайдаланылмаған қоспаны тастаңыз.

4. Екінші ыдысқа ащы дәмді білдірмеу үшін жарамды тәттіленген тамақ өнімін аз мөлшерде қосып (1 шай қасығынан асырмай) және жақсылап араластырыңыз.

5. Қоспаны мұқият араластырып және оны дайындағаннан кейін бірден ішіп қою керек. Егер ыдыста аздаған мөлшерде қоспа қалса, ыдысты аз мөлшердегі сумен шайып жуып және қалған қоспаны ішіп қою керек.

Бұл процедураны препаратты әр қабылдау алдында қайталау керек.

Капсулалар 30 мг және 45 мг

Дұрыс дозалау үшін келесі нұсқауларды орындау керек:

1. Қоспаны дайындау үшін қажетті Номидес капсулалары санын анықтаңыз:

Дене салмағы*

5 күн бойы емдеу мақсатында ұсынылған дозаны қамтамасыз ететін Номидес капсулаларының саны

Профилактика мақсатында ұсынылған дозаны қамтамасыз ететін Номидес капсулаларының саны

>23-40 кг

2 капсула 30 мг 2 ретәулік

2 капсула 30 мг 1 ретәулік

* Дене салмағы >40 кг 18 жастан асқандар және ересек пациенттер қоспа дайындауға 45 мг бір капсуланы + 30 мг бір капсуланы тәулігіне 2 рет ем үшін немесе тәулігіне 1 рет профилактика үшін пайдалана отырып, Номидес қабылдай алады.

2. Препараттың дұрыс дозасы қолданылуына көз жеткізіңіз (жоғарыда келтірілген кестеге сәйкес). Кішкене ыдысқа Номидес препаратының бір немесе бірнеше капсуласын ұстап, бір немесе бірнеше капсуласын мұқият ашып және ұнтақты ыдысқа төгіп салыңыз.

3. Ащы дәмді білдірмеу үшін жарамды тәттіленген тамақ өнімін аз мөлшерде қосып (1 шай қасығынан асырмай) және жақсылап араластырыңыз.

4. Қоспаны мұқият араластырып және оны дайындағаннан кейін бірден ішіп қою керек. Егер ыдыста аздаған мөлшерде қоспа қалса, ыдысты аз мөлшердегі сумен шайып жуып және қалған қоспаны ішіп қою керек.

Препаратты әр қабылдау алдында осы процедураны қайталаңыз.

Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар

Хабарланған артық дозалану жағдайларының көбі қандай да бір жағымсыз құбылыстармен бірге болған жоқ. Артық дозалану жағдайларында жағымсыз реакциялар пайда болу жиілігі бойынша "Жағымсыз реакциялар" бөлімінде санамаланған емдік дозаларда препаратты қолдану кезінде байқалған жағымсыз реакциялармен ұқсас және салыстырмалы болды.

Арнайы антидоты белгісіз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін айқындау үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін ұсынымдар

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерден кеңес алу ұсынылады.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Өте жиі

- бас ауруы

- жүректің айнуы

Жиі

- бронхит, қарапайым герпес, назофарингит, жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары, синусит

- ұйқысыздық

- жөтел, ринорея

- құсу, іштің ауыруы (құрсақ қуысының жоғарғы бөлігінің ауыруын қоса), диспепсия

  • ауыру, бас айналу (вестибулярлықты қоса), қажу, гипертермия, аяқ-қолдың ауыруы

Жиі емес

- аса жоғары сезімталдық реакциялары

- сананың шатасуы, құрысулар

- жүрек ырғағының бұзылуы

- экзема, дерматит, бөртпе, есекжем

Сирек

- тромбоцитопения

- анафилаксиялық, анафилактоидтық реакциялар

- қозу, ерекше мінез-құлық, үрейлену, сананың шатасуы, мания, сандырақтау, елестеулер, қорқынышты жағдайлар, өзін-өзі зақымдау

- көрудің бұзылыстары

- асқазан-ішек қан кетулері, геморрагиялық колит

- ангионевроздық ісіну, мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе тікелей, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық мәліметтер базасына хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сараптау Ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат осельтамивир, 30 мг, 45 мг, 75 мг

(осельтамивир фосфаты түрінде, 39,4 мг, 59,1 мг, 98,5 мг)

қосымша заттар: коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил), коповидон, желатинденген крахмал, натрий кроскармеллозасы, натрий стеарилфумараты, тальк.

капсула құрамы:

30 мг доза үшін: натрий лаурилсульфаты, титанның қостотығы (Е171), тазартылған су, желатин;

45 мг доза үшін: натрий лаурилсульфаты, титанның қостотығы (Е171), көгілдір бриллиант бояғышы (Е133), тазартылған су, желатин;

75 мг доза үшін: натрий лаурилсульфаты, титанның қостотығы (Е171), күн батар түстес сары бояғышы (Е110), күрең қызыл бояғыш [Понсо 4R] (Е124), тазартылған су, желатин.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

30 мг доза үшін: № «3», корпусы ақ түсті, қақпағы ақ түсті, қатты желатинді капсулалар.

45 мг доза үшін: № «2», корпусы көгілдір түсті, қақпағы көгілдір түсті, қатты желатинді капсулалар.

75 мг доза үшін: № «1», корпусы ақ түсті, қақпағы қызыл сары түсті, қатты желатинді капсулалар.

Капсуланың ішіндегісі - ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті ұнтақ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және баспалық лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 5 немесе 10 капсуладан салынған.

Жоғары қысымдағы полиэтиленнен жасалған, бірінші ашылуына бақылауымен тартып жабылатын қақпағы бар төмен қысымдағы полиэтиленнен жасалған полимер банкіде 20, 30 капсуладан. Бос кеңістік медициналық мақтамен толтырылады. Банкаларға заттаңбалық немесе жазу қағазынан немесе полимерлі материалдардан жасалған, өздігінен желімденетін заттаңбалар жапсырылады.

1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге тұтыну ыдысына арналған картон қорапшаға салынады. Қорапшалар топтық қаптамаға салынады.

1 банкіден қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге тұтыну ыдысына арналған картон қорапшаға салынады. Қорапшаларды топтық қаптамаға салады.

Сақтау мерзімі

Сақтау мерзімі 3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

Өндіруші туралы мәліметтер

«Фармасинтез» АҚ, Ресей.

Заңды мекенжайы: 664007, Иркутск қ., Красногвардейск к-сі, 23 үй, 3 кеңсе.

тел.:+7 (3952) 550-355

факс: +7 (3952) 550-325

Электронды пошта:info@pharmasyntez.com

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармасинтез» АҚ, Ресей.

Заңды мекенжайы: 664007, Иркутск қ., Красногвардейск к-сі, 23 үй, 3 кеңсе.

тел.:+7 (3952) 550-355

факс: +7 (3952) 550-325

Электронды пошта info@pharmasyntez.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттардың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

Алматы қ., «СonsultAsia» ЖШС

Шевченко к-сі 165 Б

электронды пошта: registration@consultingasia.kz

pv@consultingasia.kz

Тел/факс: +77051708825/+727-3794258

Прикрепленные файлы

ЛВ_Номидес_итог_рус.docx 0.06 кб
Номидес_каз.docx 0.06 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту