НовоРапид® ФлексПен®

МНН: Инсулин аспарт
Производитель: Ново Нордиск Продакшн САС
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Insulin aspart
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№024782
Информация о регистрации в РК: 13.10.2020 - 13.10.2025

Инструкция

Саудалық атауы

НовоРапид® ФлексПен®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Инсулин аспарт

Дәрілік түрі

Тері астына енгізуге арналған ерітінді, 100 ӘБ/мл

Фармакотерапиялық тобы

Ас қорыту жолы және зат алмасу. Диабет кезінде қолданылатын дәрілік препараттар. Инсулиндер және аналогтары. Инсулиндер және жылдам әсер ететін инъекцияларға арналған аналогтары. Инсулин аспарт.

АТХ коды A10АВ05

Қолданылуы

НовоРапид® препараты ересектерде, жасөспірімдерде және 1 жастан бастап және одан үлкен балаларда қант диабетін емдеуге арналған.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

-әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- гипогликемия (қандағы қант деңгейінің төмендеуі)

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

НовоРапид® препаратын қолданбаңыз, егер:

- ФлексПен® түсіріп алсаңыз немесе зақымдалған болса немесе жаншылған болса, себебі инсулиннің ағып кету қаупі бар;

- инсулинді сақтау шарттары көрсетілгенге сәйкес келмесе, немесе препарат мұздатып қатырылса;

- инсулин мөлдір және түссіз болмаса.

НовоРапид® ФлексПен® препаратын пайдаланар алдында

- Инсулиннің типі дұрыс таңдалғанына көз жеткізу үшін қаптамасын тексеріңіз.

- Жұқтыруды болдырмау үшін әр инъекция үшін үнемі жаңа инені пайдаланыңыз.

- Инелер мен НовоРапид® ФлексПен® препараты тек жеке қолдануға арналған.

НовоРапид® препаратымен қолданған кезде айрықша сақтандыру шаралары
  • Бүйрек, бауыр, бүйрекүсті бездері, гипофиз немесе қалқанша безінің ауруларында.

  • Физикалық белсенділіктің жоғарылауында немесе қалыпты тамақтанудың өзгеруінде бұл қандағы қант деңгейіне әсер етуі мүмкін.

  • Дімкәстік кезінде, инсулинді қабылдауды жалғастырыңыз және дәрігермен кеңесіңіз.

  • Бірнеше уақыт белдеулерінің қиысуымен саяхаттаған кезде, инсулинге немесе инсулинді енгізу режиміне қажеттілік өзгеруі мүмкін. Мұндай сапарларды жоспарлау кезінде дәрігермен кеңесу керек

Инъекция орнында терінің өзгеруі

Терінің қалыңдауына немесе жұқаруына, тері астындағы тығызданулардың пайда болуына және басқа да бұзылуларға әкелетін тері астындағы май тінінің өзгеруін болдырмау үшін инъекция орнын мезгіл-мезгіл өзгерту керек. Тері асты тығызданулары бар, терісі жұқарған немесе қалыңдаған учаскелерде инсулинді енгізу препарат тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін («НовоРапид® препаратын қолдану тәсілі» бөлімін қараңыз). Инъекция орнында терінің кез-келген өзгерістері үшін дәрігермен кеңесіңіз. Егер Сіз қазіргі уақытта препаратты осындай зақымдалған жерлерге енгізсеңіз, инъекция орнын ауыстырмас бұрын дәрігерге хабарлаңыз. Дәрігер қандағы глюкоза деңгейін мұқият бақылауды және инсулин немесе басқа гипогликемиялық препараттың дозасын түзетуді тағайындай алады.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі және өзара әрекеттесудің басқа да түрлері

Кейбір дәрілік препараттар организмдегі глюкозаның метаболизміне әсер етеді және бұл инсулин дозасына әсер етуі мүмкін. Инсулинмен емдеуге әсер етуі мүмкін ең көп таралған препараттар төменде келтірілген. Егер сіз кез-келген дәрілік затты, соның ішінде рецептсіз сатып алған дәрілік заттарды қабылдап жүрсеңіз немесе жақында қабылдасаңыз, дәрігерге хабарлаңыз.

Атап айтқанда, егер сіз қандағы қант деңгейіне әсер ететін дәрілік заттарды қабылдасаңыз, дәрігерге хабарлаңыз.

Төмендегі препараттардың кез-келгенін қабылдаған кезде Сіздің қандағы қант деңгейі төмендеуі мүмкін (гипогликемия): пероральді қант төмендететін препараттар, моноаминооксидаза тежегіштері, бета-адреноблокаторлар, ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштеріӨФ), салицилаттар, анаболикалық стероидтар және сульфонамидтер.

Төмендегі препараттардың кез-келгенін қабылдаған кезде Сіздің қандағы қант деңгейіңіз жоғарылауы мүмкін (гипергликемия): пероральді контрацептивтер, тиазидті диуретиктер, глюкокортикостероидтар, тиреоидты гормондар, симпатомиметиктер, өсу гормоны және даназол.

Октреотид пен ланреотид Сіздің қандағы қант деңгейіңізді жоғарылатуы, төмендетуі мүмкін.

Бета-адреноблокаторлар ізашар симптомдарын бүркемелеуі немесе басуы мүмкін, олар гипогликемияны тануға көмектесуі мүмкін.

Тиазолидиндиондар (2 типті қант диабетін емдеу үшін қолданылатын пероральді диабетке қарсы препараттар класы)

2 типті қант диабетімен ұзақ ауыратын және жүрек-қантамыр аурулары бар немесе анамнезінде инсулинмен бірге тиазолидиндиондармен емделген инсульт бар кейбір пациенттерде жүрек жеткіліксіздігі дамуы мүмкін. Егер сіз жүрек жеткіліксіздігінің белгілерін, мысалы, әдеттен тыс ентігу немесе салмақтың тез артуы немесе ісіну сияқты белгілерді байқасаңыз, дәрігерге мүмкіндігінше тезірек хабарлаңыз.

НовоРапид ® препаратын тамақпен және сусындармен қолдану

Алкогольді ішкен кезде Сіздің инсулинге деген қажеттілік өзгеруі мүмкін, өйткені қандағы қант жоғарылауы немесе төмендеуі мүмкін. Мұқият мониторинг ұсынылады.

Арнайы ескертулер

Жүктілік немесе лактация кезінде

Кез келген дәрілік препаратты қолданар алдында емдеуші дәрігеріңізден кеңес алыңыз.

Егер Сіз жүкті болсаңыз, жүктілікті жоспарласаңыз немесе бала емізсеңіз дәрігеріңізден кеңес алыңыз. НовоРапид® препаратын жүктілік және бала емізу кезінде қолдануға болады. Жүктілік кезінде және босанғаннан кейін НовоРапид® ФлексПен® препараты дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Диабетті мұқият бақылау, әсіресе гипогликемия профилактикасы балаңыздың денсаулығы үшін маңызды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Егер қандағы қант деңгейі төмен немесе жоғары болса, бұл пациенттердің зейін қою қабілетіне және реакция жылдамдығына әсер етуі мүмкін, бұл автокөлік басқарғанда немесе механизмдермен жұмыс істеген кезде қауіп төндіруі мүмкін. Сіз өзіңізді немесе басқаларды қауіпке душар ете алатыңызды есте сақтаңыз. Автокөлікті және механизмдерді басқару мүмкіндігі туралы мына жағдайларда дәрігеріңізден кеңес алыңыз:

  • гипогликемия оқиғалары жиі болса;

  • гипогликемияны байқап білу қиын болса.

НовоРапид® препараты тез әсер етеді. Осылайша, гипогликемия еритін адам инсулинін енгізгенге қарағанда ертерек туындауы мүмкін

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

НовоРапид® препараты қандағы қант деңгейін енгізгеннен 10-20 минуттан кейін төмендете бастайды, әсер ету шыңы енгізгеннен 1-3 сағаттан кейін байқалады және әсер ету ұзақтығы 3-5 сағатты құрайды. НовоРапид® препаратының әсер ету ұзақтығы қысқалау болғандықтан, әдетте оны әсер ету ұзақтығы орташа немесе ұзақ инсулин препараттарымен бірге үйлестіріп пайдаланады. Сонымен бірге, НовоРапид® препаратын инсулиндік сорғыларда үздіксіз инфузия жасау үшін қолдануға болады.

Дозалау режимі

Емдеуші дәрігеріңізбен инсулин дозасы жайында кеңес алыңыз.

Емдеуші дәрігеріңіз тағайындағандай түрлі-түсті кодымен НовоРапид® ФлексПен® препаратын қолданатыныңызға көз жеткізіңіз.

Егер дәрігеріңіз Сізді инсулиннің басқа типіне немесе басқа сауда таңбасының препаратына ауыстырса, дозаны дәрігеріңізбен өзгерту қажет етілуі мүмкін. Дәрігеріңізден кеңес алмай, өз бетіңізше инсулинді ауыстыруға болмайды.

Гипогликемия қайталануының профилактикасы үшін инъекциядан кейін 10 минут ішінде көмірсуларға бай тамақ ішу ұсынылады.

НовоРапид® препаратын әдетте тікелей ас қабылдау алдында енгізу керек, қажет болғанда НовоРапид® препаратын ас қабылдаудан кейін жуық арада енгізуге болады.

Балалар

Балаларда препараттың тез әсер ете бастауы қажет болған жағдайда, еритін адам инсулинінің орнына НовоРапид® препаратын қолданған дұрыс. Мысалы, балаға инъекция мен ас қабылдау арасындағы қажетті уақыт аралығын сақтау қиын болған жағдайда.

Пациенттердің ерекше топтары

Бүйрек немесе бауыр функциясы бұзылған пациенттердің немесе 65 жастан асқан пациенттердің қанындағы қант деңгейін мұқият бақылап, инсулин аспарт дозасын жекеше түзету қажет.

Енгізу әдісі мен жолы

НовоРапид® препараты тері астына (тері астына) немесе ұзақ теріастылық инсулин инфузиясына (ҰТИИ) арналған. Инфузиялық инсулиндік помпалардағы НовоРапид® препаратын пайдалану жөніндегі дәрігердің нұсқаулықтары мен ұсынымдарын орындаңыз. НовоРапид® препараты, қажет болғанда, дәрігердің немесе басқа медициналық қызметкердің қатаң бақылауымен тікелей венаға (вена ішіне) да енгізілуі мүмкін. Инсулинді ешқашан бұлшықетке (бұлшықет ішіне) енгізбеңіз.

Терінің домбығуына немесе ісінуіне жол бермеу үшін инъекция енгізу орнын бір аймақ шегінде әрқашан ауыстырып отыру қажет. Өз бетінше инъекция жасау үшін ұсынылатын жерлер мыналар болып табылады: алдыңғы құрсақ қабырғасы; бөксенің алдыңғы беті немесе иық. Инсулин алдыңғы құрсақ қабырғасы аймағына енгізілсе, ол тезірек әсер етеді. Сізге қандағы қант деңгейін ұдайы өлшеу қажет.

НовоРапид® ФлексПен® препаратын қалай пайдалану керек

НовоРапид® ФлексПен® шприц-қаламын пайдаланар алдында қолдану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Шприц-қаламды нұсқаулықта сипатталғандай қолдану керек.

Артық дозаланған жағдайда қолданылуы тиіс шаралар

Егер Сіз тым көп инсулин алсаңыз, қаныңыздағы қант деңгейі өте төмен болып кетеді (гипогликемия).

Бұл мынадай себептермен де болуы мүмкін:

- Қабылдау көлемі азайған кезде немесе тамақтануды өткізіп алғанда.

- Дене жүктемесі әдеттегіден асып кеткенде.

Гипогликемияның хабаршы-белгілері кенет пайда болады және оларға суық тер, тері солғындығы, бас ауыруы, жиіленген жүрек соғысы, дімкәстік, айқын аштық сезімі, көру қабілетінің уақытша бұзылуы, ұйқышылдық, әдеттен тыс шаршау немесе әлсіздік, кейігіштік немесе діріл, үрей сезімі, бағыт-бағдар бұзылысы, зейін қою қабілетінің төмендеуі жатады.

Гипогликемия басталғанын сезген кезде пациент қант немесе көмірсулармен байытылған тамақ өнімдерін ішке қабылдап, қандағы қант деңгейін өлшей алады.

Қандағы қант деңгейі тым төмен болса, глюкоза таблеткаларын немесе қантқа бай басқа тамақ өнімдерін (кәмпит, печенье, жеміс шырыны) қабылдап, одан соң тынығып алыңыз. Сондықтан қант диабетіне шалдыққан адамдарға үнемі өздерімен бірге қант, тәттілер, печенье немесе құрамында қант бар сусындар алып жүру ұсынылады.

Гипогликемия симптомдары жоғалғанда немесе қаныңыздағы қант деңгейі тұрақталған кезде инсулинмен емделуді жалғастырыңыз.

Айналадағы адамдарға диабетпен ауыратыңызды және оның қандай зардаптары болуы мүмкін, соның ішінде гипогликемия салдарынан естен тану қаупі бар екенін хабарлаңыз. Айналадағы адамдарға естен танып қалсаңыз, олар Сізді бір бүйіріңізге аударып, дереу медициналық көмекке жүгінуі керек екенін хабарлаңыз. Олар Сізге тамақ немесе сусындар бермеуі керек. Бұл тұншығуға әкелуі мүмкін.

Арнайы оқытылған тұлға жасаған глюкагон гормонының инъекциясы Сізге тезірек ес жиюға көмектесе алады. Егер Сізге глюкагон енгізілсе, ес жиғаныңыздан кейін Сізге глюкоза немесе тәтті дәмтатым қажет болады. Егер глюкагонды енгізу Сізге әсерін тигізбесе, Сізге ауруханада емделу қажет. Глюкагон инъекциясынан кейін дәрігерге немесе шұғыл жәрдем бөліміне жүгініңіз: қайталама оқиғалар мен аурудың асқынуын болдырмау үшін гипогликемия себебін анықтау қажет.

  • Егер ұзаққа созылған ауыр гипогликемия емделмесе, ол мидың зақымдалуына (уақытша немесе тұрақты) тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

  • Егер сізде қысқа уақытқа естен тануды туғызатын гипогликемиялар немесе жиі гипогликемия оқиғалары болса, өз дәрігеріңізден кеңес алыңыз. Инсулинді қабылдау режимін, тамақтану немесе дене жаттығуларымен айналысу мөлшерін немесе уақытын түзету қажет болуы мүмкін.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алған кезде қажет шаралар

Инсулин дозасын жіберіп алған кезде қаныңыздағы қант деңгейі қатты жоғарылап кетуі (гипергликемия) мүмкін.

Гипергликемия мынадай себептермен де болуы мүмкін:

- қажетті инсулиннен ұдайы аз дозаны қабылдасаңыз;

- инфекция немесе қызу болған кезде;

- тамақтың әдеттен тыс көп мөлшерін тұтынған кезде;

- дене жүктемелері азайған кезде.

Әдетте гипергликемияның хабаршы-симптомдары біртіндеп дамиды. Симптомдарға несеп шығару жиілігінің артуы, шөлдеу, тәбеттің жоғалуы, лоқсу, құсу, ұйқышылдық немесе шаршау сезімі, терінің қызаруы және құрғауы, ауыз қуысының құрғауы, сондай-ақ тыныс алған кездегі (ацетон) тәтті иіс жатады.

Бұл диабеттік кетоацидоз (организмнің қанттың орнына майды ыдыратқандығынан қанда қышқылдың жинақталуы) деп аталатын өте ауыр күйдің белгілері болуы мүмкін. Егер сіз бұл күйді емдемесеңіз, ол диабеттік комаға және ақыр аяғында өлімге әкеп соғуы мүмкін. Егер Сізде осындай белгілер анықталса, қандағы қант деңгейін тексеріңіз, егер мүмкін болса, несепте кетондардың бар болуын тексеріңіз, осыдан кейін дереу дәрігерге қаралыңыз.

Тоқтату симптомдары қаупінің болуын көрсету

Инсулин қабылдауды тоқтату ауыр гипергликемияға және кетоацидозға әкелуі мүмкін. Сізге не істеу керек екендігін түсіндіретін дәрігеріңізден кеңес алмайынша инсулин қабылдауды тоқтатпаңыз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсіліне қатысты түсінік алу үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсыныстар

Егер Сізде препаратты қолдану жөнінде қандай да бір сұрағыңыз болса, дәрілік препаратты қолдану тәсіліне қатысты түсінік алу үшін медицина қызметкерінен кеңес алуыңызды сұраймыз.

Дәрілік препаратта стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар

НовоРапид® препараты барлық дәрілік препараттар сияқты жағымсыз реакциялар тудыра алады, алайда реакциялар әрбір пациентте орын алмайды.

Жағымсыз реакциялар белгілі бір жиілікпен кездесуі мүмкін, ол былайша анықталады:

Өте жиі: 10 пациенттің 1-нен артық

Жиі емес: 1000 пациенттің 1-нен 10-на дейін

Сирек: 10000 пациенттің 1-нен 10-на дейін

Өте сирек: 10000 пациенттің 1-нен кем

Өте жиі

Қандағы қанттың төмен деңгейі (гипогликемия)

Жиі емес

Аллергия белгілері.

Енгізген жерде реакциялар (жергілікті аллергиялық реакция) – ауырсыну, қызару, есекжем, қабыну, ісіну, қышу байқалуы мүмкін. Бұл реакциялар әдетте инсулинді бірнеше апта бойы қабылдағаннан кейін жоғалады. Егер реакциялар жоғалмаса, емдеуші дәрігеріңізден кеңес алыңыз.

Дереу дәрігерден кеңес алыңыз:

егер аллергия белгілері дененің басқа бөліктеріне таралса

егер хал-жайыңыз кенет нашарлап, терлей бастасаңыз; құсу басталса; тынысыңыз тарылса; жүрек соғысы жиіленсе; бас айналуын сезсеңіз.

Көру мүшелері тарапынан бұзылулар

Инсулинмен емдеу басталғаннан кейін көру тарапынан бұзылыстар туындауы мүмкін, бірақ бұл бұзылыс уақытша.

Инъекция орнындағы терінің өзгеруі.

Бір аймақта инсулинді бірнеше рет енгізу май тінінің жұқаруына (липоатрофияға) немесе қалыңдауына (липогипертрофияға) әкелуі мүмкін (1000 пациенттің 1-10-ында дамиды). Сонымен қатар, амилоид ақуызының жиналуынан туындаған теріасты тығызданулары пайда болуы мүмкін (даму жиілігі белгісіз тері амилоидозы). Теріасты тығызданулары бар, терісі жұқарған немесе қалыңдаған жерлерде инсулинді енгізу препарат тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Мұндай тері өзгерістерінің дамуын болдырмау үшін препаратты әрбір енгізгенде инъекция орнын өзгерту керек.

Буындардың ісінуі. Инсулин қабылдай бастағаннан кейін сұйықтықтың жинақталуы тобық немесе басқа буындар айналасының ісінуі дамуына себеп бола алады. Әдетте бұл тез басылады.

Диабеттік ретинопатия (көру қабілетінен айырылуға әкеле алатын, диабетпен байланысты көз ауруы). Егер Сіз диабеттік ретинопатияға шалдықсаңыз және қаныңыздағы қант деңгейі жылдам жоғарылап кетсе, бұл диабеттік ретинопатия күйінің нашарлауына әкелуі мүмкін. Бұл жөнінде дәрігеріңізден кеңес алыңыз.

Сирек

Ауырсындыратын нейропатия (жүйкенің зақымдалуымен байланысты аурырсыну)

Егер қаныңыздағы қант деңгейі жылдам жоғарыласа, Сізде жүйкенің зақымдалуымен байланысты ауырсыну болуы мүмкін. Бұл күй шұғыл ауырсындыратын нейропатия деп аталады және әдетте ол уақытша сипатта болады.

Өте сирек

НовоРапид® препаратына немесе қосымша заттардың біріне (жүйелі аллергиялық реакция деп аталады) елеулі аллергиялық реакциялар.

Егер қандай да бір жағымсыз реакция ауыр сипатқа ие болса немесе Сіз осы нұсқаулықта көрсетілмеген жағымсыз реакцияларды байқасаңыз, дәрігеріңізге хабарлауыңызды сұраймыз.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір мл препарат құрамында

белсенді зат - инсулин аспарт* 100 ӘБ (600 нмоль немесе 3.5 мг),

қосымша заттар: мырыш, глицерол, фенол, метакрезол, натрий гидрофосфаты дигидраты, натрий хлориді, хлорсутек қышқылы (рН түзету үшін), натрий гидроксиді (рН түзету үшін), инъекцияға арналған су.

* Инсулин аспарт рекомбинантты ДНҚ технологиясы бойынша Saccharomyces cerevisiae жасушаларын қолдана отырып алынған.

Бір алдын ала толтырылған шприц-қаламда инсулин аспарттың 300 ӘБ баламалы 3 мл ерітінді бар.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Мөлдір, түссіз ерітінді. Сақтаған кезде өте жұқа тұнба қабаты пайда болуы мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бір жағынан бромбутил резеңкесінен/полиизопреннен жасалған дискілермен тығындалған және екінші жағынан көп реттік инъекцияға арналған көп дозалы бір реттік пластик шприц-қаламдарға дәнекерленген бромбутил резеңкесінен жасалған поршеньдерімен 1-гидролитикалық класты шыныдан жасалған картридждерде 3 мл препараттан.

Көп реттік инъекцияға арналған көп дозалы бір реттік 5 пластик шприц-қаламнан қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

30 ай

Бірінші ашылғаннан кейін 4 апта

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

2°С-ден 8°С-ге дейінгі температурада (тоңазытқышта), салқындатқыш элементтен аулақта сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды. Шприц-қаламды жарықтан қорғайтын қалпақшамен жабыңыз. Шамадан тыс жылу мен жарықтың әсерінен қорғау керек.

Бірінші ашылғаннан кейін: 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Тоңазытқышта (2°С-8°С) сақтауға болады. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәлімет

Ново Нордиск Продакшн САC

45 Авеню д’Орлеанс, F-28000 Шартр, Франция

Номер телефона: +45 4444 8889

Адрес электронной почты: eaeu-safety@novonordisk.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Ново Нордиск А/С

Ново Алле, DK-2880 Багсваерд, Дания

Номер телефона: +45 4444 8889

Адрес электронной почты: eaeu-safety@novonordisk.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы бойынша шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейін бақылау үшін жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Ново Нордиск Казахстан» ЖШС

Мекенжайы: Қазақстан, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Достық даңғылы, 38-үй, «Кең Дала» бизнес орталығы, Б блогы, 8-қабат, пошта индексі 050010

Телефон нөмірі: +7 (727) 330 77 88

Электронды поштасы: eaeu-safety@novonordisk.com

© 20XX

Ново Нордиск A/C

ФлексПен® алдын ала толтырылған шприц-қаламдағы тері астына енгізуге арналған ерітінді НовоРапид® препаратын пайдалану жөніндегі нұсқаулық.

Алдын ала толтырылған ФлексПен® шприц-қаламын қолданар алдында осы нұсқаулықты мұқият оқыңыз

Егер Сіз нұсқаулықты мұқият қадағаламасаңыз, Сіз тым аз немесе тым көп инсулин алып қоюыңыз мүмкін, бұл қандағы тым жоғары немесе тым төмен қант деңгейіне әкелуі мүмкін.

Сіздегі ФлексПен® шприц-қаламы – дозаторы бар бұл алдын ала толтырылған инсулиндік шприц-қалам. Сіз 1-ден 60 бірлікке дейінгі шекте инсулин дозасын 1 бірлік қадаммен таңдай аласыз. ФлексПен® шприц-қаламы ұзындығы 8 мм-ге дейінгі бір реттік НовоФайн® немесе НовоТвист® инелерімен пайдалану үшін әзірленген. Сақтану шарасы ретінде, ФлексПен® шприц-қаламы жоғалып немесе бүлініп қалған жағдайда инсулин енгізуге арналған қосымша жүйені үнемі өзіңізбен алып жүріңіз

Сақтау және қарау

Сіздегі ФлексПен® шприц-қаламы сақтықпен қарауды талап етеді.

Түсіп кеткен, бүлінген немесе күшті механикалық әсер болған жағдайда инсулиннің ағып кету қаупі бар. Бұл қате дозалауға әкелуі мүмкін, бұл қандағы тым жоғары немесе тым төмен қант деңгейіне әкелуі мүмкін.

Сіз ФлексПен® шприц-қаламының сыртқы жағын мақта тампонмен тазалай аласыз. Шприц-қаламды спиртке салмаңыз, оны жумаңыз және майламаңыз, өйткені бұл механизмді бүлдіруі мүмкін.

Сіздегі ФлексПен® шприц-қаламын қайта толтыруға болмайды.

Сіздегі НовоРапид® ФлексПен® шприц-қаламын жұмысқа дайындау

Шприц-қаламда инсулиннің қажетті типі бар екеніне көз жеткізу үшін Сіздегі шприц-қаламның атауын және түстік кодын тексеріңіз.

Бұл, егер сіз инсулиннің бірден астам типін қабылдайтын болсаңыз өте маңызды. Егер Сіз инсулиннің дұрыс емес типін енгізсеңіз, Сіздің қандағы қант деңгейіңіз тым жоғары немесе тым төмен болып кетуі мүмкін.

А

Шприц-қаламның қалпақшасын алып тастаңыз.

В

Жаңа инені алыңыз және бір реттік инеден қағаз жапсырмасын алып тастаңыз.

Сіздегі ФлексПен® шприц-қаламына инені ұқыптап әрі тығыз бұраңыз.

С

Үлкен сыртқы қалпақты инеден шешіңіз, бірақ оны тастамаңыз.

D

Иненің ішкі қалпақшасын алыңыз да тастаңыз.

Ешқашан иненің ішкі қалпақшасын инеге қайтадан кигізуге тырыспаңыз.

Сіз өзіңізді инемен түйреп алуыңыз мүмкін.

  • Әр инъекция үшін үнемі жаңа ине пайдаланыңыз. Бұл жұқтыру, инфекция, инсулиннің ағып кету, инелердің бітелу және қате дозалау қауіптерін төмендетеді.

  • Абайлаңыз, пайдалану алдында инені майыстырмаңыз және бүлдіріп алмаңыз.

Инсулиннің түсуін тексеру

Шприц-қаламды дұрыс пайдаланған жағдайда да, әр инъекцияның алдында картриджде аз болса да ауа жиналып қалуы мүмкін.

Ауа көпіршігінің қалуын болдырмау және препараттың дұрыс дозасын енгізуді қамтамасыз ету үшін:

Е

Дозалау селекторын айналдырып, 2 бірлік препарат жинап алыңыз.

F

Ауа көпіршіктері картридждің жоғарғы жағына ауысуы үшін ФлексПен® шприц-қаламының инесін жоғары қарата ұстап тұрып, картриджге саусақ ұшымен бірнеше рет сәл тықылдатыңыз.

G

Шприц-қаламының инесін жоғары қарата ұстап тұрып, іске қосу тетігін түбіне дейін екпінмен басыңыз. Дозалау селекторы нөлге оралады.

Иненің ұшында инсулин тамшысы пайда болуы тиіс.

Олай болмаса, инені ауыстырып, емшараны қайталаңыз, бірақ 6 реттен көп емес.

Егер иненің соңында инсулин тамшысы көрінбесе, бұл шприц-қаламның істен шыққанын көрсетеді және Сіз жаңа шприц-қалам пайдалануыңыз қажет.

  • Енгізу алдында әрқашан иненің соңында тамшы пайда болғанына көз жеткізіңіз. Бұл инсулин келіп түскенінің кепілдігі. Егер тамшы пайда болмаса, онда Сіз доза селекторы қозғалып тұрса да инсулин енгізе алмайсыз. Бұл иненің бітелуін немесе бүлінгенін көрсетуі мүмкін.

  • Инъекция жүргізу алдында инсулин келіп түскенін үнемі тексеріңіз. Егер Сіз инсулин келіп түскенін тексермесеңіз, Сіз тым аз инсулин алуыңыз немесе инсулиннің барлық дозасын алмауыңыз мүмкін. Бұл қандағы тым жоғары қант деңгейіне әкелуі мүмкін.

Сіздің дозаңызды белгілеу

Дозалау селекторының «0» қалпына қойылғанына көз жеткізіңіз.

H

Дозалау селекторын айналдыра отырып, инъекция үшін қажетті бірлік мөлшерін жинап алыңыз.

Дұрыс доза шамасы дозалау көрсеткішіне қарама-қарсы қойылатын кезге дейін дозалау селекторын кез-келген бағытқа айналдыру арқылы дозаны реттеуге болады. Іске қосу тетігін байқамай басып қалып, инсулин дозасының шығып кетуін болдырмау үшін, дозалау селекторын айналдырғанда сақ болыңыз.

Сіз картриджде қалған бірлік мөлшерінен асып кететін дозаны белгілей алмайсыз.

  • Инсулин инъекциясының алдында сіз қанша бірлік таңдағаныңызды көру үшін әрқашан дозалау селекторын және көрсеткішті пайдаланыңыз.

  • Шприц-қаламның сыртылдарын санамаңыз. Егер Сіз қате доза таңдап, енгізсеңіз қаныңыздағы қант деңгейі тым жоғары немесе тым төмен болып кетуі мүмкін. Қалдық шкаласын пайдаланбаңыз, шкала Сіздің шприц-қаламыңызда қалған инсулиннің тек болжалды мөлшерін көрсетеді.

Инсулин енгізу

Инені тері астына енгізіңіз. Өз дәрігеріңіз немесе медбике ұсынған инъекция жасау техникасын пайдаланыңыз

I

Инъекция жасау үшін іске қосу тетігін түбіне дейін, яғни дозалау көрсеткішіне қарама-қарсы «0» пайда болғанша екпінмен басыңыз. Сақ болыңыз: препаратты енгізгенде іске қосу тетігін ғана басу керек.

Дозалау селекторын айналдырған кезде инсулин дозасын енгізу жүзеге аспайды

J

Іске қосу тетігін толық басқан күйі ұстап тұрып инені тері астында кемінде 6 секунд қалдырыңыз. Бұл инсулиннің толық дозасының енгізілуін қамтамасыз етеді

Инені терінің астынан шығарыңыз, сосын қысымды іске қосу тетігіне жіберіңіз.

Дозалау селекторы инъекциядан кейін «0» қалпына келуін үнемі қадағалаңыз. Егер дозалау селекторы «0» қалпына келместен бұрын тоқтаса, толық доза жеткізілмейді, бұл қандағы тым жоғары қант деңгейіне әкелуі мүмкін.

К

Инені қалпақшаға тиместен иненің үлкен сыртқы қалпақшасына бағыттаңыз. Ине ішке кіргенде қалпақшаны абайлап кигізіңіз және инені бұраңыз.

Сақтық шараларын орындай отырып инені тастаңыз және шприц-қаламды қалпақшамен жабыңыз.

Әр инъекциядан кейін инені әрдайым алып тастаңыз және ФлексПенді® бекітілген инесіз сақтаңыз. Бұл ластану, инфекция, инсулиннің ағуы, иненің бітелуі және дозаның дәл еместігі қаупін азайтады.

Әрі қарайғы маңызды ақпарат

  • Науқасқа қарайтын адамдар инемен кездейсоқ түйрелу және айқаспалы инфекциялану қаупін азайту мақсатында инелерді жойғанда және тастағанда сақтық танытулары тиіс.

  • Пайдаланылған ФлексПен® шприц-қаламын ажыратылған инеден алып тастаңыз.

  • Ешқашан Өзіңіздің шприц-қаламыңызды немесе инелеріңізді басқа адамдарға бермеңіз. Бұл айқаспалы инфекциялануға әкелуі мүмкін.

  • Ешқашан Өзіңіздің шприц-қаламыңызды басқа адамдарға бермеңіз. Сіздің дәріңіз олардың денсаулығына зиян тигізуі мүмкін.

  • Өзіңіздің шприц-қаламыңызды және инелеріңізді әрқашан басқаларға, әсіресе балаларға көрінбейтін және қол жетімсіз жерде сақтаңыз

Прикрепленные файлы

1_LV_NovoRapid_FP_CH_kaz.docx 1.22 кб
1_LV_NovoRapid_FP_CH_rus_ф._.docx 1.26 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники