НОВАВЕРДЕ (1.6 %)

МНН: Кетопрофена лизиновая соль
Производитель: Доппель Фармацеутици С.р.л.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для местного применения при заболеваниях полости рта
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024955
Информация о регистрации в РК: 16.03.2021 - 16.03.2026

Инструкция

Саудалық атауы

НОВАВЕРДЕ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Кетопрофен

Дәрілік түрі, дозасы

Шаюға арналған ерітінді 1,6 %

Фармакотерапиялық тобы

Ас қорыту жолы және зат алмасу. Стоматологиялық препараттар. Ауыз қуысының аурулары үшін жергілікті қолдануға арналған басқа препараттар. Басқалары.

АТХ коды: A01AD11.

Қолданылуы

Тітіркенумен және қабынумен қатар жүретін, оның ішінде ауызжұтқыншақ қуысындағы (мысалы, гингивит, стоматит, фарингит), сондай-ақ консервативті стоматологиялық емдеу салдарынан және тісті жұлғаннан кейінгі ауырсынумен байланысты ауруларды симптоматикалық емдеу.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

  • басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қолдану кезінде анамнезінде демікпе, есекжем немесе ринит сияқты аллергиялық реакциялары болған пациенттерде жекелей жоғары сезімталдық

  • жүктілік және бала емізу кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалар

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Ұзақ емдегенде және үлкен дозаларды қолданғанда сіңірілген кетопрофен мен плазма ақуыздарымен жақсы байланысатын басқа препараттар арасында ықтимал бәсекелестік туралы есте сақтау қажет.

Жергілікті қолдануға арналған препараттарды, әсіресе ұзақ уақыт бойы қолдану сенсибилизация құбылыстарын тудыруы мүмкін. Бұл жағдайда препаратты қолдануды тоқтатып, тиісті емдеуді бастау керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілген жоқ.

Арнайы ескертулер

Кейбір қосымша заттар туралы маңызды ақпарат:

Препарат құрамында аллергиялық (оның ішінде баяу әсер ететін) реакциялар тудыруы мүмкін парагидроксибензоаттар (метилпарагидроксибензоат және пропилпарагидроксибензоат) бар.

Жасыл бояғыш (хинолинді сары (E104) және патенттелген көк V (E131)) аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін.

Шаюға арналған ерітіндіде аз мөлшерде этил спирті бар, бір дозаға 100 мг-нан аз.

Жүктілік және лактация кезеңі

НОВАВЕРДЕ, шаюға арналған ерітіндісін белгілі немесе болжамды жүктілік кезінде және бала емізу кезінде қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың көлік жүргізу немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсері туралы деректер жоқ.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Шамамен 100 мл суда сұйылтылған 10 мл шаюға арналған ерітінді күніне бір немесе екі шаю.

Қолдану тәсілі

Құтыны ашу үшін қақпақты мықтап басып, оны бір мезгілде сағат тіліне қарсы бұраңыз.

Құтыға 10 мл белгі қойылған өлшеуіш стақан бекітілген. Шаюға арналған 10 мл ерітінді 100 мл жуық суда сұйылтылады.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Дұрыс пайдаланылмаған немесе кездейсоқ артық дозаланған кезде, әдетте қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен уланған жағдайда қолданылатын жалпы терапиялық іс-әрекеттерді орындау қажет.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесу керек.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар

Құрамында кетопрофен лизин тұзы бар ерітіндіні қолдану салдарынан жағымсыз реакциялардың жергілікті және жүйелі көріністері анықталған жоқ.

Жағымсыз реакциялар туындаған жағдайда дәрігермен кеңесіңіз.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

100 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - кетопрофен лизин тұзы, 1,6 г, бұл 1 г кетопрофенге сәйкес келеді;

қосымша заттар: глицерин (85%), этанол 96%1, натрий сахарині, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, жалбыз хош иістендіргіші2, левоментол, жасыл бояғыш, натрий дигидрофосфаты, тазартылған су.

1 - Этанол мөлшері 3840 мг/100 мл құрайды.

2 - Этанолдың мөлшері 85 мг/100 мл құрайды.

Дайын өнімдегі этанолдың жалпы мөлшері 3.925 г/100 мл құрайды, бұл 785 мг/ең жоғары тәуліктік доза (20 мл шаюға арналған ерітінді) және 392.5 мг/бір реттік тәуліктік доза (10 мл шаюға арналған ерітінді) сәйкес келеді.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Жасыл түсті мөлдір ерітінді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

150 мл ерітіндіден бейтарап полипропиленнен жасалған өлшегіш стақанмен жиынтықтағы, балалардың ашуынан қорғалған полипропилен қақпақпен жабылған, тығыздығы жоғары ақ түсті полиэтилен құтыда.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Құтыны алғаш ашқаннан кейін сақтау мерзімі 9 аптаны құрайды.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәлімет

ДОППЕЛЬ ФАРМАЦЕУТИЦИ С.Р.Л.

Мекенжайы: Виа Мартири делле Фоибе, 1 – 29016 Кортемаггиоре (ПС), Италия

Тел: +39 0523 8335200

Факс: +39 0523 8335299

Электронды пошта: info@doppel.it

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

ЮАБ «МРА»

Мекенжайы: Тоторю к-сі 20-9, LT – 01121 Вильнюс, Литва Республикасы

Телефон: +370 5 2649010

Факс: +370 5 2124270

Электронды пошта: info@mra.lt

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«MERLIN CAPITAL INVESTMENTS LLP» (МЕРЛИН КЭПИТАЛ ИНВЕСТМЕНТС ЛЛП) Серіктестігінің Өкілдігі, Достық даңғылы, 105, 050051, 301А кеңсе, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

Тел/факс: +772 731 71464

Электронды пошта: gulmira.pharm@yahoo.com

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Registrarius» ЖШС. Қазақстан Республикасы, 050036, Алматы қ., Мамыр-1 ы/а, 29 үй, 159 пәтер. Тәулік бойғы телефон: +7-717-272-72-31; e-mail: pv.kz@biomapas.eu

Прикрепленные файлы

НОВАВЕРДЕ_каз.docx 0.05 кб
НОВАВЕРДЕ_рус.docx 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту