Нобен (30 мг)

МНН: Идебенон
Производитель: ЗАО "Биннофарм"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Idebenone
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021502
Период регистрации: 30.06.2015 - 30.06.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Нобен

Халықаралық патенттелмеген атауы

Идебенон

Дәрілік түрі

Капсулалар, 30 мг

Құрамы

1 капсула құрамында

белсенді зат - идебенон 30 мг,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, картоп крахмалы, повидон (молекуласы төмен медициналық поливинилпирролидон немесе пласдон), магний стеараты.

Капсула қабығының құрамы: титанның қостотығы (Е 171), хинолинді сары (Е 104), күн батар түстес сары (Е 110), желатин.

Сипаттамасы

Сары түсті қатты желатинді капсулалар № 1.

Капсула ішінде – түйіршіктері бар гранулят және ашық сарыдан қызыл сары түске дейінгі теңбілдері бар сары немесе сары-қызыл сары ұнтақ, ақ теңбілдер болуы мүмкін

Фармакотерапиялық тобы

Психоаналептиктер. Психостимуляторлар мен ноотроптар. Психостимуляторлар мен басқа да ноотороптар. Идебенон.

АТХ коды N06BX13

Фармакологиялық әсері

Фармакокинетикасы

Асқазан-ішек жолында жылдам сіңеді, қандағы концентрация шыңына 4 сағаттан кейін жетеді. Жартылай шығарылу кезеңі шамамен 18 сағатты құрайды. Едәуір мөлшерде гематоэнцефалдық бөгет арқылы жылдам өтеді және ми тіндерінде таралады. Тіпті ұзақ қолданған кезде де жинақталу орын алмайды. Бауырда метаболизденеді, несеппен және нәжіспен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Глюкоза және АТФ синтезін белсендіру, ми тіндерінің қанмен қамтылуын және оксигенациясын жақсарту жолымен бас миында алмасу үдерістерін жақсартады, лактаттардың шығарылуына ықпал етеді. Антиоксидант бола отырып, липидтердің асқын тотықты тотығуын баяулатады және осылайша нейрондар мен митохондриялардың жарғақшаларын зақымданудан сақтайды.

Психостимуляциялайтын және нейропротекторлы әсері бар ноотропты қасиеттерге ие. Препаратты қабылдаудың алғашқы күндерінен антиастеникалық, психостимуляциялайтын және антидепрессиялық әсер байқалады. Ноотропты және мнемотропты әсері емдеудің 20-25 күндерінен кейін белігіленеді.

Қолданылуы

  • ми қан айналымының бұзылуына және бас миының жасқа байланысты инволюциялық өзгерістерге негізделген психоорганикалық синдром

  • тамырлық, жарақаттық, психогенді (неврастения) және біріккен этиологиядағы цереброастениялық бұзылыстар, мына формаларда байқалады: жадының және/немесе зейіннің бұзылуы, интеллектуалдық қабілеттің және жалпы белсенділіктің төмендеуі, эмоционалдық тұрақсыздық, астениялық, астено-депрессиялық және айқындығы орташа депрессиялық күй, бас айналуы, құлақтағы шуыл

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке 1 капсуладан (30 мг) күніне 2 - 3 рет тамақтан кейін, кешкі қабылдауды 17 сағаттан кешіктірмей жүргізу ұсынылады. Емдеу курсының ұзақтығы 1,5-2 айды құрайды. Қайталау курстарын жылына 2-3 рет жүргізу ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар

  • ұйқыға кетудің бұзылуы

  • психикалық қозу

  • бас ауыруы

  • диспепсия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препаратқа немесе оның компоненттерінің біріне аса жоғары сезімталдық

  • созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

  • балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

  • жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолданылуы

Зерттелмеген.

Препараттың құрамында лактоза бар, сондықтан туа біткен фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе аса қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Көлік жүргізушілері мен мамандықтары жылдам психикалық және қимыл реакцияларын талап ететін адамдарға жұмыс істеген кезде қабылдауға болмайды, өйткені психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін жұмыстарды орындайтын адамдарға ықпалына зерттеу жүргізілген жоқ.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлер айқындығының күшеюі.

Емі: препаратты қабылдауды тоқтату, асқазанды шаю, белсендірілген көмір қабылдау. Симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 капсуладан поливинилхлорид үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1, 2, 3, 6, 9 немесе 12 пішінді ұяшықты қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады. Қорапшаларды топтық қаптамаға салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Биннофарм» ЖАҚ

Ресей, 124460, Мәскеу, Зеленоград қ-сы, Конструктор Гуськов к-сі, 3 үй,

1 құрылыс

Тіркеу куәлігінің иесі

«Биннофарм» ЖАҚ, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Форпост-Инвестициялар және даму» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 010000,

Астана қ-сы, Есіл ауданы, Орынбор к-сі, 8 үй, № 3 подъезд, 6 қабат, ВП 11/1 кеңсе. тел: +7 (7172) 727-818, факс: +7 (7172) 727-819

электронды поштасы: B.Tukenova@forpost.kz

Прикрепленные файлы

035211481477976404_ru.doc 51 кб
562081531477977652_kz.doc 54.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники