Никомекс

МНН: Этилметилгидроксипиридина сукцинат
Производитель: НИКО ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний нервной системы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021379
Период регистрации: 14.05.2015 - 14.05.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Никомекс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 50 мг/мл ерітінді

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат ‒ этилметилгидроксипиридин сукцинаты 50 мг;

қосымша заттар: натрий метабисульфиті (Е 223), инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз немесе сәл сарғыштау сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды N07XX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бұлшықет ішіне енгізген кезде препарат енгізгеннен кейін 4 сағат ішінде қан плазмасында анықталады. Ең жоғарғы концентрациясына жету уақыты 0,45-0,5 сағатты құрайды. 400-500 мг дозада ең жоғарғы концентрациясы ‒ 3,5-4,0 мкг/мл. Этилметилгидроксипиридин сукцинаты қан ағысынан ағзалар мен тіндерге тез өтеді және организмнен тез шығарылады. Организмнен негізінен глюкуронды-конъюгацияланған түрде және елеусіз мөлшерде өзгермеген күйде несеппен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Никомекс бос радикалды үдерістер тежегіші, жарғақша протекторы болып табылады, гипоксияға қарсы, стресс-протекторлық, ноотроптық, құрысуға қарсы және анксиолитикалық әсер көрсетеді. Препарат түрлі зақымдайтын факторлардың әсеріне, оттегіне тәуелді патологиялық жай-күйлерге (шок, гипоксия және ишемия, мидағы қан айналымының бұзылуы, алкогольмен және психозға қарсы дәрілермен (нейролептиктермен) улану) организмнің төзімділігін арттырады.

Препарат мидың метаболизмін және қанмен қамтылуын жақсартады, қанның микроайналымын және реологиялық қасиетін жақсартады, тромбоциттер агрегациясын төмендетеді. Қан жасушаларының (эритроциттер мен тромбоциттердің) жарғақшалық құрылымын тұрақтандырады. Гиполипидемиялық әсер көрсетеді, жалпы холестерин мен тығыздығы төмен липопротеидтер мөлшерін азайтады. Жедел панкреатитте ферментативтік токсемияны және эндогенді уыттануды төмендетеді.

Әсер ету механизмі оның антиоксиданттық және жарғақшалық протекторлық әсеріне байланысты. Препарат липидтердің асқын тотықты тотығуын тежейді, асқын оксиддисмутаза белсенділігін арттырады, липид-ақуыз арақатынасын жоғарылатады, жарғақшаның тұтқырлығын төмендетеді. Жарғақшамен байланысқан ферменттердің (кальцийге тәуелді емес фосфодиэстераза, аденилатциклаза, ацетилхолинэстераза), рецепторлық кешендердің (бензодиазепинді, ГАМК, ацетилхолинді) белсенділігін модульдейді, бұл олардың лигандалармен байланысу қабілетін күшейтеді, биожарғақшалардың құрылымдық-функционалдық ұйымдастырылуының сақталуына, нейромедиаторлардың тасымалдануына және синаптикалық берілуінің жақсаруына ықпал етеді, мидағы дофамин мөлшерін арттырады. Аэробтық гликолиздің компенсаторлық активациясының күшеюін және АӨФ және креатинфосфат мөлшерінің артуымен және митохондриялардың энергосинтездейтін функциясының активациясымен гипоксия жағдайында Кребс циклінде тотығу үдерістерінің бәсеңдеу дәрежесінің төмендеуін, жасуша жарғақшаларының тұрақтануын туғызады.

Қолданылуы

- мидағы қан айналымының жедел бұзылуларында

- дисциркуляторлық энцефалопатияда

- вегетативтік дистония синдромында

- шығу тегі атеросклероздық жеңіл когнитивтік бұзылуларда

- невроздық және невроз тәрізді жай-күйлердегі үрейлі бұзылыстарда

- невроз тәрізді және нейроциркуляторлық бұзылулар басым болатын алкогольдік абстиненттік синдромды басуда

- психозға қарсы дәрілермен жедел уыттануда

- құрсақ қуысындағы жедел іріңді-қабыну үдерістерінде (жедел

некроздық панкреатит, перитонит) кешенді ем құрамында.

Қолдану тәсілі және дозалары

Никомексті бұлшықет ішіне немесе көктамыр ішіне тағайындайды (сорғалатып, тамшылатып). Дозаны жекелей таңдайды. Инфузиялық енгізу тәсілі кезінде препаратты натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісінде сұйылту керек (200 мл). Никомексті 5-7 минут бойы баяу сорғалатып, 1 минутта 40-60 тамшы жылдамдықпен тамшылатып енгізеді. Ең жоғарғы тәуліктік доза 1200 мг-ден аспауы тиіс.

Мидағы қан айналымының жедел бұзылуларында Никомексті кешенді емдеуде алғашқы 2-4 күнде көктамыр ішіне тамшылатып тәулігіне 2-4 рет 200- 500 мг-ден, содан соң бұлшықет ішіне тәулігіне 2-3 рет 200 - 250 мг-ден тағайындайды. Емдеу ұзақтығы 10 - 14 тәулікті құрайды.

Дисциркуляторлық энцефалопатияның курстық алдын алу үшін препаратты бұлшықет ішіне 10-14 күн бойы тәулігіне 2 рет 200 - 250 мг-ден енгізеді.

Декомпенсация фазасында дисциркуляторлық энцефалопатия кезінде Никомексті көктамыр ішіне сорғалатып немесе тамшылатып 14 күн бойы тәулігіне 1-2 рет 200 - 500 мг дозада тағайындау керек. Содан соң препаратты бұлшықет ішіне келесі 2 апта бойы тәулігіне 100 - 250 мг-ден енгізеді.

Жеңіл когнитивтік бұзылуларда егде жастағы науқастарда және үрейлі жай-күйлерде препаратты бұлшықет ішіне 14-30 күн бойы тәулігіне 100 - 300 мг дозада тағайындайды.

Абстинентті алкогольдік синдромда Никомексті көктамыр ішіне тамшылатып 200-500 мг дозада немесе бұлшықет ішіне 5-7 күн бойы тәулігіне 2-3 рет енгізеді.

Психозға қарсы дәрілермен жедел уыттануда ересектерге препаратты көктамыр ішіне 7-14 күн бойы тәулігіне 200 - 500 мг дозада енгізеді.

Құрсақ қуысының жедел іріңді-қабыну үдерістерінде (жедел некроздық панкреатит, перитонит) препаратты операция алдындағы және операциядан кейінгі кезеңде де алғашқы тәуліктерде тағайындайды. Дозалар аурудың дәрежесіне және ауырлығына, үдерістің ауқымдылығына, клиникалық ағымының нұсқаларына байланысты. Препаратты қабылдауды тоқтату тұрақты позитивтік клиникалық-зертханалық әсерден кейін ғана біртіндеп жүргізілуі тиіс.

Жедел ісінулі (интерстициальді) панкреатитте Никомексті көктамыр ішіне тамшылатып (натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінде) немесе бұлшықет ішіне тәулігіне 3 рет 200 - 500 мг-ден тағайындайды.

Некроздық панкреатит ауырлығының жеңіл дәрежесі: ересектерге көктамыр ішіне тамшылатып (натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінде) және бұлшықет ішіне күніне 3 рет 100 -200 мг-ден тағайындайды. Орташа дәрежедегі ауырлық: ересектерге көктамыр ішіне тамшылатып (натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінде) тәулігіне 3 рет 200 мг-ден. Ауыр ағым: пульсіне қарай - екі рет енгізгенде алғашқы тәуліктерде 800 мг дозада; бұдан ары тәуліктік дозаны біртіндеп төмендету арқылы тәулігіне 2 рет 200 - 500 мг-ден. Өте ауыр ағым: бастапқы дозада панкреатогенді шок симптомдарын тұрақты басуға дейін тәулігіне 800 мг, жай-күйді тұрақтандырғаннан кейін - тәуліктік дозаны біртіндеп төмендету арқылы көктамыр ішіне тамшылатып (натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінде) тәулігіне 2 рет 300 - 500 мг-ден.

Ампуламен жұмыс істеу тәртібі.

  • Бір ампуланы блоктан ажыратып, мойнынан ұстап сілку керек (1-сурет).

  • Ампуланы қолмен қысып (бұл ретте препарат ағып кетпеуі тиіс), айналдыра қозғалтып бұру керек және бастиегін бөлек алу қажет (2-сурет).

  • Пайда болған саңылау арқылы дереу еккішті ампуламен қосу керек (3-сурет).

  • Ампуланы төңкеріп, оның ішіндегісін еккішке баяу тарту қажет (4-сурет).

  • Инені еккішке кигізу керек.

     

    1 -сурет 2-сурет 3-сурет 4-сурет

Жағымсыз әсерлері

- жүрек айнуы, ауыздың шырышты қабығының құрғауы, ауыздың темір татуы

- жағымсыз иіс, тамақтың жыбырлауы, кеуде қуысындағы жайсыздық

- аллергиялық реакциялар

- ұйқышылдық, ұйықтап кету үдерісінің бұзылуы

- үрейлену сезімі

- эмоционалдық белсенділік

- бас ауыруы

- қимыл үйлесімінің бұзылуы

- артериялық қысымның жоғарылауы

- артериялық қысымның төмендеуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жекелей жоғары сезімталдық

- жедел бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бензодиазепинді анксиолитиктердің, құрысуға қарсы дәрілердің (карбамазепиннің), паркинсонға қарсы дәрілердің (леводопаның) әсерін күшейтеді. Этил спиртінің уытты әсерін төмендетеді.

Айрықша нұсқаулар

Жекелеген жағдайларда, әсіресе ауырлап кеткен аллергологиялық сыртартқысы бар науқастарда, бронх демікпесі бар емделушілерде, сульфиттерге жоғары сезімталдық болғанда аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары дамуы мүмкін.

Жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолдану.

Жүктілік және бала емізу кезеңінде препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігіне қатысты мәліметтер жоқ, сондықтан Никомексті бұл кезеңде қолданбайды.

Балалар

Препаратты балаларға қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған, сондықтан Никомексті емделушілердің бұл санатына қолданбайды.

Үйлесімсіздігі

Препаратты басқа дәрілік заттармен араластыруға болмайды. Нұсқаулықта көрсетілген еріткішті ғана пайдалану керек.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емдеу кезеңінде реакция шапшаңдығына және зейін шоғырландыру қабілетіне әсер етуі мүмкін жағымсыз әсерлерді ескере отырып, автокөлік басқаруды немесе күрделі механизмдермен жұмыс істеуді тоқтата тұру керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: ұйқышылдық болуы мүмкін.

Емі: уытсыздандыру емі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

2 мл препараттан полиэтилен ампулаларда.

10 ампуладан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге тұтыну ыдысына арналған картон қорапшаға салынған.

5 мл препараттан полиэтилен ампулаларда.

5 ампуладан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге тұтыну ыдысына арналған картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтың әсерінен қорғау үшін ампуланы 250С-ден аспайтын температурада сыртқы қорапшасында ұстау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Ампуланы ашқаннан кейінгі сақтау мерзімі

Пайдаланылмаған ампуланың ішіндегісін жою керек, ары қарай қолдануға болмайды.

Нұсқаулыққа сәйкес сұйылтқаннан кейінгі сақтау мерзімі

Микробиологиялық тұрғыдан препаратты дереу қолдану керек.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«НИКО» ЖШҚ, Украина, 86123, Донецк обл., Макеевка қ., Таежная к-сі, 1-1.

Тіркеу куәлігінің иесі

«НИКО» ЖШҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы «НИКО» ЖШҚ, Украина, 86123, Донецк обл., Макеевка қ., Таежная к-сі, 1-1 Тел/факс: +(062) 341 46 41, электронды поштасы: office@nikopharm.com.ua

 

Прикрепленные файлы

638208351477976526_ru.doc 165 кб
215830791477977697_kz.doc 180 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники