Нервомикс форте

МНН: Валерианы лекарственной корневища с корнями, Зверобоя продырявленного трава, Мелиссы лекарственной трава, Хмеля шишки
Производитель: Пабяницкий фармацевтический завод Польфа АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие снотворные и седативные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№022245
Период регистрации: 11.07.2016 - 11.07.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Нервомикс форте

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар

Құрамы

1 капсуланың құрамында, миллиграммен:

белсенді заттар: 250 мг шүйгіншөп тамыры, 52,500 мг құлмақ түйіні, 52,500 мг сермене жапырағы, 35,00 мг шайқурай шөбі

капсула құрамы: эритрозин (Е 127), титанның қостотығы (Е 171), индиготин (Е 132), желатин.

Сипаттамасы

Ащы тұтқыр дәмі мен өзіне тән иісі бар, жасылдау қоңыр түсті ұнтақ. Корпусы мен қақпақшасы күңгірт- күрең қызыл түсті, №0 қатты желатин капсулалар.

Фармакотерапиялық тобы

Психотропты препараттар. Ұйықтататын және тыныштандыратын дәрілер. Ұйықтататын және тыныштандыратын басқа да дәрілер.

ATХ кoды N05CM

Фармакологиялық қасиеттері

Тыныштандыратын әсері бар өсімдік тектес препарат. Ұйықтап кетуді жеңілдетеді. Шүйгіншөп тамырының, құлмақ түйінінің әсер етуші қосылыстары жүйке ширығуы жағдайларында қолданылады, ұйқыны қалыпқа түсіреді. Препараттың негізгі әсер етуші компоненті шүйгіншөп тамыры болып табылады. Шүйгіншөп тамырының тыныштандыратын әсерін құлмақ түйіні, сермене және шайқурай жапырақтары сығындыларының қосылыстары күшейтеді.

Қолданылуы

- жүйкенің аса ширығуында

- ұйқысыздықта

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер: симптомдар қарқындылығына байланысты 2 – 4 капсуладан тәулігіне 3 рет судың аздаған мөлшерімен ішеді, тамақтану уақытына байланысты емес. Тәуліктік доза 12 капсуладан аспайды.

Ұйқысыздық кезінде ұйықтағанға дейін жарты сағат-бір сағат бұрын бір реттік дозаны (2 – 4 капсула) қабылдау ұсынылады.

Емдеу курсын дәрігер белгілейді немесе препаратты 3 аптадан артық қолданбаған дұрыс.

Жағымсыз әсерлері

Ұсыналған дозаларды қабылдау кезінде жағымсыз әсерлері сирек туындайды. Шүйгіншөп тамырын көтере алмаушылық, асқазан-ішек бұзылысы, шаршауды сезіну, терісінің түсі ақшыл адамдарда жарыққа сезімталдық симптомдары анда-санда кездесуі мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

  • жүктілік, лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа тыныштандыратын препараттармен біріктірілімде, сондай-ақ теофиллинмен, циклоспоринмен, варфаринмен, дигоксинмен, пероральді контрацептивтермен және алкогольмен біріктірілімде қолдануға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Дәрілік препаратта шайқурай шөбінің болуына байланысты дәрілік препаратты пайдаланғанда ультракүлгін сәулелер (күнге күю, солярий) әсер етуін болдырмаған жөн. Дәрілік препаратты қабылдағаннан кейін жағымды әсері болмаса немесе қолдану кезінде симптомдары күшейіп кеткен жағдайда дәрігердің кеңесіне жүгінген жөн.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Нервомих Форте дәрілік өнімі психофизикалық жұмыс қабілеттілігін, автокөлік жүргізу немесе қозғалыстағы механизмдерді басқару қабілетін төмендетуі мүмкін, сондықтан автокөлікті жүргізу немесе механизмдермен қызмет көрсету алдында препаратты қолдану ұсынылмайды.

Артық дозалануы

Симптомдары. Препаратпен артық дозалану дәрілік препаратта шайқурай шөбінің болуына байланысты, әсіресе терісінің түсі ақшыл адамдарда жарыққа сезімталдықты туындатуы мүмкін.

Емі. Препаратты тұтынып жүрген кезде күнге шықпаған жөн.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 немесе 20 капсуладан поливинилхлоридті/поливинидихлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

2 (10) немесе 3 (20) пішінді қаптамадан қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

30 ай

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Pharmaceutical Works Polfa in Pabianice Joint Stock Company.

5, marsz. J. Piłsudskiego Str., 95-200 Pabianice, Польша

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Adamed Consumer Healthcare S.A.

Pieńków 149, 05-152, Czosnów, Польша

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның және Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Пабьяницкий фармацевтикалық зауыты Польфа» АҚ ҚР өкілдігі 059000, Алматы қ., Абай көшесі, 109В үй, «Глобус» бизнес орталығы, 13 қабат, 13-2 кеңсе. Тел/факс: +7(727) 2776977. E-mail: info.kz@adamed.com.pl

Прикрепленные файлы

569380831477976207_ru.doc 76.5 кб
127785331477977456_kz.doc 82.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники