Нео-ангин®
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Нео-ангин®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Соруға арналған таблеткалар
Құрамы
Соруға арналған 1 таблетканың құрамында
белсенді заттар:
2,4–дихлорбензил спирті 1,20мг
левоментол 5,90мг
амилметакрезол 0,60мг
қосымша заттар: анис майы, жалбыз майы, сахароза, глюкоза шәрбаты, шарап қышқылы, Понсо 4R бояғышы (Е124),
Сипаттамасы
Қызыл түсті, дөңгелек пішінді, екі жағы аздап дөңес, өзіне тән жағымды иісі бар таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар.
АТХ коды R02AA20
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Жүйелік сіңуі төмен.
Фармакодинамикасы
Ауыз қуысында және жұтқыншақта жергілікті қолдануға арналған біріктірілген антисептикалық препарат. Грамоң және грамтеріс микроорганизмдерге және зеңдерге қатысты белсенді.
2,4- дихлорбензил спирті мен амилметакрезолдың негізгі әсері беткейлік белсенділікпен байланысты. Екі зат бактериялық жасушаның жасушалық жарғақша липидтерімен өзара әрекеттеседі, ол оның бұзылуына әкеледі. Левоментол әсерін шырышты қабықтың рецепторларын көтермелеуге негізделген ауруды басатын әсермен толықтырады.
Қолданылуы
- ауыз қуысының және жұтқыншақтың жұқпалы-қабыну ауруларында
Қолдану тәсілі және дозалары
1 таблеткадан әр 2-3 сағат сайын тағайындайды. Таблеткаларды толық ерігенге дейін сорады.
Ең жоғарғы тәуліктік дозасы – 6 таблетка. Дәрігердің тағайындауынсыз Нео-ангин®, соруға арналған таблетканы 4-5 күннен артық қабылдауға болмайды.
Жағымсыз әсерлері
Диспепсия, аллергиялық реакция болуы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
-
тұқым қуалайтын сахарозаны көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза мальабсорциясы немесе сахароза-изомальтоза жетіспеушілігі
-
18 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа препараттармен клиникалық маңызды өзара әрекеттесуі анықталмаған.
Айрықша нұсқаулар
Симптомдары сақталып қалса, дәрігермен кеңесу керек.
Қант диабетімен науқастар таблетканың құрамында 2,6 г қант бар екенін ескеруі тиіс.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препараттың жүктілік және лактация кезеңінде қолданылуының қауіпсіздігі жөнінде мәліметтер жоқ, сондықтан да препаратты пайда/қауіп арақатынасын ескере отырып қолдануға болады.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Артық дозалану жағдайлары белгісіз
Шығарылу түрі және қаптамасы
Соруға арналған таблеткалар.
Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 12 таблеткадан.
2 пішінді қаптама қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жедрде сақтау керек.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
ДИВАФАРМА ГмбХ
Мотценер штр. 41
12277, Берлин, Германия
Тел. (030) 72007-266
Тіркеу куәлігінің иесі
ДИВАФАРМА ГмбХ
Мотценер штр. 41
12277, Берлин, Германия
Тел. (030) 72007-266
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Қазақстан Республикасындағы, Орталық Азиядағы және Кавказдағы «Astra Logistic Ltd» ЖШҚ (Астра Логистик Лтд) өкілдігі. 059000, Алматы қ., Игишев көшесі, 75. Тел: +7(727) 3867597, 3867606, 3867599. Факс: +7(727) 3867619. E-mail: info@alltd.kz. www.pharmaceuticals-forwarder.com. www.alltd.kz.