Нео-ангин® без сахара

МНН: Амилметакрезол, Дихлорбензиловый спирт, Левоментол
Производитель: Дивафарма ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020918
Период регистрации: 31.10.2014 - 31.10.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Нео-ангин® қантсыз

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Соруға арналған таблеткалар

Құрамы

Соруға арналған 1 таблетканың құрамында

белсенді заттар:

спирт 2,4–дихлорбензил 1,20 мг

левоментол 5,72 мг

амилметакрезол 0,60 мг

қосымша заттар: анис майы, жалбыз майы, Понсо 4R (Е124), изомальт, шарап қышқылы.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті аздап дөңес, өзіне тән жағымды иісі бар, қызыл түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Басқа да препараттар.

АТХ коды R02AA20

Фармакологиялық қасиеттері

ЛОР-тәжірибесінде жергілікті қолдануға арналған антисептикалық біріктірілген препарат.

2,4-дихлорбензил спирті бензол туындысы, антисептик болып табылады.

Амилметакрезол – фенол туындысы, антисептик, микробқа қарсы белсенділігі бар. 2,4-дихлорбензил спирті мен амилметакрезолдың әсер ету механизмі микробтық және зеңдік жасушалар ақуыздары коагуляциясымен, сондай-ақ қоздырғыштарға қарсы тиімділікті айқындайтын жасуша жарғақшалары липидтерімен өзара әрекеттесуіне байланысты. Ментол жүйке ұштарының тітіркенуін туындатады, онда суық, жеңіл күйдіру мен шаншуды сезіну қатар жүреді, жергілікті ауырғанды басатын жеңіл әсер береді. Препараттың белсенді компоненттері жергілікті антисептикалық және жергілікті жансыздандарушы әсер туындатады. Препарат жоғарғы тыныс жолдары мен ауыз қуысы шырышты қабығының тітіркену симптомдарын, бөгде денені сезінуді, жұтқыншақтың қышуын, жыбырлауын қайтарады; шырышты қабыққа деконгестивті әсер етеді, мұрынның бітелуін азайтады, тамақтың тітіркенуі мен ауырын жұмсартады.

Қолданылуы

Кешенді емдеуде

- фарингитте

- ларингитте

- баспаның асқынбаған түрлерінде

- стоматитте

- гингивитте

Қолдану тәсілі және дозалары

1 таблеткадан әр 2-3 сағат сайын тағайындайды. Таблеткаларды толық ерігенге дейін сорады.

Ең жоғары тәуліктік дозасы – 6 таблетка. Дәрігердің тағайындауынсыз Нео-ангин® қантсыз соруға арналған таблеткаларын 3-4 күннен артық қабылдауға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

- шырышты қабықтың тітіркенуі, диспепсия, асқазанның ауыруы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық

  • 6 жасқа дейінгі балалар

  • жүктілік, лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Қант диабетімен ауыратын науқастарға препаратты тағайындағанда соруға арналған 1 таблетка 0,22 НБ сәйкес келетінін ескеру керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары белгісіз

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті/диполивинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 8 таблеткадан және 12 таблеткадан.

2 пішінді қаптама қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жедрде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

ДИВАФАРМА ГмбХ

Мотценер штр. 41

12277, Берлин, Германия

Тел. (030) 72007-266

Тіркеу куәлігінің иесі

ДИВАФАРМА ГмбХ, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Astra Logistic Ltd» ЖШҚ (Астра Логистик Лтд) Қазақстан Республикасы, Орталық Азия және Кавказдағы өкілдігі. 059000, Алматы қ., Игишев көшесі, 75.

Тел: +7(727) 3867597, 3867606, 3867599. Факс: +7(727) 3867619. E-mail: info@alltd.kz. www.pharmaceuticals-forwarder.com. www.alltd.kz.

 

Прикрепленные файлы

323458921477976662_ru.doc 46 кб
092747871477977815_kz.doc 55 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники