Неотон

МНН: Фосфокреатин
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Fosfocreatine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020551
Информация о регистрации в РК: 26.08.2019 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Неотон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Фосфокреатин

Дәрілік түрі

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 1 г

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді зат - фосфокреатиннің натрий тұзы 1.0 г.

Сипаттамасы

Ақ немесе сарғыш түсті кристалды ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Жүрек-қантамыр жүйесі. Кардиологиялық препараттар. Басқа кардиологиялық препараттар. Фосфокреатин.

АТХ коды С01ЕВ06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препараттың көбірек мөлшері қаңқалық бұлшықеттерде, миокардта және мида жиналады. Бауыр мен өкпеде препараттың жинақталуы елеусіз.

Препаратты вена ішіне енгізгеннен кейін фосфокреатиннің орташа жартылай шығарылу кезеңі 0.09 – 0.2 сағатты құрайды. 5 г препаратты баяу инфузиялағаннан кейін 40 минуттан соң фосфокреатиннің сарысулы деңгейі 5 нмоль/мл төмен түседі, ал 10 г препаратты енгізгеннен кейін олар 10 нмоль/мл жуық құрайды. Экзогендік фосфокреатиннің метаболизмі оның креатинді түзуімен, креатин циклизациясы және оның несеппен шығуы ферментативті фосфорсыздалуы болып табылады.

Фармакодинамикасы

Фосфокреатин бұлшықеттердің жиырылуымен қатар жүретін, энергетикалық үдерістерде негізгі рөл атқарады және миокард пен қаңқалық бұлшықеттердің жиырылуына арналған энергия көзі болып табылатын ATФ-тің қайта түзілуі үшін қолданылады.

Тотығу метаболизмінің баяулауына байланысты энергияның аз мөлшерде түсуі миоциттердің зақымдануының басты себебі болып табылады.

Неотон – бұл миокардта және бұлшықет тіндерінде метаболизмді жақсартатын фосфокреатин препараты. Кардиопротекторлық, жарғақша тұрақтандырғыш, аритмияға қарсы, метаболизмдік әсер береді. Химиялық құрылымы бойынша макроэргиялық эндогендік фосфокреатинге ұқсас. Ишемияланған кардиомиоциттер сарколеммасының және миоциттердің деструкциясы үдерісін тежейді, энергиясының жасушаішілік тасымалын қамтамасыз етеді. Микроциркуляцияның жақсаруы есебінен препарат некроздың және ишемия аймағының мөлшерін азайтады. Ишемияда және ишемиядан кейінгі реперфузия аритмияға қарсы әсер туындатады, бұл қарыншаның эктопиялық белсенділігінің төмендеуіне және Пуркинье талшығы жасушасының физиологиялық функциясын сақтауына байланысты.

Қолданылуы

Кардиохирургияда кардиопротекция. Кардиоплегиялық ерітіндіге қосу.

Қолдану тәсілі және дозалары

1 құтының ішіндегісін ұзақтығы 45-60 минут, вена ішіне инфузия түрінде енгізеді.

Миокардты қорғау үшін кардиохирургияда препаратты стандартты кардиоплегиялық ерітінділер құрамында (мөлшері 3 г препаратты 1 л кардиоплегиялық ерітіндіде ерітеді) 10 ммоль/л концентрациясында қолданылады.

Операция жүргізер алдында 3-5 күн ішінде және хирургиялық араласулардан кейінгі 1-2 күн ішінде 2 г дозада күніне екі рет вена ішіне инфузия курсын жүргізу ұсынылады.

Енгізер алдында ұнтақты еріткіште ерітеді; еріткіш ретінде инъекцияға арналған суды, 0.9 % натрий хлоридінің ерітіндісін немесе 5 % глюкоза ерітіндісін пайдалануға болады. Хирургиялық емшараларда препаратты қолданған кезде оны кардиоплегиялық ерітінділерге қосу ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

Белгісіз

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препаратқа аса жоғары сезімталдық

  • созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (5 – 10 г/күн жоғары дозаны енгізгенде)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фосфокреатин дәрілік өзара әрекеттесу құбылыстарына қатыспайды.

Айрықша нұсқаулар

1 г фосфокреатиннің асатын дозаларында венаішілік жылдам инъекция артериялық қысымның төмендеуін туындатуы мүмкін.

Препараттың жоғары дозаларын енгізу (5−10 г/күніне) кальций метаболизміне және гомеостаздың, бүйрек функциясының және пуриннің метаболизмін реттеуге қатысатын гормондардың секрециясына ықпалын тигізуі мүмкін үлкен көлемдегі фосфаттардың сіңірілуіне әкеледі.

Препараттың жоғары дозаларын жеке пациенттерге ғана және қысқа уақытқа тағайындауға болады.

Жүктілік және лактация

Препараттың жүктілік пен лактация кезеңіне қарсы көресітілімі жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Препарат пациенттердің автомобильді басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді немесе аздап әсер етеді.

Артық дозалануы

Фосфокреатинге спецификалық антидоты белгісіз болғандықтан, симптоматикалық ем жүргізілуі мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

1 г препараттан эластомер тығынмен тығындалған және алюминий сақинамен қаусырылған бейтарап түссіз шыны құтыға салынған.

Препараты бар 1 немесе 4 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші / Қаптаушы

Альфасигма С.п.А.

Виа Э. Ферми 1, 65020 Аланно (Пескара), Италия.

Тіркеу куәлігі ұстаушысының атауы мен елі

Альфасигма С.п.А., Болонья, Италия.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):

«Nova East Pharm Kazakhstan (Нова Ист Фарм Казахстан)» ЖШС

Қазақстан Республикасы, 050000 Алматы қ., Панфилов к-сі, 98 үй, 507 кеңсе

Телефон: +7 (727) 221 90 91

E-mail: office@eastpharm.eu

Прикрепленные файлы

Инструкция_Неотон_ПР_рус.яз_.docx 0.03 кб
Неотон_ПР_инструкция_каз.docx 0.03 кб
Неотон_Инструкция_РФ.pdf 0.41 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники