Неопакс® (100 мг)



Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Неопакс®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Иматиниб
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған 100 мг, 400 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар – 119,50 мг немесе 478,00 мг иматиниб мезилаты (тиісінше, 100 мг немесе 400 мг иматинибке баламалы),
қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, гидроксипропилцеллюлоза, микрокристалды целлюлоза, кросповидон (А типі), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты
үлбірлі қабық: Opadry ақ (титанның қостотығы Е171, макрогол 3000 және тальктан тұрады), темірдің сары тотығы Е172, темірдің қызыл тотығы Е172
Сипаттамасы
Дөңгелек, екі беті сәл дөңес, бір жағында сызығы мен ойығы бар, қызыл сары-қоңыр түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (100 мг доза үшін).
Сопақша, екі беті дөңес, қызыл сары-қоңыр түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (400 мг доза үшін).
Фармакотерапиялық тобы
Ісікке қарсы препараттар. Ісікке қарсы басқа да препараттар. Протеинкиназа тежегіштері. Иматиниб.
ATХ коды L01XЕ01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Иматиниб әсері бір рет қолданғанда 25-тен 1000 мг дейінгі дозалар диапазонында зерттелген. Фармакокинетикалық бейіндері 1-ші күн қолданылғанда, сондай-ақ 7-ші және 28-ші күні, яғни қан плазмасындағы тепе-тең концентрациясына жеткен уақытта зерттелді.
Сіңуі
Препарат биожетімділігі, орта есеппен, 98% құрайды. «Концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан (AUC) көрсеткішіне тән ауытқу коэффициенті 40-60% құрайды. Препаратты май мөлшері жоғары тағаммен тағайындағанда, аш қарынға қабылдаумен салыстырғанда, сіңу дәрежесінің мардымсыз төмендеуі білінді.
Таралуы
Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы (ең алдымен, альбуминмен және қышқылды альфа-гликопротеиндермен, болымсыз дәрежеде - липопротеиндермен) 95% жуық құрайды.
Шығарылуы
Өзгеріссіз күйде 25% жуық доза шығарылады (20% - нәжіспен және 5% - несеппен). Препараттың қалған мөлшері метаболиттер түрінде шығарылады.
Дені сауларда иматинибтің жартылай шығарылу кезеңі 18 сағатқа жуық құрайды. 25-тен 1000 мг дейінгі дозалар диапазонында AUC мәні доза шамасына тікелей дозаға байланысты тәуелденеді.
Балалардағы фармакокинетикасы
I фаза және II фазадағы зерттеулерде балаларда да, ересек пациенттерде де иматиниб ішке қабылдағанда тез сіңеді. Балаларда 260 және 340 мг/м2 дозаларын қолданғанда қандағы препарат ересек пациенттерде, тиісінше, 400 мг және 600 мг дозаларын қолдану кезіндегідей концентрацияларға жетті. 340 мг/м2 дозаларын қолданғанда 8 тәулікте және 1 тәулікте AUC(0-24) көрсеткіштерін салыстыру күніне бір рет көп рет қабылдаған жағдайда препараттың 1,7 есе жиналуын анықтады.
Фармакодинамикасы
Иматиниб – in vitro жағдайларында жасушалық деңгейде және in vivo жағдайларында Абельсон нүктелік жарылуының (Bcr-Abl) кластерлік аймақ тирозинкиназасын бөгейтін протеин-тирозинкиназа тежегіші. Аталған зат Bcr-Abl-оң жасушалық желілерде, сондай-ақ филадельфиялық хромосомалы созылмалы миелолейкоздан және жедел лимфобластты лейкоздан зардап шегетін пациенттерден алынған жаңа лейкемиялық жасушаларда пролиферацияны іріктеп бәсеңдетеді және апоптозды индукциялайды. Шеткері қан пайдаланылатын шоғырлар және сүйек кемігінің үлгілері трансформацияланатын ex vivo тестілерінде иматиниб созылмалы миелолейкоздан зардап шегетін пациенттерден алынған Bcr-Abl-оң жасуша шоғырларына іріктелген тежеу ықпалын көрсетті.
Bcr-Abl-оң ісік жасушалары қолданылған жануарлар үлгілеріндегі in vivo жағдайларында осы препарат өзінен-өзі ісікке қарсы белсенділік танытады.
Иматиниб, сонымен бірге, тромбоцитарлық өсу факторының (PDGFR) және діңді жасушалар өсу факторының (SCF), c-Kit рецепторлары тирозинкиназаларының тежегіші болып табылады және PDGFR мен SCF арқылы жүретін жасушалық үдерістерді тежейді. Иматиниб in vitro жағдайларында kit белсендіргіш мутациясын экспрессиялайтын асқазан-ішек жолы стромальді ісіктер (АІЖСІ) жасушаларының пролиферациясын бәсеңдетеді және апоптозын индукциялайды.
Миелодисплазиялық/миелопролиферациялық аурулар, гиперэозинофильді синдром, созылмалы эозинофильді лейкоз және бүдірлі дерматофибросаркома патогенезінде әртүрлі серіктес-ақуыздардың қабысуы нәтижесінде немесе PDGFR реттелмейтін экспрессиясы нәтижесінде PDGFR немесе Abl протеин тирозинкиназаларының реттелмейтін белсенділенуі рөл атқарады. Бұдан бөлек, с-Kit немесе PDGFR реттелмейтін белсенділенуі жүйелі мастоцитоздың қалыптасуында рөл атқарады. Иматиниб PDGFR, Kit және Abl рецепторлары киназаларының бақылаудан шығып кеткен белсенділігінен туындайтын дабыл жолдарын және жасушалар пролиферациясын бөгейді.
Қолданылуы
-
ересектер мен 2 жастан асқан балаларда алғаш диагностикаланған филадельфиялық хромосомасы бар созылмалы миелоидты лейкозда (Ph+ СМЛ)
-
ересектер мен 2 жастан асқан балаларда интерферон альфамен сәтсіз емдеуден кейінгі созылмалы фазадағы немесе акселерация немесе бластты криз фазасындағы Ph+ СМЛ
-
ересек пациенттерде химиялық ем құрамында алғаш диагностикаланған филадельфиялық хромосомасы бар жедел лимфобластты лейкозда (Ph+ ЖЛЛ)
-
ересек пациенттерде қайталанатын немесе рефрактерлі Ph+ЖЛЛ (монотерапия ретінде)
-
ересек пациенттерде тромбоцитарлық өсу факторы (PDGFR) рецепторының белсенділенуімен байланысты миелодисплазиялық/миелопролиферациялық ауруларда
-
ересек пациенттердегі c-Kit мутациясы статусы анықталмаған немесе D816V c-Kit мутациясынсыз жүйелі мастоцитозда
-
ересек пациенттердегі гиперэозинофильді синдром және/немесе созылмалы эозинофильді лейкозда
-
ересек пациенттердегі Kit+ (CD117) операция жасалмайтын және/немесе асқазан-ішек жолының метастаздық қатерлі стромальді ісіктерінде
-
ересек пациенттердегі АІЖ Kit-оң стромальді ісігін резекциялау орындалғаннан кейінгі адъювантты емдеуде
-
ересек пациенттердегі операция жасалмайтын, рекуррентті және/немесе метастаздаушы бүдірлі дерматофибросаркомада (ӨДФС)
Қолдану тәсілі және дозалары
Неопаксты® онкологиялық гематологиялық аурулардан және, сәйкесті жағдайларда, қатерлі саркомалардан зардап шегетін пациенттерді емдеу тәжірибесі бар дәрігер ғана тағайындай алады.
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулардың пайда болу қаупін азайта түсу мақсатында тағайындалған дозаны көп мөлшердегі сумен жұтып, тамақпен ішке қабылдау керек. Тәулігіне бір рет 400 мг немесе 600 мг дозаларын қабылдау керек. Тәуліктік 800 мг дозасын таңертең және кешке екі қабылдауға ( 400 мг) бөлген жөн.
Таблетканы жұта алмайтын пациенттер (соның ішінде балалар) үшін оны бір стақан суда немесе алма шырынында ерітуге болады. Таблеткалардың қажетті мөлшерін тиісті сұйықтық көлеміне (100 мг таблеткалар үшін 50 мл немесе 200 мл таблеткалар үшін 400 мг жуық) салып, араластырады. Суспензия дайындалғаннан кейін бірден қабылдануы тиіс.
Емдеуді препарат оң әсерін көрсеткенше жалғастырған жөн.
Созылмалы миелолейкозда ересек пациенттерге ұсынылатын Неопакс® препаратының дозалануы 400 мг/тәулік, ал акселерация немесе бластты криз фазасындағы СМЛ бар пациенттерде доза 600 мг/тәулік құрайды. Мынадай жағдайларда: аурудың үдеуінде (кез келген сатыдағы), кем дегенде 3 ай емдеу кезінде қанағаттанарлық гематологиялық реакцияға жету мүмкін болмағанда, 12 ай емделу кезінде цитогенетикалық жауап реакциясына жету мүмкін болмағанда, бұрын гематологиялық және/немесе цитогенетикалық жауап реакциясына жету жоғалғанда дәрілік препаратқа ауыр жағымсыз реакция және ауыр лейкемиялық емес нейтропения немесе тромбоцитопения болмаса, созылмалы фазадағы аурудан зардап шегетін пациенттерде дозаны 400 мг-ден 600 мг дейін немесе 800 мг дейін немесе акселерация фазасындағы немесе бластты криз фазасындағы пациенттерде күніне 600 мг-ден 800 мг дейін арттыруға болады.
Ph+ЖЛЛ кезінде дозалануы
Ph+ЖЛЛ зардап шегетін ересек пациенттерге ұсынылатын Неопакс® препаратының дозасы 600 мг/тәулік құрайды.
Миелодисплазиялық/миелопролиферациялық ауруларда дозалануы
Ересек пациенттерге ұсынылатын Неопакс® препаратының дозасы 400 мг/тәулік құрайды.
Жүйелі мастоцитоз (ЖМ) кезінде дозалау
D816V c-Kit мутациясынсыз жүйелі мастоцитоздан зардап шегетін ересек пациенттер үшін, сондай-ақ осы мутация статусы анықталмаған немесе басқа емдік дәрілер қолданғанда қанағаттанарлық жауапқа жете алмағандарда ұсынылатын Неопакс® препаратының дозасы 400 мг/тәулік құрайды.
Эозинофилиямен астасқан жүйелі мастоцитоздан зардап шегетін пациенттерді емдеу үшін, егер клондық гематологиялық патология FIP1L1-PDGFR-альфакиназа синтезімен байланысты жағдайда 100 мг/тәулік бастапқы дозасын пайдалану ұсынылады. Егер бағалау нәтижелері бойынша емге деген жеткіліксіз жауап реакциясына жету мүмкін болса, ондай пациенттерде дәрілік препаратқа жағымсыз реакциялар болмаса дозаны 100 мг-ден 400 мг дейін арттыруға болады.
Гиперэозинофильді синдромда және/немесе созылмалы эозинофильді лейкозда (ГЭС/СЭЛ) дозалау
ГЭС/СЭЛ зардап шегетін ересек пациенттерге ұсынылатын Неопакс® препаратының дозасы 400 мг/тәулік құрайды.
FIP1L1-PDGFR-альфакиназа белсенділігінің деңгейі жоғары ГЭС/СЭЛ зардап шегетін ересек пациенттерге ұсынылатын бастапқы доза 100 мг/тәулік құрайды. Егер бағалау нәтижелері бойынша емге деген жеткіліксіз жауап реакциясына жету мүмкін болса, ондай пациенттерде дәрілік препаратқа жағымсыз реакциялар болмаса дозаны 100 мг-ден 400 мг дейін арттыруға болады.
АІЖ стромальді ісіктерінде дозалануы
Операцияға жатпайтын және/немесе АІЖ метастаздық қатерлі стромальді ісігі бар пациенттерге ұсынылатын Неопакс® дозасы 400 мг/тәулік құрайды.
Егер бағалау нәтижелері бойынша емге жеткіліксіз жауап реакциясына жету болса, ондай пациенттерде дәрілік препаратқа жағымсыз реакциялар болмаса дозаны 100 мг-ден 400 мг дейін немесе 800 мг дейін арттыруға болады.
АІЖ стромальді ісігін резекциялаудан кейін ересек пациенттерді адъювантты емдеуге ұсынылатын Неопакс® препаратының дозасы 400 мг/тәулік құрайды. Ұсынылатын ең аз емдеу ұзақтығы 36 ай құрайды. Адъювантты емдеуде Неопакс® препаратын қолданудың оңтайлы ұзақтығы туралы деректер алынбаған.
БДФС кезінде дозалау
БДФС зардап шегетін ересек пациенттерге ұсынылатын Неопакс® препаратының дозасы 800 мг/тәулік құрайды.
Дәрілік препаратқа жағымсыз реакциялар дамуында дозаны түзету
Дәрілік препаратқа гематологиялық емес жағымсыз реакциялар
Ауыр гематологиялық емес жағымсыз реакциялар білінген жағдайда Неопакс® препаратымен емдеуді науқас жай-күйі жақсарғанша тоқтату қажет. Әріқарай емдеуді алдыңғы дозалануында байқалған жағымсыз әсерлер ауырлығын ескерумен ұзартуға болады.
Билирубин деңгейінің қалыптың жоғарғы шегінен 3 есе көтерілгенде немесе бауыр трансаминазаларының деңгейі 5 есе көп артқанда Неопаксты® билирубин концентрациясы қалыптың жоғары шегінен 1,5 есе аз деңгейге дейін, ал трансаминазалар қалыптың жоғары шегінен 2,5 есе аз деңгейге дейін төмендегенше тоқтату керек. Неопакс® препаратымен емдеуді азайтылған тәуліктік дозаларда жалғастыруға болады. Ересектер үшін дозаны тәулігіне 400-ден 300 мг дейін немесе тәулігіне 600-ден 400 мг дейін, ал балалар үшін тәулігіне 340-тан 260 мг/м2 дейін азайту керек.
Дәрілік препаратқа гематологиялық жағымсыз реакциялар
Айқын нейтропения мен тромбоцитопенияның дамуында төменде 1 кестеде көрсетілгендей препарат дозасын азайту және емдеуді тоқтату ұсынылады.
1 кесте. Нейтропения және тромбоцитопения кезінде дозаларын түзету:
Эозинофилиямен астасқан ЖМ және FIP1L1-PDGFR-альфа киназа синтезі бар ГЭС/СЭЛ (бастапқы доза - 100 мг) |
<1,0x109/л нейтрофилдердің абсолютті саны (НAС) және/немесе < 50x109/л тромбоциттер |
1. |
Неопакс® препаратымен емдеуді НАС ≥1,5x109/л және тромбоциттердің ≥75x109/л деңгейіне жететін уақытқа дейін тоқтату |
2. |
Неопакс® препаратымен емдеуді алдыңғы дозада жаңғырту (яғни, ауыр жағымсыз реакция дамуына дейін қолданылған дозада). |
||
СМЛ, МДЗ/МПЗ, ГЭС/СЭЛ және АІЖСІ созылмалы фазасы (бастапқы доза - 400 мг) |
<1,0x109/л НAС және/немесе < 50x109/л тромбоциттер |
1. |
Неопакс® препаратымен емдеуді НAС ≥1,5x109/л және тромбоциттердің ≥75x109/л деңгейіне жететін уақытқа дейін тоқтату |
2. |
Неопакс® препаратымен емдеуді алдыңғы дозада жаңғырту (яғни, ауыр жағымсыз реакция дамуына дейін қолданылған дозада). |
||
3. |
<1,0 x109/л НАС және/немесе <50x109/л тромбоциттер қайталанған жағдайда 1 қадамды қайталап, Неопакс® препаратымен емдеуді төменірек 300 мг дозада жаңғырту. |
||
Созылмалы фазада СМЛ зардап шегетін пациенттер (340 мг/м2 дозада) |
НАС <1,0x109/л және/немесе <50x109/л тромбоциттер |
1. |
Неопакс® препаратымен емдеуді НAС ≥1,5x109/л және тромбоциттердің ≥75x109/л деңгейіне жететін уақытқа дейін тоқтату. |
2. |
Неопакс® препаратымен емдеуді алдыңғы дозада жаңғырту (яғни, ауыр жағымсыз реакция дамуына дейін қолданылған дозада). |
||
3. |
<1,0 x109/л НАС және/немесе тромбоциттер <50x109/л қайталанған жағдайда 1 қадамды қайталап, Неопакс® препаратымен емдеуді төменірек 260 мг/м2 дозада жаңғырту. |
||
Акселерация және бластты криз фазасындағы СМЛ, Ph+ ЖЛЛ (бастапқы доза - 600 мгс) |
aНАС< 0,5x109/л және/немесе <10x109/л тромбоциттер |
1. |
Цитопенияның лейкозбен байланысын (сүйек кемігі пункциясы немесе биопсиясы) тексеру. |
2. |
Егер цитопения лейкозбен байланысты болса, дозаны 400 мгb дейін азайту керек. |
||
3. |
Цитопения 2 апта бойы сақталған жағдайда дозаны 300 мгd дейін азайту керек. |
||
4. |
Цитопения 4 апта бойы сақталған және, бұрынғыша, лейкозбен байланысты болмаған жағдайда, НАС ≥1x109/л және ≥20x109/л тромбоциттер деңгейіне жеткенше Неопакс® препаратымен емдеуді тоқтатып, сонан соң 300 мг d дозада жалғастыру. |
||
БДФС (бастапқы доза - 800 мг) |
НAС <1,0x109/л және/немесе < 50x109/л тромбоциттер |
1. |
Неопакс® препаратымен емдеуді НАС ≥1,5x109/л және тромбоциттер ≥75x109/л деңгейіне жететін уақытқа дейін тоқтату. |
2. |
Емдеуді 600 мг дозадағы Неопакс® препаратымен жаңғырту. |
||
3. |
<1,0x109/л НАС және/немесе <50x109/л тромбоциттер қайталанған жағдайда 1 қадамды қайталап, Неопакс® препаратымен емдеуді төменірек 400 мг дозада жаңғыртады. |
НАС = нейтрофилдердің абсолютті саныa емдеу басталған соң шамамен 1 ай өткенде пайда боладыb немесе балалардаc 260 мг/м2 немесе балалардаd 340 мг/м2 немесе балаларда 200 мг/м2
Пациенттердің ерекше топтарында дозалануы:
Балалар
СМЛ зардап шегетін 2 жастан кіші балаларды емдеу үшін Неопакс® препаратын қолданудың клиникалық тәжірибесі жоқ. Басқа көрсетілімдер бойынша балаларды емдеуге Неопакс® препаратын қолдану тәжірибесі іс жүзінде жоқ.
Балаларды емдегенде препаратты дозалау дене салмағы ауданына (мг/м2) қарай есептеледі. Cозылмалы фазадағы және кешеуілді фазалардағы СМЛ зардап шегетін балаларды емдеу үшін тәуліктік 340 мг/м2 дозасын пайдалану ұсынылады (бұл орайда тәулігіне 800 мг қосынды дозасынан асырылмайды). Препарат тәулігіне бір рет қолдануға да, тәуліктік дозаны екі қабылдауға бөлуге де болады – таңертеңгілік бір қабылдау және кешкілік бір қабылдау.
Мына жағдайларда: аурудың үдеуінде (кез келген сатыдағы), кем дегенде 3 ай емделу кезінде қанағаттанарлық гематологиялық реакцияға жету мүмкін болмағанда, 12 ай емделгенде цитогенетикалық жауап реакциясына жету мүмкін болмағанда, бұрын гематологиялық және/немесе цитогенетикалық жауап реакциясына жете алмағанда дәрілік препаратқа ауыр жағымсыз реакциялар және ауыр лейкемиялық емес нейтропения немесе тромбоцитопения болмаса, дозаны 340 мг/м2-ден 570 мг/м2 дейін арттыруды қарастыруға болады (бұл орайда тәулігіне 800 мг қосынды дозасынан асырылмайды).
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Иматиниб ең алдымен бауырда метаболизденеді, бауыр функциясының болымсыз, орташа немесе ауыр бұзылулары бар пациенттерге ұсынылатын ең төмен 400 мг/тәулік дозасын тағайындау керек. Жақпаушылықта дозаны азайтуға болады («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Иматиниб пен оның метаболиттерінің бүйрек арқылы бөлініп шығуы елеулі емес. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге немесе диализде жүрген пациенттерге препарат бастапқы ең төмен 400 мг дозада тағайындалады. Соның өзінде, осы санаттағы пациенттерді емдегенде сақ болу керек. Жақпаушылықта препарат дозасын азайтуға болады. Жағымдылығы жақсы және тиімділігі жеткіліксіз болса, дозаны арттыруға болады («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).
Егде жастағы пациенттер
65 жастағы және одан асқан пациенттердің 20% қамтылған ересек пациенттер қатысқан клиникалық зерттеулерде препарат фармакокинетикасында жас ұлғаюымен байланысты ерекшеліктер білінбеген. Егде жастағы пациенттерде дозалануына қатысты арнайы нұсқаулар қажет емес.
Жағымсыз әсерлері
Неопакс® препаратының жалпы қауіпсіздік бейіні оны клиникада адам емдеу үшін қолданғанда оны 12 жылдан көп уақыт бойы пайдалану тәжірибесінде жақсы зерттелген. Препаратты клиникалық әзірлеу барысында уақыттың белгілі бір сәттерінде пациенттердің көпшілігінде дәрілік препаратқа жағымсыз реакциялар пайда болды. Ең көп (>10%) байқалғандары нейтропения, тромбоцитопения, анемия, бас ауыру, диспепсия, ісінулер, денеге салмақ қосу, жүрек айну, құсу, бұлшықеттердің құрысуы, қаңқа-бұлшықет ауырулары, диарея, бөртпе, қатты қажу және іштің ауыруы болды. Құбылыстар ауырлығы бойынша жеңіл және орташа болды, пациенттердің 2-5% ғана препарат қолданумен байланысты құбылыстар себебінен осы препаратпен емделуден толықтай бас тартты.
Препараттың қауіпсіздік бейіндері Ph+ лейкоз бар пациенттерде және ауқымды ісіктері бар пациенттерде Ph+ лейкоздар кезіндегі миелосупрессия аса жоғары жиілігімен және ауырлығымен және АІЖ тарапынан стромальді ісіктері бар пациенттерде асқазан-ішектен және ісік ішіндегі қан кетулердің туындауымен ерекшеленеді, бұл негізгі аурумен байланысты факторлар себебінен болуы ықтимал. Пациенттердің осы қауымдарының екеуінде де миелосупрессия, АІЖ тарапынан жағымсыз құбылыстар, ісінулер мен бөртпе жиі пайда болады. Асқазан-ішек жолының обструкциясы, тесілуі және ойық жаралануы сияқты АІЖ тарапынан болатын басқа құбылыстар негізгі аурудың нәтижесі болуы ықтимал. Неопакс® препаратын қолданудан кейін байқалатын және осы препаратпен себепті байланысы болатын басқа да мәнді қолайсыз құбылыстар гепатоуыттану, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, гипофосфатемия, ауыр респираторлық жағымсыз реакциялар, ісік лизисі синдромы және балалардағы өсу кідірісі түрінде болады.
Препараттың дозасын пайда болған құбылыстың ауырлығына қарай түзету қажет болуы мүмкін. Препаратқа жағымсыз реакциялардың туындауы себепті препаратты тоқтату өте сирек жағдайларда ғана талап етіледі.
Өте жиі (≥ 1/10)
-
нейтропения, тромбоцитопения, анемия
-
бас ауыру 2
-
жүрек айну, диарея, құсу, диспепсия, іштің ауыруы 6
-
периорбиталық ісіну, дерматит/экзема/бөртпе
-
бұлшықеттердің түйілуі және құрысуы, бұлшықеттер мен сүйектердің ауыруы, соның ішінде миалгия, артралгия, сүйектердің ауыруы 8
-
сұйықтық іркілісі және ісінулер, қатты қажу
-
денеге салмақ қосу
Жиі (≥ 1/100, < 1/10)
-
панцитопения, фебрильді нейтропения
-
анорексия
-
ұйқысыздық
-
бас айналу, парестезиялар, дәм сезудің бұзылуы, гипестезия
-
қабақтың ісінуі, көз жасының көп ағуы, конъюнктиваға қан құйылу, конъюнктивит, көз шырышының құрғауы, анық көрмеу
-
ысынулар, қан кету4
-
ентігу, мұрыннан қан кету, жөтел
-
метеоризм, іштің кебуі, гастроэзофагеальді рефлюкс, іш қату, ауыздың құрғауы, гастрит
-
бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы
-
қышыну, беттің ісінуі, терінің құрғауы, эритема, алопеция, түнгі тершеңдік, фотосезімталдық реакциясы
-
буындардың ісінгіштігі
-
әлсіздік, қызба, анасарка, қалтырау, тремор
-
дене салмағының кемуі
Жиі емес (≥ 1/1000, < 1/100)
-
белдемелі герпес, қарапайым герпес, назофарингит, пневмония1, синусит, целлюлит, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, тұмау, несеп шығару жолдарының инфекциялары, гастроэнтерит, сепсис
-
тромбоцитемия, лимфопения, сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі, эозинофилия, лимфаденопатия
-
гипокалиемия, тәбеттің артуы, гипофосфатемия, тәбеттің төмендеуі, дегидратация, подагра, гиперурикемия, гиперкальциемия, гипергликемия, гипонатриемия
-
депрессия, либидо төмендеуі, үрейлену
-
бас сақинасы, ұйқышылдық, естен тану, шеткері нейропатия, есте сақтаудың нашарлауы, бел-сегізкөз радикулиті, «тынымсыз аяқтар» синдромы, тремор, геморрагиялық инсульт, ми ісінуі*
-
көздің тітіркенуі, көздің ауыруы, орбиталық ісіну, ақ қабыққа қан құйылу, торқабыққа қан құйылу, блефарит, макуланың ісінуі
-
вестибулярлы бас айналу, құлақтың шуылдауы, естімей қалу
-
жүректің қатты соғуы, тахикардия, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі3, өкпе ісінуі
-
гипертензия, гематома, субдуральді гематома, аяқ-қолдың суынуы, гипотензия, Рейно синдромы, тромбоз/эмболия*
-
плевралық жалқық5, фаринголарингеальді ауыру, фарингит, жедел респираторлық жеткіліксіздік10*, өкпенің интерстициальді ауруы*
-
стоматит, ауыз қуысының ойық жаралары, асқазан-ішектен қан кету7, кекіру, мелена, эзофагит, асцит, асқазан ойық жарасы, қан аралас құсу, хейлит, дисфагия, панкреатит, ішектің бітелуі/ішек обструкциясы*, ісіктен қан кету/ісік некрозы*, асқазан-ішек жолының тесілуі11*
-
гипербилирубинемия, гепатит, сарғаю
-
пустулезді бөртпе, жабық жарақат, қатты тершеңдік, уртикарлы бөрту, экхимоз, қанталаудың туындауына жоғары бейімділік, гипотрихоз, тері гипопигментациясы, эксфолиативті дерматит, тырнақ сынғыштығы, фолликулит, петехиялар, псориаз, пурпура, тері гиперпигментациясы, буллезді бөртпе, алақан-табан эритродизэстезиясы синдромы*, фотосенсибилизация
-
буындар мен бұлшықеттердің қимыл шектелісі
-
бүйрек аумағындағы ауыру, гематурия, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, несеп шығару жиілігінің артуы
-
гинекомастия, эректильді дисфункция, меноррагия, етеккір оралымының бұзылуы, сексуалдық дисфункция, емшек ұштарының ауыруы, сүт бездерінің үлкеюі, ұманың ісінуі
-
кеуде қуысының ауыруы, дімкәстану
-
қан креатинині деңгейінің көтерілуі, қандағы креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы, қандағы лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылуы, қандағы сілтілік фосфатазаның артуы
Сирек (≥ 1/10 000, < 1/1000)
-
зеңді инфекция
-
гемолиздік анемия
-
гиперкалиемия, гипомагниемия
-
сананың шатасу жағдайы
-
бассүйек ішіндегі қысым көтерілуі, құрысулар, көру жүйкесінің невриті
-
катаракта, глаукома, көру жүйкесі дискісінің ісінуі, шыны тәрізді денеге қан құйылу*
-
аритмия, жүрекшелер фибрилляциясы, жүректің тоқтап қалуы, стенокардия, миокард инфарктісі, стенокардия, перикардиальді жалқық, жүрек тампонадасы*
-
кеуде қуысындағы плевриттік ауыру, өкпе фиброзы, өкпе гипертензиясы, өкпеден қан кету
-
колит, ішек бітелісі, ішектегі қабыну үдерістері, дивертикулит*
-
бауыр жеткіліксіздігі 9, бауыр некрозы 9
-
жедел фебрильді нейтрофильді дерматоз (Свит синдромы), тырнақ түсінің өзгеруі, ангионевроздық ісіну, везикулярлы бөртпе, мультиформалы эритема, лейкоцитокластты васкулит, Стивенс-Джонсон синдромы, жедел жайылған экзантематозды пустулезді бөртпе (ЖЖЭПБ), лихеноидты кератоз*, қызыл жалпақ теміреткі*
-
бұлшықет әлсіздігі, артрит, асептикалық некроз/ұршық буынының остеонекрозы*, рабдомиолиз/миопатия*, балалардағы өсу кідірісі *
-
қан амилазасы деңгейінің жоғарылауы
-
ісік лизисі синдромы
Өте сирек (<1/10 000)
-
анафилаксиялық шок*
-
уытты эпидермалық некролиз*
-
геморрагиялық сары дене/аналық бездің геморрагиялық кистасы*
Белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес):
- B гепатитінің қайта белсенділенуі
1 Пневмонияның дамуы бәрінен жиірек трансформацияға ұшыраған СМЛ бар пациенттерде және асқазан-ішек жолының стромальді ісіктері (АІЖСІ) бар пациенттерде хабарланды.
2 Бас ауыру АІЖ стромальді ісіктерінен зардап шегетін пациенттер арасында ең көп жиі байқалды.
3 Жүрек тарапынан болатын бұзылулардың, соның ішінде іркілісті жүрек жеткіліксіздігінің пациент-жас ерекшеліктерін айқындаудың негізінде, трансформацияға ұшыраған СМЛ бар пациенттерде СМЛ созылмалы фазасындағы пациенттердегіден көбірек жиі байқалды.
4 Қан кернеуін сезіну көбінесе АІЖ стромальді ісіктері бар пациенттерде; қан кетулер (гематомалар, геморрагиялар) көбінесе АІЖСІ және өзгеріске ұшыраған СМЛ (СМЛ-AP және СМЛ-BC) бар пациенттерде байқалды.
5 Плевралық жалқық АІЖ стромальді ісіктері бар пациенттерде және трансформацияға ұшыраған СМЛ (СМЛ-AP және СМЛ-BC) бар пациенттерде СМЛ созылмалы фазасындағы пациенттердегіден жиірек хабарланды.
6 / 7 Іштің ауыруы және асқазан-ішектік қан кету АІЖСІ бар пациенттерде бәрінен жиі байқалды.
8 Бұлшықеттер мен сүйектердің ауыруы және осыған ұқсас реакциялар СМЛ бар пациенттерде АІЖСІ бар пациенттердегіден жиірек байқалды.
9 Бауыр жеткіліксіздігі мен өліммен аяқталған бауыр некрозының бірнеше жағдайлары хабарланды.
10 Өліммен аяқталу терминалдық сатыдағы ауруы, ауыр инфекциялары, айқын нейтропениясы және басқа күрделі қатарлас аурулары бар пациенттерде хабарланды.
11 АІЖ тесілуінің дамуы кезіндегі бірнеше өліммен аяқталу хабарланды.
* постмаркетингтік байқаулар кезінде және Неопакс® препаратына қосымша клиникалық зерттеулер жүргізілгенде байқалған дәрілік препаратқа жағымсыз реакциялар
Таңдамалы жағымсыз реакциялар сипаттамасы:
Bcr-Abl тирозинкиназа тежегіштерін (ТКТ) қолданумен байланысты B гепатитінің қайта белсенділенуі туралы хабарламалар бар. Кейбір жағдайларда бұл жедел бауыр жеткіліксіздігіне немесе бауыр трансплантациясын талап ететін шұғыл типті гепатиттің дамуына немесе өліммен аяқталуға алып келді.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың белсенді затына немесе кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық
- СМЛ кезіндегі 2 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Қан плазмасындағы иматиниб концентрациясын арттыруы мүмкін белсенді заттар
Р450 цитохромының CYP3A4 изоферментін тежейтін заттар (мысалы, индинавир, лопинавир, ритонавир, саквинавир, телапревир, нелфинавир, боцепревир сияқты протеаза тежегіштері, кетоконазол, итраконазол, позаконазол, вориконазол қамтылатын зеңге қарсы азолдар, эритромицин, кларитромицин және телитромицин сияқты белгілі бір макролидтер) иматиниб метаболизмін баяулатып, оның қан плазмасындағы концентрациясын арттыруы мүмкін. Иматиниб кетоконазолдың бір реттік дозасымен (CYP3A4 тежегіші) бір мезгілде қабылданғанда дені сау еріктілерде иматиниб экспозициясы едәуір ұлғайды (иматиниб орташа Cmax және AUC, тиісінше, 26% және 40% өскен). Неопаксты® CYP3A4 изоферменттерінің тежегіштері - препараттарымен біріктіріп қолданғанда сақ болу қажет.
Қан плазмасындағы иматиниб концентрациясын төмендетуі мүмкін белсенді заттар
CYP3A4 изоферментінің индукторлары болып табылатын заттар (мысалы, дексаметазон, фенитоин, карбамазепин, рифампицин, фенобарбитал, фосфенитоин, примидон немесе шайқурай ретінде де белгілі Hypericum perforatum) емнің сәтсіз аяқталу қаупін ықтималды арттырып, Неопакс® экспозициясын едәуір төмендетуі мүмкін. 600 мг рифампициннің бірнеше дозаларын Неопакстың® бір реттік 400 мг дозасына ұластырып алдын ала қабылдау Cmax және AUC(0-∞) мәндерінің рифампицинді алдын ала қабылдаусыз алынған тиісті мәндерінен 54% және 74% төмендеуіне әкелді. Осыған ұқсас нәтижелер карбамазепин, окскарбазепин және фенитоин сияқты ферменттерді индукциялайтын эпилепсияға қарсы препараттар (ФИЭҚП) қабылдау кезінде Неопакс® алған қатерлі глиомалары бар пациенттерде байқалды. Плазмадағы иматиниб AUC, ФИЭҚП қабылдаған пациенттермен салыстырғанда, 73% төмендеген. Рифампицин немесе басқа да қуатты CYP3A4 индукторларын иматинибпен қатарлас қабылдамау керек.
Қан плазмасындағы концентрациясы иматиниб әсерімен өзгеруі мүмкін белсенді заттар
Иматиниб пен симвастатин (CYP3A4 изоферментінің субстраты) бір мезгілде қолданылғанда симвастатин Cmax және AUC, тиісінше, 2 және 3,5 есе ұлғаюы білінген, бұл иматинибтің CYP3A4 изоферментін тежеу салдарынан болады. Неопакс® пен CYP3A4 изоферменттерінің субстраттары болып табылатын және емдік концентрация диапазоны тар (мысалы, циклоспорин, пимозид) препараттарды бір мезгілде қолданғанда сақ болуға кеңес беріледі. Неопакс® CYP3A4 изоферментімен метаболизденетін басқа препараттардың (мысалы, триазоло-бензодиазепиндер, дигидропиридин, кальций өзектерінің блокаторлары, бірқатар ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері, соның ішінде статиндер және т.б.) қан плазмасындағы концентрациясын арттыруы мүмкін.
Варфариннің CYP2C9 изоферментімен метаболизденуіне байланыты антикоагуляциялық ем қажет болатын пациенттер төмен молекулалық немесе стандартты гепарин алуы тиіс.
In vitro иматиниб P450 цитохромының CYP2D6 изоферментін CYP3A4 белсенділігіне ықпал ететіндеріне ұқсас концентрацияларда тежейді. Иматиниб тәулігіне екі рет 400 мг дозада қолданылғанда метопрололдың CYP2D6 арқылы метаболизмін тежеу әсері және метопролол Cmax және AUC мәндерінің шамамен 23% (СА 90%) жоғарылауы білінді. Иматиниб CYP2D6 субстраттарымен бір мезгілде қабылданғанда дозалау режимін өзгерту қажет емес, дегенмен метопролол сияқты емдік концентрация диапазоны тар CYP2D6 субстраттарына қатысты сақ болуға кеңес беріледі. Метопролол алатын пациенттерге клиникалық мониторинг қажет.
In vitro иматиниб Ki 58,5 мкмоль/л мәніндегі парацетамолдың О-глюкурондануын тежейді. Осындай тежеліс 400 мг иматиниб және 1000 мг парацетамол қабылдаудан кейін in vivo байқалмаған. Парацетамол мен Неопаксты® жоғары дозаларда қабылдау зерттелмеген.
Неопакс® жоғары дозаларын парацетамолмен бірге тағайындағанда сақтық шарасын қадағалау керек.
Неопакс® бір мезгілде қабылданғанда тиреоидэктомия жасалған және левотироксин алатын пациенттерде қан плазмасындағы левотироксин мөлшері төмендеуі мүмкін, осыған орай, сақ болуға кеңес беріледі. Қазіргі уақытта байқалған өзара әрекеттесу механизмі зерттелмеген.
Ph+ ЖЛЛ бар пациенттерде химиялық ем препараттарымен біріктіріп қолданудың клиникалық тәжірибесі бар, дегенмен иматиниб пен химиялық емнің өзара әрекеттесуі жақсы зерттелмеген. Иматинибтің жағымсыз әсерлерінің, соның ішінде гепатоуыттану, миелосупрессия және т.б. күшеюі мүмкін. L-аспарагиназамен бір мезгілде қабылдаудың гепатоуыттылықтың артуын туындатуы мүмкін екені хабарланады. Осылайша, Неопаксты® біріктіріп қабылдау арнайы алдын ала сақтану шараларын талап етеді.
Айрықша нұсқаулар
Неопакс® протеаза тежегіштерімен, зеңге қарсы азолдармен, кейбір макролидтермен, емдік концентрацияларының ауқымы тар CYP3A4 субстраттарымен (мысалы, циклоспорин, пимозид, такролимус, сиролимус, эрготамин, диэрготамин, фентанил, альфентанил, терфенадин, бортезомиб, доцетаксел, хинидин) немесе варфаринмен және басқа да кумарин туындыларымен сақтықпен қолданылу керек.
Иматиниб пен CYP3A4 индукциялайтын дәрілік препараттарды (мысалы, дексаметазон, фенитоин, карбамазепин, рифампицин, фенобарбитал немесе шайқурай ретінде белгілі Hypericum perforatum) бір мезгілде қолдану Неопакс® әсерін едәуір азайтып, емдік тиімсіздік қаупін ықтималды арттыруы мүмкін. Осылайша, CYP3A4 күшті индукторлары мен иматинибті бір мезгілде қолданбау керек.
Гипотиреоз
Тиреоидэктомия жасалған және левотироксинмен орын басу емін алатын пациенттерде Неопакс® қолдану аясында гипотиреоз дамуы жөнінде хабарламалар бар болғандықтан, пациенттердің осы санатында тиреотропты гормон (ТТГ) деңгейін мұқият бақылап отыру қажет.
Гепатоуыттану
Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде (жеңіл, орташа немесе ауыр дәрежедегі) шеткері қан талдауларын және бауыр ферменттерінің деңгейлерін жүйелі бақылап отыру керек.
Жоғары дозалардағы химиялық препараттармен біріктірілген Неопакс® емінде пациенттерде трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы мен гипербилирубинемия түріндегі бауыр функциясының транзиторлы бұзылу көрінісі болды. Бұдан бөлек, жедел бауыр жеткіліксіздігінің, бауыр некрозының даму жағдайлары жөнінде сирек хабарламалар болды. Неопакс® препаратын бауыр функциясының бұзылуын туындатуға қабілетті басқа химиялық ем режимдерімен біріктіріп қолданған жағдайларда да бауыр функциясын тұрақты бақылау ұсынылады.
Сұйықтық іркілісі
Ауыр дәрежедегі сұйықтық іркілу жағдайлары (плевралық жалқық, ісіну, өкпе ісінуі, перитонеальді жалқық, шеткері ісіну) Неопакс® қабылдайтын СМЛ алғаш анықталған пациенттердің 2,5% шамасында білінді. Осылайша, пациенттердің дене салмағын ұдайы бақылау ұсынылады. Күтпеген жерден жылдам салмақ қосқан жағдайда, науқасты тексеруден өткізіп, қажет болса, тиісті демеу шараларын қабылдаған дұрыс. Клиникалық зерттеулер барысында сұйықтық іркілісінің ең көп даму жиілігі егде жастағы пациенттерде және анамнезінде жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттерде білінді. Осылайша, жүрек дисфункциясы бар пациенттерге сақтық шараларын қадағалау керек.
Жүрек аурулары немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Жүрек аурулары, жүрек жеткіліксіздігі пайда болатын қауіп факторлары бар немесе анамнезінде бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді ұқыпты бақылауға алу керек; жүрек жеткіліксіздігі белгілері немесе симптомдары бар пациенттерді тексеруден өткізіп, ем тағайындау керек.
Гиперэозинофилия синдромы (ГЭС) және жүрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде кардиогенді шок/сол жақ қарынша функциясының бұзылуының жекелеген даму жағдайлары Неопакс® препаратымен емнің басталуымен байланысты болды. Жүйелі стероидтар тағайындалғанда, қан айналымын демейтін жүйелер пайдаланылғанда және иматиниб қабылдауды уақытша тоқтатқанда ондай жай-күйлер қайтымды сипатта болды.
Миелодисплазиялық/миелопролиферациялық аурулар және жүйелі мастоцитоз эозинофильдердің жоғары деңгейімен қатар жүруі мүмкін. Сондықтан ГЭС/СЭЛ зардап шегетін пациенттерде, сондай-ақ МДА/МПА немесе эозинофильдердің жоғары деңгейімен астасқан СМ зардап шегетін пациенттерде ЭКГ бақылауын жасау және қан сарысуындағы тропонин деңгейін анықтау керек. Егер патологиялық өзгерістер білінсе, емдеудің бастапқы фаза сатысында Неопакспен® қатарлас ем ретінде 1-2 апта бойы алдын алу үшін жүйелі стероидтар (1-2 мг/кг) қолдану мүмкіндігін қарастыру керек.
Асқазан-ішектен қан кету
Операцияға жатпайтын және/немесе метастаздық АІЖСІ бар пациенттерді зерттеуде асқазан-ішектен қан кетулер және ісік ошақтарынан қан кетулер туралы хабарланды. Қолда бар деректерге сәйкес, АІЖСІ бар пациенттерді аса жоғары қан кету қаупіне ұшыратуы мүмкін ешқандай бейімдегіш факторлар (ісік өлшемі, оның орналасуы, қан ұюының бұзылуы сияқты) болмаған. Жоғары васкуляризация және қан кетулерге бейімділік АІЖСІ клиникалық ағымының бір бөлігі болып табылатындықтан, пациенттердің бәрінде стандартты тәжірибе және мониторинг емшарасы мен қан кетулерді емдеу пайдаланылу қажет.
Ісік лизисі синдромы
Неопакс® препаратын қабылдау басталғанша ісік лизисі синдромының пайда болуы мүмкін екеніне байланысты, клиникалық мәнді сусыздануды және несеп қышқылының жоғары деңгейін түзету ұсынылады.
B гепатитінің қайта белсенділенуі
Тирозинкиназа тежегіштерін (ТКТ) (иматиниб, нилотиниб) қолданудан кейін В гепатиті вирусының ұзаққа созылатын тасымалдаушылары болып табылатын пациенттерде оның қайта белсенділенуі мүмкін.
Кейбір жағдайларда бұл жедел бүйрек жеткіліксіздігіне немесе бауыр трансплантациясы қажет болатын шұғыл типті гепатиттің дамуына немесе өліммен аяқталуға алып келді.
Барлық пациенттерді ТКТ емі басталғанша В гепатиті вирусымен жұқпалану тұрғысынан тексеру қажет.
ТКТ қабылдайтын пациенттерді созылмалы тасымалдау қабілетін анықтау мақсатында В гепатиті вирусын жұқтыру тұрғысынан тексеру қажет.
ТКТ емі басталғанша анықталған В гепатиті вирусына (белсенді ауруын қоса) серологиялық зерттеулер нәтижелері оң пациенттерді, сондай-ақ ем аяқталған соң В гепатиті вирусына серологиялық зерттеудің оң нәтижесін алған пациенттерді В гепатитін емдеу тәжірибесі бар бауыр аурулары маманынан кеңес алуға жолдау керек.
ТКТ алатын В гепатиті вирусының тасымалдаушыларында бүкіл емдеу курсы бойына және ол аяқталған соң бірнеше ай бойы В гепатиті инфекциясының белсенді фазадағы белгілері мен симптомдарына қатысты мұқият мониторинг жүргізген жөн.
Зертханалық тестілер
Неопакс® препаратымен ем кезінде толық қан талдауын жүйелі жасау қажет. СМЛ бар пациенттерді Неопакс® препаратымен емдеу нейтропениямен немесе тромбоцитопениямен қатар жүрген. Алайда, цитопенияның пайда болуы, емдеу жүргізілетін ауру фазасымен байланысты болу ықтималдығы зор, олар да СМЛ акселерациясы немесе бластты криз фазасындағы пациенттерде СМЛ созылмалы фазасындағы пациенттермен салыстырғанда жиірек байқалады. «Қолдану тәсілдері және дозалары» бөліміндегі нұсқауларға сай Неопакспен® емдеуді тоқтатуға немесе дозасын азайтуға болады.
Неопакс® алатын пациенттерде бауыр функциясын (трансаминазалар, билирубин, сілтілік фосфатаза) жүйелі бақылап отыру қажет.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде, бүйрек функциясы қалыпты пациенттермен салыстырғанда, плазмадағы иматиниб экспозициясы аса жоғары болады, бұл плазмадағы α-гликопротеиндер (иматинибпен байланысатын плазманың негізгі ақуыздары) концентрациясының жоғарылауынан болуы ықтимал. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге препарат қабылдауды ең төмен дозадан бастау керек. Бүйрек функциясының бұзылуы ауыр пациенттерге Неопакс® сақтықпен тағайындалу керек. Неопакс® жақпаушылығында препарат дозасын азайтуға болады.
Балалар жасындағы пациенттер
Иматиниб алатын жасы кіші балалар мен жасөспірімдерде өсу кідірісінің жағдайлары жөнінде хабарламалар бар. Балалардың өсуі үшін иматинибпен ұзақ уақыт емделудің кейіннен білінетін зардаптары белгісіз. Сондықтан иматиниб алатын балалардағы өсуді мұқият бақылап отыру ұсынылады.
Жүктілік және лактация кезеңі
Қазіргі уақытта жүкті әйелдерде Неопакс® қолдану жөніндегі деректер жоқ.
Иматиниб қабылдаған әйелдерден туылған жаңа туған нәрестелерге қатысты өздігінен түсік тастау жағдайлары және туа біткен аномалиялар хабарланды.
Неопакс® жүктілік кезеңінде, егер күтілімді пайдасы шаранаға төнетін қауіптен басым болса ғана, тағайындалу керек. Бұл жағдайларда пациент әйелді шарана үшін ықтималды қауіптің болуын ескерту керек. Бала туу жасындағы әйелдер Неопакспен® ем кезінде тиімді контрацепция әдістерін қолдану керек.
Неопакс® қабылдайтын әйелдерге бала емізуден бас тарту керек.
Қосымша заттар туралы ақпарат.
Неопакс® құрамында лактоза бар. Сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы аурулары, Lapp лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер осы дәріні қабылдамауы тиіс.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Пациенттер өздерінде Неопакспен® емделу кезеңінде естен тану немесе анық көрмеу типтес қолайсыз реакциялар болуы мүмкін екенінен хабардар болуы тиіс. Сондықтан, автокөлікті немесе басқа механизмдерді басқару кезінде сақтық шарасын қадағалауға кеңес беріледі.
Артық дозалануы
Симптомдары: 10 күн бойы 1200 мг-ден 1600 мг дейінгі дозаны алған науқаста жүрек айну, құсу, диарея, бөртпе, эритема, ісіну, ісіп кету, бұлшықеттердің түйілуі, тромбоцитопения, панцитопения, абдоминальді ауыру, бас ауыру, тәбеттің төмендеуі байқалды. 6 күн бойы 1800 мг-ден 3200 мг дейін қолданғанда әлсіздік, миалгия, креатинин деңгейінің көтерілуі, билирубин көрсеткішінің артуы, АІЖ ауыруы байқалды. 6400 мг (бір реттік доза) қолданылғанда жүрек айну, құсу, абдоминальді ауыру, қызба, беттің ісінуі, нейтрофилдер санының азаюы, бауыр трансаминазаларының жоғарылауы байқалды. 8 г-ден 10 г (бір реттік доза) дейін қолданғанда құсу, АІЖ ауыруы байқалды.
3 жастағы сәбиде артық дозалану (бір реттік 400 мг доза) жағдайы хабарланып, онда жүрек айну, диарея мен анорексия байқалды, ал басқа 3 жастағы сәби 980 мг қабылдаған, бұл қанның ақ денешіктері санының азаюына және диареяға алып келді.
Емі: симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
PVC/PE/PVDC үлбірінен және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салады.
Пішінді 3, 6, 9, 12 немесе 18 (100 мг доза үшін) немесе 3, 6 немесе 9 (400 мг доза үшін) қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
ӨндірушіКРКА, д.д. Ново место, Словения
Шмарьешка 6, 8501 Ново место, Словения
Тіркеу куәлігінің иесі
КРКА, д.д., Ново место, Словения
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға қатысты ұйымның мекенжайы
«КРКА Қазақстан» ЖШС, ҚР, 050059, Алматы қ., Әл-Фараби д-лы 19,
1б корпус, 2-ші қабат, 207 кеңсе
тел. 8 (727) 311-08-09
факс 8 (727) 311-08-12
info.kz@krka.biz