Неозин®

МНН: Тетризолин
Производитель: Фармацевтическая компания "МЕДОПТИК"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Tetryzoline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011521
Период регистрации: 30.10.2015 - 30.10.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Неозин®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Тетризолин

Дәрілік түрі

0,05% 8 мл, 15 мл көз тамшысы

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат - 0,5 мг тетрагидрозолин гидрохлориді,

қосымша заттар: бор қышқылы, натрий тетрабораты, инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Деконгестанттар және аллергияға қарсы препараттар. Деконгестанттар ретінде қолданылатын, симпатомиметиктер. Тетризолин.

АТХ коды S01GA02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданғанда іш жүзінде сіңбейді.

Фармакодинамикасы

Тетрагидрозолин гидрохлориді – альфа-адренорецепторларды көтермелейтін симпатомиметикалық препарат, бірақ бета-адренорецепторларға әлсіз әсер етеді немесе әсер етпейді. Тетрагидрозолин гидрохлориді симпатомиметик ретінде қан тамырларын тарылтып, тіндердегі ісікті азайтады. Тамызғаннан кейін бірнеше минуттан соң әсері басталады және 4-8 сағатқа созылады.

Препаратты қолданғанда реактивті гиперемия және көз қарашығын үлкейту мүмкіндігі туралы мәліметтер жоқ.

Қолданылуы

Ересектер және 8 жастан асқан балаларға

Аллергия немесе химиялық және физикалық факторлар (түтін, шаң, жарық, косметика, хлорлы суда жүзу, компьютермен жұмыс жасау және линза тағу, автокөлікті жүргізу кезіндегі көздің шаршауында) әсерінен болатын конъюнктива гиперемиясы мен ісігін басу үшін.

Қолдану тәсілі және дозалары

Екі көздің төменгі конъюнктивальді қабына 1-2 тамшыдан тәулігіне 2-3 рет тағайындайды.

Емдеу курсы 4 күннен аспайды. Егер 48 сағаттың ішінде жақсару болмаса, емдеуді тоқтату керек.

Тамшылатқыш - құтыны қолдану

Тамшылатқыш - құтыдан қақпақты алады және құтыны төңкереді. Өзге заттардың бетімен құтының ұшын жанастырмайды. Қолданып болғаннан кейін құты-тамшылатқыштың қақпағын бұрап жабады.

Жағымсыз әсерлері

- ашытып-күйдіру сезімінің пайда болуы

- көздің қызаруы, көздің ауыруы, шаншуы

- көрудің бұлдырлауы

- конъюнктиваның тітіркенуі

- көз қарашығының кеңейуі, көз іші қысымының жоғарылауы мүмкін

Сирек

- артериялық қысымның көтерілуі, тахикардия, лоқсу, бас ауыруы

- гипергликемия

- аллергиялық реакциялар

- ұйқысыздық, тремор, ұйқышылдық, мидриаз, жүрек қызметінің бұзылысы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- 8 жасқа дейінгі балаларда

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдықта

- жабық бұрышты глаукома және мөлдір қабақтың эндотелиальді-эпителиальді дистрофиясы

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты МАО тежегіштерімен бір мезгілде (фенелзин, ниаламид, ипрониазид және б.) және оларды қабылдауды тоқтатқаннан кейін 10 күн бойы қолданбау керек.

Аритмияның жоғарылау қаупінің дамуы жүрек гликозидтерін, хинидин немесе үшциклді антидепрессанттарды қабылдап жүрген пациенттерде болуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Моноаминооксидаза ингибиторларын қабылдайтын, жүрек-қан тамырлары ауруларының ауыр түрімен (жүректің ишемиялық ауруында, артериялық гипертензияда, аритмияда, аневризмде), феохромоцитомамен ауыратын науқастарда немесе қан қысымын көтеретін, өзге де заттармен бірге абайлап қолдану керек.

Гипертиреозбен, қант диабетімен ауыратын науқастарға абайлап қолдану керек.

Препаратты тамызардың алдында жанаспалы линзаны шешу керек және оларды 15 минуттан кейін киюге болады.

Неозин® препаратын көздің жеңіл тітіркенуі кезінде ғана қолданған жөн.

Егер 48 сағаттың ішінде жағдай жақсармаса немесе қызару және тітіркену сақталса немесе ұлғайса, препаратты қолданбау керек және дәрігерге көріну керек. Көздегі ауыруы қарқындылығы, бас ауыруы, көрмей қалуы, көздің алдында «жүзген» дақтардың кенеттен пайда болуы, көздің қызаруы, жарықтың әсерінен болатын көздің ауыруы немесе қосарлануы кезінде дәрігерге тез арада көріну керек.

Егер көз мүшелерінің: инфекция, мөлдір қабақтың химиялық зақымдалуы немесе бөгде заттары сияқты күрделі ауруларынан болатын тітіркену немесе қызару кезінде Неозин® қолданбайды.

Қауіпті механизмдермен немесе тасымалдау заттарын басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолданғаннан кейін қарашықтың кеңеюі, көздің бұлдырлауы, көз іші қысымының жоғарылауы, конъюнктиваның тітіркенуі болуы мүмкін болғандықтан, қауіпті механизмдермен және көлікті басқару кезінде сақ болу керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: нұсқаулыққа сәйкес қолданғанда, артық дозаланудың болу қаупі төмендейді. Дегенмен асқазан-ішек жолына абайсызда түскен кезде артық дозаланудың келесі симптомдары: қарашықтың кеңеюі, жүректің айнуы, цианоз, қызба, құрысу, тахикардия, аритмия, жүректің тоқтап қалуы, артериялық гипертензия, өкпе ісінуі, орталық жүйке жүйесінің және тыныс алу функциясының бұзылыстары, кома болуы мүмкін.

Препараттың сіңуіне байланысты, әсіресе жұту кезінде артық дозалану симптомдарының пайда болу қаупі жаңа туылған нәрестелерде және кішкентай балаларда жоғары болады.

Емі: көзді судың көп мөлшерімен шайып жуу, ішке түскенде: белсенді көмір, асқазанды шаю, оттегімен ингаляция жасау, ыстықты басатын және құрысуға қарсы дәрілер. Артериялық қан қысымын төмендету үшін гипотензиялық препараттарды қабылдайды.

Артериялық қан қысымы төмен науқастарға вазопрессорлық дәрілерді тағайындауға болмайды.

Тетризолин гидрохлоридінің у қайтарғысы белгісіз.

Кез-келген артық дозаланудың симптомдары пайда болған кезде дәрігерге тез арада көріну керек!

Шығарылу түрі және қаптамасы

0,05% 8 мл-ден, 15 мл-ден көз тамшысы алғашқы ашылуы бақыланатын, қақпақпен тығындалып жабылған, полиэтиленнен жасалған тамшылатқыш-құтыларда.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон кораптан жасалған қорапшаға салынған.

Картон қорапқа 100, 20 немесе 10 қорапшадан немесе 20 құтыдан (қорапшаға салмай) қораптық картоннан жасалған қорапқа құты санына қарай медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Құты ашылғаннан кейін препараттың қолданылу мерзімі 4 аптадан асырмай.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босату шарттары

Рецептісіз

Өндіруші/Қораптаушы

«Медоптик» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Алматы қ-сы, Огарев к-сі 2 «б»

тел: 8 (727) 2320822,2320823, 2320824

факс: 8 (727) 3832202

Е-mail: medoptik@medoptik.kz

Тіркеу куәлігінің иесі

«Медоптик» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар)

сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Медоптик» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Алматы қ-сы, Огарев к-сі 2 «б»

тел: 8 (727) 2320822,2320823, 2320824

факс: 8 (727) 3832202

Е-mail: medoptik@medoptik.kz

Прикрепленные файлы

208947761477976395_ru.doc 48 кб
163025441477977607_kz.doc 52 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники