Нейромультивит® № 20 (таблетки)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Нейромультивит®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: тиамин гидрохлориді (В1 витамині)…… 100 мг,
пиридоксин гидрохлориді (В6 витамині) 200 мг,
цианокобаламин (В12 витамині) …………0.2411 мг,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, магний стеараты, повидон,
қабықтың құрамы: макрогол 6000, титанның қостотығы (Е 171), тальк, гипромеллоза, полиакрилат 30% дисперсиясы2.
1 Санында 20 % артығымен қосылған
2 2.25 мг құрғақ зат 7.5 мг суспензияға сәйкес келеді
Сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, ақтан ақ дерлік түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
В1 витаминінің В6 және В12 витаминдерімен біріктірілімі
АТХ коды А11DВ
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Препарат компоненттері суда еритін витаминдер болып табылады, бұл олардың организмде жиналу мүмкіндігін болдырмайды.
Тиамин және пиридоксин ішектің жоғарғы бөлігінде сіңіріледі, сіңірілу дәрежесі дозаға байланысты. Цианокобаламиннің сіңірілуі асқазанда басталады, цианокобаламинді тіндерге жеткізу тасымалдаушы ақуыз транскобаламин ІІ арқылы жүзеге асады.
Препараттың құрамына кіретін барлық витаминдер бауырда метаболизденеді. Тиамин мен пиридоксин организмнен бүйрек арқылы шығарылады (8-10% жуығы өзгермеген түрде шығарылады).
Цианокобаламин негізінен өтпен шығарылады, оның бүйрекпен шығарылу дәрежесі 6-дан 30%-ға дейін.
Фармакодинамикасы
Фармакологиялық қасиеттері препарат құрамына кіретін витаминдердің қасиеттерімен анықталады.
Тиамин (В1 витамині) адам организмінде фосфорлану үдерісінің нәтижесінде кокарбоксилазаға айналады, ол көптеген ферменттік реакциялардың коферменті болып табылады. Тиамин көмірсу, ақуыз және май алмасуда маңызды рөл атқарады. Синапстармен жүйке қозуының жүру үдерісіне белсенді түрде қатысады.
Пиридоксин (В6 витамині) орталық және шеткергі жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет. Фосфорланған түрде амин қышқылдары метаболизмінде (декарбоксилдену, қайта аминделу және т.б.) кофермент болып табылады. Жүйке тіндерінде әсер ететін маңызды ферменттердің коферменті ретінде қолданылады. Глутамин қышқылының алмасуына қатыса отырып, допамин, норадренелин, адреналин, гистамин және ГАМҚ сияқты көптеген нейромедиаторлар биосинтезіне қатысады.
Цианокобаламин (В12 витамині) қалыпты қан түзілуі және эритроциттердің жетілуі үшін қажет, сондай-ақ организмнің тіршілік қызметін қамтамасыз ететін бірқатар биохимиялық реакцияларға – метил тобының тасымалдануында, нуклеин қышқылының, ақуыздың синтезінде, амин қышқылының, көмірсудың, липидтердің алмасуына қатысады. Жүйке жүйесіндегі үдерістерге (нуклеин қышқылының синтезі және цереброзидтер мен фосфолипидтердің липидтік құрамы) жағымды әсер етеді. Цианокобаламиннің коферментті түрлері – метилкобаламин және аденозилкобаламин жасушаның репликация мен өсуі үшін қажет.
Қолданылуы
-
әртүрлі этиологиядағы полинейропатияда (диабеттік, алкогольдік және т.б.)
-
невритте және невралгияда
-
омыртқаның дегенеративті аурулары аясындағы радикулитте
-
бел синдромында
-
мойын синдромында
-
ишиаста, люмбагода
-
плекситтерде
-
қабырғааралық невралгияда
-
үшкіл жүйке невралгиясында
-
бет жүйкесі парезінде
Қолдану тәсілдері және дозалары
Таблеткаларды тамақтан соң шайнамай және аздаған мөлшерлі сұйықтықпен қабылдаған жөн.
Әдетте тәулігіне 1 таблеткадан 1-3 рет тағайындайды.
Емдеу курсының ұзақтығы әдетте 2-3 аптаны (дәрігердің кеңесі бойынша) құрайды.
Жағымсыз әсерлері
Препараттың науқасқа жағымдылығы жақсы.
Сирек:
-
бас ауыру, бас айналу
-
жүрек айну
Өте сирек:
-
В6 витаминін өте үлкен дозада дұрыс қолданбаған кезде сезімталдықтың бұзылуы
-
қышыну және уртикарлы бөртпе түріндегі аса жоғары сезімталдықтың тері реакциялары
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
-
жүктілік және лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
-
леводопамен бірге нейромультивит леводопаның паркинсонға қарсы тиімділігін төмендетеді.
-
этанолмен бірге тиаминнің сіңуі күрт төмендейді.
Нейромультивитті қабылдағанда В тобы витаминдері құрамына кіретін поливитаминдер кешенін қабылдауға болмайды.
Айрықша нұсқаулар
Препараттың жоғары дозаларымен неврологиялық симптомдар басталуы ықтималдығына байланысты 4 аптадан артық емделуге болмайды. Құрамында В12 витамині бар препараттар фуникулярлық миелоз және қатерлі анемия зерттеулерінің клиникалық көрінісін және зертханалық нәтижелерін жасыруы мүмкін.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етуі байқалмаған.
Артық дозалануы
Симптомдары: атаксия және сезімталдықтың бұзылуы бар невропатия, ЭЭГ өзгерістері бар церебральді құрысулар, аллергиялық реакциялар.
Емі: артық дозалану көріністерінің ауырлығына байланысты. Асқазанды шаю, белсенділендірілген көмір тағайындау керек, әрі қарай симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
20 таблеткадан поливинилхлоридті/ поливинилиденхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
1 немесе 3 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
G.L.Pharma GmbH, Industriestraße 1, A-8502 Lannach, Австрия
Тіркеу куәлігінің иесі
«Валеант» ЖШҚ, Ресей
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Валеант» ЖШҚ ҚР өкілдігі
Қазақстан, 050059, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 17 үй, “Нұрлы-Тау” Бизнес-Орталығы 4Б блок, 1104 кеңсе
Телефон + 7 727 3 111 516, факс + 7 727 3 111 517
Электронды поштасы: Office.KZ@valeant.com