Нейромультивит® (раствор для инъекций)

МНН: Пиридоксин, Тиамин, Цианокобаламин
Производитель: G.L.Pharma GmbH
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинация витамина B1 с витаминами B6 и/или B12
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020789
Информация о регистрации в РК: 29.08.2019 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Нейромультивит®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 2 мл ерітінді

Құрамы

2 мл ерітіндінің құрамында

белсенді заттар: 100 мг тиамин гидрохлориді, 100 мг пиридоксин гидрохлориді, 1 мг цианокобаламин,

қосымша заттар: диэтаноламин, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Қызыл түсті мөлдір ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. В1 витамині және оның В6 және В12 витаминдерімен біріктірілімі.

АТХ коды А11DВ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат құрамында В тобы витаминдерінің біріктірілімі болады: тиамин гидрохлориді (В1), пиридоксин гидрохлориді (В6) және цианокобаламин (В12).

Бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін суда еритін витаминдер организмде толығымен сіңеді.

Тиамин гидрохлориді (В1 витамині). Сіңген тиамин гидрохлоридінің бір бөлігі энтерогепатиялық айналымға түседі. Тиамин гидрохлориді экскрециясының негізгі өнімдері – бұл тиаминкарбон қышқылы және пирамин (2,5-диметил-4-аминопиримидин). Осымен бірге тиамин гидрохлоридінің аздаған мөлшері өзгермеген түрде бөлінеді.

Пиридоксин гидрохлориді (В6 витамині). Организмде пиридоксин гидрохлориді пиридоксальге дейін тотығады немесе пиридоксаминге дейін аминделеді. Коэнзим ретінде оның қызмет етуінің шарты CH2OH-тобы бойынша 5-ші дәрежеде фосфорлануы, яғни пиридоксаль-5-фосфатының (ПАЛФ) түзілуі болып табылады. Қанда шамамен 80 % ПАЛФ ақуыздармен байланысты. Пиридоксин гидрохлориді негізінен ПАЛФ түрінде бұлшықеттерде жинақталады. Сыртқа шағарылатын негізгі өнім – 4- пиридоксин қышқылы.

Цианокобаламин (В12 витамині). В12 витамині сіңірілгеннен кейін сарысуда спецификалық В12-байланыстырғыш бета-(транскобаламин) және В12- байланыстырғыш альфа1-глобулинмен байланысады. В12 витаминінің жинақталуы негізінен бауырда жүреді. Қан сарысуынан жартылай шығарылу кезеңі шамамен 5 күнді, ал бауырдан – шамамен 1 жылды құрайды.

Фармакодинамикасы

Нейромультивит® құрамында В тобы витаминдер үйлесімі бар, олар коэнзимдер ретінде орталық және шеткергі жүйке жүйесінің аралық метаболизмінде аса қажет. Барлық витаминдер сияқты олар қоректенудің ажырамас бөлігі болып табылады және организмде өздігінен өндіріле алмайды. Бұл витаминдерді тамаққа емдік дозада толықтыру орын алған кез келген жетіспеушілікті теңгерімге келтіруге көмектеседі, осылайша коэнзимдердің қажетті мөлшерін өндіру қамтамасыз етіледі. Компоненттерді жеке-жеке пайдалануға қарағанда, әсіресе витаминнің жедел тапшылығын дұрыстау қажет болған кезде, біріктіріп үлкен дозада енгізу барынша тиімді деп саналады.

Бұл витаминдердің жүйке жүйесі бұзылыстары кезінде емде қолданылуы, бір жағынан қатар жүретін тапшылық жағдайының (кейде бастан өткерген аурудың салдарынан жоғары талап етуінен туындаған) пайда болуына кедергі болады, сондай-ақ басқа жағынан жолға қоюдың табиғи механизмін көтермелейді. Сонымен қатар, В тобы витаминдері кешенінің ауырғанды басу тиімділігі сауықтыру әсерін күшейтеді.

В1 витаминінің (тиамин) белсенді түрі дегеніміз – тиамин дифосфаты. Көмірсу зат алмасуы кезінде ол пируват және альфа-кетоглутарат секілді альфа-кетоқышқылдары декарбоксилациялануында коэнзим ретінде әсер етеді. Тиамин жарғақшалық жүйке тінінде болады, жүйке функциясына нейромедиаторлар биосинтезі арқылы әсер етеді.

В6 витамині (пиридоксин) – жүйке тінінде маңызды энзимдер простетикалық тобы ретінде әрекет ететін амин қышқылдарының метаболизмі кезінде қажетті коэнзим. Осылайша, Пиридоксин допамин, норадренолин, 5 гидрокситриптамин, гистамин және ГАМК сияқты бірнеше нейромедиаторлар биосинтезі мен концентрациясына әсер етеді. Пиридоксин гомоцистеиннің цистеинге өзгеруі, сондай-ақ гомоцистеиннің метионинге ресинтезі кезінде маңызды қызмет атқарады.

В12 витамині (цианокобаламин) нуклеин қышқылдары синтезіне және нейронды цереброзидтар мен фосфолипидтерде май қышқылдары құрамына әсер етеді. Коэнзим болғандықтан, ол жасушалардың өсуі мен репликация үдерісінде, мысалы, гомоцистеиннің метионинге ресинтезінде де, маңызды қызмет атқарады.

Қолданылуы

  • шығу тегі әртүрлі полинейропатияда

  • невритте және невралгияда

  • омыртқаның дегенеративті аурулары салдарынан болған радикулоневритте (мойын синдромы, қол басы және білек синдромы, бел синдромы)

  • ишиалгияда

  • үшкіл жүйке невралгиясында, қабырғааралық невралгияда

Қолдану тәсілі және дозалары

Препарат тек бұлшықет ішіне енгізіледі (бөксе бұлшықетінің жоғарғы сыртқы шаршысына).

Ауыр, жедел жағдайларда: күніне 1 инъекция синдром басылғанға дейін.

Ауыр емес жағдайларда: 1 инъекция аптасына 2-3 рет.

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек <1-10.000

- жоғары сезімталдық реакциялары (негізінен теріде пайда болуы түрінде)

- анафилактикалық реакциялар

- рефлекс жоғалуымен сенсорлық невропатия сияқты неврологиялық бұзылыстар, атаксия, беткейлік және терең сенсорлық функциялардың бұзылуы, симпатоплегия

- тұз қышқылы гиперсекрециясы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың белсенді немесе қосымша заттарына жоғары сезімталдық

- эритремия, эритроцитоз

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар

- В тобы витаминдерінің гипервитаминозы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Тиамин ерітіндісі допамин, метоксантрон, пиридоксальфосфат ерітінділерімен үйлеспейді.

L-допа, В6 витаминін бір мезгілде енгізгенде оның әсерін төмендетуі мүмкін. Пиридоксин алтретаминнің ісікке қарсы әсерін әлсіретеді.

Пиридоксин глимепирид, инсулин және глибенкламид+метформин біріктірілімінің гипогликемиялық әсерін күшейтеді.

Цианокобаламин аскорбин қышқылымен, ауыр металл тұздары және пиридоксальфосфатпен үйлесімсіз.

Лансопразол цианокобаламиннің сіңуін баяулатады, месалазин оның сіңірілуін баяулатады.

Аминогликозидтер, салицилаттар, эпилепсияға қарсы дәрілік заттар, колхицин, калий препараттары – В12 витаминінің сіңірілуін төмендетеді.

Тиамин+пиридоксин+цианокобаламин біріктірілімі аскорбин қышқылымен, бензилпенициллинмен, декстрозамен, рибофлавинмен, фенобарбиталмен үйлесімсіз.

Эпинефрин және норэпинефринмен қосқанда, олардың жүрекке жағымсыз әсері күшеюі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Нейромультивит, инъекцияға арналған ерітіндісін басқа дәрілік препараттармен араластыруға болмайды.

Жедел тромбоэмболикалық аурулар кезінде енгізуге болмайды. Стенокардиясы бар тромб түзілуіне бейім адамдарға сақтық танытқан жөн. Қан ұйығыштығын бақылау қажет.

Асқазан мен 12 елі ішек ойық жарасы ауруы, жүректің ишемиялық ауруы кезінде сақтықпен қолдану керек.

Бауырдың ауыр зақымдануы кезінде – оның функцияларының нашарлауын туындатуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Нейромультивит көлік құралдарын басқару қабілетіне әсер етпейді. Көлік құралын басқару және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеу кезінде сақ болу керек.

Артық дозалануы

Артық дозалануы ұзақ кезең ішінде тек қана төтенше үлкен дозалар енгізгеннен кейін ғана, туындауы мүмкін.

Симптомдары: атаксиямен невропатия, сенсорлық функцияның бұзылуы, ЭЭГ өзгерістері бар құрысулар, гипохромды анемия, дерматит.

Емі: симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

2 мл препараттан күңгірт шыныдан (I гидролитикалық класының) жасалған сыйымдылығы 2 мл ампулаларға құяды.

Ампулаға өздігінен желімделетін заттаңба жапсырылады.

5 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

1 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 20С-ден 80С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

G.L.Pharma GmbH, Австрия, 8502, Ланнах, Шлоссплатц 1

Тіркеу куәлігінің иесі

«Валеант» ЖШҚ, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Валеант» ЖШҚ ҚР өкілдігі

Қазақстан, 050059, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы,

17 үй, 4Б блок, 1104 кеңсе

Телефон + 7 727 3 111 516, факс + 7 727 3 111 517

Электронды поштасы: Office.KZ@valeant.com

 

Прикрепленные файлы

187461411477976656_ru.doc 58.5 кб
256268251477977800_kz.doc 64 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники