Невралон (2 мл)

МНН: Лидокаин, Пиридоксин, Тиамин, Цианокобаламин
Производитель: Мефар Илач Санайии А.Ш.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Витамины группы B в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№122003
Период регистрации: 21.01.2016 - 21.01.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Невралон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған ерітінді, 2 мл

Сипаттамасы

Күңгірт-қызыл түсті мөлдір сұйықтық

Құрамы

1 ампула препараттың ішінде

белсенді заттар: тиамин гидрохлориді (B1 витамині) 100 мг, пиридоксин гидрохлориді (B6 витамині) 100 мг, цианокобаламин (B12 витамині) 1 мг, лидокаин гидрохлориді 20 мг,

қосымша заттар: бензил спирті, калий гексацианоферраты (III), натрий гексаметафосфаты, 10% натрий гидроксиді ерітіндісі, иньекцияға арналған су.

Фармакотерапиялық тобы

В тобы витаминдері басқа препараттармен біріктірілімде.

АТХ коды А11ЕХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Тиамин гидрохлориді бұлшықет ішіне енгізгенде тез және толығымен сіңіріледі. Барлық ағзалар мен тіндерге жеткілікті түрде біркелкі таралады. Миокардта, қаңқа бұлшықеттерінде, жүйке тінінде және бауырда тиамин мөлшері осы құрылымдармен тиаминді тұтынудың жоғары болуымен байланысты жоғары. Препарат бауырда метаболизденеді және бүйрекпен, 8-10 % жуығы – өзгермеген түрде шығарылады. Тиаминнің биологиялық жартылай ыдырау кезеңі 0,35 сағатты құрайды. Майда шектеулі еритіндігінің арқасында тиамин организмде жинақталмайды.

В6 витамині фосфорланады және пиридоксаль-5-фосфатқа тотығады. Қан плазмасында пиридоксаль-5-фосфат альбуминмен байланысады. Жасуша жарғақшасы арқылы өту үшін альбуминмен байланысқан пиридоксаль-5-фосфат сілтілі фосфатазамен пиридоксальға гидролизденеді.

В12 витамині парентеральді енгізуден кейін бауырмен, сүйек кемігімен және басқа пролиферативті ағзалармен жылдам сіңірілетін тасымалдаушы ақуыз кешенін түзеді. В12 витамині өтке түседі және ішек-бауыр айналымына қатысады. В12 витамині плацента арқылы өтеді.

Лидокаин бұлшықет ішіне енгізу кезінде тіндер әлсіз сілтіленген ортада жылдам гидролизденеді және қысқа жасырын кезеңнен кейін 1-1,5 сағат бойы әсер етеді. Қан ақуыздарымен байланысуы 60-80% құрайды. Биотрансформация – 90 % бауырда белсенді метаболиттерге дейін (моноэтилглицинэксилидида, глицинэксилидида). Метаболиттер бүйрекпен, 10 % - өзгермеген түрде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Невралон – В тобы витаминдерінің біріктірілген препараты.

В тобының нейротропты витаминдері жүйке және қимыл-қозғалыс аппаратының қабыну және дегенеративтік аурулары кезінде жағымды әсер етеді, жоғары дозаларда ауыруды басатын әсері бар, қан ағымының күшеюіне ықпал етеді және жүйке жүйесінің жұмысы мен қан түзілу үдерісін қалыпқа түсіреді.

Тиамин гидрохлориді (B1 витамині) маңызды белсенді зат болып табылады. Организмде фосфорлану үдерісі нәтижесінде көптеген ферментті реакциялардың коферменті болып табылатын кокарбоксилазаға өзгереді. Көмірсу, ақуыз және май алмасуында, сондай-ақ синапстарда жүйке қозуын өткізу үдерістерінде маңызды рөл атқарады. Жасуша жарғақшаларын асқын тотықты тотығу өнімдерінің уытты әсерінен қорғайды.

Пиридоксин гидрохлориді (B6 витамині) фосфорланған түрінде амин қышқылдарының декарбоксилену және қайта аминделу үдерісіне, липид алмасуына қатысатын энзимдер құрамына кіреді. Шеткергі жүйке жүйесі мен орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) қалыпты функция атқаруына қажет.

Қос витаминнің физиологиялық функциясы жүйке-бұлшықет және жүрек-қантамыр жүйесіне оңды әсер етуінде байқалатын бір-бірінің әсерін үдету болып табылады. В6 витамині тапшылығы кезінде тапшылықтың кең таралған жағдайы осы витаминдерді енгізгеннен кейін жылдам басылады.

Цианокобаламин (B12 витамині) жасушалық метаболизм үдерістері үшін қажет. Қан түзілу функциясына әсер етеді (сыртқы анемияға қарсы фактор), холин, метионин, креатинин, нуклеин қышқылдарын түзуге қатысады, ауыруды басатын әсер береді.

Лидокаин жергілікті жансыздандыратын дәрі ретінде әсер етеді.

Қолданылуы

Патогенетикалық және симптоматикалық дәрілер ретінде шығу тегі әртүрлі жүйке жүйесі аурулары мен синдромдарының кешенді емі құрамында:

- полинейропатияда (оның ішінде диабеттік, алкогольдік және т.б.)

- неврит және полиневритте, оның ішінде ретробульбарлы неврит

- шеткергі парездерде, оның ішінде бет жүйкесінің парезі

- невралгияда, оның ішінде үшкіл жүйке және қабырға аралық жүйкелер

- ауыру синдромында (түбіршекті, миалгия, белдемелі герпес)

- B1 және B6, сондай-ақ B12 витаминдерінің дәлелденген тапшылығына негізделген жүйелік неврологиялық ауруларда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты бұлшықет ішіне терең енгізеді.

Айқын ауыру синдромында күнделікті 2 мл-ден 5-7 күн, содан соң 2 мл-ден аптасына 2-3 рет 2 апта бойы.

Ұзақтығын ауру симптомдарының айқындылығына байланысты дәрігер анықтайды, бірақ ол екі аптадан аспауы тиіс.

Демеуші ем үшін емді ішке қабылдауға арналған дәрілік түрінде жалғастыру ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар (қышыну, есекжем түріндегі тері реакциялары)

- қатты терлеу

- тахикардия

- безеу бөртпесі

- тыныс алудың қиындауы

- Квинке ісінуі

- анафилактикалық шок

- өте жылдам парентеральді енгізу жағдайында аритмия, брадикардия, бас айналуы, құрысу, жүрек айнуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- тромбоэмболия

- эритремия

- эритроцитоз

- декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігінің ауыр және жедел түрлері

- жүрек өткізгіштігінің ауыр бұзылуы

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Тиамин құрамында сульфит бар ерітінділерде толығымен ыдырайды. Леводопа В6 витаминінің емдік дозаларының әсерін төмендетеді.

Басқа витаминдер В1 витаминінің ыдырату өнімдері қатысқанда белсенділігін жоюы мүмкін.

D-пенилламинмен, циклосеринмен өзара әрекеттесуі ықтимал.

Тиамин тотықтыратын және редукциялайтын заттар: сынап хлоридімен, йодидпен, карбонатпен, ацетатпен, танин қышқылымен, темір-аммонийцитратпен, сондай-ақ натрий фенобарбиталымен, рибофлавинмен, бензилпенициллинмен, декстроза және метабисульфитпен үйлеспейді. Мыс тиаминның ыдырауын жеделдетеді; сонымен қоса, тиамин pH (3 астам) мәндері ұлғайған кезде өз әсерін жоғалтады.

В12 витамині ауыр металл тұздарымен үйлеспейді.

Лидокаинді эпинефринмен немесе норэпинефринмен бір мезгілде парентеральді қолданғанда жүрек тарапынан жағымсыз әсерлері артуы мүмкін. Сульфаниламидтермен өзара әрекеттесуі ықтимал. Жергілікті анестетиктер артық дозаланған жағдайда адреналин немесе норадреналин қосымша енгізілмеуі тиіс.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты қолданар алдында лидокаинге жекелей сезімталдыққа тері сынамасын жүргізу керек, оны инъекция орнының ісінуі мен қызаруы дәлелдейді. Лидокаиннің жылдам сіңуі жүйелік жағымсыз реакциялар туындатуы мүмкін, сонықтан препаратты бұлшықет ішіне баяу енгізу керек, препараттың кездейсоқ тамыр ішіне енуін болдырмауға тиісінше көңіл аударылуы тиіс.

Невралон құрамында бензил спирті бар. Препарат құрамында бензил спирті болуына байланысты препаратты балаларға тағайындауға болмайды.

В6 витаминінің шамадан тыс күнделікті дозасы (5 айдан астам уақыт бойы 500 мг немесе одан көп) сирек жағдайларда шеткергі сенсорлық невропатияға әкеледі, ол әдетте препаратты қабылдап біткеннен кейін жоғалады.

Псориазбен науқастарға ауру симптомдарының нашарлауы мүмкін болуына байланысты В12 витаминін қабылдауға болмайды.

Пиридоксин гидрохлориді безеу бөртпесінің туындауына түрткі болуы мүмкін.

Препаратты қабыдау кезінде құрамында В тобы витаминдері бар поливитаминді дәрілерді қабылдау ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік жүргізушілеріне және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істейтін адамдарға препаратты қолдануға қатысты ешқандай сақтандырулар жоқ.

Артық дозалануы

Симптомдары – препарат жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі: симптоматикалық. Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

2 мл препараттан күңгірт шыны ампулада.

5 ампуладан пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Тіркеу сертификатының иесі «РОТАФАРМ ИЛАЧЛАРЫ ЛИМИТЕД ШИРКЕТИ», компаниясы болып табылады, ТҮРКИЯ ("ROTAPHARM İLAСLARI LİMİTED ŞİRKETİ", TURKEY).

Өндіруші

«Мефар Илач Санайии А.Ш.», Рамазанолу Мах. Энсар Джад. № 20, 34906 Курткёй-Пэндик / Стамбул, Түркия

(“Mefar İlaç Sanayii A.Ş.”, Ramazanoğlu Mah. Ensar Cad. No: 20, 34906 Kurtköy-Pendik / İstanbul, Turkey).

Тіркеу куәлігінің иесі

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР, Алматы, Түріксіб ауданы, Сүйінбай д-лы, 222 б

Тел/факс: 8(7272) 529090

 

 

 

Прикрепленные файлы

742861591477976310_ru.doc 55.5 кб
688035241477977555_kz.doc 67 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники