Невралон

МНН: Пиридоксин, Тиамин, Цианокобаламин
Производитель: Абди Ибрахим Илач Санайи ве Тиджарет Аноним Ширкети
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинация витамина B1 с витаминами B6 и/или B12
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121956
Период регистрации: 30.12.2015 - 30.12.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Невралон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішекте еритін үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар:

тиамин гидрохлориді (B1 витамині) 250 мг

пиридоксин гидрохлориді (B6 витамині) 250 мг

цианокобаламин (B12 витамині) 1 мг,

қосымша заттар: маннитол, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, прежелатинделген жүгері крахмалы, поливинилпирролидон, магний стеараты, этанол,

қабықтың құрамы: акрил-EZE® қызғылт 93О34305 (метакрил қышқылының сополимері, титанның қостотығы, тальк, триэтилцитрат, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий бикарбонаты, кармин қышқылы (Е120), натрий лаурилсульфаты, индигокармин алюминий лагы (Е132), тазартылған су.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

В тобы витаминдері басқа препараттармен біріктірілімде.

АТХ коды А11DB

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Тиамин гидрохлориді (В1 витамині) ішу арқылы қабылдағаннан кейін он екі елі ішек пен жіңішке ішекте кері сіңіріледі. Елеулі дәрежеде бауырда метаболизденеді және оның негізгі метаболиттері тиаминкарбон қышқылы және пирамин (2,5-диметил-4-аминопиридимин) болып табылады. Метаболиттер өзгермеген тиаминнің аздаған мөлшерімен бірге ішек және бүйрек арқылы шығарылады.

Пиридоксин гидрохлориді6 витамині) ішектен жылдам сіңеді. Пиридоксальфосфат пен пиридоксаминфосфаттың фармакологиялық белсенді метаболиттерін түзе отырып, бауырда метаболизденеді. В6 витамині СН2ОН-тобының 5-ші қалыпта фосфорлануынан, яғни пиридоксаль-5-фосфат (PALP) түзілуінен кейін коэнзим ретінде функция атқарады. 80% жуық PALP қан плазмасы ақуыздарымен байланысады. Пиридоксин негізінен бұлшықеттерде, бауырда және ОЖЖ жинақталады. Пиридоксин метаболизмінің ақырғы өнімі организмнен бүйрекпен шығарылатын 4-пиридоксил қышқылы болып табылады.

Цианокобаламин (В12 витамині) цианокобаламиннің негізгі мөлшері «Касла ішкі факторымен» байланысқаннан кейін сіңіріледі. В12 витамині негізінен бауырда жинақталады. Қан сарысуынан жартылай шығарылу кезеңі шамамен 5 күнді, бауырдан – шамамен 1 жылды құрайды. Организмнен негізінен өтпен және несеппен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Невралон – В тобы витаминдерінің біріктірілген препараты. В тобының нейротропты витаминдері жүйке және қимыл-қозғалыс аппаратының қабыну және дегенеративтік аурулары кезінде жағымды әсер етеді, жоғары дозаларда ауыруды басатын әсері бар, қан ағымының күшеюіне ықпал етеді және жүйке жүйесінің жұмысы мен қан түзілу үдерісін қалыпқа түсіреді.

Тиамин гидрохлориді (B1 витамині) маңызды белсенді зат болып табылады. Организмде фосфорлану үдерісі нәтижесінде көптеген ферментті реакциялардың коферменті болып табылатын кокарбоксилазаға өзгереді. Көмірсу, ақуыз және май алмасуында, сондай-ақ синапстарда жүйке қозуын өткізу үдерістерінде маңызды рөл атқарады. Жасуша жарғақшаларын асқын тотықты тотығу өнімдерінің уытты әсерінен қорғайды.

Пиридоксин гидрохлориді (B6 витамині) фосфорланған түрінде амин қышқылының декарбоксилдену және қайта аминделу үдерісіне, липид алмасуына қатысатын энзимдер құрамына кіреді. Шеткергі жүйке жүйесі мен орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) қалыпты функция атқаруына қажет.

Қос витаминнің физиологиялық функциясы жүйке-бұлшықет және жүрек-қантамыр жүйесіне оңды әсер етуінде байқалатын бір-бірінің әсерін үдету болып табылады. В6 витамині тапшылығы кезінде тапшылықтың кең таралған жағдайы осы витаминдерді енгізгеннен кейін жылдам басылады.

Цианокобаламин (B12 витамині) жасушалық метаболизм үдерістері үшін қажет. Қан түзілу функциясына әсер етеді (сыртқы анемияға қарсы фактор), холин, метионин, креатинин, нуклеин қышқылдарын түзуге қатысады, ауыруды басатын әсер береді.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында:

- жедел немесе созылмалы неврит, полиневрит

- невралгия

- нейропатия және полинейропатия (диабеттік, алкогольді және т.б.)

Қолдану тәсілі және дозалары

Невралон таблеткаларын шайнамай, жеткілікті мөлшердегі сумен ішке қабылдайды.

Профилактика үшін күніне 1 таблетка Невралон тағайындалады.

Ауруды емдеу үшін – күніне 2-4 таблеткадан. Симптомдар азайғанда дозаны күніне 1 таблеткаға дейін төмендетуге болады.

Емдеу курсы кем дегенде бір айды құрайды.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- аллергиялық реакциялар (қышыну, есекжем, тыныс алудың қиындауы, Квинке ісінуі, анафилактикалық шок)

- пролактиннің босап шығуы тежеледі

- жүрек айну, асқазан-ішектен қан кету, қан плазмасында глютамин-қымыздықты сілтілік трансаминазалар белсенділігінің артуы

- үрей сезімі, «тамақтағы түйнеу», тремор, кенеттен терлеп кету, әлсіздікті сезіну, бас айналу, мазасыздық

- безеу бөртпесі

- дене температурасының жоғарылауы, бет гиперемиясы

Бірлі-жарым жағдайларда

- тахикардия, коллапс, цианоз, өкпе ісінуі

- ұзақ уақыт бойы жоғары дозаларда (>500 мг/күніне) шеткергі сенсорлық нейропатияның туындауы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- сыртартқыдағы аллергиялық диатез

- псориаз

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

В6 витамині леводопаның емдік тиімділігін төмендетеді.

Тиосемикарбазон және 5-флюороурацил В1 витаминінің тиімділігін оның антагонистері бола отырып, төмендетеді.

Антацидтер В1 витаминінің сіңуін баяулатады.

2 аптадан аса алкогольді немесе аминосалицилаттарды, немесе колхицинді (әсіресе аминогликозидтер біріктірілімін) шамадан тыс тұтыну асқазан-ішек жолынан B12 витаминінің сіңіріуін азайтады.

Ұзақ уақытқа созылған фолий қышқылының жоғары дозалары B12 витамині концентрациясын төмендетуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсацияланған түрі мен стенокардиясы бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек.

В6 витаминінің шамадан тыс күнделікті дозасы (5 айдан астам уақыт бойы 500 мг немесе одан көп) сирек жағдайларда шеткергі сенсорлық нейропатияға әкеледі, ол әдетте препаратты қабылдап біткеннен кейін жоғалады.

Псориазбен науқастарға ауру симптомдарының нашарлауы мүмкін болуына байланысты В12 витаминін қабылдауға болмайды.

Пиридоксин гидрохлориді безеу бөртпесінің туындауына түрткі болуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік жүргізушілеріне және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істейтін адамдарға препаратты қолдануға қатысты ешқандай сақтандырулар жоқ.

Артық дозалануы

Симптомдар: сенсорная нейропатия, препарат жағымсыз әсері симптомдары айқындылығының күшеюі.

Емі: симптоматикалық ем жүргізеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан ПВХ/ПВДХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған .

2 немесе 5 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Ылғалдан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Сауда маркасы мен тіркеу сертификатының иесі «РОТАФАРМ ИЛАЧЛАРЫ ЛИМИТЕД ШИРКЕТИ», компаниясы болып табылады,

ТҮРКИЯ ("ROTAPHARM İLAСLARI LİMİTED ŞİRKETİ", TURKEY).

Өндіруші

«Абди Ибрахим Илач Санайи ве Тиджарет А.Ш., Түркия

(Санайи Махаллеси, Тунч Джаддеси №: 3 Эсенюрт 34555 / Стамбул)

"Abdi İbrahim İlaç Sanayi ve Ticaret A.Ş.",Turkey

(Sanayi Mahallesi, Tunç Caddesi No: 3 Esenyurt 34555 / İstanbul).

Тіркеу куәлігінің иесі

(“ROTAPHARM İLAÇLARI LIMITED ŞİRKETİ”, TURKEY).

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР, Алматы, Түріксіб ауданы, Сүйінбай д-лы, 222 б

Тел/факс: 8(7272) 529090

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

473754131477976319_ru.doc 57.5 кб
870012741477977561_kz.doc 69 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники