Невир™

МНН: Невирапин
Производитель: Emcure Pharmaceuticals Ltd.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Nevirapine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013327
Период регистрации: 12.12.2014 - 12.12.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 108.71 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

НевирТМ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Невирапин

Дәрілік түрі

200 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: невирапин 200 мг,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, лактоза, крахмал, коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий крахмалының гликоляты, магний стеараты, тазартылған тальк.

Сипаттамасы

Ақ түсті, таблетканың бір жағында «NVR» ойылып жазылған және екінші жағында сындыруға арналған сызығы бар сопақша капсула пішінді таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Вирустарға қарсы жүйелі қолдануға арналған препараттар. Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар. Нуклеозидтер емес – кері транскриптаза тежегіштері. Невирапин.

АТХ коды J05AG01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Невирапин ішке қабылдағаннан кейін жылдам сіңеді, ал абсолютті биожетімділігі 91-93% құрайды. 200 мг қабылдағаннан кейін плазмадағы ең жоғары концентрациясына 4 сағаттың ішінде жетеді. Невирапин липофильді зат болып табылады және физиологиялық рН мәнінде іс жүзінде ионизацияланбайды. Препарат плацентарлы бөгет арқылы өтеді, емшек сүтіне экскрецияланады. Шамамен препараттың 60% қан плазмасы ақуыздарымен байланысады. Невирапиннің жұлын сұйықтығындағы концентрациясы сәйкес плазмадағы концентрациясының 45%-ын құрайды.

Невирапиннің гидроксилденген метаболиттерге дейінгі метаболизмі, негізінен бауыр ферменттерінің Р450 (CYP) 3А цитохромы жүйесі арқылы жүреді.

Адамда невирапиннің биотрансформациясының және шығарылуының негізгі жолы P450 цитохромының қатысуымен метаболизм жолымен, глюкуронидтермен конъюгациядан және глюкуронидтермен байланысты метаболиттердің несеппен экскрециясынан жүреді. Радиоактивті таңбаланған препараттың аздаған бөлігі (<5%) ғана несепте анықталады (жалпы дозаның <3%-на сәйкес келетін) өзгермеген қосылыстармен байланысты болды, яғни бүйректік экскреция невирапинді шығаруда аздаған рөл атқарады.

Невирапин бауырда P450 цитохромының метаболизмдік ферменттерінің индукторы болып табылады. Егер бір реттік дозаны қабылдағаннан кейін емдеу 2-4 апта бойы (күніне 200-400 мг қабылдау) созылса, онда фармакокинетика көрсеткіштері аутоиндукциямен сипатталады: невирапиннің шамамен алынған оральді клиренсі шамамен 1,5-2 есе өседі.

Аутоиндукция да невирапиннің плазмадан жартылай шығарылу кезеңінің соңғы сатысының сәйкес қысқаруына әкеп соқтырады: шамамен 45 сағаттан (бір реттік қабылдау) 25-30 сағатқа жуыққа дейін (препаратты күніне 200-400 мг дозаларда бірнеше рет қабылдағаннан кейін).

АИВ-жұқпамен зардап шегетін емделушілердегі (18-68 жас аралығы) невирапиннің фармакокинетикалық параметрлері жасына немесе этникалық тобына байланысты өзгермейді деп болжамданады.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі. Бүйрек функциясының жеңіл және орташа дәрежедегі жеткіліксіздігі невирапин фармакокинетикасының нақты өзгеріске ұшырауына әкеп соққан жоқ. Алайда бүйрек функциясының жеткіліксіздігінің соңғы сатысындағы емделушілерде невирапиннің AUC-нің («концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан) 43,5%-ға азайғаны білінді. Сондай-ақ плазмада невирапиннің гидроксилденген метаболиттерінің жиналғаны анықталды.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі. Бауыр функциясының жеңіл немесе орташа жеткіліксіздігі бар емделушілерде невирапин препаратының көп дүркіндік дозасын пайдаланғанда невирапин мен бес тотыққан метаболитінің фармакокинетикасы өзгермеген. Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілер дәріден болған уыттылықты анықтау үшін мұқият бақылауға алынуға тиіс.

Орташа білінетін асциті бар бір емделушіде фармакокинетикасын зерттеу нәтижелері бауыр функциясының бұзылуы елеулі емделушілердегі жүйелік айналымда невирапиннің аккумуляциясы мүмкін екендігін көрсетеді.

Невирапин көп рет дозалағанда өз метаболизмін индукциялайтын болғандықтан, бір рет дозалаудың бұл зерттеуі көп рет дозалағандағы фармакокинетикаға бауыр жеткіліксіздігінің әсерін көрсете алмайды («Айырықша нұсқауларын» қараңыз).

Ас ішу невирапиннің сіңуіне әсер етпейді.

Фармакодинамикасы

Невир- АИВ-1 қарсы белсенділікке ие, кері транскриптазасының нуклеозидті емес тежегіші. Невирапин кері транскриптазамен тікелей байланысады және катализдік ферменттің бұзылуын туындата отырып, полимеразаның РНҚ- және ДНҚ- тәуелді реакцияларын бөгейді. Невирапиннің әсері нуклеозидтерге және нуклеозидтердің трифосфаттарына қатысты бәсекелеспейді.

АИВ-1 сезімталдық in vitro

Невирапин АИВ-1 M тобының A, B, C, D, F, G және H клейдтерінің (биологиялық тармақтарының) изоляттарына және айналымдағы рекомбинантты түрлеріне (CRF), CRF01_AE, CRF02_AG және CRF12_BF (EC50 мәнінің медианасы 63 нмоль құрады) қатысты in vitro антивирусты әсер көрсетті. Невирапин АИВ-1 О тобының және АИВ-2 изоляттарына қатысты in vitro вирусқа қарсы белсенділік иеленбеді.

Невирапин эфавирензбен біріктірілімде АИВ-1-ге in vitro айқын антагонистік антивирусты әсер көрсетті және протеаза тежегіші ритонавирге және бірігу тежегіші энфувиртидке қосқанда аддитивті антивирусты әсер иеленді. Невирапин протеаза тежегіштері ампренавирмен, атазанавирмен, индинавирмен, лопинавирмен, нелфинавирмен, сагвинавирмен және типранавирмен біріктірілімде, сондай-ақ КТНТ абакавирмен, диданозинмен, эмтрицитабинмен, ламивудинмен, ставудинмен, тенофовирмен және зидовудинмен біріктірілімде АИВ-1-ге қатысты аддитивті немесе синергиялық белсенділік танытты. Невирапиннің АИВ-1 қатысты вирусқа қарсы белсенділігі адефовир препаратының анти-HBV мен рибавирин препаратының анти-HCV антагонистік әсерімен in vitro төмендейді.

Төзімділік

In vitro зерттеулерде АИВ невирапинге төмен (100-250 есе) сезімталдық иеленгені анықталды. АИВ-жұқпаны невирапинмен ұзақ уақыт емдеу төзімділіктің дамуына әкелуі мүмкін. Төзімділіктің негізгі механизмі дәрілік затпен өзара әрекеттесетін кері транскриптаза молекуласының фрагментінің құрылымының өзгеруін туындататын нүктелік мутацияға байланысты. Невирапинге төзімділік кері транскриптаза генінің мутациясын (103, 106, 108, 181, 188 және 190 кодондары) туындатады; жиірек K103N және Y181C мутациялары анықталады, олар басқа да кері транскриптазаның нуклеозидті емес тежегіштеріне төзімділікті білдіреді.

Невирдің бір реттік дозасының басқа антиретровирусты препараттармен біріктірілімі невирапинге төзімділіктің даму жиілігін төмендетеді.

Айқаспалы төзімділік

Кері транскиптазаның нуклеозидті емес тежегіштеріне айқаспалы төзімділігі бар АИВ штаммдарының тез пайда болатындығы in vitro анықталды.

Невирапин мен кері транскриптазаның нуклеозидті емес тежегіштері арасындағы айқаспалы төзімділік бойынша деректер өте аз.

Невирапин мен АИВ протеаза тежегіштері арасында айқаспалы төзімділік болу ықтималдығы аз, өйткені қатысушы ферменттер «нысанасы» әртүрлі.

Невир препараты АИВ-1 жұқпаны емдеуде монотерапия ретінде қолданылмауы немесе тиімсіз болып табылған емдеу режиміне жалғыз препарат ретінде қосылмауы керек. Невирапинмен біріктірілімде қолдану болжамданған жаңа антиретровирусты препараттарды таңдағанда айқаспалы төзімділік даму мүмкіндігі туралы деректерді ескеру керек.

Қолданылуы

- антиретровирусты препараттармен біріктірілген емде АИВ-1 жұқпасын емдеу және алдын алуда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге бастапқы 14 күн бойына тәулігіне 1 рет 1 таблеткадан (200 мг), ал содан кейін, тәулігіне 2 рет 1 таблеткадан екі антиретровирустық

препараттармен біріктірілімде тағайындайды. Жиынтық тәуліктік дозасы кез келген жастағы ересектер үшін 400 мг аспауы тиіс.

Педиатрияда қолданылуы: 18 жасқа дейінгі балаларға препаратты тағайындауға болмайды.

Біріктірілген емді қолданған жағдайда дайындаушымен ұсынылған дозалау және мониторингілеу ережелерін сақтау керек.

Емделушіні препаратты күнделікті тағайындалғандай қабылдау керектігі туралы ескерту керек. Препаратты қабылдауды жіберіп алған жағдайда емделуші келесі дозаны екі еселендірмеуі керек, бірақ мүмкіндігінше тезірек кезекті дозаны қабылдау керек. Невирмен емді бастағанға дейін, сондай-ақ емдеу уақыты бойына белгілі бір аралықпен биохимиялық зерттеулер, оның ішінде бауыр функциясына зерттеу жүргізілуі тиіс.

Препаратты 200 мг/тәулік дозада күнделікті қабылдаудың 14-күндік бастапқы кезеңінде бөртпе байқалған емделушілерде, дозасын бөртпе қайтқанша ұлғайтуға болмайды.

Препаратты қабылдаудағы 7 күннен астам үзіліс жағдайында емделушілер емді жаңғыртқанда қайтадан ұсынылған қолдану режимін пайдалануы керек: алғашқы 14 күн ішінде препаратты 200 мг дозада тәулігіне 1 рет (бастапқы кезең), содан кейін 200 мг дозада күніне 2 рет қабылдауы керек.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (>1/10)

  • макуло-папулезді эритематозды тері бөртпесі ( қышынумен қатар жүретін немесе онсыз)

Жиі (> 1/100, <1/10)

  • гранулоцитопения

  • аллергиялық реакциялар (анафилаксия, ангионевротикалық ісіну, есекжем)

  • бас ауыруы

  • жүрек айнуы, құсу, анорексия, диарея, іштің түйіліп ауыруы, диспепсия, панкреатит

  • склероздық холестатикалық гепатит, бауыр некрозы және бауыр жеткіліксіздігін қоса, ауыр және өмірге қауіп төндіретін гепатоуытты реакциялар

  • дене температурасының жоғарылауы (қызба), артралгия, миалгия

  • шаршағыштық

  • бауыр функциясы көрсеткіштерінің өзгеруі: аспартаттрансаминаза (АСТ), аланинтрансаминаза (АЛТ), гамма-глутамилтранспептидаза (ГГП), жалпы билирубин деңгейінің жоғарылауы, сілтілі фосфатаза деңгейінің төмендеуі

Жиі емес (>1/1000, <1/100)

  • анемия, тромбоцитопения, гранулоцитопения

  • күрделі және өмірге қауіпті тері реакциялары, фатальді жағдайларды қоса, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз

  • қызба, артралгия, миалгия және лимфа түйіндерінің үлкеюімен сипатталатын аса жоғары сезімталдық синдромы

  • эозинофилия, бүйрек функциясының бұзылуы (сондай-ақ ішкі ағзалардың басқа да зақымдану белгілері туралы хабарланды)

  • сарғаю

  • іштің ауыруы

  • артериялық қысымның жоғарылауы

Сирек (> 1/10000, <1/1000)

– өліммен аяқталуы мүмкін, фульминантты гепатит

– рабдомиолиз

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • невирапинге және препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • қоздырғыштың сезімталдығының болмауы

  • бауыр функциясының ауыр бұзылуы (Чайлд-Пью (Child-Pugh) жіктемесі бойынша С категориясы), АСТ немесе АЛТ деңгейлерінің қалыптың жоғарғы шегінен 5 еседен астам артатын бастапқы жоғарылауы

  • сыртартқысында невирапинмен емдеу жоғары сезімталдықтың бөртпе түріндегі аса жоғары сезімталдық реакциялары немесе жалпы симптомдар немесе гепатиттің дамуымен жүрген және препаратты тоқтату талап етілген емделушілерге қайта тағайындау

  • бұрын невирапинмен емдеу барысында қалыптың жоғарғы шегінен 5 еседен астам асатын АСТ немесе АЛТ деңгейінің жоғарылауы байқалған немесе невирапинді қайталап қабылдағаннан кейін бауыр функциясының бұзылуы жаңғырған емделушілерге қайта тағайындау

  • құрамында шілтерлі шайқурай (Hypericum perforatum) бар өсімдік тектес препараттармен бір мезгілде қолдану (невирапиннің тиімділігінің азаюы және плазмадағы концентрациясы төмендеуінің қаупі)

  • туа біткен лактозаны көтере алмаушылықпен, галактоземиямен, LAPP-лактаза ферментінің тапшылығымен, глюкоза-галактоза мальабсорбциясымен емделушілер

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

  • эфавирензбен, делавирдинмен, этравиринмен, рилпивиринмен, элвитегравирмен (кобицистатпен біріктірілімде), боцепревирмен, рифампицинмен, кетоконазолмен, атазанавирмен*, фосампренавирмен*, саквинавирмен*, типранавирмен* біріктірілімде бір мезгілде қолдану

  • сақтықпен: телапревирмен, рифабутинмен, флуконазолмен

_________________

* егер олар ритонавирдің төмен дозасымен тағайындалмаса («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қара)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

НЕВИР бауырдың P450 цитохромы жүйесінің (CYP3A, CYP2B) метаболизденетін ферменттерінің индукторы болып табылады және CYP3A немесе CYP2B қарқынды метаболизденетін дәрілік препараттардың плазмадағы концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін

(«Фармакокинетика» бөлімін қара). Сондықтан бұрын CYP3A немесе CYB2B көмегімен метаболизденетін қандай-да болмасын препараттың дозалау режимі таңдап алынған емделушіні НЕВИР препаратымен емдеуді бастаса, осы препараттың дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Тағам, антацидтер немесе сілтілі буферлік заттың қатысуымен түзілген препараттар невирапиннің сіңуіне әсер етпейді.

Дәрілік өзара әрекеттесуі туралы деректер кестеде 95% сенімділікпен берілген.

3 кесте.

Микробқа қарсы, антиретровирусты, кері транскриптазаның нуклеозидті тежегіштері

Препараттар терапиялық тобы бойынша

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бірге қолдануға қатысты ұсынымдар

Диданозин 100 – 150 мг күніне екі рет

(НЕВИР 200 мг/ күніне 1 рет x 14 күн; 200 мг күніне 2 рет x 14 күн)

Диданозин AUC «

Диданозин Cmax «

Диданозин Cmax §

Дозалау режимін түзетудің қажеті жоқ.

Эмтрицитабин

Эмтрицитабин адамда CYP 450 ферменттерінің тежегіші болып табылмайды.

Дозалау режимін түзетудің қажеті жоқ.

Абакавир

Абакавир адамның бауыр микросомаларында P450 цитохромы изомерлерін тежемейді.

Дозалау режимін түзетудің қажеті жоқ.

Ламивудин 150 мг күніне 2 рет

(Невирапин 200 мг күніне 2 рет)

Невирапиннің ламивудин клиренсіне индукциялайтын әсері жоқ

Дозалау режимін түзетудің қажеті жоқ.

Ставудин:

30/40 мг күніне 2 рет,

(НЕВИР 200 мг күніне 1 рет x 14 күн; 200 мг күніне 2 рет x 14 күн)

Ставудин AUC «

Ставудин Cmax «

Ставудин Cmin §

Невирапин деңгейлерінің өзгеруі анықталған жоқ

Дозалау режимін түзетудің қажеті жоқ.

Тенофовир

300 мг күніне 1 рет

(НЕВИР 200 мг күніне 2 рет)

Тенофовир невирапин деңгейіне әсер етпейді

Дозалау режимін түзетудің қажеті жоқ.

Залцитабин

0,125 – 0,25 мг күніне 3 рет

(НЕВИР 200 мг күніне 1 рет x 14 күн; 200 мг күніне 2 рет x 14 күн)

Залцитабин AUC «

Залцитабин Cmax «

Залцитабин Cmin §

Дозалау режимін түзетудің қажеті жоқ.

Зидовудин 100 – 200 мг күніне 3 рет

(НЕВИР 200 мг күніне 1 рет x 14 күн;

200 мг күніне 2 рет x 14 күн)

Зидовудин AUC ¯24 (¯69-дан ­83 дейін)

Зидовудин Cmax ¯26 (¯84-тен ­254 дейін)

Зидовудин невирапиннің фармакокинетикасына әсер етпейді

Дозалау режимін түзетудің қажеті жоқ.

Протеаза тежегіштері

 

Атазанавир/ритонавир 300/100 мг күніне 1 рет

400/100 мг күніне 1 рет

(НЕВИР 200 мг күніне 2 рет)

Атазанавир 300/100 мг:

Атазанавир AUC ¯42 (¯52-ден ¯29 дейін)a

Атазанавир Cmax ¯28 (¯40-тан ¯14 дейін) a

Атазанавир Cmin ¯72 (¯80-нен ¯60 дейін) a

Атазанавир 400/100 мг

Атазанавир AUC ¯19 (¯35-тен ­2 дейін) a

Атазанавир Cmax «

Атазанавир Cmin ¯59 (¯73-тен ¯40 дейін) a

(ВИР –сіз 300/100 мг салыстырғанда)

Невирапин AUC ­25 (­17-ден ­34 дейін) a

Невирапин Cmax ­17 (­9 -дан­25 дейін) a

Невирапин Cmin ­32 (­22 -ден ­43 дейін) a

НЕВИРмен біріктірілімде қолданғанда 400 мг атазанавирді 100 мг ритонавирдің төмен дозасымен бірге қолдану керек.

Дарунавир/ритонавир 400/100 мг күніне екі рет

(НЕВИР 200 мг күніне екі рет)

Дарунавир AUC «

Дарунавир Cmin «

Невирапин AUC ­27

Невирапин Cmin ­47

Дарунавир/ритонавир CYP3A4 тежеу нәтижесінде плазмада невирапиннің концентрациясын жоғарылатады. 100 мг ритонавирмен біріктіріп Дарунавир және НЕВИРді дозасын түзетпей қолдануға болады.

Фосампренавир 1 400 мг күніне 2 рет

(НЕВИР 200 мг күніне 2 рет)

Ампренавир AUC ¯33 (¯45-тен ¯20 дейін) a

Ампренавир Cmax ¯25 (¯37 -ден ¯11 дейін) a

Ампренавир Cmin ¯35 (¯51-ден ¯15 дейін) a

Невирапин AUC: ­29 (­19-дан ­40 дейін) a

Невирапин Cmax: ­25 (­14-тен ­37 дейін) a

Невирапин Cmin: ­34 (­21-ден ­49 дейін) a

НЕВИРді фосампренавирмен ритонавирсіз тағайындауға болмайды

Фосампренавир/ритонавир 700/100 мг күніне 2 рет

(НЕВИР 200 мг күніне 2 рет)

Ампренавир AUC: айтарлықтай әсер етпейді

Ампренавир Cmax айтарлықтай әсер етпейді

Ампренавир Cmin ¯19 (¯32 -ден ¯5 дейін) a

Невирапин AUC ­14 (­5 -тен ­24 дейін) a

Невирапин Cmax ­13 (­3 -тен­24 дейін) a

Невирапин Cmin ­22 (­10 -нан ­35 дейін) a

Дозалау режимін түзетудің қажеті жоқ.

Индинавир 800 мг әр 8 сағат сайын 1 рет

(НЕВИР 200 мг күніне 1 рет x 14 күн; 200 мг күніне 2 рет x 14 күн)

Индинавир AUC ¯31 (¯64-тен ­30 дейін)

Индинавир Cmax ¯15 (¯53-тен ­55 дейін)

Индинавир Cmin ¯44 (¯77-ден ­39 дейін)

Плазмада невирапин деңгейінің клиникалық мәні бар өзгеруі анықталған жоқ.

Қазіргі уақытта индинавир әдетте НЕВИРмен бірге тағайындалады.

НЕВИРдің индинавирмен/ итонавирмен өзара әрекеттесуіне қатысты шектелген клиникалық деректер бар.

Лопинавир/ритонавир 400/100 мг күніне 2 рет

(НЕВИР 200 мг күніне 2 рет )

АИВ-оң ересек емделушілерде:

Лопинавир AUC ¯27

Лопинавир Cmax ¯19

Лопинавир Cmin ¯46

НЕВИРмен біріктірілімде күніне 2 рет тағаммен бірге лопинавир/

Ритонавирдің дозасын 533/133 мг (4 капсула) дейін жоғарылату ұсынылады.

Лопинавир/ритонавир 300/75 мг/м2 күніне 2 рет

(НЕВИР 7 мг/кг немесе 4 мг/кг күніне 1 рет x 2 апта; күніне 2 рет x 1 апта)

Балаларда қолданылуы:

Фармакокинетиканың зерттеу нәтижелері ересек емделушілерден алынған нәтижелермен келісілді:

Лопинавир AUC ¯22 (¯44-тен ­9 дейін)a

Лопинавир Cmax ¯14 (¯36-дан ­16 дейін)a

Лопинавир Cmin ¯55 (¯75-тен ¯18 дейін)a

НЕВИРмен біріктірілімде күніне екі рет тағаммен бірге лопинавир/

Ритонавир дозасын балаларда 300/75 мг/м2 дейін жоғарылату мүмкіндігі барын ескеру керек, әсіресе лопинавирге/ритонавирге төмен сезімталдық болжамданған емделушілерде.

Нелфинавир 750 мг күніне 3 рет

(НЕВИР 200 мг күніне 1 рет x 14 күн; 200 мг күніне 2 рет x 14 күн)

Нелфинавир: фармакокинетикалық параметрлерінің невирапинді қосқаннан кейін клиникалық мәні бар өзгерістерінің болмауы.

Нелфинавир плюс AG1402 метаболитінің жалпы әсері:

AUC ¯20 (¯72 -ден ­128 дейін)

Cmax ¯12 (¯61 -ден ­100 дейін)

Cmin ¯35 (¯90 -нан ­316 дейін)

Невирапин: деңгейлерінің өзгеруі анықталған жоқ

Дозалау режимін түзетудің қажеті жоқ.

Ритонавир 600 мг күніне 2 рет

(НЕВИР 200 мг күніне 1 рет x 14 күн; 200 мг күніне 2 рет x 14 күн)

Бір мезгілде қолдану плазмада ритонавир немесе невирапин деңгейінің клиникалық мәні бар өзгеруіне әкелмейді.

Ритонавир AUC«

Ритонавир Cmax «

Ритонавир Cmin «

Дозалау режимін түзетудің қажеті жоқ.

Саквинавир 600 мг күніне 3 рет

(NVP 200 мг күніне бір рет x 14 күн; 200 мг күніне екі рет x 21 күн)

Саквинавир AUC ¯38 (¯47-ден ¯11дейін ) a

Саквинавир Cmax ¯32 (¯44-тен ¯6 дейін) a

Саквинавир Cmin §

НЕВИРді саквинавирмен ритонавирсіз тағайындауға болмайды.

Саквинавир/ритонавир

Ритонавирмен және невирапинмен бірге саквинавир арасында клиникалық мәні бар өзара әрекеттесу жоқ

Дозалау режимін түзетудің қажеті жоқ.

Типранавир/ритонавир 500/200 мг күніне 2 рет

(NVP 200 мг күніне 2 рет)

Типранавир үшін Cmin көрсеткішінің клиникалық мәні жоқ 20 % төмендеуі анықталды.

Ритонавирдің төмен дозасымен бірге тағайындалған Невирапин мен типранавир арасында мәні бар өзара әрекеттесуі болжамданбайды.

Дозалау режимін түзетудің қажеті жоқ.

Енгізу тежегіштері

Энфувиртид

Энфувиртид пен CYP450 ферменттерімен метаболизденетін бірге қабылданатын дәрілік препараттар арасында клиникалық мәні бар өзара әрекеттесу болжамданбайды.

Дозалау режимін түзетудің қажеті жоқ.

Маравирок 300 мг бір реттік доза

(НЕВИР 200 мг күніне 2 рет )

Маравирок AUC «

Маравирок Cmax ­

Әсері болжамданбайды.

Дозалау режимін түзетудің қажеті жоқ.

Интеграза тежегіштері

Ралтегравир

Клиникалық деректер жоқ.

Дозалау режимін түзетудің қажеті жоқ.

B және C гепатиттерін емдеуге арналған вирусқа қарсы препараттар

Интерферондар (пегилирленген альфа 2a және альфа 2b интерферондары)

Интерферондардың CYP 3A4 немесе 2B6 әсері туралы деректер жоқ.

Клиникалық мәні бар дәрілік өзара әрекеттесу болжамданбайды.

Дозалау режимін түзетудің қажеті жоқ.

Энтекавир

Энтекавир P450 цитохромы ферменттерінің (CYP450) субстраты, индукторы немесе тежегіші болып табылмайды, клиникалық мәні бар дәрілік өзара әрекеттесу болжамданбайды.

Дозалау режимін түзетудің қажеті жоқ.

Телбивудин

Телбивудин P450 цитохромы ферменттері жүйесінің (CYP450) субстраты, индукторы немесе тежегіші болып табылмайды. Клиникалық мәні бар дәрілік өзара әрекеттесу болжамданбайды.

Дозалау режимін түзетудің қажеті жоқ.

Адефовир

Клиникалық мәні бар дәрілік өзара әрекеттесу болжамданбайды.

Дозалау режимін түзетудің қажеті жоқ.

Рибавирин

Клиникалық мәні бар дәрілік өзара әрекеттесу болжамданбайды.

Дозалау режимін түзетудің қажеті жоқ.

Телапревир

Телапревир бауырда CYP3A метаболизденеді және P-гликопротеинді субстрат болып табылады. Метаболизмге басқа ферменттер де қатысуы мүмкін. Телапревир мен CYP3A және (немесе) P-гп тежегіштері болып табылатын дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдау телапревирдің плазмадағы концентрациясын төмендетуі мүмкін.

Телапревир мен невирапинді бір мезгілде қолданғанда сақтық шараларын сақтау керек. НЕВИРмен бір мезгілде қолданғанда телапревир дозасын түзетудің қажеттігін ескеру керек.

Антибиотиктер

Кларитромицин 500 мг күніне екі рет

(НЕВИР 200 мг күніне 1 рет x 14 күн; 200 мг күніне 2 рет x 14 күн)

Кларитромицин AUC ¯31 (¯57-ден ­9 дейін)

Кларитромицин Cmin ¯56 (¯92 -ден ­126 дейін)

Метаболит 14-OH кларитромицин AUC ­42 (¯41 -ден ­242 дейін)

Метаболит 14-OH кларитромицин Cmax ­47 (¯39 -дан ­255 дейін)

Невирапин AUC ­26

Невирапин Cmax ­24

Невирапин Cmin ­28

бұрын басылған деректермен салыстырғанда

Дозалау режимін түзетудің қажеті жоқ.

Бауыр функциясының қалыптағыдан ауытқу мүмкіндігін мұқият мониторингілеу керек. Әйтсе де емделушіні Mycobacterium aviumintracellulare кешенімен туындаған жұқпамен емдеуде кларитромицинді басқа антибиотикпен алмастыру қажеттігін ескеру керек, өйткені бұндай жағдайда белсенді метаболит тиімсіз.

 

Рифабутин 150 немесе 300 мг күніне 1 рет

(НЕВИР 200 мг күніне 1 рет x 14 күн; 200 мг күніне 2 рет x 14 күн)

 

Рифабутин AUC ­17 (¯53 -тен ­191 дейін)

Рифабутин Cmax ­28 (¯44 -тен ­195 дейін)

Метаболит 25-O-дезацетилрифабутин AUC ­24% (¯83 -тен ­787 дейін)

Метаболит 25-O-дезацетилрифабутин Cmax ­29% (¯67 -ден ­400 дейін).

Фармакокинетикасының басылған деректерімен салыстырғанда невирапиннің болжамданған клиренсінің ( 9 %-ға) клиникалық мәні жоқ жоғарылауы туралы хабарлар бар.

Дозалау режимін түзетудің қажеті жоқ.

Әйтсе де бір мезгілде қолданғанда сақтық шараларын сақтау керек.

 

Рифампицин 600 мг күніне 1 рет

(НЕВИР 200 мг күніне 1 рет x 14 күн; 200 мг күніне 2 рет x 14 күн)

Рифампицин Cmax және AUC: айтарлықтай өзгеріссіз.

Невирапин AUC ¯58

Невирапин Cmax ¯50

Невирапин Cmin ¯68

Ертеректе жарияланған деректермен салыстырғанда.

НЕВИР және рифампицинді біріктірілімде қолдануға болмайды. Қажет болғанда рифабутинге ауыстыру мүмкіндігін қарастыру керек.

 

Зеңге қарсы препараты

 

Флуконазол 200 мг күніне 1 рет

(НЕВИР 200 мг күніне 1 рет x 14 күн; 200 мг күніне 2 рет x 14 күн)

Флуконазол AUC «

Флуконазол Cmax «

Флуконазол Cmin «

Невирапиннің әсер ету деңгейі: невирапинді жекелей қабылдауда жарияланған деректермен салыстырғанда ­100% .

НЕВИРдің әсер ету деңгейінің жоғарылауы қаупіне байланысты осы дәрілік препараттарды бір мезгілде қолданғанда сақтық шараларын сақтау және емделушілерді мұқият мониторингілеу керек.

Итраконазол 200 мг күніне 1 рет

(НЕВИР 200 мг күніне 1 рет)

Итраконазол AUC ¯61

Итраконазол Cmax ¯38

Итраконазол Cmin ¯87

Невирапиннің фармакокинетикасының параметрлері бойынша айтарлықтай өзгешеліктер байқалған жоқ.

Осы екі препаратты бір мезгілде қолданғанда итраконазолдың дозасын түзету керектігін ескеру керек.

Антацидтер

Циметидин

Невирапин Cmin ­7

Дозалау режимін түзетудің қажеті жоқ.

Антитромботикалық дәрілер

Варфарин

Невирапин мен варфарин арасында өзара әрекеттесу оларды бір мезгілде қолданғанда қан ұю уақытының ұзаруы, сондай-ақ қысқару мүмкіндігіне байланысты күрделі болып табылады.

Антикоагулянттың деңгейін мұқият мониторингілеу керек.

Контрацептивтер

Депо-медроксипрогестерон ацетат (ДМПА) 150 мг әрбір 3 айда

(НЕВИР 200 мг күніне 1 рет x 14 күн; 200 мг күніне 2 рет x 14 күн)

ДМПА AUC «

ДМПА Cmax «

ДМПА Cmin «

Невирапин AUC ­20

Невирапин Cmax ­20

Дозалау режимін түзетудің қажеті жоқ.

НЕВИР бір мезгілде қолданғанда препаратпен ДМПА овуляциясын басу әсерін төмендетпейді.

Этинилэстрадиол (ЭЭ) 0,035 мг

және Норэтиндрон (НЭТ) 1,0 мг (бір реттік доза)

(НЕВИР 200 мг күніне 1 рет x 14 күн; 200 мг күніне 2 рет x 14 күн)

ЭЭ AUC ¯20 (¯57-ден ­52 дейін)

ЭЭ Cmax «

ЭЭ Cmin §

Пероральді гормональді контрацептивтерді (ГК) НЕВИР қабылдайтын әйелдерде контрацепцияның жалғыз әдісі ретінде қолдануға болмайды. НЕВИРмен біріктіріліммен салыстырғанда ДМПА-дан басқа ГК дозасының тиімділігі мен қауіпсіздігі (қолданудың барлық түрінде) анықталған жоқ.

НЭТ AUC ¯19 (¯50-ден ­30 дейін)

НЭТ Cmax ¯16 (¯49-дан ­37 дейін)

НЭТ Cmin §

Анальгетиктер/апиындар

Метадон, емделуші үшін жекелей доза

(НЕВИР 200 мг күніне 1 рет x 14 күн; 200 мг күніне 2 рет ≥ 7 күн)

Метадон AUC ¯65 (¯82-ден ¯32 дейін)

Метадон Cmax ¯50 (¯67-ден ¯25 дейін)

Метадонмен демеуші емдегі емделушілерде НЕВИР препаратымен емнің басында тоқтату синдромының даму мүмкіндігіне байланысты оларды мониторингілеу керек және метадонның дозасын түзету керек.

Өсімдік тектес препараттар

Шайқурай

Препарат метаболизміне және (немесе) тасымалдаушы ақуыздардың метаболизміне қатысатын ферменттердің шайқураймен индукциялануына байланысты қансарысуында невирапин деңгейі шайқурай өсімдік препаратымен (Hypericum perforatum) бір мезгілде қолданғанда төмендеуі мүмкін.

Невирапиннің деңгейінің жоғарылауы салдарынан шайқурайды қабылдауды тоқтатқаннан кейін НЕВИРдің дозасын түзету қажет етілуі мүмкін. Индукциялайтын әсері кем дегенде 2 апта сақталуы мүмкін.

§ = Cmin әдістің анықталу шегінен төмен

↑ = Жоғарылауы, ↓ = Төмендеуі, « = Әсерінің болмауы

a деректер орташа геометриялық түрінде 90 % сенімділікпен берілген

Басқа ақпарат

Адам бауыры микросомаларын қолданумен in vitro зерттеулер көрсеткендей, дапсон, рифабутин, рифампицин және триметоприм/сульфаметоксазол болғанда невирапиннің гидроксилденген метаболиттерінің түзілуі өзгермейді. Кетоконазол мен эритромицин невирапиннің гидроксилденген метаболиттерінің түзілуін айтарлықтай тежеді. Клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Невирапинмен емдеудің алғашқы 18 аптасында өмірге әлеуетті қауіпті тері реакцияларын немесе гепатоуыттылық белгілерін анықтау үшін емделушілерді мұқият бақылау міндетті түрдегі шарты болып табылады.

Тері бөртпесі мен гепатоуыттылық белгілерінің емнің алғашқы 6 аптасында пайда болу мүмкіндігі жоғары болады. Әйтсе де емнің барлық кезеңінде қаупі сақталады, сондықтан белгілі бір уақыт аралығынан кейін емделушіні жиі және міндетті түрде мониторингілеу қажет етіледі.

Өту барысында емделушілерге 200 мг невирапиннің күнделікті дозасы тағайындалатын, 14-күндік кезең қатаң сақталуы керек. Препаратты тәулігіне 200 мг дозада қабылдаудың 14- күндік бастапқы кезеңі ішінде бөрту пайда болған емделушілерге дозаны бөртпе қайтқанша жоғарылатуға болмайды.

Емнің алғашқы кезеңі ішінде препаратты күніне 200 мг дозада қолдану туралы ұсынымды бұзу елеулі тері реакциясының даму қаупінің факторы болып табылады. Дерматологиялық реакцияның одан да ауырларының даму қаупі, белгілері анықталғаннан кейін медициналық кеңеске жүгінуді кешеуілдету жағдайында артады.

Айқын бөртпе немесе қызбамен қатар жүретін бөртпе, теріде сулы бөртпенің пайда болуында, ауыз қуысындағы зақымдануларда, беттің ісінуі, миалгиялар немесе артралгияларда, жалпы әлсіздікте, сондай-ақ бауыр сынамаларының айқын өзгеруінде, эозинофилияда, гранулоцитопенияда, гепатитте, бүйрек жеткіліксіздігінде немесе басқа ішкі ағзалардың функциясының бұзылуының белгілерінде Невирді қабылдау дереу тоқтатылуы керек.

Осындай жағдайларда Невирді қайталап тағайындамайды. Емделушілер теріде қандай-да болмасын өзгерістер пайда болған жағдайда дереу емдеуші дәрігерге қаралуы туралы ескертілуі керек.

Невирді қабылдаған кезде бауырдың уытты зақымдануы, фульминантты гепатит және бауыр жеткіліксіздігінің қаупі артады. Невирді емделушінің сыртартқысында гепатоуыттылық болғанда тағайындауға болмайды, бауыр функциясының көрсеткіштерінің өзгеруінде препаратты қабылдауды тоқтату керек. Емделушілер бауыр тарапынан қандай-да болмасын өзгерістер пайда болған жағдайда (анорексия, құсу, жүректің айнуы, сарғаю, бауырдың ауыруы) дереу емдеуші дәрігерге хабарлау керектігі туралы ескертілуі керек.

Әсіресе препаратты қабылдаудың алғашқы алты айы ішінде бауырдың функционалдық жағдайын динамикада бақылап тұру керек. Клиникалық және зертханалық бақылау Невирмен емдеудің барлық кезеңі бойы жүруі керек.

Кез келген антиретровирусты емде, оның ішінде Невирді қосатын режимді қолдану кезінде бауыр тарапынан жағымсыз реакциялардың жоғары қаупі, АСТ немесе АЛТ деңгейінің қалыптың жоғары шегінен 2,5 еседен артық жоғарылауында және/немесе B және/немесе C гепатиті болғанда байқалады.

Гепатиттің клиникалық және зертханалық белгілері пайда болғанда Невир препаратын қабылдауды толық тоқтатады және қайталап тағайындамайды. Бүйрек функциясының бұзылуымен емделушілерге препаратты сақтықпен тағайындау керек. Креатинин клиренсі ≥20 мл/мин емделушілерде дозаны түзетудің қажеті жоқ.

Емделу кезінде шартты-патогенді микроорганизмдермен туындаған екіншілік қосылған жұқпалар дамуы мүмкін. Жұқпаның дамуының кез келген белгісі ескерілуі керек, олар пайда болған жағдайда сәйкес ем тағайындалуы керек.

Невир қабылдайтын әйелдерге контрацепцияның негізгі әдісі ретінде пероральді ұрықтануға қарсы дәрілер мен басқа гормональді әдістерді қолдануға болмайды, өйткені невирапин осы препараттардың плазмадағы концентрациясына әсер етуі мүмкін, осылайша контрацепцияның тиімділігін төмендетеді. Препаратты қабылдау кезінде контрацепцияның бөгеттік әдісін қолдану ұсынылады.

Галактозаны көтере алмаушылықтың туа біткен сирек ауруларымен емделушілерге (галактоземия, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкозо-галактозаның төмендетілген сіңірілуімен) Невирді қабылдауға болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Антиретровирусты препараттардың ұрыққа гестацияның 10-12 аптасында тератогенді әсерінің болуы немесе болмауы туралы жеткілікті деректер жоқ, сондықтан невирапинді жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Невирапин емшек сүтіне өтеді. АИВ жұқтырған аналарға АИВ жұқпаның постнатальді трансмиссиясынан сақтану үшін емшекпен қоректендіру болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Аталған препаратты қабылдайтын емделушілерге зейінді жоғары жұмылдыру мен психомоторлық реакциялар жылдамдығын талап ететін қызмет түрлерімен айналысуға болмайды.

Артық дозалануы

Симптомдары: ісінулер, түйінді эритема, қажығыштық, қызба, бас ауыру, ұйқысыздық, жүрек айнуы, өкпедегі инфильтраттар, бөртпе, бас айналуы, құсу және дене салмағының азаюы.

Емі: препаратты қабылдауды тоқтату. У қайтарғысы белгісіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

60 таблеткадан полиэтилен пакеттерге салынған. Бір пакеттен алғашқы ашылуы бақыланатын бұралатын қақпағымен жоғары тығыздықтағы полиэтиленнен жасалған ақ контейнерлерге салынған.

1 контейнерден медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Препаратты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Emcure® Pharmaceuticals Ltd.

Hinjwadi, Pune-411057, Үндістан

Тел.91-20-306 1000, факс 91-20-3061020, e-mail: exports@emcure.co.in

Тіркеу куәлігінің иесі

Emcure® Pharmaceuticals Ltd, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім/тауар сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Emcure® Pharmaceuticals Ltd» ҚР өкілдігі

050000, Алматы қ-сы, Чайковский к-сі, 144А, 16 кеңсе.

Тел. + 7 7272 665470, факс: +7 7272 665470, e-mail: ls20061@yandex.ru

 

Прикрепленные файлы

248916251477976557_ru.doc 148.5 кб
923356021477977720_kz.doc 178 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники