Невимун

МНН: Невирапин
Производитель: Ципла Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Nevirapine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№122071
Период регистрации: 04.03.2016 - 04.03.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Невимун

Халықаралық патенттелмеген атауы

Невирапин

Дәрілік түрі

Таблеткалар, 200 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 200 мг невирапин,

қосымша заттар: жүгері крахмалы, натрий крахмалы гликоляты,

микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, магний стеараты.

Сипаттамасы

Ақ түсті, сопақша пішінді, екі жақ беті дөңес, бір жақ бетінде және басқа жақ бетінің сындыру сызығында «N» өрнегі бар таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Вирстарға қарсы жүйелік қолдануға арналған препараттар. Вирусқа қарсы тікелей әсер ететін препараттар. Ненуклеозидтер – кері транскриптаза тежегіштері. Невирапин.

АТХ коды J05AG01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Невирапин ішке қабылданғаннан кейін жақсы (> 90%) сіңеді. Препараттың бір реттік дозасын қабылдағаннан кейінгі абсолюттік биожетімділігі: құрамында 50 мг бар таблеткалар үшін 93 ± 9% (орташа шама ± стандартты ауытқу [СО]), ал ерітінді үшін (ішке қабылдау) 91 ± 8% құрады. Препаратты 200 мг дозада бір реттік қабылдаудан кейін плазмада невирапин концентрациясы ең жоғары шегіне 4 сағаттан соң жетті және 2 + 0,4 мкг/мл (7,5 мкмоль) құрады. Препаратты күніне 200-ден 400 мг-ге дейінгі дозаларда көп рет қабылдаудан кейін невирапин концентрациясының ең жоғары шегі дозаның шамасына байланысты артты.

Тамақ ішу, антацидтерді және құрамында сілтілік буфері бар препараттарды (мысалы, диданозин) қабылдау невирапиннің сіңуіне ықпалын тигізбейді.

Таралуы

Невирапин жоғары липофильділікке ие және физиологиялық pH мәнінде мүлдем иондалмайды. Невирапин плацентарлық бөгет арқылы жақсы өтеді және емшек сүтінен табылады. Невирапиннің плазма ақуыздарымен байланысуы 60%-ға жуықты құрайды, оның плазмадағы концентрациялары 1-ден 10 мкг/мл-ге дейін ауытқиды. Адамның жұлын сұйықтығындағы невирапиннің концентрациялары плазмадағы концентрацияның 45%-ын (± 5%) құрайды; бұл арақатынас плазма ақуыздарымен байланысты емес препарат фракциясына сәйкес келеді.

Метаболизмі

Невирапин P450 цитохромының қатысуымен бірнеше гидроксилденген метаболиттерге дейін метаболизм (тотығу реакциясы) жолымен қарқынды түрде метаболизденеді. Невирапиннің тотықтырғыш метаболизмі, негізінен, CYP3A тегінің P450 цитохромы изоферменттерінің жәрдемімен жүзеге асырылады, қосымша рөлді басқа да изоферменттер атқара алады.

Шығарылуы

Глюкурон қышқылымен конъюгацияланған метаболиттер түрінде (80%-ға жуығы) бүйрек арқылы, аздаған мөлшері өзгермеген күйінде шығарылады.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясының жеңіл және орташа дәрежедегі жеткіліксіздігі невирапин фармакокинетикасының жеткілікті өзгеріске ұшырауына әкелмейді. Алайда бүйрек функциясынын жеткіліксіздігі ақырғы сатыда болатын пациенттерде невирапиннің AUC («концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан) мәнінің 43,5%-ға азайғаны білінді. Сондай-ақ плазмада невирапиннің гидроксилденген метаболиттерінің жиналып қалуы да байқалды.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі

Бауыр функциясының жеңіл немесе орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде Невирапиннің көп реттік дозаларын пайдаланғанда невирапиннің және тотыққан бес метаболитінің фармакокинетикасы өзгерген жоқ. Алайда бауыр фиброзы бар пациенттердің 15%-да невирапиннің базальді концентрациялары 9000 нг/мл-ден артық болды (әдеттегі орташа базальді шамалардан 2 есе жоғары болады).

Балалар

Балаларда невирапиннің фармакокинетикасына қатысты деректер негізгі екі көзден: 123 АИТВ-1 позитивтік пациенттерді қамтитын, антиретровирустық ем қабылдап жүрген, 3 айлықтан 16 жасқа дейінгі балаларды 48 апталық зерттеуден; және 14 күннен 19 жасқа дейінгі 495 пациентті қамтитын балаларда (PACTG) ЖИТС-ке топтық клиникалық зерттеу жүргізу жөніндегі бес хаттаманы бірге талдаудан алынды.

Фармакодинамикасы

Невирапин антиретровирустық препараттардың екінші тобына жатады. Әсер ету механизмі бойынша - АИТВ-1 кері транскриптазасының нуклеозидтік емес тежегіштері. Нуклеозидтік тежегіштердегі сияқты, АИТВ репликациясының сондай сатыларында әсер етеді. Кері транскриптазаға қосылады және РНК-тәуелді және ДНК-тәуелді полимеразалар белсенділігін бөгеп, ферменттің катализденетін жерінің бұзылуын туындатады. Нуклеозидтік емес барлық тежегіштер тек АИТВ-нің 1-ші типінің репликациясын ғана басады. Әсер ету механизмі бойынша, невирапин матрицалық немесе нуклеозидтік трифосфаттармен бәсекелеспейді, АИТВ-2 кері транскриптазасын және адамның ДНҚ-полимеразасын тежемейді.

Қолданылуы

  • АИТВ-1 инфекциясын, ең жоқ дегенде, басқа екі антиретровирустық препараттармен біріктіріп емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Салмағы 50 кг жоғары, 16 жастағы және одан үлкен пациенттер

Ересектер үшін Невирапиннің ұсынылған дозасы алғашқы 14 күн бойына тәулігіне 200 мг құрайды, ал ары қарай басқа антиретровирустық препараттармен біріктірілген доза тәулігіне 2 рет 200 мг дейін арттырылуы мүмкін.

Егер доза 8 сағаттың ішінде қабылданып болмаса, онда пациент бұл дозаны мүмкіндігінше тезірек қабылдауы тиіс. Егер дозаны өткізіп алу уақыты 8 сағаттан астам болса, пациент әдеттегі уақытта тек келесі дозаны қабылдауы тиіс.

Жекелеген топтар

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

Диализді керек ететін, бүйрек дисфункциясы бар пациенттер үшін әрбір диализ сайын 200 мг НЕВИМУН қосымша ұсынылады. Креатинин клиренсі ≥20 мл / мин болатын пациенттерде дозаны түзетудің қажеті жоқ.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі

НЕВИМУН бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде пайдаланылмауы тиіс. Бауыр функциясының жеңіл және ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны реттеу қажет емес.

Жағымсыз әсерлері

Мұқият бақылауды қажет ететін ауыр кезең емдеудің алғашқы 18 аптасы болып табылады. Осы кезеңде өмір үшін ауыр және қауіпті жағымсыз реакциялардың болу мүмкіндігін анықтау үшін пациенттерді мұқият бақылау қажет болады.

Өте жиі

- бөртпе (қышынумен қатар жүретін немесе қатар жүрмейтін, денеде, бетте және аяқ-қолдарда орныққан)

Жиі

  • гранулоцитопения

  • аллергиялық реакциялар (анафилаксия, ангионевроздық ісіну, есекжем)

  • бас ауыру

  • жүректің айнуы, құсу, диарея

  • гепатит, соның ішінде өмір үшін ауыр және қауіпті гепатоуыттылық

  • дене температурасының жоғарылауы (қызба), артралгия, миалгия

  • қажығыштық

  • бауыр функциясы көрсеткіштерінің өзгерулері: аспартаттрансаминаза (АСТ), аланинтрансаминаза (АЛТ), трансаминаза, гамма-глутамилтранспептидаза (ГГП), жалпы билирубин деңгейлерінің жоғарылауы, сілтілік фосфатаза деңгейінің төмендеуі

Жиі емес

  • анемия, нейтропения

  • өмір үшін қауіпті, фатальді жағдайларды қоса, ауыр және қауіпті тері реакциялары, Стивенс-Джонсон синдромы (СДС) /уытты эпидермальді некролиз (УЭН)

  • қызбамен, артралгиялармен, миалгиялармен және лимфалық түйіндердің ұлғаюымен сипатталатын аса жоғары сезімталдық синдромы

  • эозинофилия, гранулоцитопения, бүйрек функциясының бұзылуы (сондай-ақ ішкі ағзалардың зақымдануының басқа да белгілері жөнінде де мәлімделді)

  • сарғаю

  • іштің ауыруы

  • артериялық қысымның жоғарылауы

Сирек

- фатальді болуы мүмкін фульминантты гепатит

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың белсенді компонентіне және/немесе кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық

  • бауыр функциясының ауыр бұзылуы (Child-Pugh жіктелімі бойынша С категориясы) немесе АСТ немесе АЛТ бастапқы деңгейі жоғарғы қалып шегінен (ЖҚШ) 5 еседен астамға көбірек болған жағдайда (ол ЖҚШ-ден 5 еседен аз деңгейге дейін тұрақты түрде төмендегенге дейін)

  • сыртартқысында невирапинмен емдеу бөртпе және гепатиттің жалпы симптомдары немесе дамуы түріндегі аса жоғары сезімталдық реакцияларымен қатар жүрген пациенттерге қайталап тағайындау

  • бұрын невирапинмен емдеу барысында АСТ немесе АЛТ деңгейлерінің ЖҚШ-ден 5 еседен астамға жоғарылауы байқалған пациенттерге, немесе невирапинді қайталап қолданудан кейін бауыр функциясының бұзылулары қайта жаңғырған пациенттерге қайталап тағайындау

  • галактоза жақпаушылығының тұқым қуалаған аурулары (галактоземия, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза сіңуінің төмендеу синдромы)

  • плазмада невирапин концентрациясының төмендеу және клиникалық әсерінің азаюы салдарынан, құрамында St. John (Шілтерлі шайқурай) шырыны бар өсімдік препараттарымен бірге қолдану

  • эфавирензбен, делавирдинмен, этравиринмен, рилпивиринмен, элвитегравирмен (кобицистатпен біріктіріп), боцепревирмен, рифампицинмен, кетоконазолмен, атазанавирмен*, фосампренавирмен*, саквинавирмен*, типранавирмен* біріктіріп бір мезгілде қолдану

  • сақтықпен: телапревирмен, рифабутинмен, флуконазолмен бірге

  • 16 жасқа дейінгі балалар (дене салмағы 50 кг-ден төмен)

____________________

* егер олар ритонавирдің төмен дозасымен тағайындалмаса («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Невимун бауырдың P450 цитохромы (CYP3A, CYP2B) ферменттерімен метаболизденетін индуктор болып табылады және CYP3A немесе CYP2B қарқынды метаболизденетін басқа дәрілік препараттардың плазмадағы концентрацияларының төмендеуіне әкелуі мүмкін («Фармакокинетика» бөлімін қараңыз). Сондықтан, егер бұрын CYP3A немесе CYB2B жәрдемімен метаболизденетін қандай да бір препараттың дозалау режимі таңдап алынған пациентті Невимун препаратымен емдей бастағанда, осы препараттың дозасын түзету қажеттілігі пайда болуы мүмкін.

Тамақ, антацидтер немесе сілтілік буферлі заттардың қатысуымен түзілген препараттар невирапиннің сіңуіне ықпалын тигізбейді.

Дәрілік өзара әрекеттесулер жөніндегі деректер 95% сенімді аралықпен кестеде берілген.

Микробтарға қарсы, антиретровирустық, нуклеозидтік кері транскриптаза тежегіштері

Емдік тобы бойынша препараттар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бірге қолданылуы жөніндегі нұсқаулар

Диданозин 100 – 150 мг күніне екі рет.

(Невимун 200 мг/ күніне 1 рет x 14 күн; 200 мг күніне 2 рет x 14 күн)

Диданозин AUC 

Диданозин Cmax 

Диданозин Cmax §

Дозалау режимін түзету қажет емес.

Ламивудин 150 мг күніне 2 рет

(Невимун 200 мг күніне 2 рет)

Невирапиннің ламивудин клиренсін индукциялайтын әсері жоқ.

Дозалау режимін түзету қажет емес.

Ставудин:

30/40 мг күніне 2 рет,

(Невимун 200 мг күніне 1 рет x 14 күн; 200 мг күніне 2 рет x 14 күн)

Ставудин AUC 

Ставудин Cmax 

Ставудин Cmin §

Невирапин деңгейінің өзгергені байқалған жоқ.

Дозалау режимін түзету қажет емес.

Тенофовир

300 мг күніне 1 рет (Невимун 200 мг күніне 2 рет)

Тенофовир невирапиннің деңгейіне ықпалын тигізбейді

Дозалау режимін түзету қажет емес.

Зидовудин 100 – 200 мг күніне 3 рет

(Невимун 200 мг күніне 1 рет x 14 күн;

200 мг күніне 2 рет x 14 күн)

Зидовудин AUC 24 (69 бастап 83 дейін)

Зидовудин Cmax 26 (84 бастап 254 дейін)

Невирапиннің фармакокинетикасына зидовудиннің ықпалы жоқ

Дозалау режимін түзету қажет емес.

Протеаза тежегіштері

 

Атазанавир/ритонавир 300/100 мг күніне 1 рет

400/100 мг күніне 1 рет

(Невимун 200 мг күніне 2 рет)

Атазанавир 300/100 мг:

Атазанавир AUC 42 (52 бастап 29 дейін)a

Атазанавир Cmax 28 (40 бастап 14 дейін) a

Атазанавир Cmin 72 (80 бастап 60 дейін) a

Атазанавир 400/100 мг

Атазанавир AUC 19 (35 бастап 2 дейін) a

Атазанавир Cmax 

Атазанавир Cmin 59 (73 бастап 40 дейін) a

(ВИР –сіз 300/100 мг салыстырғанда)

Невирапин AUC 25 (17 бастап  34 дейін) a

Невирапин Cmax 17 (9 бастап 25 дейін) a

Невирапин Cmin 32 (22 бастап  43 дейін) a

Невимунмен біріктіріп қолданғанда 400 мг атазанавирді ритонавирдің төмен 100 мг дозасымен бірге пайдаланған жөн.

Дарунавир/ритонавир 400/100 мг күніне екі рет

(Невимун 200 мг күніне екі рет)

Дарунавир AUC 

Дарунавир Cmin 

Невирапин AUC 27

Невирапин Cmin47

Дарунавир/ритонавир CYP3A4 тежелу нәтижесі ретінде плазмада невирапиннің концентрациясын арттырады. 100 мг ритонавирмен бірге дарунавир және Невимун дозаны түзетусіз қолданылуы мүмкін.

Фосампренавир 1 400 мг күніне 2 рет

(Невимун 200 мг күніне 2 рет)

Ампренавир AUC 33 (45 бастап 20 дейін) a

Ампренавир Cmax 25 (37 бастап 11 дейін) a

Ампренавир Cmin 35 (51 бастап 15 дейін) a

Невирапин AUC: 29 (19 бастап  40 дейін) a

Невирапин Cmax: 25 (14 бастап 37 дейін) a

Невирапин Cmin: 34 (от21  49 дейін) a

Невимунді ритонавирсіз фосампренавирмен бірге тағайындамаған жөн.

Фосампренавир/ритонавир 700/100 мг күніне 2 рет

(Невимун 200 мг күніне 2 рет)

Ампренавир AUC: елеулі ықпал етпейді

Ампренавир Cmax елеулі ықпал етпейді

Ампренавир Cmin 19 (32 бастап 5 дейін) a

Невирапин AUC 14 (5 бастап  24 дейін) a

Невирапин Cmax 13 (3 бастап 24 дейін) a

Невирапин Cmin 22 (10  бастап 35 дейін) a

Дозалау режимін түзету қажет емес.

Лопинавир/ритонавир 400/100 мг күніне 2 рет

(Невимун 200 мг күніне 2 рет)

АИТВ-оң ересек пациенттерде:

Лопинавир AUC 27

Лопинавир Cmax 19

Лопинавир Cmin 46

Невимунмен біріктіріп тамақпен бірге күніне 2 рет қабылданатын лопинавир/

ритонавир дозасын 533/133 мг (4 капсула) дейін арттыру ұсынылады.

Лопинавир/ритонавир 300/75 мг/м2 күніне 2 рет

(Невимун 7 мг/кг немесе 4 мг/кг күніне 1 рет x 2 апта; күніне 2 рет x 1 апта)

Балаларда қолданылуы:

Фармакокинетика зерттеулерінің нәтижелері ересек пациенттерде алынған нәтижелермен келісілді:

Лопинавир AUC 22 (44 бастап 9 дейін)a

Лопинавир Cmax 14 (36 бастап 16 дейін)a

Лопинавир Cmin 55 (75 бастап 18 дейін)a

Невимунмен біріктіріп қолданғанда, тамақпен бірге күніне екі рет 300/75 мг/м2 дейін қабылдаған балаларда, әсіресе лопинавирге/ритонавирге сезімталдығы төмендеген деп болжам жасалатын пациенттерде лопинавир/

ритонавир дозасының артуы мүмкін екендігін ескерген жөн.

Нелфинавир 750 мг күніне 3 рет (Невимун 200 мг күніне 1 рет x 14 күн; 200 мг күніне 2 рет x 14 күн)

Нелфинавир: невирапинді қосқаннан кейін фармакокинетикалық параметрлерінде клиникалық тұрғыдан маңызды өзгерулер жоқ.

Нелфинавирдің плюс AG1402 метаболитнің жалпы әсері:

AUC 20 (72 бастап 128 дейін)

Cmax 12 (61 бастап 100 дейін)

Cmin 35 (90 бастап 316 дейін)

Невирапин: деңгейлерінің өзгеруі анықтаған жоқ.

Дозалау режимін түзету қажет емес.

Ритонавир 600 мг күніне 2 рет (Невимун 200 мг күніне 1 рет x 14 күн; 200 мг күніне 2 рет x 14 күн)

Бірге қолдану плазмада ритонавир немесе невирапин деңгейлерінің клиникаық тұрғыдан маңызды өзгеруіне әкелмейді.

Ритонавир AUC

Ритонавир Cmax 

Ритонавир Cmin 

Дозалау режимін түзету қажет емес.

Саквинавир/ритонавир

Ритонавирмен бірге саквинавир және невирапин арасында қандай да болсын клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесу жоқ.

Дозалау режимін түзету қажет емес.

Типранавир/ритонавир 500/200 мг күніне 2 рет

(NVP 200 мг күніне 2 рет)

Типранавир үшін Cmin көрсеткішінің клиникалық тұрғыдан маңызды емес 20%-ға төмендеуі байқалды.

Невирапин және ритонавирдің төмен дозасымен бірге тағайындалған типранавир арасында маңызды өзара әрекеттесу болады деп болжам жасалмайды.

Дозалау режимін түзету қажет емес.

Ену тежегіштері

Энфувиртид

Энфувиртид және бірге қолданылатын CYP450 ферменттерімен метаболизденетін дәрілік препараттар арасында клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесулер болады деп болжам жасалмайды.

Дозалау режимін түзету қажет емес.

Маравирок 300 мг бір реттік доза

(Невимун 200 мг күніне 2 рет)

Маравирок AUC 

Маравирок Cmax 

Ықпалына болжам жасалмайды.

Дозалау режимін түзету қажет емес.

Интеграза тежегіштері

Ралтегравир

Клиникалық деректер жоқ.

Дозалау режимін түзету қажет емес.

B және C гепатиттерін емдеуге арналған вирусқа қарсы препараттар

Интерферондар (пегилирленген альфа 2a және альфа 2b интерферондары)

Интерферондардың CYP 3A4 немесе 2B6-ға ықпалы жөнінде деректер жоқ. Клиникалық тұрғыдан маңызды дәрілік өзара әрекеттесу болады деп болжам жасалмайды.

Дозалау режимін түзету қажет емес.

Энтекавир

Энтекавир P450 (CYP450) цитохромының ферментті жүйесінің субстраты, индукторы немесе тежегіші болып табылмайды, клиникалық тұрғыдан маңызды дәрілік өзара әрекеттесу болады деп болжам жасалмайды.

Дозалау режимін түзету қажет емес.

Телбивудин

Телбивудин P450 (CYP450) цитохромының ферментті жүйесінің субстраты, индукторы немесе тежегіші болып табылмайды. Клиникалық тұрғыдан маңызды дәрілік өзара әрекеттесу болады деп болжам жасалмайды.

Дозалау режимін түзету қажет емес.

Адефовир

Клиникалық тұрғыдан маңызды дәрілік өзара әрекеттесу болады деп болжам жасалмайды.

Дозалау режимін түзету қажет емес.

Рибавирин

Клиникалық тұрғыдан маңызды дәрілік өзара әрекеттесу болады деп болжам жасалмайды.

Дозалау режимін түзету қажет емес.

Телапревир

Телапревир бауырда CYP3A метаболизденеді және P-гликопротеин субстраты болып табылады. Метаболизмге басқа да ферменттер тартылуы мүмкін. Телапревирді және CYP3A индукторлары және (немесе) P-гп, болып табылатын дәрілік препараттарды бірге қолдану плазмада телапревирдің концентрациясын төмендетуі мүмкін.

Телапревир мен невирапинді бірге қолданғанда сақтық шараларын қолданған жөн. Невимунмен бірге қолданғанда телапревирдің дозасы түзету қажеттілігін ескеру керек.

Антибиотиктер

Кларитромицин 500 мг күніне екі рет

(Невимун 200 мг күніне 1 рет x 14 күн; 200 мг күніне 2 рет x 14 күн)

Кларитромицин AUC 31 (57 бастап 9 дейін)

Кларитромицин Cmin 56 (92 бастап 126 дейін)

Метаболит 14-OH кларитромицин AUC 42 (41 бастап 242 дейін)

Метаболит 14-OH кларитромицин Cmax 47 (39 бастап 255 дейін)

Невирапин AUC 26

Невирапин Cmax 24

Невирапин Cmin 28

бұрын жарияланған деректермен салыстырғанда.

Дозалау режимін түзету қажет емес. Бауыр функциясының мүмкін болатын қалыптан ауытқуына мұқият мониторинг ұсынылады. Алайда Mycobacterium aviumintracellulare кешенінен туындаған инфекциясы бар пациентті емдеген кезде кларитромицинді басқа антибиотиктерге алмастыру қажетілігін ескерген жөн, өйткені мұндай жағдайда белсенді метаболит тиімді емес.

Рифабутин 150 немесе 300 мг күніне 1 рет

(Невимун 200 мг күніне 1 рет x 14 күн; 200 мг күніне 2 рет x 14 күн)

 

Рифабутин AUC 17 (53 бастап 191 дейін)

Рифабутин Cmax 28 (44 бастап 195 дейін)

Метаболит 25-O-дезацетилрифабутин AUC 24% (от83 787 дейін)

Метаболит 25-O-дезацетилрифабутин Cmax 29% (67 бастап 400 дейін).

Жарияланған фармакокинетика деректерімен салыстырғанда, вирапиннің шамаланған клиренсінің клиникалық тұрғыдан маңызды емес ( 9 %-ға) жоғарылағаны жөнінде мәлімдеме бар.

Дозалау режимін түзету қажет емес. Дегенмен бірге қолданған кезде сақтық танытқан жөн.

Рифампицин 600 мг күніне 1 рет (Невимун 200 мг күніне 1 рет x 14 күн; 200 мг күніне 2 рет x 14 күн)

Рифампицин Cmax және AUC: елеулі өзгерулерсіз.

Невирапин AUC 58

Невирапин Cmax 50

Невирапин Cmin 68

бұрын жарияланған деректермен салыстырғанда.

Невимун мен рифампицинді біріктіріп қолданбаған жөн. Қажет болған кезде рифабутинге алмастыру мүмкіндігін қарастыру керек.

Зеңге қарсы препараттар

Флуконазол 200 мг күніне 1 рет

(Невимун 200 мг күніне 1 рет x 14 күн; 200 мг күніне 2 рет x 14 күн)

Флуконазол AUC 

Флуконазол Cmax 

Флуконазол Cmin 

Невирапиннің әсер ету деңгейі: невирапинді жеке қолданған кездегі жарияланған деректермен салыстырғанда 100%.

Невимунның әсер ету деңгейінің жоғарылау қаупімен байланысты осы дәрілік заттарды бірге қолданған кезде сақтық танытқан және пациенттерге мұқият мониторинг жүргізуді жүзеге асырған жөн.

Итраконазол 200 мг күніне 1 рет

(Невимун 200 мг күніне 1 рет)

Итраконазол AUC 61

Итраконазол Cmax 38

Итраконазол Cmin 87

Невирапиннің фармакокинетикасы параметрлері бойынша елеулі айырмашылықтар байқалған жоқ.

Осы екі препаратты бірге қолданғанда итраконазол дозасын түзету қажеттілігін ескерген жөн.

Антацидтер

Циметидин

Невирапин Cmin7

Дозалау режимін түзету қажет емес.

Тромбозға қарсы дәрілер

Варфарин

Оларды бірге қолданғанда ұю уақытының жоғарылауы, сонымен қатар азаюы мүмкін болуымен бірге, невирапин мен варфарин арасында өзара әрекеттесу күрделі болып табылады.

Антикоагулянт деңгейіне мұқият мониторинг ұсынылады.

Контрацептивтер

Депо-медроксипрогестерон ацетаты (ДМПА) 150 мг әрбір 3 ай сайын

(Невимун 200 мг күніне 1 рет x 14 күн; 200 мг күніне 2 рет x 14 күн)

ДМПА AUC 

ДМПА Cmax 

ДМПА Cmin 

Невирапин AUC 20

Невирапин Cmax20

Дозаны түзету қажет емес. Невимун бірге қолданылған кезде ДМПА препаратымен басылу әсерін төмендетпейді.

Этинилэстрадиол (ЭЭ) 0,035 мг

және Норэтиндрон (НЭТ) 1,0 мг (бір реттік доза)

(Невимун 200 мг күніне 1 рет x 14 күн; 200 мг күніне 2 рет x 14 күн;)

ЭЭ AUC 20 (57 бастап 52 дейін)

ЭЭ Cmax 

ЭЭ Cmin §

Невимун қабылдап жүрген әйелдерде контрацепцияның жалғыз тәсілі ретінде пероральді гормональді контрацептивтерді (ГК) пайдаланбаған жөн, Невимунмен біріктіргенде ГК дозасының (қолданудың барлық түрлері) тиімділігі мен қауіпсіздігі ДМПА қарағанда өзгеше анықталған жоқ.

НЭТ AUC 19 (50 бастап 30 дейін)

НЭТ Cmax 16 (49 бастап 37 дейін)

НЭТ Cmin §

Анальгетиктер/апиындар

Метадон, пациент үшін жекелей доза

(Невимун 200 мг күніне 1 рет x 14 күн; 200 мг күніне 2 рет ≥ 7 күн)

Метадон AUC 65 (82 бастап 32 дейін)

Метадон Cmax 50 (67 бастап 25 дейін)

Метадонның демеуші дозаларымен жүрген пациенттерді Невимун препаратымен емдеуді бастаған кезде тоқтату синдромы дамуы мүмкін болғандықтан, оларды мониторингілеуді жүзеге асыру және метадонның дозасын түзету қажет.

Өсімдік текті препараттар

Шайқурай

Қан сарысуындағы невирапин деңгейі, шайқурай өсімдігінің (Hypericum perforatum) препаратымен бірге қолданғанда, препараттың метаболизміне қатысатын ферменттердің және (немесе) тасымалданатын ақуыздардың шайқурайдың әсерінен индукциялануымен байланысты, төмендеуі мүмкін.

Дозаны түзету қажет болуы мүмкін. Невимун невирапин деңгейінің жоғарылауымен байланысты шайқурайды тоқтатқаннан кейін индукциялайтын әсері ең жоқ дегенде 2 апта сақталуы мүмкін.

§ = Cmin анықтау әдісі шегінен төмен

↑ = Жоғарылауы, ↓ = Төмендеуі,  = Әсерінің болмауы

a деректер орташа геометриялық 90 % сенімді аралық түрінде берілген

Айрықша нұсқаулар

0-ден 6 жасқа дейінгі балаларға Невимунді ішке қабылдауға арналған суспензия түрінде қолданған дұрыс.

Балаға анасынан АИТВ трансмиссиялануына жол бермеу

Жаңадан туған балалар үшін дозалаудың келесі режимі (суспензия) ұсынылады: туғаннан кейін 72 сағат ішінде пероральді түрде бір реттік 2 мг/кг енгізу. Егер анасы Невимунды босанудан екі сағаттан аз уақыт бұрын қабылдаса, жаңа туған нәрестеге туу бойына дереу Невимунның алғашқы дозасын (2 мг/кг), ал екінші дозасын (2 мг/кг) алғашқы дозадан кейін 24-72 сағат ішінде енгізген жөн.

Невирапинмен емдеудің алғашқы 18 аптасы маңызды кезең болып табылады, соның ішінде өмір үшін ықтимал ауыр және қауіпті тері реакцияларын (Стивенс-Джонсон синдромын [СДС] және/немесе уытты эпидермальді некролизді [УЭН] қоса) немесе ауыр гепатитті/бауыр функциясының жеткіліксіздігін анықтау үшін мұқият бақылау қажет болады. Гепатологиялық және дерматологиялық реакциялардың өте үлкен қаупі емнің алғашқы 6 аптасында болады. Бауыр тарапынан жағымсыз құбылыстар қаупі әйелдерде және CD4+ жасуша (D4- лимфоциттер, CD4+ рецепторлары бар Т-хелперлер) саны өте жоғары пациенттерде жоғары болады. Емдеудің, әсіресе бастапқы 14 күндік кезеңі ішінде, ұсынылған режимін қатаң сақтау қажет.

Тері тарапынан реакциялар. Мұқият бақылау оқшауланған бөртпелер дамыған жағдайда да қажет болады. Невимун айқын бөртпе немесе жалпы симптомдармен (қызба, күлбіреуіктің түзілуі, ауыр қуысындағы өзгерулер, конъюнктивит, беттің ісінуі, буындардың немесе бұлшықеттердің ауыруы, жалпы дімкәстік) қатар жүретін бөртпелер дамыған жағдайда, Стивенс-Джонсон синдромында немесе уытты эпидермальді некролизде тоқтатылуы тиіс. Невимун бөртпемен және жалпы симптомдармен, сондай-ақ ішкі ағзалардың, мысалы, гепатит, эозинофилия, гранулоцитопения және бүйрек дисфункциясы немесе ішкі ағзалардың зақымдануының басқа да белгілері сияқты өзгерулермен сипатталатын аса жоғары сезімталдық реакциялары дамыған жағдайда тоқтатылуы тиіс («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз).

Невимунның уыттылығының негізгі көрінісі бөртпе екендігін пациенттерге мәлімдеу қажет. Емдеудің бастапқы кезеңі пайдаланылуы тиіс, өйткені бұның бөртпенің жиілігін азайтатыны анықталған. Көптеген жағдайларда Невимунды қабылдаумен байланысты бөртпе емдеудің алғашқы алты аптасы ішінде пайда болады. Сондықтан нақ осы кезең ішінде пациенттерді тері реакцияларына қатысты мұқият бақылау қажет. Пациенттер емдеудің алғашқы кезеңі ішінде қандай да болсын бөртпе дамыған жағдайда препараттың дозасын бөртпе жоғалғанша арттырмау керектігінен хабардар болуы тиіс. Күн сайынғы доза 200 мг болған жағдайда, препаратты қабылдау 28 күннен аспауы тиіс, соның ішінде препаратты қабылдаудың баламалы режимі белгіленуі тиіс.

Препаратты қабылдағанда сирек жағдайларда терілік және/немесе бауырлық реакциялары бар пациенттерде қаңқа бұлшықеттерінің жедел некрозы (рабдомиолиз) байқалды.

Преднизолонды бір мезгілде қабылдау (күніне 40 мг, Невимунды қабылдаудың алғашқы 14 күні ішінде) бөртпенің пайда болу жиілігін азайтпайды, керісінше, емнің алғашқы 6 аптасы ішінде тері реакцияларын жиілетуі мүмкін.

Күрделі тері реакцияларының даму қаупінің факторларына емнің алғашқы кезеңі ішінде препаратты күніне 200 мг дозада қолдану жөніндегі нұсқаулардың бұзылуы жатады. Дерматологиялық реакциялардың өте күрделі нәтижелерінің даму қаупі симптомдар пайда болғаннан кейін медициналық кеңес алуға бару кешіккен жағдайда ұлғаяды. Әйелдерде бөртпенің даму қаупі Невимунды қолданған жағдайда да, сонымен қатар құрамында Невимун болмайтын емдеу жағдайында да еркектерге қарағанда көбірек болуы мүмкін.

Айқын бөртпе немесе жалпы симптомдармен (қызба, күлбіреуіктің түзілуі, ауыр қуысындағы өзгерулер, конъюнктивит, беттің ісінуі, буындардың немесе бұлшықеттердің ауыруы, жалпы дімкәстік) қатар жүретін бөртпелер пайда болған пациенттер препарат қабылдауды тоқтатуы және дәрігерден кеңес алуы тиіс. Невимунды мұнай пациенттерге қайталап қолдануға рұқсат етілмейді.

Егер пациентте Невимунды қабылдаумен байланысты бөртпе байқалса және күмән бар болса, бауыр функциясына зерттеу жүргізілуі тиіс. Орташа немесе айқын бұзылулары бар пациенттерде (АСТ немесе АЛТ мәндері жоғарғы қалып шегінен 5 еседен астамға артық болады) Невимун қабылдау тоқтатылуы тиіс. Жүйелік симптомдарымен (қызба, артралгия, миалгия және лимфаденопатия) сипатталатын аса жоғары сезімталдық реакцияларының пайда болуы ішкі ағзалардың зақымдану, мысалы гепатит, эозинофилия, гранулоцитопения және бүйрек дисфункциясы белгілерімен бірге болған жағдайда невирапин тоқтатылуы тиіс; невирапинді қайталап қолдануға жол берілмейді.

Бауыр тарапынан реакциялар. Невирапинмен емделіп жүрген пациенттерде күрделі немесе өмірге қауіп төндіретін, фатальді фульминантты гепатитті қоса, гепатоуыттылық жағдайлары байқалды. Алғашқы 18 апта емдеу ауыр мәнге ие, оның барысында мұқият бақылау қажет болады. Бауыр тарапынан реакцияның өте жоғары қаупі емнің алғашқы 6 аптасында білінеді. Бұл қауіп ары қарай да сақталады, сондықтан бүкіл ем бойы жиі бақылау жалғастырылуы тиіс.

Пациенттер бауыр тарапынан реакциялар Невимунның уыттылығының негізгі түрі болып табылатындықтан, және гепатиттің белгілері немесе симптомдары білінген пациенттердің Невимун қабылдауды тоқтатуы және бауыр функцияларының көрсеткіштерін бағалау қамтылуы тиіс тексерілуі үшін медициналық мекемеге дереу баруы қажет екендігінен хабардар болуы тиіс.

Кез келген антиретровирустық ем жүргізу кезінде, соның ішінде Невимун қамтылатын режимді қолдану кезінде, бастапқы АСТ немесе АЛТ деңгейлері жоғары қалып шегінен 2,5 еседен астамға артқан кезде және/немесе В және/немесе С гепатиті бар болған кезде бауыр тарапынан жағымсыз реакциялардың өте жоғары қаупі білінеді.

Бөртпемен астасқан гепатологиялық реакциялардың даму қаупі әйелдерде еркектерге қарағанда үш есе жоғары болуы мүмкін (1,5%-бен салыстырғанда 4,6%). Невимунмен емдеген кезде бөртпемен астасқан гепатологиялық реакциялардың даму қаупі сондай-ақ CD4+ жасушалар саны өте жоғары пациенттерде де жоғары болуы мүмкін. Ретроспективті талдау деректері бойынша, CD4+ жасуша саны 250 жасуша/мм3-ден көбірек болатын әйелдерде бөртпемен астасқан гепатологиялық реакциялар қаупі CD4+ жасушалар саны 250 жасуша/мм3-ден аз болатын әйелдерге қарағанда 9 есе жоғары болды (0,9%-бен салыстырғанда 8,4% ). Жоғары қауіп CD4+ жасуша саны <400 жасуша/мм3 болатын еркектермен салыстырғанда CD4+ жасуша саны >400 жасуша/мм3 болатын еркектерде де байқалды (0,7%-бен салыстырғанда 4,5%).

Бауыр жағдайын бақылау. Невимунды пайдаланған кезде кейде емдеудің алғашқы аптасында-ақ пайда болатын бауыр функциясы көрсеткіштерінің өзгерулері жөнінде мәлімделді. Бауыр ферменттері деңгейінің симптомсыз жоғарылауы жиі сипатталады және Невимунды қолдану үшін сөзсіз қарсы көрсетілім болып табылмайды. Гамма-глутамил трансферазаның симптомсыз жоғарылауы емдеуді жалғастыруға қарсы көрсетілім болып табылмайды.

Пациенттердің, әсіресе алғашқы 18 апта емі ішіндегі клиникалық жағдайына байланысты қысқа уақыт аралықтарынан кейін бауыр функциясының көрсеткіштерін қатаң бақылау ұсынылады. Клиникалық және зертханалық бақылау Невимунмен емдеу кезеңі бойына жалғастырылуы тиіс. Дәрігерлер мен пациенттер гепатиттің анорексия, жүректің айнуы, сарғаю, билирубинурия, ахолиялық нәжіс, гепатомегалия немесе бауырдың аурушаңдығы сияқты продромальді белгілеріне немесе симптомдарына сақтықпен қарауы тиіс. Пациенттер осындай жағдайларда медициналық кеңеске жүгіну қажеттілігі жөнінде хабардар болуы тиіс.

АСТ немесе АЛТ мәндері емдеуді бастар алдында немесе емдеу үдерісінде жоғары қалып шегінен 2,5 еседен астамға жоғарылаған жағдайда, бауыр функциясының көрсеткіштері ұдайы клиникалық қадағалау кезінде өте жиі тексерілуі тиіс. Невимун АСТ немесе АЛТ бастапқы деңгейі жоғары қалып шегінен 5 еседен астамға жоғарылаған пациенттерге тағайындалмауы тиіс (ол ЖҚШ мәнінен 5 еседен аз деңгейге дейін тұрақты түрде төмендегенше).

Дәрігерлер мен пациенттер гепатиттің анорексия, жүректің айнуы, сарғаю, билирубинурия, ахолиялық нәжіс, гепатомегалия немесе бауыр сезімталдығы сияқты продромальді белгілеріне қатысты немесе гепатит байқалғанда қырағылық танытуы тиіс. Пациенттер осы симптомдар бар болған жағдайда дәрігерге қаралу керектігінен хабардар болуы тиіс.

Егер емдеу барысында АСТ немесе АЛТ мәндері ЖҚШ-ден 5 еседен астамға жоғарыласа, Невимунды қабылдау дереу тоқтатылуы тиіс. Егер АСТ және АЛТ деңгейлері бастапқы мәніне оралса және егер пациентте гепатиттің қандай да болсын клиникалық белгілері немесе симптомдары, ішкі ағзалар функциясының бұзылуын көрсететін жалпы симптомдар немесе басқа да құбылыстар пайда болмаса, Невимунды қолдану (егер клиникалық қажеттілік бар болса) қайтадан жаңғыртылуы мүмкін. Ол туралы шешім клиникалық түсініктерге қарай, әрбір жекелеген жағдайда қабылдануы тиіс. Невимунды күніне 200 мг бастапқы дозада (14 күн бойы) қайталап тағайындау, ары қарай оны күніне 2 рет 200 мг-ге дейін арттыру жоғары клиникалық және зертханалық сақтық жағдайында жүзеге асырылуы тиіс. Егер бауыр функциясының бұзылулары қайта жаңғырса, невирапинді қабылдау үзілді-кесілді тоқтатылуы тиіс.

Егер анорексия, жүректің айнуы, құсу, сарғаю сияқты клиникалық көріністермен және зертханалық бұзылулармен (ГГТ есепке алмай-ақ, бауыр функциясы көрсеткіштерінің орташа немесе айтарлықтай өзгеруі) қатар жүретін гепатит пайда болса, Невимун үзілді-кесілді тоқтатылуы тиіс. Невимун невирапиннің әсерінен туындаған клиникалық тұрғыдан айқын гепатиттің дамуы салдарынан оны тоқтату қажет етілген пациенттерге қайтадан тағайындалмауы тиіс.

Басқа да сақтандырулар

Невимунды басқа антиретровирустық препараттармен біріктіріп қолданған жағдайда панкреатит, шеткергі нейропатия және тромбоцитопения сияқты жағымсыз реакциялардың дамығаны жөнінде мәлімделді. Мұндай құбылыстар басқа антиретровирустық препараттармен жиі астасады. Олардың пайда болуын Невимунды басқа препараттармен біріктіріп қолданғанда күтуге болады; осы реакциялардың невирапинді қолданумен байланысты болу ықтималдығы аз.

Невимунды немесе кез келген басқа антиретровирустық емді қабылдап жүрген пациенттерде оппортунистік инфекциялар және АИТВ-инфекцияның басқа да асқынуларының дамуы жалғасуы мүмкін. Сондықтан мұндай пациенттер АИТВ-инфекциясымен астасқан ауруларды емдеу тәжірибесі бар дәрігердің мұқият клиникалық бақылауында болуы тиіс.

Невимунмен емдеу басқа адамдарға АИТВ-1 горизонтальді трансмиссиялану қаупін азайту үшін қолданылмайды.

Нәрестеге анасынан АИТВ-1 трансмиссиялануына жол бермеуде Невимунның қабілетінің анықталғанына қарамастан (басқа антиретровирустық препараттарды қабылдамаған әйелдерде), нәрестеге АИТВ-1 жұғу мүмкіндігін барынша өте азға төмендету үшін анасына босанғанға дейін антиретровирустық препараттардың біріктірілімін қолданып (бұл мүмкін болған жағдайда) өте қарқынды ем жүргізу ұсынылады.

Нәрестеге анасынан АИТВ-1 трансмиссиялануына жол бермеу мақсатында бұрын Невимун суспензиясының және таблеткасының бір реттік дозасын қабылдаған әйелдер мен жаңа туған нәрестелерде біріктірілген емде Невимунның тиімділігі төмендеуі мүмкін.

Невимун бауырда қарқынды түрде метаболизденеді, ал невирапиннің метаболиттері көбіне бүйрек арқылы шығарылады. Фармакокинетикалық зерттеу нәтижелері Невимунды бауырдың орташа дисфункциясы (Child-Pugh жіктелімі бойынша В категориясы) бар пациенттерге тағайындағанда сақтық таныту қажеттілігін көрсетеді.

Невимун бауыр функциясының елеулі бұзылулары (Сhild-Pugh жіктелімі бойынша С категориясы) бар пациенттерге тағайындалмауы тиіс.

Гемодиализде жүрген, бүйрек функцияларының бұзылулары бар пациенттерге жүргізілген фармакокинетикалық зерттеулер әрбір диализ сеансынан кейін 200 мг құрайтын дозаны қосып, Невимунмен қосымша емдеу диализдің Невимунның клиренсіне ықпалының орнын толтыруға жәрдемдесуі мүмкін екендігін көрсетті. Осылайша, креатинин клиренсі минутына 20 мл-ден көбірек пациенттерде Невимун дозасын өзгертуді қажет етпейді.

Бірге қолданғанда Невимун мен Варфарин арасында өзара әрекеттесу ұю уақытының артуы, сонымен қатар қысқаруы мүмкін болатын күрделі болуы мүмкін. Антикоагулянт деңгейіне мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады.

Иммундық реактивация синдромы

Күрделі иммун тапшылығы бар, АИТВ жұқтырған пациенттерде біріктірілген антиретровирустық ем кезінде симптомсыз немесе шартты қалдық патогенді микроорганизмдерге қабыну реакциясы ұлғаюы және ауыр клиникалық ауруларды немесе симптомдардың нашарлауын туындатуы мүмкін. Негізінен, мұндай реакциялар біріктірілген антиретровирустық емді бастаған алғашқы бірнеше апта немесе ай ішінде байқалады. Осыларға тән мысалдар мыналар болып табылады: цитомегаловирусты ретинит, жайылған және/немесе ошақтық микобактериялық инфекциялар және пневмоцисттік пневмония. Иммунитет реактивациясы жағдайында туындаған аутоиммундық бұзылулар (Грейвс ауруы сияқты). Алайда олардың емдеуге қатысты туындау мерзімдері анықталмаған, және бұл құбылыстар емдеуді бастағаннан кейін көп айдан соң көрініс беруі мүмкін. Кез келген қабыну симпомдары талдануы және қажет болғанда ем тағайындалуы тиіс.

Невимун таблеткаларының құрамында күнделікті ұсынылатын ең жоғары дозада 328 мг лактоза бар.

Галактоза жақпаушылығының сирек тұқым қуалаған аурулары (галактоземия, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза сіңуінің төмендеу синдромы) бар пациенттер осы препаратты қабылдамауы тиіс.

Фертильділік, жүктілік және лактация кезеңі

Жүкті әйелдерден (31 шілде 2007 ж. Antiretroviral Pregnancy Registry деректеріне сәйкес, 584 жағдайда алғашқы триместр кезіндегі әсері және 1044 жағдайда екінші/үшінші триместр кезінде) алынған деректердің едәуір саны ұрықтардың дамуында бұзылулардың немесе эмбрион\ұрықтарға қатысты уыттылықтың жоқтығын көрсетеді.

АИТВ-1 жұқтырған жүкті әйелдерді емдеудің тиісінше бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ.

1989 ж. қаңтарынан бастап, жүктілік нәтижелері бақыланатын (US Antiretroviral Pregnancy Registry) Тіркелім деректері туа бітті пайда болған кемістіктердің Невимунмен байланысының айқын белгілерінің жоқтығын айғақтайды. Қазіргі таңға дейін осы Тіркелімде бақылауға алынған, препараттың әсеріне ұшыраған популяция сирек кемістіктерге қатысты дамыған жоғары қауіпті анықтау үшін жеткіліксіз болса да, алғашқы триместр кезінде Невимуннің әсерін бақылау саны, алынғандармен бірге, барлық туа бітті кемістіктердің, ең кем дегенде, екі есе жоғарылау қаупін анықтау үшін жеткілікті. Бұл деректер пациентке кеңес беру кезінде көбірек кепілдендіруге мүмкіндік береді.

Невимун жүктілік кезінде ықтимал пайдасы ұрық үшін қаупінен басым болуы мүмкін жағдайларда ғана қолданылуы тиіс.

Нәрестеге анасынан АИТВ-1 трансмиссиялануына жол бермеу мақсатында пайдаланылатын Невимуннің қауіпсіздігі мен тиімділігі, препаратты анасының босану кезінде ішке 200 мг дозаны бір реттік қабылдауын, және туғаннан кейін 72 сағат ішінде жаңа туған нәрестеге суспензия түрінде бір реттік 2 мг/кг пероральді түрде енгізуді қамтитын емдеу режимі құрамында қолданған жағдайда анықталды.

АИТВ жұқтырған аналар жаңа туған нәрестеге (АИТВ-нің постнатальді жұғу қаупіне жол бермеу үшін) емшек емізбеуі тиіс, Невимун қабылдап жүрген аналар емшек емізуді тоқтатуы тиіс.

Невимун қабылдап жүрген әйелдерде контрацепцияның жалғыз ғана әдісі ретінде ұрықтануға қарсы ішілетін заттарды және басқа да гормональді әдістерді пайдаланбаған жөн, өйткені невирапин плазмада осы препараттардың концентрацияларын төмендетуі мүмкін. Бұдан басқа, Невимунмен емдеу кезінде гормондарды реттеу мақсатында ішілетін контрацептивтік заттарды қолданған жағдайда, гормональді емдеудің емдік әсерін бақылау қажет.

Невирапинді бала көтеруге қабілеті бар әйелдерге тағайындағанда контрацепцияның басқа әдістерін (мысалы, бөгегіш) пайдалану ұсынылады.

Адамда фертильділікке ықпал етуі жөнінде деректер жоқ.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Автокөлікті және механизмдерді басқару қабілетіне қатысты арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.

Алайда пациенттерге Невимунмен емдеу кезінде қажығыштық (әлсіздік) сияқты жағымсыз реакциялар болуы мүмкін екендігін мәлімдеген жөн.

Егер пациенттер қажығыштықты/әлсздікті сезінсе, олардың автокөлік жүргізу немесе механизмдерді басқару сияқты қауіпті қызмет түрлеріне жол бермегені жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: ісінулер, түйінді эритема, қажығыштық, қызба, бас ауыру, ұйқысыздық, жүректің айнуы, өкпеде инфильтраттар, бөртпе, бас айналу, құсу, трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы және дене салмағының төмендеуі.

Емі: артық дозалануын жоюға арналған у қайтарғы жоқ.

Невимунның артық дозалану жағдайлары (15 күн бойы күніне 800-ден 6000 мг-ге дейін қабылдау) жөнінде мәлімделді. Препаратты тоқтатқаннан кейін барлық көрсетілген құбылыстар тоқтаған жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Тығыздығы жоғары полиэтиленнен (НDРЕ) жасалған, балалардың ашып тастауынан қорғайтін қақпағы бар құтыға құрамында 1 г силикагелі бар пакетпен бірге 60 таблеткадан салынған.

1 құты медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын тмпературада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Ципла Лтд., Үндістан

Plot L – 139 to L – 146, Verna Industrial Estate,

Verna, Goa, India

Тіркеу куәлігінің иесі

Ципла Лтд., Үндістан

Mumbai Central, Mumbai – 400 008, India

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Ципла-ЛТД» ҚР өкілдігі, Алматы қ., Жангельдин к-сі, 31, кеңсе 416

Тел./факс: (727) 278 59 20, 278 59 21, 278 59 67

e-mail: reg@avitsena.kz

Прикрепленные файлы

791107701477976274_ru.doc 180 кб
800821231477977473_kz.doc 247.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники