Невивир
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Невивир
Халықаралық патенттелмеген атауы
Невирапин
Дәрілік түрі
200 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 200.00 мг невирапин,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (Vivapur 101), лактоза, натрий кроскармеллозасы (Primellose), жүгері крахмалы, повидон (Коллидон 30), тазартылған су, натрий крахмалы гликолаты, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.
Сипаттамасы
Екі жағы дөңес, ақтан ақшыл сары түске дейінгі, бір жақ бетінде 'Н' және екінші жақ бетінде '7' өрнегі бар, екі жағында да сындыру сызығы бар капсула пішінді таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Жүйелі қолдануға арналған вирусқа қарсы препараттар. Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар. Нуклеозид еместер - кері транскриптаза тежегіштері. Невирапин
АТХ коды J05AG01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі. Невирапин ішке қабылданғаннан кейін дені сау адамдарда және АИТВ-1 инфекциясы бар ересектерде жақсы (>90 %) сіңеді. 200 мг дозада бір реттік қабылдаудан кейін қан плазмасында ең жоғары концентрацияға (Сmax) 4 сағаттан соң жетеді және 2 ± 0,4 мкг/мл (7,5 мкмоль) құрайды. Көп реттік дозасын қабылдағаннан кейін невирапиннің ең жоғары шектегі концентрациялары күніне 200-ден 400 мг-ге дейінгі дозалар ауқымында дозаға байланысты артады. Невирапиннің ең төмен концентрациясының деңгейі 3,5 мкг/мл-ден асатын пациенттерде тиімділігінің ұзаққа созылу мүмкіндігі зор.
Таралуы. Невирапин жоғары липофильділікке ие және негізінен рН-тың физиологиялық мәнінде ионизацияланбайды. Невирапин плацентарлық бөгет арқылы тез өтеді және емшек сүтінен табылады. Невирапиннің 60%-ға жуығы плазмадағы 1 - 10 мкг/мл ауқымындағы концентрацияларда плазма ақуыздарымен байланысады. Адамның (n = 6) жұлын-ми сұйықтығындағы невирапиннің концентрациясы плазмадағы концентрацияның 45%-ын (± 5%) құрайды; бұл арақатынас плазма ақуыздарымен байланысты емес препараттың фракциясына біршама баламалы.
Биотрансформациясы және шығарылуы. Невирапин P450 цитохромының метаболизмі (тотығу реакциясы) арқылы бірнеше гидроксилденген метаболиттерге дейін қарқынды түрде биотрансформацияланады. Невирапиннің тотықтырғыш метаболизмі, басқа изоферменттер қосымша рөл атқарса да, негізінен, P450 цитохромы CYP3A тектесінің изоферменттерінің қатысуымен өтуі мүмкін. Адамда невирапиннің биотрансформациясы және шығарылуы Р450 цитохромының метаболизмі глюкуронидтік конъюгация және глюкурондалған метаболиттердің шығарылуы болып табылады. Бүйрек арқылы шығарылуы бастапқы затты шығаруда мардымсыз рөл атқарады.
Невирапин бауырдың Р450 цитохромының метаболизмдік ферменттерінің индукторы болып табылады. Аутоиндукцияның фармакокинетикасы препараттың бір дозасын қабылдаудан екі-төрт апта бойы тәулігіне 200–400 мг қабылдауға көшуіне қарай, невирапиннің болжамды пероральді клиренсінің шамамен 1,5–2 есеге артуымен сипатталады. Аутоиндукция сондай-ақ плазма құрамындағы невирапиннің жартылай шығарылуының ақырғы фазасының, тиісінше: тәулігіне 200–400 мг дозаны көп реттік қабылдаудан кейін шамамен 45 сағаттың орнына (бір реттік дозаны қабылдаған кезде) 25–30 сағатқа жуыққа дейін қысқаруына әкеледі.
Бүйрек функциясының бұзылуы. Бүйрек жеткіліксіздігі (ауырлық дәрежесі жеңіл, орташа және ауыр) невирапин фармакокинетикасының маңызды өзгеруіне әкелмейді. Алайда диализді қажет ететін, бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысындағы пациенттерде бір апталық әсер ету кезеңінен кейін невирапиннің ҚАА-ның («концентрация – уақыт» қисығы астындағы аудан) 43,5%-ға төмендегені байқалды. Плазмада сондай-ақ невирапиннің гидроксиметаболиттерінің жиналып қалуы да білінді. Нәтижелер невирапинмен емдеудің әрбір диализ сеансынан кейін Невирапин препаратының қосымша 200 мг дозасымен байытылуы диализдің невирапин клиренсіне ықпал етуін еңсеруіне мүмкіндік беретіндігін айғақтайды. Және керісінше, креатинин клиренсі ≥ 20 мл/мин болатын пациенттерде невирапинді дозалау режимін түзету қажет емес.
Бауыр функциясының бұзылуы. Бауырдың жеңіл немесе орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде Невирапиннің көп реттік дозаларын пайдаланғанда невирапиннің және тотықтырғыш бес метаболитінің фармакокинетикалық көрсеткіштері өзгерген жоқ. Алайда бауыр фиброзы бар пациенттердің шамамен 15%-да невирапиннің ең төмен концентрациялары 9000 нг/мл-ге артты (ең төмен орташа концентрацияның әдеттегі мәнінен 2 есе жоғары). Дәрілік препаратты қабылдаудан туындаған уыттылықтың бар-жоқтығын анықтау үшін бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттерде мұқият мониторинг жүргізуді жүзеге асыру қажет.
Орташа асциті бар бір пациенттегі фармакокинетикасын зерттеу нәтижелері бауыр функциясы нашарлаған және асциті бар пациенттерде жүйелі айналымда невирапиннің жиналып қалу ықтималдылығын көрсетті. Невирапин көп реттік дозаларда өзінің жеке метаболизмін индукциялайтын болғандықтан, осы бір реттік дозаны зерттеу бауыр функциясы бұзылуларының көп реттік дозалардың фармакокинетикасына ықпалын көрсете алмауы мүмкін («Айрықша нұсқауларды» қараңыз).
Егде жастағы пациенттер. АИТВ-1 жұқтырған ересек пациенттерде невирапиннің фармакокинетикасы жастың өсуіне (19–68 жас ауқымы) немесе нәсіліне (қара терілілер, испан тілділер немесе еуропеоидтар) байланысты өзгермейді. Невирапинді 65 жастан асқан пациенттерге қолдану қосымша түрде зерттелген жоқ.
Бала пациенттер. Дене бетінің ауданына (ДБА) байланысты емдеу режимі зерттелген зерттеулерде барлық балалар екі апта бойы күніне бір рет 150 мг/м2, ал содан кейін күніне екі рет 150 мг/м2 қабылдады. Невирапинді күніне екі рет 150 мг/м2-ден дозалау (күніне бір рет 150 мг/м2-ден бастапқы екі апталық кезеңнен кейін) невирапиннің 4-6 мкг/мл арасындағы концентрациясының геометриялық тұрғыдан орташа мәнін немесе ең төмен орташа мәнін береді (ересектердегі сияқты). 3 айлыққа толмаған жастағы балаларда плазмадағы невирапиннің концентрациясы ересектерде байқалған шектегі ауқымда болды және жасқа байланысты, әсіресе 2 айлық жаста өзгерді.
Фармакодинамикасы
Әсер ету механизмі. Невирапин АИТВ-1 кері транскриптазасының нуклеозидтік емес тежегіші болып табылады. Невирапин — АИТВ-1 кері транскриптазасының бәсекелес емес тежегіші, бірақ ол АИТВ-2 кері транскриптазасына немесе , , немесе эукариоттарының ДНҚ-полимеразасына биологиялық тұрғыдан маңызды ықпалын тигізбейді.
Вирустарға қарсы in vitro әсері. Невирапин M клейдтердің (биологиялық тармақтарының) A, B, C, D, F, G және H топтарының АИТВ-1 изоляттарының панельдеріне, сондай-ақ адамның 293 эмбриональді бүйрегінің жасушалық желісінде көбейетін айналымдағы рекомбинантты (CRF) CRF01_AE, CRF02_AG және CRF12_BF формаларының панельдеріне қатысты EC50 (50% тежегіш концентрациялар) мәнінің 63 нмоль медианасымен сипатталады. 2923 клиникалық АИТВ-1 изоляттарының, көбіне В қосалқы типінің панельдерінде EC50 орташа мәні 90 нмоль құрады. EC50 ұқсас мәндері шеткері қанның мононуклеарлы жасушаларында, моноцитарлы макрофагтарда немесе лимфабластоидты жасушалық желіде невирапиннің вирустарға қарсы белсенділігін анықтаған кезде алынды. Невирапин АИТВ-1 изоляттарының О тобына немесе АИТВ-2 изоляттарына қатысты жасушалар өсіріндісінде вирустарға қарсы белсенді болған жоқ.
Невирапин эфавирензбен біріктірілімінде күшті антагонистік әсер және АИТВ-1 қатысты вирустарға қарсы in vitro белсенділік көрсетті және ритонавир протеазасы тежегішінің немесе энфувиртидтің қосылу тежегішінің антагонистік әсерін толықтырды. Невирапин протеаза тежегіштері ампренавирмен, атазанавирмен, индинавирмен, лопинавирмен, саквинавирмен және типранавирмен, сондай-ақ КТНТ абакавирмен, диданозинмен, эмтрицитабинмен, ламивудинмен, ставудинмен, тенофовирмен және зидовудинмен біріктірілімінде АИТВ-1-ге қатысты аддитивті синергизм танытты. Невирапиннің АИТВ-1-ге қатысты вирусқа қарсы белсенділігі HBV (В гепатитінің вирусына) қарсы дәрілік препарат адефовирмен және HCV (С гепатиті вирусына) қарсы дәрілік препарат рибавиринмен in vitro басылды.
Төзімділігі. Жасушалық өсіріндіде невирапинге сезімталдығы (100–250 есе) төмендеген АИТВ-1 изоляттары байқалды. Генотиптік талдау вирус штаммдарына және пайдаланылған жасушалық желіге байланысты Y181C және (немесе) V106A АИТВ-1 ОТ генінің мутацияларын анықтады. Невирапинге төзімділік пайда болғанға дейінгі уақыт селекцияға невирапиннің бірнеше басқа КТНЕТ-пен біріктірілімін енгізгенде өзгерген жоқ.
Бұрын антиретровирустық ем қабылдамаған және вирусологиялық тиімді еместігін көрсеткен (n = 71) пациенттерден алынған изоляттарды генотиптік талдау невирапинді күніне бір рет (n = 25) немесе күніне екі рет (n = 46) 48 апта бойы ламивудинмен және ставудинмен біріктіріп қабылдаған 25 пациенттің 8-інде және 46 пациенттің 23-інде алынған изоляттарда, сәйкесінше, КТНЕТ-ке төзімділігімен байланысты бір немесе бірнеше келесі алмастырулардың: Y181C, K101E, G190A/S, K103N, V106A/M, V108I, Y188C/L, A98G, F227L және M230L болғанын көрсетті.
Айқаспалы төзімділігі. Іn vitro зерттеулерде КТНЕТ-ке айқаспалы төзімділігі бар АИТВ штаммдарының тез пайда болғаны байқалды. Невирапин вирусологиялық тиімді болмағанда делавирдинге және эфавирензге айқаспалы төзімділік күтіледі. Төзімділікке тестілердің нәтижелеріне байланысты кейіннен құрамына этравирин кіретін емді қолдануға болады. Невирапинмен және немесе АИТВ протеаза тежегіштерімен, немесе интеграза тежегіштерімен, немесе АИТВ қосылу тежегіштерімен арадағы айқаспалы төзімділіктің болуы екіталай, өйткені қамтылған ферменттік нысандар әртүрлі. Осыған ұқсас, невирапин мен КТНТ арасында айқаспалы төзімділіктің ықтималдылығы аз, өйткені молекулалар кері транскриптазада байланысудың әртүрлі жерлерін пайдаланады.
Қолданылуы
АИТВ-1 инфекциясын емдеуге қолданылатын басқа антиретровирустық препараттармен біріктіріп АИТВ-инфекцияны емдеуде
Қолдану тәсілі және дозалары
Невивир таблеткасын тамақ ішуге қарамай ішке, сындырмай және шайнамай, сумен ішіп қабылдау керек.
16 жастағы және одан үлкен пациенттер
Невивир препаратының ұсынылған дозасы – алғашқы 14 күн бойы тәулігіне бір рет 200 мг бір таблетка (осы кіріспе кезең сақталуы тиіс, өйткені бұл бөртпенің пайда болу жиілігін төмендетеді), кейіннен — ең кемінде қосымша екі антиретровирустық препаратпен бірге күніне екі рет 200 мг бір таблеткадан қабылдау.
Егер дозаны жоспарлы қабылдаудан кейін өткізіп алу уақыты 8 сағаттан аспаса, өткізіп алған дозаны пациент мүмкіндігінше тезірек қабылдағаны жөн. Егер дозаны жоспарлы қабылдаудан кейін өткізіп алу уақыты 8 сағаттан көбірек болса, кезекті дозаны пациент әдеттегі уақытында қабылдағаны жөн.
Дозалау режимі бойынша нұсқаулар
Күніне 200 мг қабылдағанда 14 күндік кіріспе кезең барысында бөртпе пайда болған пациенттерде Невивир препаратының дозасын бөртпе жоғалғанға дейін арттырмаған жөн. Бөртпе шыққан жерлерді мұқият бақылау қажет. Күніне бір рет 200 мг дозалау режимін 28 күннен ұзаққа жалғастырмау керек, осы мерзім аяқталғаннан кейін әсерінің жеткіліксіз болуының және төзімділіктің пайда болуының ықтимал қаупіне байланысты, баламалы ем тағайындау қажет.
Невивир қабылдауды 7 күннен астам мерзімге уақытша тоқтатқан пациенттер, екі апталық кіріспе кезеңді сақтай отырып ұсынылған дозалау режимін қайта жаңғыртуы тиіс.
Егде жастағы пациенттер
Невирапинді 65 жастан асқан пациенттерге қолдану қосымша зерттелген жоқ.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер. Диализді қажет ететін, бүйрек функциясының дисфункциясы бар пациенттерге диализдің әрбір сеансынан кейін невирапиннің қосымша 200 мг дозасын қабылдау ұсынылады. Креатинин клиренсінің көрсеткіштері (CLcr) 20 мл/мин болатын пациенттерде дозаны түзету қажет емес.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер. Невивирді бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар (Чайлд-Пью бойынша С санаты) пациенттердің қабылдамағаны жөн. Бауыр функциясының жеңіл немесе орташа бұзылулары бар пациенттерде дозаны түзету қажет емес.
Бала пациенттер. Невивир препаратының 200 мг таблеткалары жоғарыда сипатталған дозалау режиміне сәйкес, жасы үлкен балаларға, атап айтқанда, дене салмағы 50 кг-ден асатын немесе Мостеллер формуласы бойынша дене бетінің ауданы 1,25 м2-ден астам болатын, 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолданылуы мүмкін. Дене салмағы 50 кг-ден азырақ немесе Мостеллер формуласы бойынша дене бетінің ауданы 1,25 м2-ден азырақ болатын, 16 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер үшін препарат дене салмағына немесе дене бетінің ауданына сәйкес дозалануы мүмкін, ішке қабылдауға арналған суспензия түріндегі дәрілік түрде қолданған жөн.
Жағымсыз әсерлері
Мұқият бақылауды қажет ететін ауыр кезең емдеудің алғашқы 18 аптасы болып табылады. Осы кезеңде өмір үшін ауыр және қауіпті жағымсыз ракцияларды анықтау үшін пациенттерді мұқият бақылау қажет етіледі. Тіркеуден кейін қолдану тәжірибесі өте күрделі жағымсыз реакциялар Стивенс - Джонсон синдромы/уытты эпидермалық некролиз, гепатит/бауыр функциясының ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі, эозинофилия мен бөртпе түрінде көрініс беретін симптомдары бар, қызу, буындардың ауыруы, бұлшықеттердің ауыруы және ішкі ағзалардың қабынуымен, мысалы, гепатитпен, эозинофилиямен, гранулоцитопениямен және бүйрек функциясының бұзылумен біріккен лимфаденопатия сияқты патологиялық үдерістің жайылуын айғақтайтын симптомдары бар дәрілік реакциялар болып табылатынын көрсетті.
Невивир препаратымен емдеумен байланысты өте кең таралған жағымсыз реакцияларға бөртпе, аллергиялық реакциялар, гепатит, бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштеріннің мәндеріндегі ауытқулар, жүректің айнуы, құсу, диарея, іштің ауыруы, шаршау сезімі, қызу, бас ауыруы және бұлшықеттердің ауыруы жатады.
Жағымсыз құбылыстар төменде келесі жіктемемен берілген: жиі ≥1/100-ден <1/10 дейін, жиі емес ≥1/1000-нан <1/100 дейін, сирек ≥1/10000-нан <1/1000 дейін, өте сирек <10000.
Қан және лимфалық жүйе тарапынан бұзылулар
Жиі - гранулоцитопения
Жиі емес - анемия
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Жиі - аса жоғары сезімталдық (соның ішінде анафилаксиялық реакция, ангионевроздық ісіну, есекжем)
Жиі емес - анафилаксиялық реакция
Сирек - эозинофилиямен және жүйелі біліністермен қатар жүретін дәрілік тері реакциясы
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі - бас ауыру
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
Жиі - жүректің айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Жиі - гепатит (ауыр және өмірге қауіп төндіретін гепатоуыттылық) (1,9 %)
Жиі емес - сарғаю
Сирек - шұғыл дамитын гепатит (ол фатальді болуы мүмкін)
Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылулар
Өте жиі - бөртпе (12,5%)
Жиі емес -Стивенс-Джонсон синдромы/уытты эпидермалық некролиз (ол фатальді болуы мүмкін) (0,2 %)
- ангионевроздық ісіну, есекжем
Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіні тарапынан бұзылулар
Жиі емес - артралгия (буындардың ауыруы), миалгия (бұлшықеттердің ауыруы)
Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі бұзылулар
Жиі - гипертермия, қажығыштық
Зертханалық және аспаптық деректер
Жиі - бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерінің қалыптан ауытқуы (аланинаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы
- трансаминаза деңгейінің жоғарылауы, аспартатаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы, гамма-глутамилтрансфераза деңгейінің жоғарылауы, бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы, гипертрансаминаземия
Жиі емес - қандағы фосфор деңгейінің төмендеуі
- артериялық қысымның жоғарылауы
Метаболизмдік параметрлер
Айрықша нұсқаулар
Невирапинді басқа антиретровирустық препараттармен бірге қабылдағанда сондай-ақ келесі жағымсыз реакциялар білінді, алайда осы жағымсыз реакциялардың невирапинмен емдеумен байланысты екендігі неғайбыл:
- панкреатит
- шеткері нейропатия, тромбоцитопения
Өте сирек: - бауыр және бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің синдромы
аутоиммундық аурулар (мысалы, диффуздық уытты зоб),
ауру басталғаннан кейін көп айдан соң басталуы мүмкін
Біріктірілген антиретровирустық емді (БАРЕ) бастаған сәтте иммунитет тапшылығының ауыр түрінен зардап шегіп жүрген, АИТВ жұқтырған пациенттерде симптомсыз немесе қалдық шартты-патогенді қоздырғышқа қабыну реакциясы пайда болуы мүмкін. Остеонекроз жағдайлары, әсіресе АИТВ сатысы өрши бастаған, белгілі қауіп факторлары бар немесе біріктірілген антиретровирустық емді (БАРЕ) ұзақ уақыт қолданған пациенттерде мәлімделді. Осы аурудың пайда болу жиілігі белгісіз.
Дәрілік препаратты тіркегеннен кейін күмәнді жағымсыз реакциялар жөнінде мәліметтерді хабарлау үлкен маңызға ие. Бұл медициналық препарат үшін «пайда/қаупі» арақатынасына әрі қарай мониторинг жүргізу үшін қажет. Медицина қызметкерлерінен кез келген болжамды жағымсыз реакциялар туралы жағымсыз реакцияларды тіркеудің ұлттық жүйесі арқылы мәлімдеп отыруын өтінеміз. |
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың белсенді затына немесе басқа компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- невирапинді қабылдау нәтижесінде ауыр бөртпеге, жайылу симптомдарымен қатар жүретін бөртпеге байланысты, аса жоғары сезімталдық реакцияларымен байланысты немесе клиникалық тұрғыдан айқын гепатитке байланысты препаратты толық тоқтатуды қажет ететін пациенттерге қайталап тағайындау
- бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар (Чайлд-Пью бойынша С санатындағы) пациенттер немесе АСТ немесе АЛТ деңгейлерінің > 5 ЖҚШ (жоғары қалып шегі) бастапқы артуы АСТ/АЛТ бастапқы көрсеткіштері < 5 ЖҚШ деңгейіне тұрақталғанға дейінгі жағдайда
- невирапинмен емдеу барысында бұрын АСТ немесе АЛТ > 5 ЖҚШ мәндері байқалған және невирапинді қайталап тағайындағанда бауыр функциясының қалыптан ауытқуының қайталануы білінген пациенттерге қайталап тағайындау
- плазмадағы невирапин концентрациясының төмендеу және клиникалық тиімділігінің төмендеу қаупімен байланысты, құрамында шілтер жапырақты шайқурай (Hypericum perforatum) бар өсімдік шикізатының негізіндегі препараттармен бірге қолдану
- эфавирензбен, делавирдинмен, этравиринмен, рилпивиринмен, элвитегравирмен (кобицистатпен біріктірілген), боцепревирмен, рифампицинмен, кетоконазолмен, атазанавирмен, фосампренавирмен*, саквинавирмен*, типранавирмен* (* - егер олар ритонавирдің төмен дозасымен тағайындалмаса) біріктіріп бір мезгілде қолдану
- дене салмағы 50 кг-ден азырақ немесе дене бетінің ауданы Мостеллер формуласы бойынша 1,25 м2-ден аз, 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (осы дәрілік түр үшін – таблеткалар)
- жүктілік, лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Невирапин CYP3A индукторы және әлеуетті түрде CYP2B6 индукторы болып табылады, ең жоғары индукциясы көп реттік дозалармен емдеуді бастағаннан кейін 2–4 апта ішінде басталады.
Осы метаболизм жолы пайдаланылатын заттардың концентрациялары оларды невирапинмен біріктіріп қолданған кезде төмендеуі мүмкін. P450-мен метаболизденетін дәрілік препараттарды невирапинмен біріктіріп қолданған кезде олардың емдік тиімділігіне мұқият мониторинг жүргізуді жүзеге асыру ұсынылады.
Невирапиннің сіңуіне тамақ ішу, антацидтерді немесе құрамына сілтілік буферлеуші агент кіретін дәрілік препараттарды қабылдау ықпалын тигізбейді.
Өзара әрекеттесуі жөніндегі деректер орташа геометриялық мәндер түрінде және егер осы деректер бар болса, 90% сенімді аралық (90 % СА) түрінде берілген. АЖ = Анықталған жоқ, ↑ = Жоғарылаған, ↓ = Төмендеген, = Ықпалы жоқ
Емдік топ бойынша препараттар |
Дәрілермен өзара әрекеттесуі |
Бірге қолдануға қатысты нұсқаулар |
|
ИНФЕКЦИЯҒА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР |
|||
АнтиретровирусТЫҚ препараты |
|||
КТНТ |
|||
Диданозин Күніне екі рет 100-150 мг (Невирапин күніне 1 рет 200 мг х 14 күн; күніне 2 рет 200 мг х 14 күн) |
Диданозиннің ҚАА 1,08 (0,92-1,27) Диданозиннің Cmin АЖ Диданозиннің Cmax 0,98 (0,79-1,21) |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
|
Эмтрицитабин |
Эмтрицитабин адамда CYP 450 ферменттерінің тежегіші болып табылмайды |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
|
Абакавир |
Адамның бауыр микросомаларында абакавир P450 цитохромының изомерлерін тежемейді. |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
|
Ламивудин күніне 2 рет 150 мг (Невирапин күніне 2 рет 200 мг) |
Невирапиннің ламивудин клиренсін индукциялайтын әсері жоқ. |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
|
Ставудин: Күніне 2 рет 30/40 мг (Невирапин күніне 1 рет 200 мг х 14 күн; күніне 2 рет 200 мг х 14 күн) |
Ставудиннің ҚАА 0,96 (0,89-1,03) Cтавудиннің Cmin АЖ Ставудиннің Cmax 0,94 (0,86-1,03) Невирапин деңгейлерінде өзгерулер байқалған жоқ. |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
|
Тенофовир күніне 1 рет 300 мг (Невирапин күніне 2 рет 200 мг) |
Невирапинмен біріктіріп қолданғанда плазмадағы тенофовирдің деңгейі өзгерусіз қалады. Тенофовирді бірге қолдану плазмада невирапиннің деңгейіне ықпалын тигізген жоқ. |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
|
Зидовудин күніне 3 рет 100-200 мг (Невирапин күніне 1 рет 200 мг х 14 күн; күніне 2 рет 200 мг х 14 күн) |
Зидовудиннің ҚАА 0,72 (0,60-0,96) Зидовудиннің Cmin АЖ Зидовудиннің Cmax 0,70 (0,49-1,04) Зидовудин невирапиннің фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді. |
Дозалау режимін түзету қажет емес. Зидовудинді бірге қабылдау әдетте гранулоцитопениямен қатар жүреді. Сондықтан невирапин мен зидовудинді біріктіріп қабылдап жүрген пациенттерде, әсіресе балаларда және зидовудиннің өте жоғары дозаларын қабылдап жүрген пациенттерде, немесе сүйек кемігінің қоры жұтаңданған, әсіресе АИТВ ауруы өршіген пациенттерде гранулоцитопения қаупі жоғарылаған. Мұндай пациенттерде гематологиялық параметрлерге мұқият мониторинг жүргізуді жүзеге асыру қажет болады. |
|
КТНЕТ |
|||
Эфавиренз күніне 1 рет 600 мг |
Эфавиренздің ҚАА 0,72 (0,66-0,86) Эфавиренздің Cmin 0,68 (0,65-0,81) Эфавиренздің Cmax 0,88 (0,77-1,01) |
Эфавирензді және Невивир препаратын бірге қолдану, КТНЕТ-ті жеке қолданумен салыстырғанда, қосымша уыттылығына және тиімділігінің жоқтығына байланысты ұсынылмайды. |
|
Делавирдин |
Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ. |
Невивир препаратын және КТНЕТ-ті бірге қолдану ұсынылмайды |
|
Этравирин |
Этравиринді және невирапинді біріктіріп қолдану плазмада этравирин концентрацияларының маңызды төмендеуін және этравириннің емдік тиімділігінің жоғалуын туындатуы мүмкін. |
Невивир препаратын және КТНЕТ-ті бірге қолдану ұсынылмайды |
|
Рилпивирин |
Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ. |
Невивир препаратын және КТНЕТ-ті бірге қолдану ұсынылмайды |
|
ПТ (протеаза тежегіштері) |
|||
Атазанавир/ритонавир күніне 1 рет 300/100 мг күніне 1 рет 400/100 мг (Невирапин күніне 2 рет 200 мг) |
Атазанавир/р 300/100 мг: Атазанавирдің ҚАА/р 0,58 (0,48-0,71) Атазанавирдің Cmin /р 0,28 (0,20-0,40) Атазанавирдің Cmax /р 0,72 (0,60-0,86) Атазанавир/р 400/100 мг: Атазанавирдің ҚАА/р 0,81 (0,65-1,02) Атазанавирдің Cmin /р 0,41 (0,27-0,60) Атазанавирдің Cmax /р 1,02 (0,85-1,24) (невирапинсіз 300/100 мг-мен салыстырғанда) Невирапиннің ҚАА 1,25 (1,17-1,34) Невирапиннің Cmin 1,32 (1,22-1,43) Невирапиннің Cmax 1,17 (1,09-1,25) |
Атазанавирді/ритонавирді және Невивир препаратын бірге қолдану ұсынылмайды |
|
Дарунавир/ритонавир күніне 2 рет 400/100 мг (Невирапин күніне 2 рет 200 мг) |
Дарунавирдің ҚАА 1,24 (0,97-1,57) Дарунавирдің Cmin 1,02 (0,79-1,32) Дарунавирдің Cmax 1,40 (1,14-1,73) Невирапиннің ҚАА 1,27 (1,12-1,44) Невирапиннің Cmin 1,47 (1,20-1,82) Невирапиннің Cmax 1,18 (1,02-1,37) |
Дарунавир 100 мг ритонавирмен және Невивир препараты дозаны түзетусіз қолданылуы мүмкін. |
|
Фосампренавир күніне 2 рет 1400 мг (Невирапин күніне 2 рет 200 мг) |
Ампренавирдің ҚАА 0,67 (0,55-0,80) Ампренавирдің Cmin 0,65 (0,49-0,85) Ампренавирдің Cmax 0,75 (0,63-0,89) Невирапиннің ҚАА 1,29 (1,19-1,40) Невирапиннің Cmin 1,34 (1,21-1,49) Невирапиннің Cmax 1,25 (1,14-1,37) |
Фосампренавирді және Невивир препаратын біріктіріп қолдану, егер фосампренавир ритонавирмен біріктіріп қолданылмаса, ұсынылмайды. |
|
Фосампренавир/ритонавир күніне 2 рет 700/100 мг (Невирапин күніне 2 рет 200 мг) |
Ампренавирдің ҚАА 0,89 (0,77-1,03) Ампренавирдің Cmin 0,81 (0,69-0,96) Ампренавирдің Cmax 0,97 (0,85-1,10) Невирапиннің ҚАА 1,14 (1,05-1,24) Невирапиннің Cmin 1,22 (1,10-1,35) Невирапиннің Cmax 1,13 (1,03-1,24) |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
|
Индинавир күніне 1 рет 800 мг әрбір 8 сағат сайын (Невирапин күніне 1 рет 200 мг х 14 күн; күніне 2 рет 200 мг х 14 күн) |
Андинавирдің ҚАА 31 (64-тен 30-ға дейін) Индинавирдің Cmin 15 (53-тен 55-ке дейін) Cmin индинавирдің 44 (77-ден 39-ға дейін) Плазмадағы невирапин деңгейінің клиникалық тұрғыдан маңызды өзгерулері байқалған жоқ |
Қазіргі таңда индинавир әдетте Невивирмен бірге тағайындалады. Невивирдің индинави-рмен/итонавирмен өзара әрекеттесуіне қатысты клиникалық деректер шектеулі. |
|
Лопинавир/ритонавир (капсулалар) күніне 2 рет 400/100 мг |
Ересек пациенттер: Лопинавирдің ҚАА 0,73 (0,53-0,98) Лопинавирдің Cmin 0,54 (0,28-0,74) Лопинавирдің Cmax 0,81 (0,62-0,95) |
Невивир препаратымен бірге қолданғанда лопинавирдің/ритонавирдің дозаларын күніне екі рет тамақпен бірге қабылданатын 533/133 мг дейін (4 капсула) немесе 500/125 мг дейін (әрқайсысы 100/25 мг-ден 5 таблетка) арттыру ұсынылады. Лопинавирмен бірге қолданғанда Невивир препаратының дозасын түзету қажет емес. |
|
Лопинавир/ритонавир (ішке қабылдауға арналған ерітінді) күніне 2 рет 300/75 мг/м2 |
Бала жастағы пациенттер: Лопинавирдің ҚАА 0,78 (0,56-1,09) Лопинавирдің Cmin 0,45 (0,25-0,82) Лопинавирдің Cmax 0,86 (0,64-1,16) |
Балаларда Невивир препаратымен бірге қолданғанда, әсіресе лопинавирге/ритонавирге сезімталдығының төмендегеніне күмәнданған пациенттерде, лопинавирдің/ритонавирдің дозасын тамақпен бірге күніне 2 рет қабылданатын 300/75 мг/м2 дейін арттыруды қарастыру қажет. |
|
Нелфинавир күніне 3 рет 750 мг (Невирапин күніне 1 рет 200 мг х 14 күн; күніне 2 рет 200 мг х 14 күн) |
Нелфинавир: невира-пинді қосқаннан кейін фармакокинетикалық параметрлерінде клиникалық тұрғыдан маңызды өзгерулер жоқ. Нелфинавирдің плюс AG1402 метаболитінің жалпы әсері: AUC 20 (72-ден 128-ге дейін) Cmax 12 (61-ден 100-ге дейін) Cmin 35 (90-нан 316-ға дейін) Невирапин: деңгейлерінде өзгерулер білінген жоқ. |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
|
Ритонавир Күніне 2 рет 600 мг (Невирапин күніне 1 рет 200 мг х 14 күн; күніне 2 рет 200 мг х 14 күн) |
Ритонавирдің ҚАА 0,92 (0,79-1,07) Ритонавирдің Cmin 0,93 (0,76-1,14) Ритонавирдің Cmax 0,93 (0,78-1,07) Невирапин: ритонавирді бірге қолдану плазмадағы невирапин деңгейінің клиникалық тұрғыдан өзгеруіне әкелген жоқ. |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
|
Саквинавир күніне 3 рет 600 мг (Невирапин күніне 1 рет 200 мг х 14 күн; күніне 2 рет 200 мг х 14 күн) |
Саквинавирдің ҚАА 38 (47-ден 11-ге дейін) Саквинавирдің Cmax 32 (от 44- до 6-) Саквинавирдің Cmin АЖ |
Невивирді ритонавирсіз саквинавирмен бірге тағайындамаған жөн |
|
Саквинавир/ ритонавир |
Саквинавир, күшейтілген ритонавир және невирапин арасында клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесу жоқ. |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
|
Типранавир/ритонавир күніне 2 рет 500/200 мг |
Типранавирдің Cmin 20%-ға клиникалық тұрғыдан маңызды емес төмендейді. |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
|
ҚОСЫЛҒАН ТЕЖЕГІШТЕР |
|||
Энфувиртид |
Метаболизмдік жолымен байланысты, энфувиртид және невирапин арасында клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесу болады деп болжанбайды. |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
|
Маравирок күніне 1 рет 300 мг |
Маравироктің ҚАА 1,01 (0,6-1,55) Маравироктің Cmin АЖ Маравироктің Cmax 1,54 (0,94-2,52) Тарихи бақылауларға ұқсас Невирапиннің концентрациялары өлшенген жоқ, ықпалы жоқ деп күтіледі. |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
|
интегразА ТЕЖЕГІШТЕРІ |
|||
Элвитегравир/ кобицистат |
Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ. Кобицистат, P450 3A цитохромының тежегіші, бауыр ферменттерін, сондай-ақ басқа да метаболизмдік жолдарды маңызды түрде тежейді. Сондықтан бірге қолдану плазмада кобицистат және Невирапин препараты деңгейлерінің төмендеуіне әкелуі ықтимал. |
Невивир препаратын және кобицистатпен біріктірілген элвитегравирді бірге қолдану ұсынылмайды |
|
Ралтегравир күніне 2 рет 400 мг |
Клиникалық деректер жоқ. Метаболизмдік жолымен байланысты, ралтегравирдің өзара әрекеттесуі болады деп болжанбайды. |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
|
АнтибиотикТЕР |
|||
Кларитромицин күніне 2 рет 500 мг |
Кларитромициннің ҚАА 0,69 (0,62-0,76) Кларитромициннің Cmin 0,44 (0,30-0,64) Кларитромициннің Cmax 0,77 (0,69-0,86) Кларитромициннің 14-OH метаболитінің ҚАА 1,42 (1,16-1,73) Кларитромициннің 14-OH метаболитінің Cmin 0 (0,68-1,49) Кларитромициннің 14-OH метаболитінің Cmax 1,47 (1,21-1,80) Невирапиннің ҚАА 1,26 Невирапиннің Cmin 1,28 Невирапиннің Cmax 1,24 тарихи бақылаулармен ұқсас. |
Кларитромициннің әсері маңызды төмендеді, 14-ОН метаболитінің әсері жоғарылады. Кларитромициннің белсенді метаболитінің Mycobacterium avium-жасушаішілік кезеңіне қатысты төмендеуімен байланысты патогендік микроорганизмдерге қатысты жалпы белсенділігі де төмендеуі мүмкін. Кларитромицинге баламалы азитромицин сияқты препараттарды тағайындауды қарастыру қажет. Бауыр функциясының қалыптан ауытқуларына мұқият мониторинг жүргізуді жүзеге асыру ұсынылады |
|
Рифабутин күніне 1 рет 150 немесе 300 мг |
Рифабутиннің ҚАА 1,17 (0,98-1,40) Рифабутиннің Cmin 1,07 (0,84-1,37) Рифабутиннің Cmax 1,28 (1,09-1,51) 25-O-дезацетилрифабутин метаболитінің ҚАА 1,24 (0,84-1,84) 25-O-дезацетилрифабутин метаболитінің Cmin 1,22 (0,86-1,74) 25-O-дезацетилрифабутин метаболитінің Cmax 1,29 (0,98-1,68) Невирапиннің болжамды клиренсінің, тарихи деректермен салыстырғанда, клиникалық тұрғыдан маңызды емес жоғарылауы (9%-ға) жөнінде мәлімдемелер бар. |
Рифабутиннің және Невивир препаратының негізгі ФК-параметрлеріне маңызды ықпалы байқалмайды. Рифабутин және Невивир препараты дозаларды түзетусіз бірге қолданылуы мүмкін. Алайда, жекелей аралық ауытқушылығына байланысты, кейбір пациенттерде рифабутин әсерінің едәуір артуы және рифабутиннің уыттылығының көрініс беру қаупі өте жоғары екендігі байқалуы мүмкін. Сондықтан бірге қолданғанда сақтық таныту қажет. |
|
Рифампицин күніне 1 рет 600 мг |
Рифампициннің ҚАА 1,11 (0,96-1,28) Рифампициннің Cmin НО Рифампициннің Cmax 1,06 (0,91-1,22) Невирапиннің ҚАА 0,42 Невирапиннің Cmin 0,32 невирапиннің Cmax 0,50 тарихи бақылаулармен ұқсас. |
Рифампицинді және Невивир препаратын бірге қолдану ұсынылмайды. Біріккен туберкулез инфекциясы бар және құрамында Невивир препараты бар режим қолданылатын пациенттерді емдеуі қажет дәрігерлер рифабутинді оның орнына бірге тағайындауды қарастыруы мүмкін. |
|
ЗЕҢГЕ ҚАРСЫ ПрепаратТАР |
|||
Флуконазол күніне 1 рет 200 мг |
Флуконазолдың ҚАА 0,94 (0,88-1,01) Флуконазолдың Cmin 0,93 (0,86-1,01) Флуконазолдың Cmax 0,92 (0,85-0,99) Невирапин: невирапин жеке қолданған кезде тарихи деректермен салыстырғанда, әсері 100% . |
Невивир препаратының жоғары әсерінің қаупімен байланысты, егер дәрілік препараттар бірге қолданылса, сақтық таныту және пациенттерге мұқият мониторинг жүргізуді жүзеге асыруы қажет. |
|
Итраконазол күніне 1 рет 200 мг |
Итраконазолдың ҚАА 0,39 Итраконазолдың Cmin 0,13 Итраконазолдың Cmax 0,62 Невирапиннің фармакокинетикалық параметрлері бойынша маңызды айырмашылығы жоқ. |
Осы екі препаратты бірге қолданғанда итраконазолдың дозасын арттыруды қарастыру қажет. |
|
Кетоконазол күніне бір рет 400 мг |
Кетоконазолдың ҚАА 0,28 (0,20-0,40) Кетоконазолдың Cmin НО Кетоконазолдың Cmax 0,56 (0,42-0,73) Невирапин: плазмадағы деңгейі: 1,15-1,28 тарихи бақылауларға салыстырмалы. |
Кетоконазолды және Невивир препаратын бірге қолдану ұсынылмайды |
|
СОЗЫЛМАЛЫ В ЖӘНЕ С ГЕПАТИТІН ЕМДЕУГЕ АРНАЛҒАН ВИРУСҚА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР |
|||
Адефовир |
Іn vitro зерттеу нәтижелері адефовирдің невирапинге әлсіз антагонистік әсерін көрсетті, бірақ бұл клиникалық зерттеулерде айғақталған жоқ, және тиімділігінің төмендеуі күтілмейді. Адефовир, қолда бар деректер бойынша, адамда дәрілік препараттың метаболизміне қамтылған негізгі СҮР изомерлерінің бірде-біреуіне ықпалын тигізген жоқ, және бүйрек арқылы бөлініп шығады. Клиникалық тұрғыдан маңызды дәріаралық өзара әрекеттесулер болады деп болжанбайды. |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
|
Боцепревир |
Боцепревир CYP3A4/5 қатысуымен ішінара метаболизденеді. Боцепревирді CYP3A4/5 индукциялайтын немесе тежейтін дәрілік заттармен біріктіріп қолдану әсерінің артуына немесе төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін. Боцепревирдің плазмадағы ең төмен концентрациялары оны невирапиндегі осындайға ұқсас метаболизмдік жолмен сипатталатын КТНЕТ-пен бірге қолданған кезде төмендеді. Боцепревирдің ең төмен концентрациялары-ның осы байқалған төмендеуінің клиникалық нәтижесіне тікелей баға берілген жоқ. |
Боцепревирді және Невивир препаратын бірге қолдану ұсынылмайды |
|
Энтекавир |
Энтекавир P450 (CYP450) цитохромының субстраты, индукторы немесе тежегіші болып табылмайды. Метаболизмдік жолына байланысты энтекавирдің клиникалық тұрғыдан маңызды дәріаралық өзара әрекеттесуі болады деп болжанбайды. |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
|
Интерферондар (пегилирленген альфа 2a және альфа 2b интерферондары) |
Интерферондардың CYP 3A4 немесе 2B6-ға ықпалы жөнінде деректер жоқ. Клиникалық тұрғыдан маңызды дәріаралық өзара әрекеттесулер болады деп болжанбайды. |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
|
Рибавирин |
Іn vitro зерттеу нәтижелері рибавириннің невирапинге әлсіз антагонистік әсерін көрсетті, бірақ бұл клиникалық зерттеулерде айғақталған жоқ, және тиімділігінің төмендеуі күтілмейді. Рибавирин P450 цитохромының ферменттерін тежемейді, және уыттылыққа жүргізілген осы зерттеулер бауыр ферменттерінің рибавиринмен индукциясын көрсетпейді. Клиникалық тұрғыдан маңызды дәріаралық өзара әрекеттесу болады деп болжанбайды. |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
|
Телапревир |
Телапревир бауырда CYP3A қатысуымен метаболизденеді және P-гликопротеиннің субстраты болып табылады. Телапревирді және CYP3A және (немесе) P-гликопротеинді индукциялайтын дәрілік препараттарды біріктіріп қолдану плазмадағы телапревир концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Телапревир мен невирапин арасында дәріаралық өзара әрекеттесуге зерттеу жүргізілген жоқ, алайда метаболизмдік жолмен сипатталатын телапревирдің КТНЕТ-пен өзара әрекеттесуінің нәтижелері невирапиндедегі осындайға ұқсас, екі препараттың да деңгейлерінің төмендегенін көрсетті. Телапревирдің эфавирензбен МЛВ зерттеу нәтижелері телапревирді және Р450 индукторларын біріктіріп қолданғанда сақтық таныту қажет екендігін көрсетеді. |
Телапревирді және невирапинді бірге қолданғанда сақтық танытқан жөн. Невивир препаратымен біріктіріп қолданғанда телапревирдің дозасын түзетуді алдын ала қарастырған жөн. |
|
Телбивудин |
Телбивудин P450 (CYP450) цитохромы жүйесі ферменттерінің субстраты, индукторы немесе тежегіші болып табылмайды. Телбивудиннің метаболизмдік жолына байланысты клиникалық тұрғыдан маңызды дәріаралық өзара әрекеттесу болады деп болжанбайды. |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
|
АнтацидТЕР |
|||
Циметидин |
Циметидин: циметидиннің ФК-параметрлеріне маңызды ықпалы байқалмайды. Невирапиннің Cmin 1,07 |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
|
АнтитромботиКАЛЫҚ препаратТАР |
|||
Варфарин |
Невирапин және тромбозға қарсы препарат варфарин арасында өзара әрекеттесу оларды біріктіріп қолданғанда, ұю уақытын арттыруда да, сонымен қатар қысқартуда да күрделі болып табылады. |
Ұю көрсеткіштеріне мұқият мониторинг ұсынылады. |
|
КонтрацептивТЕР |
|||
Депо-медроксипрогестерон ацетаты (ДМПА) 150 мг әрбір 3 ай сайын |
ДМПА ҚАА ДМПА Cmin ДМПА Cmax Невирапиннің ҚАА 1,20 Невирапиннің Cmax 1,20 |
Невивир препаратымен бірге қолданғанда ДМПА-ның овуляцияны басатын әсерінің төмендеуі байқалған жоқ. ДМПА және Невивир препараты, дозаны түзетусіз, біріктіріп қолданылуы мүмкін. |
|
Этинилэстрадиол (ЭЭ) 0,035 мг |
ЭЭ ҚАА 0,80 (0,67 - 0,97) ЭЭ Cmin АЖ ЭЭ Cmax 0,94 (0,79 - 1,12) |
Невивир препаратын қабылдап жүрген әйелдер контрацепцияның жалғыз ғана әдісі ретінде пероральді гормональді контрацептивтерді қолданбағаны жөн. Өзге ДМПА қарағанда, гормональді контраце-птивтердің (пероральді немесе басқа тәсілдермен қолдануға арналған дәрілік түрлер) тиісті дозаларын Невивир препаратымен біріктіріп қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі анықталған жоқ. |
|
Норэтиндрон (НЭТ) 1,0 мг күніне 1 рет |
НЭТ ҚАА 0,81 (0,70 - 0,93) НЭТ Cmin АЖ НЭТ Cmax 0,84 (0,73 - 0,97) |
||
АНАЛЬГЕТИКТЕР/АПИЫНДАР |
|||
Метадон, пациент үшін жекелей доза |
Метадонның ҚАА 0,40 (0,31 - 0,51) Метадонның Cmin АЖ метадонның Cmax 0,58 (0,50 - 0,67) |
Метадонның демеуші дозаларын қабылдап жүрген және Невивир препаратымен емделуді бастаған пациенттерде тоқтату синдромының бар-жоқтығына мониторинг жүргізуді жүзеге асырған жөн, және метадонның дозасын тиісінше түзету қажет. |
|
ӨСІМДІК ШИКІЗАТТАРЫНАН АЛЫНҒАН ПРЕПАРАТТАР |
|||
Шайқурай |
Шайқурай (Hypericum perforatum) өсімдігінің шикізатынан алынған препаратты біріктіріп қолданғанда сарысудағы невирапин деңгейі төмендеуі мүмкін. Бұл дәрілік препаратты метаболиздейтін ферменттердің және (немесе) тасымалдаушы ақуыздардың шайқураймен индукциялануына байланысты. |
Құрамында шайқурай бар өсімдік шикізатынан алынған препараттарды, және Невивир препаратын бірге қабылдамаған жөн. Егер пациент шайқурайды қабылдап қойған болса, невирапиннің деңгейін және, мүмкіндігінше, вирустық жүктемені тексеріңіз және шайқурай қабылдауды тоқтатыңыз. Шайқурай қабылдауды тоқтатқаннан кейін невирапиннің деңгейі жоғарылауы мүмкін. Невивир препаратының дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Индукциялайтын ықпалы шайқураймен емдеуді тоқтатқаннан кейін ең кемінде 2 апта бойы сақталуы мүмкін. |
Қосымша ақпарат
Адам бауырының микросомаларын пайдаланып жүргізілген in vitro зерттеулер невирапиннің гидроксилденген метаболиттерінің түзілуіне дапсонның, рифабутиннің, рифампициннің және триметопримнің/сульфаметоксазолдың қатысуының ықпал етпейтіндігін көрсетті. Кетоконазол және эритромицин невирапиннің гидроксилденген метаболиттерінің түзілуін маңызды түрде тежейді.
Айрықша нұсқаулар
Невивир препараты ең кемінде басқа екі антиретровирустық препаратпен бірге қолданылуы тиіс.
Невивир препараты жалғыз ғана белсенді антиретровирустық препарат ретінде, монотерапия ретінде немесе вирус төзімділік көрсеткен кез келген антиретровирустық препаратпен бірге қолданылмауы тиіс.
Невивирмен емдеудің алғашқы 18 аптасы ауыр кезең болып табылады, оның барысында ауыр және өмірге қауіп төндіретін тері реакциялары (Стивенс-Джонсон синдромы (СДС) және уытты эпидермалық некролиз (УЭН) жағдайын қоса), сондай-ақ күрделі гепатиттің/бауыр функциясы жеткіліксіздігінің ықтимал дамуын анықтау үшін пациенттерге мұқият мониторинг жүргізу қажет болады. Бауыр және тері тарапынан реакциялардың өте үлкен қаупі емдеудің алғашқы 6 аптасында байқалады. Алайда бауыр тарапынан кез келген құбылыстар қаупі осы кезең өткеннен кейін де сақталады, сондықтан қысқа уақыт аралығынан кейін де мониторингті жалғастырған жөн. Әйел жынысты пациенттерде, сондай-ақ CD4-жасушалар концентрациялары жоғары пациенттерде (ересек әйелдерде > 250/мм3 және ересек еркектерде > 400/мм3) Невивирмен емдеу, егер Невивирмен емдеуді бастаған сәтте пациентте плазмадағы АИТВ-1 РНҚ деңгейлері анықталатын – яғни концентрациясы ≥ 50 көшірме/мл болса, бауыр тарапынан жағымсыз реакциялардың өте жоғары қаупімен қатар жүреді. Бақыланатын және бақыланбайтын зерттеулер барысында күрделі және өмірге қауіп төндіретін гепатоуыттылық көбіне плазмадағы АИТВ-1 вирустық жүктемесі 50 көшірме/мл және одан жоғары болатын пациенттерде байқалуына байланысты, CD4 сандық көрсеткіші 250 жасуша/мм3-ден жоғары болатын ересек әйелдерде немесе CD4 сандық көрсеткіші 400 жасуша/ мм3-ден жоғары ересек еркектерде, күтілетін пайдасы ықтимал қаупінен басым болатын жағдайларды қоспағанда, плазмадағы АИТВ-1 РНҚ концентрациялары анықталатын жағдайда, Невивирмен емдеуді бастамаған жөн.
Кейбір жағдайларда, препарат қабылдауды тоқтатқанға қарамастан, бауырдың зақымдануы өршиді. Гепатиттің белгілері немесе симптомдары, тері тарапынан ауыр реакциялар немесе аса жоғары сезімталдық реакциялары бар пациенттер Невивир қабылдауды тоқтатуы және медициналық жәрдем алу үшін дәрігерге дереу қаралуы тиіс. Бауыр, тері тарапынан ауыр реакциялардан немесе аса жоғары сезімталдық реакцияларынан кейін Невивир қабылдауды қайта жаңғыртпаған жөн.
Препаратты, әсіресе 14 күндік кіріспе кезең барысында, қатаң түрде көрсетілген дозада қабылдау керек.
Тері реакциялары. Ауыр және өмірге қауіп төндіретін тері реакциялары, соның ішінде өліммен аяқталатын жағдайлар невирапинмен негізінен емдеудің алғашқы 6 аптасы барысында емделген пациенттерде пайда болды. Олар Стивенс-Джонсон синдромын, уытты эпидермалық некролизді және бөртпемен, жайылу белгілерімен және ішкі ағзаларды қамтумен сипатталатын аса жоғары сезімталдық реакцияларын қамтыды. Емдеудің алғашқы 18 аптасы барысында пациенттерде белсенді мониторинг жүргізуді жүзеге асыру қажет. Бөртпе ошақтары пайда болған кезде пациенттерде мұқият мониторинг жүргізуді жүзеге асырған жөн. Пациенттерде ауыр бөртпе немесе жайылу симптомдарымен (қызба, күлдіреуіктердің түзілуі, ауыз қуысының зақымданулары, конъюнктивит, беттің ісінуі, бұлшықеттердің немесе буындардың қақсап ауыруы немесе жалпы дімкәстік сияқты) қатар жүретін бөртпелер, соның ішінде Стивенс-Джонсон синдромы немесе уытты эпидермалық некролиз пайда болған кезде Невивир қабылдауы тоқтатылуы тиіс. Аса жоғары сезімталдық реакциялары (жайылу симптомдары бар бөртпемен және ішкі ағзалармен, мысалы – гепатитпен, эозинофилиямен, гранулоцитопениямен және бүйректің дисфункциясымен сипатталатын) пайда болған жағдайда кез келген пациентте Невивир қабылдау тоқтатылуы тиіс.
Невивир препаратын қабылдаған кезде ұсынылған дозаны арттыру Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролиз сияқты тері реакцияларының жиілігін және ауырлығын арттырады.
Невивир препаратын қабылдаумен байланысты тері және (немесе) бауыр тарапынан реакциялары бар пациенттерде рабдомиолиз байқалды.
Преднизонды (Невивир препаратын қабылдаудың алғашқы 14 күні ішінде күніне 40 мг) біріктіріп қолдану невирапинді қабылдаумен байланысты бөртпенің пайда болу жиілігін төмендетпейтінін, және невирапинмен алғашқы 6 апта емдеу барысында бөртпенің пайда болу жиілігінің және ауырлық дәрежесінің артуымен қатар жүруі мүмкін екендігін көрсетті.
Күрделі тері реакцияларының даму қаупінің бірқатар факторлары анықталды; олар кіріспе кезең барысында күніне 200 мг дозалаудың бастапқы режимін сақтамауды және бастапқы симптомдар мен дәрігерге қаралу арасында ұзақ кідіруді қамтиды. Әйелдерде, еркектерге қарағанда, невирапинді қабылдаған кезде де, сонымен қатар невирапин қамтылмайтын ем кезінде де бөртпенің даму қаупі өте жоғары болады.
Пациенттерді невирапинмен уыттанудың негізгі көрінісі бөртпе болып табылатындығынан хабардар еткен жөн. Пациенттер өзінің емдеуші дәрігеріне пайда болған кез келген бөртпені дереу хабарлауы және бастапқы симптомдар мен дәрігерге қаралу уақытының арасында кідіруге жол бермеуі тиіс. Невирапинді қабылдаумен байланысты бөртпелердің көптеген жағдайлары емдеуді бастағаннан кейін алғашқы 6 апта ішінде пайда болады. Сондықтан осы кезеңде бөртпелердің пайда болуына қатысты пациенттерде мұқият мониторинг жүргізуді жүзеге асыру қажет. Егер екі апталық кіріспе кезең барысында кез келген бөртпе пайда болса, бөртпе жойылғанға дейін пациентердің препарат дозасын арттырмауы тиіс екендігіне нұсқау берген жөн. Күніне бір рет 200 мг дозалау режимін 28 күннен ұзаққа жалғастырмаған жөн, осы мерзім өткеннен кейін, әсерінің жеткіліксіздігі және төзімділіктің пайда болу қаупінің мүмкін екендігіне байланысты, балама ем тағайындалуы қажет.
Ауыр бөртпе немесе қызба, күлбіреуіктердің, ауыз қуысында зақымдардың пайда болуы, конъюнктивит, беттің ісінуі, бұлшықеттердің немесе буындардың қақсап ауыруы немесе жалпы дімкәстік сияқты симптомдарымен қатар жүретін жайылған бөртпе пайда болған кез келген пациент дәрілік препарат қабылдауды тоқтатуы және дәрігерге дереу қаралуы тиіс. Осы санаттағы пациенттердің невирапин қабылдауды қайта жаңғыртуына тыйым салынады.
Невирапинді қабылдаумен байланысты бөртпеге күмәндану пайда болған жағдайда бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерін тексеру қажет. Зертханалық көрсеткіштері орташа немесе күрделі жоғарылаған (АСТ немесе АЛТ көрсеткіштері ЖҚШ-тен 5 еседен астамға жоғарылайды) пациенттер невирапин қабылдауды тоқтатқаны жөн.
Қызба, артралгия, миалгия және лимфаденопатия сияқты жайылу симптомдары бар бөртпемен, плюс ішкі ағзалардың қамтылуымен, мысалы — гепатитпен, эозинофилиямен, гранулоцитопениямен және бүйрек дисфункциясымен сипатталатын аса жоғары сезімталдық реакциялары пайда болғанда, невирапин тоқтатылуы тиіс, және оны қабылдау қайта жаңғыртылмауы тиіс.
Бауыр тарапынан реакциялар. Невирапинмен емделіп жүрген пациенттерде ауыр және өмірге қауіп төндіретін гепатоуыттылық, соның ішінде шұғыл дамитын фатальді гепатит пайда болды. Емдеудің алғашқы 18 аптасы пациенттерге мұқият мониторинг жүргізуді қажет ететін ауыр кезең болып табылады. Бауыр тарапынан реакциялар қаупі емдеудің алғашқы 6 аптасында өте жоғары болады. Алайда қауіп осы кезең өткеннен кейін де сақталады, сондықтан барлық емдеу кезеңі бойы қысқа уақыт аралығында мониторинг жүргізуді жалғастырған жөн.
Невирапинді қабылдаумен байланысты тері және (немесе) бауыр тарапынан реакциялары бар пациенттерде рабдомиолиз байқалды.
ЖҚШ-нен 2,5 есе немесе одан көбірек жоғары болатын АСТ немесе АЛТ деңгейлері, антиретровирустық емнің басында B және (немесе) C гепатиті вирусы инфекцияларының болуы кез келген антиретровирустық ем барысында, соның ішінде невирапинмен емдеген кезде бауыр тарапынан жағымсыз реакциялардың өте жоғары қаупімен қатар жүреді.
Әйел жынысты және бұрын емделмеген пациенттерде невирапинмен емдеудің басында CD4-жасушаларының сандық көрсеткіштерінің өте жоғары болуы бауыр тарапынан жағымсыз реакциялар қаупінің жоғарылауымен қатар жүреді. Әйелдерде бауыр тарапынан бөртпелердің пайда болуымен жиі байланысты симптоматикалық құбылыстардың даму қаупі еркектерге қарағанда үш есе жоғары (2,2%-ға қарсы 5,8%) болады, ал бұрын ем қабылдамаған, плазмадағы АИТВ-1 РНҚ концентрациясымен анықталған және невирапинмен емделуді бастаған сәтте CD4-лимфоциттерінің концентрациялары жоғарылаған, кез келген жыныстылар невирапинді қабылдаған кезде бауыр тарапынан симптоматикалық құбылыстардың пайда болуының үлкен қаупіне ұшырайды. Көбіне плазмадағы АИТВ-1 жүктемесі 50 көшірме/мл немесе одан жоғары пациенттерді қамтыған ретроспективтік талдау барысында, CD4-лейкоциттен концентрациясы > 250 жасуша/мм3 болатын әйелдерде, CD4-лейкоциттер концентрациясы < 250 жасуша/мм3 болатын әйелдерге қарағанда, бауыр тарыпынан симптоматикалық жағымсыз реакциялардың пайда болу қаупі 12 есе жоғары (0,9%-ға қарсы 11,0%) болды. Жоғары қауіп плазмадағы АИТВ-1 РНҚ концентрациясымен анықталған және CD4-лейкоциттер концентрациялары > 400 жасуша/мм3 болатын еркектерде байқалды (CD4-лейкоциттер концентрациясы < 400 жасуша/мм3 еркектерде 1,2%-ға қарсы 6,3%). CD4-лимфоциттер концентрациясының шекті мәндеріне негізделген уытты құбылыстардың пайда болуының осы жоғары қаупі плазмадағы вирустық жүктемесі (яғни < 50 көшірме/мл) анықталмаған пациенттерде байқалған жоқ.
Пациенттер бауыр тарапынан реакциялар невирапинмен уыттылықтың негізгі көріністері болып табылатындығынан хабардар болуы тиіс, және бұл емдеудің алғашқы 18 аптасы барысында мұқият мониторингті жүзеге асыруды қажет етеді. Гепатиттің бар екендігін айғақтайтын симптомдар пайда болғанда, олар невирапин қабылдауды тоқтатуы және бауыр функциясына тестілер қамтылатын тексерілуден өту үшін дәрігерге дереу қаралуы тиіс.
Бауыр функциясын бақылау. Бауыр сынамалары қамтылатын, қанға клиникалық биохимиялық талдау невирапинмен емдеуді бастар алдында және емдеу барысында сәйкесінше мезгіл-мезгіл жүргізілуі тиіс.
Невирапинді қабылдаған кезде, негізінен, емдеудің алғашқы бірнеше аптасы ішінде бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерінің мәндерінде ауытқулар байқалды.
Бауыр ферменттерінің симптомсыз жоғарылау жиі сипатталады, және бұл невирапинді қолдануға міндетті түрде қарсы көрсетілім болып табылмайды. ГГТ деңгейінің симптомсыз жоғарылауы емдеуді жалғастыруға қарсы көрсетілім болып табылмайды.
Бауыр тестілерінің нәтижелеріне емдеудің алғашқы 2 айы барысында әрбір екі апта сайын, содан кейін 3 ай өткеннен кейін, содан кейін ұдайы, сондай-ақ егер пациентте гепатиттің және (немесе) аса жоғары сезімталдықтың бар екендігін айғақтайтын белгілері немесе симптомдар пайда болса, мониторинг жүргізілуі тиіс.
Егер емдеу алдында немесе емдеу барысында АСТ немесе АЛТ көрсеткіштері ЖҚШ-тен 2, 5 есе немесе одан көбірек жоғары болса, бауыр тестілері нәтижелеріне мониторинг клиникаға ұдайы бару барысында жиі жүргізілуі тиіс. Невирапинді АСТ немесе АЛТ көрсеткіштері ЖҚШ-тен 5 есе жоғары болатын пациенттерге АСТ/АЛТ бастапқы деңгейіндегі мәні < 5 ЖҚШ тұрақталғанға дейін тағайындауға болмайды.
Дәрігерлер және пациенттер продромальді белгілерге немесе гепатиттің бар екендігін айғақтайтын анорексия, жүректің айнуы, сарғаю, билирубинурия, ахоликалық нәжіс, гепатомегалия немесе бауырды саусақпен басқанда ауыруы сияқты деректерге қатысты қырағылық танытуы тиіс. Бұлар пайда болған жағдайда пациенттердің дәрігерге шұғыл түрде қаралуы қажет екендігіне нұсқау берілуі тиіс.
Емдеу барысында АСТ немесе АЛТ > 5 ЖҚШ деңгейіне дейін жоғарылағанда невирапин қабылдауды дереу тоқтатқан жөн. Егер АСТ және АЛТ деңгейлері бастапқы мәніне дейін оралса, және егер пациенттерде гепатиттің клиникалық белгілер немесе симптомдары, бөртпе, жайылу симптомдары немесе ішкі ағзалардың дифункциясын айғақтайтын басқа да деректер жоқ болса, невирапин қабылдау жекелей негізде, бастапқы дозалау режимі 14 күн бойы күніне 200 мг дозада, кейіннен күніне 400 мг дозада қайта жаңғыртылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда бауыр функциясына өте жиі мониторинг жүргізу қажет болады. Бауыр функциясының қалыптан ауытқуы қайталанғанда невирапин қабылдауды тоқтатқан жөн.
Анорексиямен, жүректің айнуымен, құсумен, сарғаюмен және зертханалық деректермен (бауыр функциясына тесті нәтижелерінің қалыптан орташа немесе күшті ауытқуы сияқты (ГГТ-ні қоспағанда)) сипатталатын клиникалық тұрғыдан айқын гепатит пайда болғанда невирапин қабылдауды тоқтату керек. Невирапинді қабылдау әсерінен туындағын клиникалық көріністері бар гепатитке байланысты препарат қабылдауды тоқтатуды қажет ететін пациенттерге Невивир препараты қайтадан тағайындалмауы тиіс.
Бауыр аурулары. Невивир препаратының қауіпсіздігі және тиімділігі бауырдың маңызды негізгі аурулары бар пациенттерде тексерілген жоқ. Невивир препаратын бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар (Чайлд-Пью жіктемесі бойынша С класс) пациенттерге қолдануға болмайды. Фармакокинетикалық талдаулардың нәтижелері бауыр функциясының ауырлығы орташа дәрежедегі бұзылулары бар (Чайлд-Пью жіктемесі бойынша В класс) пациенттер невирапинді қабылдаған кезде сақтық таныту керектігін көрсетеді. Біріктірілген антивирустық ем қабылдап жүрген, созылмалы В немесе С гепатиті бар пациенттер бауыр тарапынан ауыр және әлеуетті өлімге әкелетін жағымсыз реакциялардың даму қаупі жоғары аймақтарда болады. Егер пациент В немесе С гепатитіне емді вирусқа қарсы еммен қатар қабылдап жүрсе, қабылданған медициналық препараттар жөнінде тиісті ақпаратпен танысып шығыңыз. Бұрыннан бауыр функциясының бұзылуы, соның ішінде созылмалы белсенді гепатиті бар пациенттерде бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерінің ауытқулары көбіне біріктірілген антиретровирустық ем барысында байқалады және бұл стандартты іс-тәжірибеге сай бақылануы тиіс. Егер мұндай пациенттерде бауыр ауруының өршу белгілері бар болса, емдеуді уақытша тоқтату немесе тоқтату ықтималдылығын қарастыру қажет.
Басқа да сақтандырулар.
Жанасудан кейінгі профилактика. АИТВ жұқтырмаған субъектілерде жанасудан кейінгі профилактика (ЖКП) жүргізу мақсатында Невирапин препаратының көп реттік дозаларын қабылдағанда күрделі гепатоуыттылық, соның ішінде трансплантацияны қажет ететін бауыр функциясының жеткіліксіздігі байқалды. Невивир препаратын қолдану ЖКП арнайы зерттеу аясында, әсіресе емдеуді жалғастыру көзқарасы тұрғысынан, баға берілген жоқ, сондықтан оны қолдану қатаң түрде ұсынылмайды.
Невирапинмен біріктіріп емдеу АИТВ-1 жұқтырған пациенттерді емдеу әдісі болып табылмайды; пациенттерде АИТВ-1 инфекциясының өршуімен астасқан аурулар, соның ішінде оппортунистік инфекциялар бұрынғыдай болуы мүмкін.
Вирус белсенділігінің антиретровирустық препараттармен тиімді түрде басылуы аурудың жыныстық жолмен жұғу қаупін едәуір төмендететіні дәлелденсе де, қаупінің қалдығын жоққа шығаруға болмайды. Аурудың жұғуына жол бермеу үшін ұлттық нұсқауларға сәйкес сақтық шараларын қолданған жөн.
Депо медроксипрогестерон ацетатын (ДМПА) қоспағанда, контрацепцияның гормональді әдістері Невивир препаратын қабылдап жүрген әйелдерде контрацепцияның бірден-бір әдісі ретінде пайдаланылмауы тиіс, өйткені невирапин осы дәрілік заттардың плазмадағы концентрациясын төмендетуі мүмкін. Осы себепті және АИТВ жұғу қаупін төмендету мақсатында контрацепцияның бөгегіш әдістері (мысалы, мүшеқап) ұсынылады. Бұдан басқа, невирапинді қабылдау кезінде менопаузадан кейінгі гормональді емді қолданғанда оның емдік әсерін бақылаған жөн.
Дене салмағы және метаболизмдік параметрлер. Антиретровирустық ем кезінде дене салмағының артуы және қанда липидтердің және глюкозаның концентрацияларының жоғарылауы орын алуы мүмкін. Мұндай өзгерулер ауруды бақылаудың бәсеңдеуімен және өмір сүру стилімен ішінара байланысты. Емдеудің липидтердің концентрациясы ықпал етуіне біршама айғақтамалар бар, бірақ дене салмағының артуының қандай да болсын белгілі бір емдеумен өзара байланысына орынды дәлелдер жоқ. Қандағы липидтер мен глюкозаның концентрациясын АИТВ-ні емдеу жөніндегі бекітілген нұсқауларға сәйкес бақылау қажет. Липидтік алмасудың бұзылуларын клиникалық іс тәжірибеге сәйкес емдеген жөн.
Невивир препараты ТЖЛП холестерині деңгейінің жоғарылауымен және жалпы холестерин/ТЖЛП холестерин арақатынасының жалпы жақсаруымен астасады. Алайда, арнайы зерттеулердің жоқтығын ескерсек, осы өзгерулердің клиникалық ықпалы белгісіз. Бұдан басқа, Невивир препаратын қабылдау глюкоза деңгейінің өзгеруіне себеп болып табылатыны айғақталған жоқ.
Остеонекроз. Бұл ауру бірнеше факторлардың (соның ішінде кортикостероидтарды қабылдау, алкогольді пайдалану, ауыр иммунодепрессия, дене салмағы индексінің жоғарылауы) әсерінен туындайды деп саналса да, остеонекроз жағдайлары әсіресе АИТВ өршу сатысында болатын пациенттерде және (немесе) біріктірілген антиретровирустық емді (БАРЕ) ұзақ қолданғанда байқалды. Пациенттерге буындарының ауыруы, буындарының қимылсыздығы немесе қимыл-қозғалысының қиындауы пайда болған жағдайда дәрігерден кеңес алуға нұсқау берген жөн.
Біріктірілген антиретровирустық емді (БАРЕ) бастаған сәтте иммун тапшылығының ауыр түрінен зардап шегіп жүрген АИТВ жұқтырған пациенттерде иммундық реактивация синдромында симптомсыз немесе қалдық шартты-патогенді қоздырғыштарға қабыну реакциясы пайда болуы мүмкін, бұл күрделі клиникалық жағдайға немесе симптомдардың күшеюіне әкелуі мүмкін. Әдеттегідей, мұндай реакциялар БАРЕ бастағаннан кейін алғашқы бірнеше апта немесе ай ішінде байқалды. Сәйкес келетін мысалдар цитомегаловирустық ретинит, жалпы және (немесе) фокальді микобактериялық инфекциялар және Pneumocystis jirovecii микроорганизмдерінен туындаған пневмония болып табылады. Қабынудың кез келген симптомдарына баға беру және қажет болған кезде емдеуді бастау керек. Аутоиммундық аурулар да (мысалы, диффузды уытты зоб) иммундық реактивация синдромының негізінде байқалды; алайда аурудың басталу уақыты өзгереді және ауру емдеуді бастағаннан кейін көп айдан соң басталуы мүмкін.
Жүктілік, емшек емізу кезеңі, фертильділік
Бала туа алатын жастағы әйелдер тууды бақылаудың жалғыз әдісі ретінде пероральді контрацептивтерді пайдаланбауы тиіс, өйткені невирапин осы дәрілік заттардың плазмадағы концентрацияларын төмендетуге қабілетті.
Жүктілік
Жүкті әйелдердің қатысуымен алынған қазіргі таңда қолда бар деректер шаранада туа біткен кемістіктердің/даму кемістіктерінің немесе фето/неонатальді уыттылық құбылыстарының жоқтығын айғақтайды. Жүкті әйелдерге невирапинді тағайындаған кезде сақтық танытқан және бөртпенің пайда болуының барлық әлеуетті себептерін ескерген жөн, сондай-ақ невирапиннің уыттылығын күшейтуі мүмкін препараттарды бірге қолдануға жол бермегені жөн. Гепатоуыттылық плазмадағы CD4-лимфоциттер концентрациясы 250 жасуша/мм3 жоғары болатын және АИТВ-1 РНҚ концентрациясымен (50 және одан көбірек көшірме/мл) анықталатын әйелдерде жиі байқалатын болғандықтан, бұл жағдайлар емдеу жөнінде шешім қабылдау үшін назарға алынуы тиіс. Невирапинмен емдеуді бастаған, бұрын емделген әйелдерде байқалған уыттылықтың жоғары қаупінің жоқтығын айғақтау үшін деректер саны жеткіліксіз, вирустық жүктемесі анықталмаған (плазмада АИТВ-1 50 көшірме/мл-ден аз) және CD4 сандық көрсеткіштерінің 250 жасуша/мм3-ден жоғары болуы да жүкті әйелдерге қолдануға келеді.
Емшек емізу
Невирапин плацента арқылы тез өтеді және емшек сүтінен табылады. АИТВ жұқтырған аналар АИТВ-нің постнатальді түрде жұғу қаупіне жол бермеу үшін емшек емізуді тоқтата тұруы ұсынылады, ал невирапин қабылдап жүрген аналар емшек емізуді тоқтатқаны жөн.
Адамда фертильділігіне ықпалы жөнінде деректер жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралдарын басқару және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне қатысты қосымша зерттеулер жүргізілген жоқ.
Алайда пациенттерді Невивир препаратымен емделу барысында оларда шаршау сезімі сияқты жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін екендігінен хабардар еткен жөн. Сондықтан автомобильді басқарған немесе механизмдермен жұмыс істеген кезде сақтық таныту ұсынылады. Пациентте шаршағыштық пайда болған жағдайда олар әлеуетті қауіпті операцияларды жасауға, соның ішінде көлік құралдарын немесе механизмдерді басқаруға жол бермегендері жөн.
Педиатрияда пайдаланылуы
16 жасқа дейінгі балаларға Невивирді ішке қабылдауға арналған суспензия түрінде қабылдау ұсынылады.
Артық дозалануы
Симптомдары: ісінулер, түйінді эритема, қажығыштық, қызба, бас ауыру, ұйқысыздық, жүректің айнуы, өкпедегі инфильтраттар, бөртпе, бас айналу, құсу, трансаминаза деңгейінің артуы және дене салмағының төмендеуі.
Емі: артық дозалануды жоюға арналған антидот жоқ.
Невивирдің артық дозалануы (15 күн бойы күніне 800-ден бастап 6000 мг-ге дейін қабылдау) жағдайлары жөнінде мәлімделді. Препарат қабылдауды тоқтатқаннан кейін барлық көрсетілген құбылыстар тоқтады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
200 мг таблеткалар.
Тығыздығы жоғары полиэтиленді контейнерге 60 таблеткадан салынған.
1 контейнер медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
HETERO LABS LIMITED
Unit-III, 22-110, I.D.A., Jeedimetla, Hyderabad-500 055, Telangana,Үндістан.
Тіркеу куәлігінің иесі
HETERO LABS LIMITED, Үндістан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері
050043, Алматы қ., Мирас ықшам ауданы, 157/732, Тел. (727) 311-81-96/97,
e-mail: irina.volovnikova@gmail.com