Небилонг-АМ

МНН: Амлодипин, Небиволол
Производитель: Микро Лабс Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Селективные бета1-адреноблокаторы в комбинации с другими гипотензивными препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021292
Период регистрации в РК: 03.09.2020 - 03.09.2025

Инструкция

Саудалық атауы

Небилонг-АМ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – небиволол гидрохлориді (5.0 мг небивололға баламалы), амлодипин бесилаты (5.0 мг амлодипинге баламалы),

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, сусыз дикальций фосфаты, натрий крахмалының гликоллаты, магний стеараты, лактоза, бетадекс (бетациклодекстрин), кроскармеллоза (примеллоза), хинолинді сары бояғышы (Е104), диоктилнатрий сульфат сукцинаты, повидон, 2-пропанол, метиленхлорид, коллоидты кремнийдің қостотығы, тальк.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, беті тегіс және жиегі кертілген, екі қабатты – ақ қабатында амлодипин, сары қабатында небиволол бар, бір жақ бетінде сызығы болатын таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Бета-адреноблокаторлар. Басқа гипотензиялық дәрілермен біріктірілген бета-адреноблокаторлар.

АТХ коды C07FB

Фармакологиялық қасиеттері

Құрамында небиволол мен амлодипин бар гипертензияға қарсы біріктірілген препарат.

Фармакокинетикасы

Небиволол

Ішке қабылдағаннан кейін небиволол АІЖ-ден тез сіңіріледі. Тамақтану сіңірілуіне ықпалын тигізбейді.

Биожетімділігі метаболизмі тез болатын (бауыр арқылы «алғаш өту» әсері) адамдарда орта есеппен 12% құрайды және метаболизмі баяу адамдарда толық дерлік болып табылады.

Метаболизмі тез болатын адамдарда жартылай шығарылу кезеңі (T1/2) гидроксиметаболиттерде – 24 сағ., небиволол энантиомерлерінде - 10 сағ.; метаболизмі баяу адамдарда: гидроксиметаболиттерде - 48 сағ., небиволол энантиомерлерінде - 30-50 сағ.

Ациклдік және ароматтық гидроксилдену және ішінара N-деалкилдену жолымен метаболизденеді. Түзілетін гидрокси- және амин туындылары глюкурон қышқылымен конъюгацияланады және О- және N-глюкуронидтер түрінде шығарылады.

Қан плазмасында екі энантиомер де көбіне альбуминмен байланысады. Плазма ақуыздарымен D-небивололдың байланысуы 98.1%, L-небивололдың - 97.9%.

Бүйрек (38%) және ішек (48%) арқылы шығарылады.

Өзгермеген небивололдың несеппен бірге шығарылуы 0.5%-дан төменді құрайды.

Амлодипин

Сіңуі. Емдік дозаларда ішке қабылдағаннан кейін амлодипин жақсы сіңіп, қабылдағаннан кейін 6-12 сағаттан соң қанда ең жоғары концентрацияға жетеді. Абсолюттік биожетімділігі 64-80% құрайды. Таралу көлемі шамамен 21 л/кг тең. Плазма ақуыздарымен байланысуы шамамен 97,5% құрайды. Тамақтану амлодипиннің сіңуіне ықпалын тигізбейді, гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді.

Биотрансформациясы/шығарылуы. Плазмадан жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) 35-50 сағатқа жуықты құрайды, бұл препараттың тәулігіне бір рет тағайындаумен сәйкес келеді.

Амлодипин бауырда метаболизденіп, белсенді емес метаболиттер түзеді. Бастапқы препараттың 10%-ы және метаболиттердің 60%-ы несеппен бірге шығарылады.

Ерекше клиникалық жағдайлардағы фармакокинетикасы

Артериялық гипертензияда T1/2 - 48 сағ., егде жастағы емделушілерде – 65 сағатқа дейін, бауыр функциясының жеткіліксіздігінде – 60 сағатқа дейін, T1/2 жүрек функциясының жеткіліксіздігінде де жоғарылайды, бүйрек функциясының бұзылу дәрежесі байқалмайды. Жас және егде жастағы емделушілерде қан плазмасындағы Cmax мәніне шамамен белгілі бір уақытта жетеді. Егде жастағы емделушілерде амлодипин клиренсі біршама төмен, T1/2 және AUC көбірек. Диализбен шығарылмайды. Жағымдылығы бірдей, сондықтан егде жастағы емделушілерде дозаны түзету қажет емес.

Фармакодинамикасы

Небиволол - эндотелиальді релаксациялаушы фактор (NO) синтезіне модельдеуші әсері, вазодилатациялаушы қасиеттері бар ІІІ буынды кардиоселективті бета-адреноблокатор. Небивололдың бета1-адренорецепторларға қатысты жоғары кардиоселективтілігі және эндотелиймен NO синтезін модулдеумен байланысты вазодилатациялаушы қабілетінің болуы эндотелий функциясының жақсаруына және әрі қарай шеткергі қантамырлық кедергінің төмендеуіне әкеледі. Бета1-адренорецепторлардың бөгелісі ЖЖЖ төмендеуіне (жүректің лықсуы сақталғанда) және миокардтың жиырылуының азаюына әкеледі, ырғақ жетекшісінің қозуын азайтады, жүректің өткізуші жүйесімен импульстің өту жылдамдығын баяулатады. Бұдан басқа, небивалолдың антиоксиданттық және кардиопротективтік қасиеттері бар, май тіндерінен бос май қышқылдары лықсуының катехоламиндер әсерінен тежелуі есебінен миокардтың метаболизмін жақсартады. Липидтік алмасуға теріс ықпалын тигізбейді. Емдік дозаларда небивололдың ішкі симпатомиметикалық және жарғақшаны тұрақтандыратын белсенділігі болмайды.

Амлодипин – баяу кальций өзекшелерінің блокаторы, қантамырлардың тегіс бұлшықеттерінің жасушаларына кальций иондарының патологиялық тұрғыдан жоғары трансжарғақшалық ағынына кедергі жасайды. Амлодипиннің гипотензиялық әсерінің механизмі қантамырлардың тегіс бұлшықеттерін тікелей босаңсытатын әсерімен жүзеге асады.

Амлодипин миокардқа жалпы ишемиялық жүктемені келесі екі жолмен азайтады: шеткергі артериолдарды кеңейтеді және, осылайша, жалпы шеткергі кедергіні (кейінгі жүктемені) төмендетеді, мұндайда жүректің жиырылу жиілігі өзгермейді, ол энергияны тұтынудың және миокардтың оттегіге қажеттілігінің төмендеуіне әкеледі. Сондай-ақ коронарлы мен шеткергі артерияларды және миокардтың қалыпты, сонымен қатар ишемияланған аймақтарындағы артериолдарды кеңейтеді, бұл вазоспастикалық стенокардиясы (Принцметал стенокардиясы) бар науқастарда миокардқа оттегінің түсуін арттырады және темекі тарту әсерінен коронарлық спазмның дамуына жол бермейді. Артериялық гипертензиясы бар науқастарда амлодипиннің тәуліктік бір реттік дозасы 24 сағат бойы (жатқан кезде де, сонымен қатар түрегеліп тұрған кезде де) артериялық қысымның (АҚ) төмендеуін қамтамасыз етеді. Әсерінің баяу басталуының арқасында амлодипин АҚ-ны күрт төмендетпейді.

Стенокардиясы бар науқастарда препараттың бір реттік тәуліктік дозасы дене жүктемесін атқару уақытын арттырады, дене жүктемесі аясында стенокардияның кезекті ұстамасының және ST сегментінің (1 мм-ге) депрессиясының дамуына жол бермейді, стенокардия ұстамаларының жиілігін және нитроглицеринді пайдалануды төмендетеді. Зат алмасуға және қан плазмасындағы липидтердің концентрациясына қандай да бір жағымсыз әсерін тигізбейді және бронх демікпесі, қант диабеті және подаграсы бар науқастарды емдегенде қолданылуы мүмкін.

Қолданылуы

- артериялық гипертензияның жеңіл және орташа түрлерін емдеу үшін.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке, тәуліктің белгілі бір уақытында, тамақтану кезінде немесе одан кейін, шайнамай, судың мол мөлшерімен ішу – тәулігіне 1 рет 5 мг-ден.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар науқастарға немесе 65 жастан асқан емделушілерге – тәулігіне 2,5 мг, ол күніне 1 рет бір таблеткаға дейін арттырылуы мүмкін. Ең жоғары тәуліктік дозасы – 10 мг.

Емдеуді біртіндеп (1-2 апта ішінде) тоқтатқан жөн. ЖЖЖ минутына 55 соғуға дейін сиреуі дозаны азайтуды қажет етеді.

Емдеу курсын әр емделушіге жекелей белгілейді.

Жағымсыз әсерлері

Небиволол

ОЖЖ және шеткергі жүйке жүйесі тарапынан: бас ауыру, бас айналу, көрудің бұзылуы, шаршау, депрессия, қорқынышты түстер көру;

Ас қорыту жүйесі тарапынан: жүректің айнуы, іштің қатуы, диарея, диспепсия, метеоризм, құсу;

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: брадикардия, ортостатикалық гипотензия, ентігу, ісінулер, жүрек функциясының жеткіліксіздігі, AV-бөгелісі, Рейно синдромы;

Тері және теріасты тіндері тарапынан: эритематозды сипаттағы тері бөртпесі, қышыну;

Аллергиялық реакциялар: Квинке ісінуі;

Тағы басқалары: елестеулер, психоз, сананың шатасуы, аяқ-қолдың салқындауы, көгеруі, көздің құрғауы, Рейно синдромы, импотенция.

Амлодипин

ОЖЖ және шеткергі жүйке жүйесі тарапынан: ұйқышылдық, шаршау, бас ауыру, бас айналу, ұйқысыздық, үрейлену жағдайын қоса көңіл-күйдің өзгеруі, депрессия, естен танулар, гипестезиялар, парестезиялар, тремор, көрудің бұзылуы, соның ішінде диплопия, құлақтың шыңылдауы, сананың шатасуы, шеткергі нейропатия, астения, дімкәстік

Ас қорыту жүйесі тарапынан: іштің ауыруы, жүректің айнуы, дәм сезудің бұзылуы, құсу, диспепсия, нәжістің бұзылуы (диарея, іш қату), ауыз ішінің құрғауы, панкреатит, гастрит, қызылиек гиперплазиясы, гепатиттер, сарғаю, бауыр ферменттерінің ұлғаюы

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: жүректің қағуы, гипония, ентігу, гипертония, миокард инфарктісі, ырғақтың бұзылуы (брадикардия, қарыншалық тахикардия, жүрекшелердің дірілдеуі)

Несеп-жыныс жүйесі тарапынан: поллакиурия, дизурия, полиурия, никтурия, потенцияның нашарлауы, гинекомастия

Тері және теріасты тіндері тарапынан: алопеция, пурпура, дерматит, тері түсінің өзгеруі, гипергидроз, қышыну, бөртпе, экзантема

Аллергиялық реакциялар: ангионевротикалық ісіну, эритема, есекжем, эксфолиатиті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, Квинке ісінуі, фотосенсибилизация

Қан тарапынан: лейкопения, тромбоцитопения, гипергликемия

Сүйек-бұлшықет жүйесі және дәнекер тіні тарапынан: васкулит, артралгия, миалгия, бұлшықет түйілулері, арқаның ауыруы, тобық буынының ісінуі

Тағы басқалар: ринит, жөтел, кеуденің ауыруы, жалпы ісінулер, бетке қан тебулер

Қолдануға болмайтын жағдайлар

— препараттың құрамына кіретін белсенді заттарға, сондай-ақ қосымша заттарға жоғары сезімталдық

— артериялық гипотензия (систолалық АҚ 90 мм.с.б-дан төмен);

— кардиогендік шок;

— синустық брадикардия (минутына 60 соғудан төмен),

— синустық түйін әлсіздігі синдромы, синоатриальді бөгеліс, ІІ-ІІІ дәрежедегі AV бөгелісі

— қолқа стенозы

— жедел миокард инфарктісі (содан кейін 1 ай бойына)

— жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігінің декомпенсация сатысы (оң инотроптық әсері бар препараттарды к/і енгізуді қажет ететін)

— шеткергі қан айналымының бұзылуы

— бронх демікпесі, бронхтың түйілуі

— бауыр функциясының жеткіліксіздігі және бауыр функциясының бұзылуы

— тұрақсыз стенокардия (Принцметал стенокардиясын қоспағанда);

— феохромоцитома (альфа-адреноблокаторларды бір мезгілде қолданбай-ақ);

— метаболизмдік ацидоз

— 18 жасқа дейінгі балалар

— жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Небилонг–АМ препаратын төменде берілген дәрілік препараттармен бір мезгілде қолданғанда дәрілік өзара әрекеттесудің келесі түрлері байқалуы мүмкін:

Небиволол

Аритмияға қарсы I класс препараттары (хинидин,гидрохинидин, флекаинид, дизопирамид, лидокаин, мексилетин, пропафенон): қозудың жүрекшелер бойымен жүру уақытын ұзартады және теріс инотроптық әсерді күшейтеді

Аритмияға қарсы ІІI класс препараттары (амиадорон): AV-өткізгіштігін төмендетуі мүмкін

Фенилалкиламиндер (верапамил) және бензотиазепиндер (дилтиазем) тобына жататын кальций өзекшелерінің блокаторлары: AV бөгелісінің даму қаупін күшейтеді

1,4-дигидропиридиндер тобына жататын кальций өзекшелерінің блокаторлары: (нифедипин, нитрендипин, никардипин, нимодипин, амлодипин, лацидипин, фелодипин): гипотензияның даму қаупін күшейтеді

Орталықтан әсер ететін гипотензивтік дәрілер (клонидин, гуанфацин, моксонидин, метилдопа, рилменидин): орталық симпатикалық тонустың төмендеуі салдарынан ЖЖЖ сиреуіне және жүрек лықсуының төмендеуіне, сондай-ақ вазодилатацияға, жүрек функциясы жеткіліксіздігінің симптомдары айқындылығының артуына әкелуі мүмкін

Галогендік анестетиктер: рефлекторлы тахикардияны бәсеңдетуі және гипотензияның даму қаупін арттыруы мүмкін. Небилонг-АМ препаратын қолданып жүрген жағдайда емделушілер анестезиологты бұл жөнінен хабардар етуі қажет.

Инсулин және диабетке қарсы пероральді препараттар: Небилонг-АМ қандағы глюкоза деңгейіне ықпалын тигізбесе де, ол тахикардия және жүрек қағуының күшеюі сияқты гипогликемия симптомдарын бүркемелеуі мүмкін екендігін ескеру қажет

Орталықтық әсер ететін миорелаксант (баклофен): гипотензиялық әсерін күшейтеді, сондықтан Небилонг-АМ дозасын түзету қажет

Цитопротекторлы дәрілер (амифостин): гипотензиялық әсерін күшейтеді, сондықтан Небилонг-АМ дозасын түзету қажет

Жүрек гликозидтері: клиникалық зерттеулерде өзара әрекеттесулері анықталмаса да, оймақгүл тобының гликозидтері AV-өткізгіштігін баяулаты мүмкін. Небилонг-АМ дигоксиннің кинетикасына ықпалын тигізбейді.

Наркоздық дәрілер (циклопропан, диэтил эфирі, трихлороэтилен), үшциклді антидепрессанттар, барбитураттар, фенотиазин туындылары гипертензияға қарсы әсерін күшейтуі мүмкін (аддитивті әсер)

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП): Небилонг-АМ препаратының гипертензияға қарсы әсеріне ықпалын тигізбейді

Симпатомиметиктер: b-адренорецепторлар блокаторларының гипертензияға қарсы әсеріне қарсы әсер ете алады. b –адренергиялық әсері бар әсер етуші заттар a-, сонымен қатар b-адренергиялық та әсерлері бар симпатомиметиктердің кедергісіз а-адренергиялық белсенділдігіне (АГ, ауыр брадикардияның және жүрек бөгелісінің даму қаупі) әкелуі мүмкін

Препараттың фармакокинетикасымен болатын өзара әрекеттесулер:

- небивололдың метаболизмі үдерісіне CYP2D6 изоферменті қатысатын болғандықтан, осы ферментті басатын препараттарды (пароксетин, флуоксетин, тиоридазин, хинидин) бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы небиволол деңгейін арттырады және, осылайша, айтарлықтай брадикардияның және басқа да жағымсыз реакциялардың пайда болу қаупін ұлғайтады;

- циметидин қан плазмасында небивололдың деңгейін арттырады, бірақ клиникалық тиімділігін өзгертпейді. Ранитидин небивололдың фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді;

- Небилонг-АМ препаратын тамақтану кезінде қолданған, ал антацидтік препаратты тамақтанулар аралығында қолданған жағдайда екі препаратты бірге тағайындауға болады;

- небиволол мен никардипинді жалпы қолданғанда, клиникалық тиімділігінің өзгеруінсіз, қан плазмасында екі субстанция концентрациялары да мардымсыз жоғарылады;

- алкогольді, фуросемидті немесе гидрохлортиазидті бір мезгілде қолдану небивололдың фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді;

- небиволол варфариннің фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді.

Амлодипин

Микросомальді тотығу тежегіштері (протеаза тежегіштері, зеңге қарсы азольді препараттар, эритромицин, кларитромицин, верапамил, дилтиазем) қан плазмасында амлодипиннің концентрациясын арттырып, жағымсыз әсерлердің даму қаупін арттырады, ал бауырдың микросомальді ферменттерінің индукторлары (рифампицин, шілтерлі шайқурай шөбі) қан плазмасында амлодипиннің концентрациясын азайтады.

Аторвастатин, дигоксин, варфарин, циклоспорин: осы препараттармен фармакокинетикалық зерттеулер амлодипин олардың фармакокинетикасын айтарлықтай өзгертпейтіндігін көрсетті.

Симвастатин. Амлодипинді 80 мг доза Симвастатин препаратымен бір мезгілде қолданғанда миопатияның даму қаупі аз ғана жоғарылайды.

Гипертензияға қарсы препараттар: осы дәрілермен бір мезгілде қолдану амлодипиннің гипотензиялық әсерінің күшеюіне әкеп соғуы мүмкін.

Дантролен (инфузия). Жануарларда верапамилді және дантроленді к/і енгізген кезде өлімге әкеп соғатын қарыншалар фибрилляциясы байқалады. Гиперкалемияның даму қаупіне байланысты, амлодипин мен дантроленді біріктіріп тағайындауға жол бермеген жөн.

Грейпфрут шырыны: амлодипин мен грейпфрут шырынын бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды, өйткені биожетімділігі жоғарылауы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Жекелей әрбір компонентпен байланысты барлық нұсқаулар Небилонг-АМ тіркелген біріктіріліміне де қатысты.

Небивололды бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, қант диабеті, қалқанша бездің гиперфункциясы, аллергиялық аурулары сыртартқысында көрсетілген, ӨСОА, феохромоцитомасы бар емделушілерде, сондай-ақ егде жастағы емделушілерде сақтықпен қолдану керек.

Хирургиялық араласым жүргізген кезде анестезиологқа емделуші Небилонг-АМ қабылдап жүргенін алдын ала ескерткені жөн.

Небилонг-АМ қант диабеті бар емделушілерде глюкоза деңгейіне ықпалын тигізбейді, алайда небивололдың әсерінен гипогликемияның белгілі бір белгілері (тахикардия, жүрек қағуының жиілеуі) бүркемеленуі мүмкін.

Небивололды бета-адреноблокаторлардың ықпал етуімен тахикардия нивелирленуінен және препаратты тоқтатқаннан кейін гипертиреоз симптомдары күшеюі мүмкін болғандықтан, қалқанша без функциясы жоғарылағанда сақтықпен қолданған жөн.

Небиволол шеткергі қан айналымының бұзылу симптомдарын күшейтуі мүмкін.

Жүрек функциясының жеткіліксіздігі

Жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілерде ем сақтықпен жүргізіледі.

Этиологиясы ишемиялық емес жүрек функциясының жеткіліксіздігі (NYHA бойынша III және IV функциональді класс) бар емделушілердің қатысуымен ұзақ плацебо-бақыланатын зерттеулерде амлодипинді қабылдау, плацебомен салыстырғанда жүрек функциясы жеткіліксіздігінің нашарлау жағдайларының саны жөнінен айтарлықтай айырмашылықтарының жоқтығына қарамастан, өкпенің ісіну жағдайлары жиілігінің артуымен қатар жүрді. Жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігінде амлодипинді тағайындағанда жүрек-қантамыр асқынуларының және өлімнің даму қаупінің артуы мүмкін болғандықтан, сақтық танытқан жөн.

Бауыр функциясының бұзылуы

Кальцийдің басқа да барлық антагонистері сияқты, амлодипиннің жартылай шығарылу кезеңі бауыр функциясы бұзылған емделушілерде жоғарылаған. Мұндай жағдайларда препаратты бауыр ферменттеріне мұқият мониторинг жасағанда абайлап қолданған жөн.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және бала емізу кезеңінде Небилонг –АМ препаратын қолданудың қауіпсіздігі анықталған жоқ, сондықтан жүктілік кезінде тек ана үшін пайдасы ұрық және жаңа туылған нәрестелер үшін қаупінен басым болған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін. Емделу кезінде бала емізуді тоқтату ұсынылады (препараттың емшек сүтімен бірге шығарылуы жөнінде деректер жоқ).

Педиатрияда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге, осы жас тобына қолдану жөніндегі деректер жеткіліксіз болуына байланысты, ұсынылмайды.

Көлік құралдарын және механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Ықтимал жағымсыз әсерлерін ескеріп, автомобильді басқарғанда және қауіпті механизмдермен жұмыс жасағанда сақ болу қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: брадикардия, артериялық гипотензия, бронхтың түйілуі, жүрек функциясының жедел жеткіліксіздігі.

Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмір қабылдау, іш жүргізгіш дәрілерді тағайындау; ӨЖЖ және гиповолемиялы шок дамығанда қантамырішілік кеңістікте коллоидосмостық қысымды демеу үшін атропин (брадикардияда және жоғары ваготонияда), плазма немесе плазманың орнын алмастырғыштар, қажет болғанда катехоламиндер де енгізілуі мүмкін. Бета-адренобөгегіш әсерін басу үшін — изопреналин гидрохлоридін (баяу, к/і, бастапқы доза 5 мкг/мин қалаған әсерге қол жеткізгенше), добутаминді (бастапқы дозада — 2,5 мкг/мин), әсері болмағанда — глюкагон (к/і 50–100 мкг/кг, 1 сағаттан кейін қайталау — сағ. 70 мкг/кг инфузия түрінде) енгізілуі мүмкін. AV бөгелісінде — транскөктамырлық стимуляция.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

Пішінді ұяшықты 3 қаптамадан қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Микро Лабс Лимитед, Үндістан

92, Sipcot Indastrial, Complex Hosur – 635 126, Tamil Nadu, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

«Микро Лабс Лимитед», Үндістан

Тұтынушылардан өнім сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«БиЭсФарма» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Құрманғазы к-сі, 48А, тел. 8 (727) 261-51-41

Прикрепленные файлы

909926461477976541_ru.doc 96 кб
066725471477977711_kz.doc 119 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники