Нафтизин (0.05%)

МНН: Нафазолин
Производитель: DOSFARM ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Naphazoline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№022143
Период регистрации: 01.04.2016 - 01.04.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Нафтизин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Нафазолин

Дәрілік түрі

0,05 %, 0,1 % 10 мл мұрын тамшысы

Құрамы

10 мл препараттың құрамында

белсенді зат – нафазолин нитраты - 5 мг немесе 10 мг

қосымша заттар – бор қышқылы, тазартылған су

Сипаттамасы

Түссіз немесе аздап сарғыш мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Мұрын препараттары. Антиконгенстанттар және жергілікті қолдануға арналған басқа да мұрын препараттары. Симпатомиметиктер. Нафазолин.

АТХ коды R01AА08

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Нафазолиннің емдік әсері препаратты тамызғаннан кейін 5 минуттан соң пайда болады және 8 сағатқа дейін жалғасады. Жергілікті қолданған кезде нафазолин қан ағысында жүйелік сіңуі және жүйелік әсер етуі мүмкін.

Фармакодинамикасы

Альфа-адреномиметик. Нафазолин альфа2-адренорецепторларға тікелей ынталандырушы әсер ететін симпатомиметик болып табылады. Қантамырды тарылтқыш әсерінің салдарынан ісіну, гиперемия, экссудация азаяды. Ринит кезінде мұрын ішіне қолданған кезде нафазолин мұрынмен тыныс алуды жеңілдетуге көмектеседі. Мұрын қосалқы қуыс түтіктерінің кірер жолын ашуға және кеңейтумен евстахий түтігін босатуға көмектеседі. Бұл секреттің ағуына көмектеседі және мұрынның шырышында бактериялардың жиналуының алдын алады.

Қолданылуы

- жедел ринит

- гиперемия және операциядан кейін жоғарғы тыныс алу жолдары шырышты қабықтарының ісінуі

- диагностикалық және емдік ем-шаралар кезінде ісінуді азайту үшін.

Қолдану тәсілі және дозалары

0,1% мұрын тамшысы ересектерге және 15 жастан асқан балаларға мұрынның әрбір қуысына күніне 3 рет 1-3 тамшыдан.

Беткейлік анестезия кезінде қосымша дәрі ретінде – 2-4 тамшыдан 1 мл жергілікті анестетикке. Емдеу курсы 5-7 күн. Қайтадан емдеу курсын дәрігер тағайындайды.

0,05% мұрын тамшысы:

- 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларға – 1 тамшыдан мұрынның әрбір қуысына күніне 3 рет

- 6-дан 5 жасқа дейінгі балаларға – 2 тамшыдан мұрынның әрбір қуысына күніне 3 рет дұрыс.

Емдеу курсы 5-7 күн. Қайтадан емдеу курсын дәрігер тағайындайды.

Жағымсыз әсерлері

- күйдіріп-ашыту, құрғақтық

- шырышты қабықтың тітіркенуі

- жоғары артериялық қысым, тахикардия

- әлсіздік, тремор, жүрек айну, бас ауыруы, ашушаңдық

- шырышты қабықтың реактивті гиперемиясы

- 1 аптадан аса қолданған кезде – шырышты қабықтың ісінуі, атрофиялық ринит

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- мұрынның шырышты қабығының құрғақ қабынуы

- 0,05% ерітінді үшін 2 жасқа дейінгі балалар

- 0,1% ерітінді үшін 15 жасқа дейінгі балалар

- гипертиреоз

- созылмалы ринит

- қант диабеті

- артериялық гипертензия

- жүректің ишемиялық ауруы

- феохромоцитома

- тахикардия

- айқындалған атеросклероз

- жабық бұрышты глаукома

- моноаминооксидаза тежегіштерін бір уақытта қолдану және оны қолдану аяқталғаннан кейін 14 күнге дейінгі кезең

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препарат ішуге тағайындалатын гипотензивті дәрілердің емдік белсенділігін төмендетеді, анестетиктердің сіңірілуін баяулатады.

Моноаминооксидаза тежегіштерімен және үшциклді антидепрессанттармен біріктіріп қолдану кезінде немесе оларды тоқтатқаннан кейін бірнеше күн бойы артериялық қысымның дереу жоғарылау қаупі бар.

Моноаминдерді кері қармаудың селективті емес тежегіштері препараттың қантамырын тарылту әсерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Нафтизинді тұрақсыз артериялық қысымы бар тұлғаларда сақтықпен қолдану қажет.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезінде препаратты қолдану тек қана қатаң көрсетілімдер болған кезде мүмкін және ана үшін күтілетін емдік әсері ұрық немесе сәби үшін әлеуетті қаупінен жоғары болса ғана мүмкін болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақ болған жөн.

Артық дозалануы

Артық дозалану немесе препаратты байқаусызда жұту препараттың жүйелік әсер ету симптомдарымен байқалуы мүмкін: артериялық қысымның көтерілуі, тахикардия, бас ауыруы, тремор, ашушаңдық, қатты тершеңдік, жүрек қағысын сезіну, сананың бұзылуы. Цианоз, жүрек айну, жүректің тоқтауы, өкпенің ісінуі, психикалық бұзылулар, дене температурасының көтерілуі пайда болуы мүмкін. Орталық жүйке жүйесін басатын әсері келесі симптомдармен байқалады: ұйқышылдық, брадикардия, дене температурасының төмендеуі, шок жағдайы, апноэ, кома.

Кездейсоқ артық дозаланған кезде препаратты қолдануды тоқтатып және дереу дәрігерге қаралу қажет.

Емі симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алғашқы ашылуы бақыланатын қалпақшамен тұмшаланып жабылған, пластикалық тамшылатқаш-құтыға препаратты 10 мл-ден құяды. Әрбір құтыға заттаңба жабыстырылады. Құтылар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге құты саны бойынша топтық қаптамаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 180С-ден 250С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі, 3

Тіркеу куәлігінің иесі

«АлиС Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Тополевская к-сі, 157К

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«АлиС Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Тополевская к-сі, 157К

тел./факс: +7(727) 246 70 94, эл. мекенжай: ip_samenova.mk@mail.ru

Прикрепленные файлы

788892751477976264_ru.doc 51.5 кб
769290021477977469_kz.doc 58.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники