Нафтизин (Капли назальные 0,1 %)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Нафтизин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Нафазолин
Дәрілік түрі
Мұрынға тамызатын дәрі, 0,1%
Құрамы
1 мл 0,1% ерітіндінің құрамында
белсенді зат – нафазолин нитраты (нафтизин) - 1,0 мг,
қосымша заттар: бор қышқылы, 1 М натрий гидроксиді ерітіндісі, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Мөлдір, түссіз немесе сәл боялған сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Конгестивтілікке қарсы дәрі - альфа-адреномиметик АТХ коды RO1AA08
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Қантамырларын тарылтатын әсері бірнеше минуттан кейін басталады және бірнеше сағат бойы жалғасады.
Фармакодинамикасы
Қантамырларын тарылтатын дәрі. альфа1- және альфа2- адренорецепторларды қоздырады, ісінуге қарсы әсер білдіреді. Қантамырларын тарылтатын әсері мұрынның шырышты қабатына жергілікті аппликация кезінде байқалады. Ринитте веналық синустарға қанның ағып келуін азайтып мұрынмен тыныс алуды жеңілдетеді.
Қолданылуы
- жедел риниттерде
- аллергиялық ринитте
- риноскопия жасауды жеңілдету үшін
Қолдану тәсілі және дозалары
Енгізу тәсілі - интраназальді.
Жедел және аллергиялық риниттерде ересектерге тағайындалуы:
1-3 тамшы ерітіндіден күніне 3-4 рет;
Риноскопияда беткейлік анестезияны ұзарту үшін 1 мл анестетикпен 2-4 тамшы ерітіндіден қолданады.
Жағымсыз әсерлері
- тамызғаннан кейінгі уақытша жайсыздық (күйдіру сезімі, ринорея, түшкіру)
- бас ауыруы
- тахикардия
- артериялық қысымның жоғарылауы
- реактивті гиперемия
- жүрек айнуы
- тітіркенуі
- мұрын қуысының шырышты қабатының ісінуі
- мұрын қуысының шырышты қабатының ісінуі (1 аптадан астам қолданған кезде)
- атрофиялық ринит
Егер нұсқаулықта көрсетілген жағымсыз әсерлері күшейсе немесе сіз нұсқаулықта аталмаған басқа жағымсыз әсерлерін байқасаңыз бұл туралы дәрігеріңізге хабарлаңыз.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- артериялық гипертензия - айқын атеросклероз- тиреотоксикоз
- созылмалы ринит
- көздің ауыр аурулары
- жабық бұрышты глаукома
- қант диабеті
- тахикардия
- моноаминоксидаза тежегіштерін бір мезгілде қолдану және оларды қолдану аяқталғаннан кейін 14 күнге дейін қолдану
- қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясымен байланысты несеп шығарудың бұзылуы
- балалар мен жасөспірімдерде
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Моноаминоксидаза тежегіштерімен бір мезгілде немесе оларды қолдану аяқталғаннан кейін 14 күн ішінде қолдануға болмайды
Айрықша нұсқаулар
Резорбтивті әсер білдіруі мүмкін.
Ұзақ уақыт қолданған кезде қантамырларын тарылтатын әсері біртіндеп төмендейді (тахифилаксия құбылыстары), осыған байланысты, 5-7 күн қолданғаннан кейін кейін бірнеше күнге үзіліс жасау ұсынылады.
Бір құты-тамшылатқышты бірнеше адамға қолдану инфекцияның таралуына ықпал етуі мүмкін.
Назар аударыңыз
Егер нұсқаулықта көрсетілген жағымсыз әсерлері күшейсе немесе сіз нұсқаулықта аталмаған басқа жағымсыз әсерлерін байқасаңыз бұл туралы дәрігеріңізге хабарлаңыз.
Балаларда және жасөспірімдерде қолдану
Қолдануға болмайды.
Жүктілік және лактация кезеңінде қолданылуы
Жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Лактация кезінде егер ана үшін пайдасы бала үшін әлеуетті қауіптен жоғары болған жағдайда қолдануға болады (дәрігермен кеңесу керек).
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Сақтық шараларын сақтау керек.
Артық дозалануы
Симптомдары: дене температурасының төмендеуі, брадикардия, артериялық қысымның жоғарылауы.
Емі: симптоматикалық емдеу.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Мұрынға тамызатын дәрі 0,1 %.
10 мл-ден полимер тамшылатқыш-құтыда.
1 тамшылатқыш-құтыдан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Тамшылатқыш-құтыны ашқаннан кейін - 1 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Мәскеу эндокринді зауыты» Федеральді мемлекеттік унитарлы кәсіпорны
Ресей, Мәскеу қ-сы, 109052, Новохохловская к-сі, 25 үй,
тел./факс +7 (495) 678-00-50, 911-42-10.
e-mail: mez@endopharm.ru
Өндірістің мекенжайы: Ресей, 109052, Мәскеу қ-сы, Новохохловская к-сі, 25 үй, 1 құр., 2 құр.
Тіркеу куәлігінің иесі
«Мәскеу эндокринді зауыты» Федеральді мемлекеттік унитарлы кәсіпорны, Ресей Федекрациясы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі қадағалуға жауапты ұйымның мекенжайы:
«Нестеренко Н.А.» ЖК, Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ-сы, Мұқанов к-сі, 104 үй,
тел.: +7 7273271602, +7 7077862629, +7 7058887587, факс +7 72796659,
e-mail: pharm_vigilance@mail.ru., ip_n_nesterenko@list.ru.