Нафазолин-ШФ (0,1%)

МНН: Нафазолин
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Naphazoline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018332
Период регистрации: 16.02.2016 - 16.02.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Нафазолин-ШФ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Нафазолин

Дәрілік түрі

0.05 % және 0.1 % 10 мл спрей

Құрамы

10 мл препараттың құрамында

белсенді зат 5.0 мг және 10.0 мг нафазолин нитраты

қосымша заттар: бор қышқылы, тазартылған су.

Сипаттамасы

Мөлдір, түссіз немесе сәл сарғыш сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Мұрынға арналған препараттар.

Антиконгестанттар және жергілікті қолдануға арналған басқа да мұрын препараттары. Симпатомиметиктер. Нафазолин.

ATХ коды R01АА08

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препаратты тамызғаннан кейін нафазолиннің емдік әсері 5 минуттан соң дамиды және 8 сағатқа дейін созылады, препаратты жиі қолданған кезде әсер ету ұзақтығы 6 сағатқа дейін қысқаруы мүмкін. Нафазолинді жергілікті қолданғанда жүйелі қан ағысына сіңуі және жүйелі әсер етуі мүмкін.

Фармакодинамикасы

Нафазолин-ШФ альфа-адреномиметикке жатады. Нафазолиннің тамыртарылтқыш әсері бар. Нафазолин альфа2-адренорецепторларды көтермелейді, ол шеткергі қантамырларын тарылтуға, артериялық қысымды жоғарылатуға, қарашықтарды кеңейтуге әкелуі мүмкін. Нафазолинді интраназальді қолданған кезде тамырларды тарылтады, экссудацияны азайтады, осылай мұрынмен тыныс алуды жеңілдетеді және жоғарғы тыныс алу жолдары қабынуында шырышты қабатының ісінуін төмендетеді.

Қолданылуы

– жедел ринитте

– аллергиялық ринитте

– синуситтерде

– риноскопия жүргізуді жеңілдету үшін.

Қолдану тәсілі және дозалары

0,1 % Нафазолин-ШФ ересектерге және 12 жастағы балаларға ринит кезінде әрбір мұрын қуысына күніне 2-3 рет 1 бүркемелеуден тағайындалады. 0.05 % Нафазолин-ШФ 2-ден 12 жасқа дейінгі балаларға күніне 1-2 рет 1 бүркемелеуден тағайындалады. Емдеу курсы 5-7 күннен асырмай құрайды.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

  • жүрек айнуы, бас ауыруы

  • тахикардия, артериялық қысымның жоғарылауы

  • реактивті гиперемия, күйдіру немесе құрғау сезімі

Кейде

  • мұрынның шырышты қабығының ісінуі (1 аптадан астам қолданған кезде)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

– препаратқа жеке сезімталдық

– артериялық гипертензия

– тахикардия

– айқын атеросклероз

– созылмалы ринит

  • қант диабеті

  • гипертиреоидизм

– көздің ауыр сипатты аурулары

  • моноаминоксидаза (МАО) тежегіштерімен бір мезгілде қабылдау

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Нафазолин ішу арқылы тағайындалған гипотензивті дәрілердің емдік белсенділігін төмендетеді. Орталық жүйке жүйесінің стимуляторларының әсерін күшейтеді. Ниаламидпен, бефолмен біріктіруге болмайды – Нафазолинді оларды қолданғаннан кейін кем дегенде 10 күн өткен coң қолдану керек.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты жүрек-қантамырлар жүйесінің ауыр сипатты ауруларында (гипертония, жүректің ишемиялық ауруы), метаболизмнің бұзылуында (қант диабеті, гипертиреоз), феохромацитомда аса сақтықпен тағайындау керек.

Ұзақ уақыт қолданғанда төзімділік дамуы ықтимал. Препаратты ұзақ уақыт дәрігердің кеңесінсіз қабылдауға болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және бала емізу кезінде препаратты, егер күтілген пайда ана мен балаға төнетін қауіпті ақтайтын жағдайда ғана, қолдануға болады.

Көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 мл-ден полипропилен тамшылатқыш-құтыларда. Құтыларды картоннан жасалған қорапқа немесе орау қағазына қапталған бумаға тиісті санымен медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге қаптайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15 0С-ден 25 оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Шаншаров–Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Алматы қ. Б. Бұлқышев к-сi, 4е

Тіркеу куәлігінің иесі

«Шаншаров–Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы

ҚР аумағында өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Шаншаров–Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

Б. Бұлқышев к-сi, 4е

Тел./факс +7 727 233-27-58

Электронды поштасы: farm-4@mail.ru

 

 

 

Прикрепленные файлы

613348911477976279_ru.doc 45.5 кб
590887461477977464_kz.doc 54.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники