Нафазолин (спрей для носа, 0,05 %, 15 мл, Медоптик ТОО)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Нафазолин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Нафазолин
Дәрілік түрі
0,05% және 0,1% мұрынға арналған спрей
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат – 0,5 мг, 1,0 мг нафазолин нитраты
қосымша заттар: бор қышқылы, инъекцияға арналған су бар
Сипаттамасы
Мөлдір түссіз немесе аздап сарғыш түсті сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Жергілікті қолдануға арналған антиконгестанттар және басқа мұрынға арналған препараттар. Симпатомиметиктер. Нафазолин.
АТХ коды R01AA08
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Препаратты тамызғаннан кейін нафазолиннің емдік әсері 5 минуттан соң дамиды және 8 сағатқа дейін ұзарады, препаратты жиі қолданған кезде әсер ету ұзақтығы 6 сағатқа дейін қысқаруы мүмкін. Нафазолинді жергілікті қолданған кезде жүйелі қан ағымына сіңуі және жүйелі әсер етуі мүмкін.
Фармакодинамикасы
Альфа-адреномиметик. Нафазолин тамыр тарылтқыш әсерге ие. Нафазолин альфа2-адренорецепторларды ынталандырады, ол шеткергі қан тамырларының тарылуына әкеледі, артериялық қысымды жоғарылатады, көз қарашығын кеңейтеді. Тамыр тарылтқыш әсерінің салдарынан препарат ісінуді, гиперемияны, экссудацияны азайтады.
Қолданылуы
- жедел ринитте
- евстахеитте
- синуситтерде
- ларингитте
- аллергиялық генездегі көмейдің ісінуінде
- мұрын жолдарына жүргізілетін диагностикалық манипуляцияларға емделушіні дайындағанда
- мұрыннан қан кеткенде
- аллергиялық ринитте
Қолдану тәсілі мен дозалары
Ересектерге 0,1% және 0,05% мұрынның әр жолына күніне 1 бүркуден 1-2 рет.
Балаларға 0,05% 2-ден 15 жасқа дейінгілерге мұрынның әр жолына күніне 1 бүркуден 1-2 рет.
Емдеу курсы 5-7 күннен аспайды.
Жағымсыз әсерлері
- мұрынның шырышты қабығының құрғауы
- реактивті гиперемия
- артериялық қысымның жоғарылауы
- тахикардия
- бас ауыруы
- жүрек айнуы
- ұзақ уақыт бойы (7 күннен артық) қолданған кезде – мұрын қуысы шырышты қабығының ісінуі
- атрофиялық ринит
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- артериялық гипертензия
- тахикардия
- айқын атеросклероз
- қант диабеті
- гипертиреоз
- созылмалы ринит
- 2 жасқа дейінгі балалар (0,05% мұрынға арналған спрей)
- 15 жасқа дейінгі балалар (0,1% мұрынға арналған спрей)
- препаратқа жоғары сезімталдық
- МАО тежегіштерін бір мезгілде қабылдағанда және оларды қолдану аяқтағаннан кейін 14 күнге дейінгі кезең
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Жергілікті жансыздандырғыш дәрінің сіңуін баяулатады.
МАО тежегіштерімен бір мезгілде немесе оларды қолдануды аяқтағаннан кейін 14 күн бойы қолданбау керек, өйткені қатты бас ауыруы, артериялық қысымның жоғарылауы, жүрек аритмиясы, стенокардия пайда болуы мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Ұзақ уақыт бойы қолданған кезде айқын тамыр тарылтқыш әсері біртіндеп төмендейді.
Ұзақ уақыт бойы қолданған кезде төзімділік және атрофиялық ринит дамуы мүмкін.
Препаратты ұзақ уақыт бойы дәрігердің кеңесінсіз қолдану ұсынылмайды.
Жүктілік, лактация
Жүктілік және лактация кезеңінде ана мен бала үшін пайда/қауіп арақатынасынан кейін ғана препарат тағайындалуы мүмкін.
Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың жағымсыз әсерін ескере отырып автокөлікті немесе қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару кезінде сақтық таныту қажет.
Артық дозалануы
Белгілері жағымсыз әсерлерінің күшеюі.
Емдеу: белгісіне қарай емдеу.
Шығарылу түрі және қаптамасы
15 мл препараттан қақпақтармен тығыз тұмшаланған, полиэтиленнен жасалған спрей-құтыларда (аэрозоль).
1 құтыдан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған пәшкеге салынған.
Картоннан жасалған қорапқа 10, 20 немесе 100 пәшкеден салынған.
20 немесе 100 құтыдан (пәшкеге салмай) қораптық картоннан жасалған қорапқа құты санына қарай мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге салады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 180С-ден 250С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Құты ашылғаннан кейін 4 аптадан асырмай қолдану керек.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Медоптик» ЖШС, Қазақстан
Алматы қ-сы, Огарев к-сі 2 «б»
тел: 8 (727) 2320822,2320823, 2320824
факс: 8 (727) 3832202
Е-mail: -572202@gmail.com
Тіркеу куәлігі иесінің елі мен атауы
«Медоптик» ЖШС, Қазақстан
Қаптаушы-ұйымның елі мен атауы
«Медоптик» ЖШС, Қазақстан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар)
сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Медоптик» ЖШС, Қазақстан Республикасы
Алматы қ-сы, Огарев к-сі 2 «б»
тел: 8 (727) 2320822,2320823, 2320824
факс: 8 (727) 3832202
Е-mail: -572202@gmail.com