НАТ-В
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Нат-В
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Капсулалар
Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді заттар:
B1 дәрумені 50 мг
B2 дәрумені 50 мг
Никотинамид 50 мг
Кальций пантотенаты 50 мг
B6 дәрумені 50 мг
B12 дәрумені 50 мкг
Фолий қышқылы 100 мкг
Холин битартраты 50 мг
Биотин 50 мкг
Инозитол 50 мг;
қосымша заттар: соя майы, ішінара гидрогенизделген өсімдік майы, араның ақ балауызы, лецитин LV, желатин, глицерин, тазартылған су, FD & C Red No. 40 (770) (E129), титанның қостотығы (T171).
Сипаттамасы
Сопақша пішінді, мөлдір емес жұмсақ желатинді қызыл түсті капсулалар, қызғылт-сары түсті майлы суспензиямен толтырылған.
Фармакотерапиялық тобы
Дәрумендер. В1 дәрумені және оның В6 және В12 дәрумендерімен біріктірілімі. B1 дәруменінің B6 және B12 дәрумендерімен біріктірілімі.
АТХ коды A11DВ
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Тиамин гидрохлориді
В1 дәрумені ішу арқылы енгізілгеннен кейін он екі елі ішекте және аш ішекте сіңеді. Елеулі дәрежеде бауырда метаболизденеді және оның негізгі метаболиттері тиаминкарбон қышқылы мен пирамин болып табылады. Несеппен және ішінара өтпен шығарылады. Оның қандағы орташа концентрациясы шамамен 2-4 мкг/100 мл құрайды. Көбінесе несеппен элиминацияланады. Жартылай элиминациялану уақыты 10-20 күнді құрайды. Организмде дәруменнің елеулі қорлары болмауына байланысты, ол организмге күн сайын түсіп тұруы тиіс. Тиамин гематоэнцефалдық және плаценталық бөгеттер арқылы өтеді және ана сүтінен анықталады. Негізгі метаболиттеріне: тиаминкарбон қышқылы, пирамин және кейбір белгісіз метаболиттер жатады. Барлық дәрумендердің ішінде тиамин организмде өте аз мөлшерде сақталады. Тиамин альфа-фазада 15 минуттан кейін, бета-фазада –1 сағаттан кейін, және терминалды фазада –2 күннің ішінде несеппен шығарылады.
Рибофлавин
В2 дәрумені асқазан-ішек жолында, негізінен аш ішекте сіңеді; әртүрлі тіндер мен ағзаларда тең дәрежеде таралады. Жартылай элиминация уақыты – 5,5 күн. Несеппен өзгермеген күйде немесе рибофлавин-5-фосфат түрінде шығарылады.
Никотинамид
Құрылымы жағынан никотин қышқылына жақын. Жасушадағы тотығу-тотықсыздану үдерістеріне қатысатын кодегидрогеназаның I (НАД) және II (НАДФ) маңызды компонентіне жатады. Майлардың, протеиндердің, амин қышқылдарының, пуриндердің метаболизміне, тіндік тыныс алуға, гликогенолизге қатысады. Айқын тамыр кеңейтуші әсері жоқ, оны қолданған кезде тері жабындарының қызаруы және басты «қан кернеу» сезімдері байқалмайды. Пеллаграға қарсы әсер көрсетеді.
Пиридоксин гидрохлориді
В6 дәрумені ішу арқылы немесе парентеральді енгізуден кейін витамерлер деп аталатын - пиридоксоль, пиридоксаль және пиридоксаминге жылдам метаболизденеді. Оның плазмадағы концентрациясы шамамен 6 мкмоль/100 мл-ге тең. Несеппен шығарылады, көбінесе 4-пиридоксин қышқылы түрінде. Плазмадағы жартылай шығарылу кезеңі 15-20 күнді құрайды.
Дәруменнің 80% жуығы қан плазмасының ақуыздарымен байланысады. Пиридоксин бүкіл организмге таралады, плацента арқылы өтеді және ана сүтінен анықталады, бауырда жинақталады және сіңгеннен кейін ең арысы 2-5 сағат өткенде тәулігіне дене салмағына 0.05-0.1 мкмоль/кг мөлшерінде несеппен шығарылатын 4-пиридоксин қышқылына дейін тотығады. Адам организмінде 40-150 мг В6 дәрумені болады және орнын толтыру жылдамдығы 2.2 – 2.4 % болғанда оның бүйректік экскрециясының күнделікті жылдамдығы 1.7-2.6 мг шамасында болады.
Цианокобаламин
Цианокобаламин негізінен өтпен шығарылады, тәулігіне 0.5-5 мкг мөлшерінде, бұл кезде оның 70%-ға жуығы реабсорбцияға ұшырайды және энтерогепатикалық айналымға түседі. Жоғары дозаларын тағайындаған кезде (0.1-1 мг шамасында) цианокобаламиннің едәуір мөлшері бүйрекпен шығарылады (дені сау субъектілерде 48 сағаттың ішінде 50-90% шамасында). Цианокобаламиннің жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) салыстырмалы түрде ұзақ, 123 сағатты құрайды.
Фолий қышқылы
Ішу арқылы енгізген кезде он екі елі ішекте және аш ішектің проксимальді бөліктерінде толығымен сіңеді. Енгізілген дозаның 98,5%-ы 3-6 сағат өтісімен қаннан анықталады.
Ішекте сіңер алдында фолий қышқылының спецификалы ферменттің (дегидрофолатредуктаза) көмегімен қалпына келу үдерісі байқалады. Организмге түскен барлық фолаттардың, шамамен 87%-ы эритроциттер құрамында, қалған бөлігі – қан сарысуында болады. Фолий қышқылының жинақталуы мен метаболизмі бауырда жүзеге асады. Енгізілген дозаның 1/2 организмнен несеппен, қалған бөлігі – нәжіспен элиминацияланады.
Фармакодинамикасы
В тобының нейротропты дәрумендері жүйке және тірек-қимыл аппаратының қабыну және дегенеративті ауруларына жағымды әсер етеді. Қан ағымының күшеюіне ықпал етеді және жүйке жүйесінің жұмысын жақсартады. Препараттың әсері оның құрамына кіретін заттардың қасиеттерінен туындайды.
В1 дәрумені (тиамин) көмірсулар метаболизмінде, сондай-ақ кейіннен ТПФ (тиамин пирофосфат) және АТФ синтезіне қатыса отырып, Кребс циклінде шешуші рөл атқарады. В1 дәрумені жүйке импульсін жүргізуге қатысады.
Организмде В1 дәрумені биологиялық белсенді тиаминдифосфат (кокарбоксилаза) және тиаминтрифосфат (ТТР) түзе отырып фосфорланады. Тиаминдифосфат коэнзим ретінде көмірсу алмасуларының маңызды функцияларына қатысады, олар жүйке тіндерінің алмасу үдерістеріне шешуші мәнге ие, синапстарда жүйке импульстарының жүргізілуіне әсер етеді. В1 дәруменінің жеткіліксіздігінде, тіндерде бірінші кезекте сүт және пирожүзім қышқылының метаболиттерінің жинақталуы жүреді, бұл әртүрлі патологиялық жай-күй мен жүйке жүйесі қызметінің бұзылуына әкеледі.
Никотинамид барлық тіндерге жылдам таралады. Плаценталық бөгет арқылы және емшек сүтіне өтеді. Никотинамид-N-метилникотинамид түзу арқылы бауырда метаболизденеді. Бүйрекпен шығарылады.
Рибофлавиннің физиологиялық маңызы оның организмдегі тотығу-тотықсыздану үдерістеріне қатысумен анықталады. Көмірсу алмасуын жақсартады, липид алмасудың бұзылуына оң ықпал етеді және амин қышқылдарының метаболизмімен де байланысы бар. Темір және порфириндер алмасуында, сондай-ақ гемоглобин синтезінде және жасушалық тыныс алуда белгілі рөл атқарады.
Кальций пантентонаты ацетилдену коферментінің (КоА) құрамына ауыстырылмайтын бірден-бір компонент ретінде еніп, оның синтезін субстратты түрде ынталандырады. КоА құрамында көмірсу, май және ақуыз алмасуларына, ацетилхолин, стероидтар синтезіне қатысады. Миокардтың жиырылғыштық әрекетін жақсартады.
В6 дәрумені (пиридоксин) ақуыздар, көмірсулар және майлардың метаболизмін реттейді, қалыпты қан түзілуі, орталықтық және шеткері жүйке жүйесінің қызмет атқаруы үшін қажет. Синапстық берілуді, ОЖЖ тежелу үдерістерін қамтамасыз етеді, жүйке қабығының құрамына кіретін сфингозиннің тасымалдануына қатысады, катехоламиндер синтезіне қатысады.
Екі дәруменнің де физиологиялық функциясы бір-бірінің әсерін көтермелеу болып табылады, ол жүйке, нейробұлшықет және жүрек-қантамыр жүйесіне оңды әсер етуден байқалады.
B12 дәрумені (цианокобаламин) жасушалық метаболизм, қалыпты қан түзілуі мен жүйке жүйесінің жұмыс істеуі үшін қажет. Ол нуклеин қышқылының биологиялық синтезін және сәйкесінше жаңа жасушалар ядролары құрылымын катализдейді. Цианокобаламин миелин қабығы синтезіне қатысады, гемопоэзді стимуляциялайды, шеткері жүйке жүйесі зақымдануымен байланысты ауырғанды сезінуді азайтады.
Фолий қышқылы эритропоэзді стимуляциялайды, амин қышқылдарының (оның ішінде глициннің, метиониннің), нуклеин қышқылдарының, пуриндердің, пиримидиндердің синтезіне, холин, гистидин алмасуына қатысады.
Қолданылуы
- В тобындағы дәрумендердің жеткіліксіздігі
- стресс кезінде, созылмалы алкоголизмде және операциядан кейінгі кезеңде организмнің дені сау, қалыпты қызмет атқаруын демеу.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектерге күн сайын 1 капсуладан тамақ ішу кезінде немесе дәрігердің нұсқауына сәйкес.
Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.
Жағымсыз әсерлері
Қолайсыз жағымсыз әсерлерінің пайда болу жиілігі ДДҰ жіктеуіне сәйкес келтірілген:
Өте жиі: >1/10
Жиі: >1/100, <1/10
Жиі емес: >1/1000, <1/100
Сирек: >1/10000, <1/1000
Өте сирек: <1/10000
-препарат компоненттеріне, атап айтқанда бензил спиртіне аса жоғары сезімталдық реакциялары
Сирек
-аллергиялық реакциялар (терінің қызаруы, экзантема, бөртпе, қышыну, тыныс алудың қиындауы, анафилаксиялық шок, ангионевроздық ісіну)
Өте сирек
-тахикардия
-брадикардия
-аритмия
-құсу
-қатты терлеу, безеу бөртпесі, қышыну және есекжеммен тері реакциясы
-шаншулар
Бірлі-жарым жағдайларда
-бас айналу, сананың шатасуы
-құрысулар
-препарат енгізген орындағы тітіркену; жылдам енгізу немесе артық дозалану кезінде жүйелі реакциялар болуы мүмкін
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-препараттың компоненттеріне жеке сезімталдық
-декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі, жүрек өткізгіштігінің бұзылулары
-тромбоэмболия
-эритремия
-эритроцитоз
-жүктілік және лактация кезеңі
-18-ге дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
В1 дәрумені. Тиамин құрамында сульфит бар ерітінділерде толық ыдырайды. Басқа дәрумендер В1 дәруменінің ыдырау өнімдері қатысқанда (темір иондары концентрациясының төмендеуі мұндай белсенділігін жоюды болдырмауы мүмкін) белсенділігін жояды.
В6 дәруменінің емдік дозалары леводопа тиімділігін әлсіретуі мүмкін. Одан әрі изониазидпен, D-пеницилламинмен және циклосеринмен өзара әрекеттесуі байқалады.
Тиамин тотықтырғыш заттармен, сынап хлоридімен, йодидпен, карбонатпен, ацетатпен, темір сульфатымен, танин қышқылымен, темір аммоний-цитратымен, сондай-ақ натрий фенобарбиталымен, рибофлавинмен, бензилпенициллинмен, глюкоза және метабисульфитпен үйлеспейді. Мыс тиаминнің ыдырауын жеделдетеді; мұнымен қоса, тиамин рН мәні ұлғайғанда (3-тен астам) өзінің әсерін жоғалтады.
В2 дәрумені
М-холиноблокаторлармен бір мезгілде қолданған кезде рибофлавиннің сіңірілуі және биожетімділігі артады (ішек перистальтикасының төмендеуі есебінен).
Тиреоидты гормондармен бір мезгілде қолданған кезде рибофлавин метаболизмі жылдамдайды.
Бір мезгілде қолданған кезде доксициклиннің, тетрациклиннің, окситетрациклиннің, эритромициннің және линкомициннің белсенділігі азаяды.
Рибофлавин стрептомицинмен үйлеспейді.
Бір мезгілде қолданған кезде хлорамфениколдың жағымсыз әсерлері азаяды және ескертіледі (гемопоэздің бұзылуы, көру жүйкесінің невриті).
Бір мезгілде қолданған кезде хлорпромазин, амитриптилин флавинокиназаның блокадасы есебінен рибофлавиннің флавинаденинмононуклеотидке және флавинадениндинуклеотидке қосылуын бұзады және оның несеппен шығарылуын арттырады.
Кальций пантотенаты
Кальций пантотенаты жүрек гликозидтерінің кардиотоникалық әсерін жоғарылатады, стрептомициннің және басқа туберкулезге қарсы препараттардың уытты әсерін азайтады.
В6 дәрумені. Леводопа В6 дәрумені емдік дозаларының әсерін төмендетеді. В6 дәруменінің пиридоксин әсерін төмендететін циклосеринмен, Д-пеницилламинмен, адреналинмен, норадреналинмен, сульфонамидтермен өзара әрекеттесуі жүруі мүмкін.
В12 дәрумені. Цианокобаламин тотықтырғыш заттармен және ауыр металл тұздарымен үйлеспейді, тиамин туындатқан аллергиялық реакцияларды күшейтуі мүмкін. Рибофлавин, әсіресе жарықтың әсерімен деструктивті әсер етуі мүмкін. Никотинамид фотолизисті күшейтеді, ал антиоксиданттар болса, осы үдерісті тежейді.
Адреналин норадреналинмен, сульфонамидтермен бір мезгілде қолданғанда лидокаинді парентеральді енгізген жағдайда жүрекке жағымсыз әсерлері күшеюі мүмкін.
Фолий қышқылы
Ішуге арналған контрацептивтермен бір мезгілде қабылдаған кезде фолий қышқылының қан плазмасындағы концентрациясы азаюы мүмкін. Сульфасалазинмен бір мезгілде қолданған кезде фолий қышқылының сіңірілуі төмендеуі мүмкін.
Бір мезгілде қолданған кезде фенитоиннің, фенобарбиталдың, примидонның қан плазмасындағы концентрациясы азаюы және олардың құрысуға қарсы белсенділігі азаюы мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Ауру симптомдарының нашарлауы мүмкін болғандықтан, псориазбен ауыратындарға В12 дәруменін қабылдауға болмайды.
Дәрі-дәрмектің құрамында В1 дәрумені бар болғандықтан кейбір адренолитиктердің және симпатолитиктердің гипотензиялық әсерлерінің азаюы, барбитураттар мен глютетимидтің ұйықтататын әсері азаюы мүмкін.
Хлорпромазин В2 дәруменінің несеппен шығарылуын арттырады. Пробенецид оның өзекшелік сөлінісі мен реабсорбциясын тежейді, осылайша, бүйрек арқылы шығарылуын азайтады.
В6 дәрумені L-Dopaның паркинсонға қарсы әсерін азайтады. Ішуге арналған контрацептивтік дәрілермен, изониазидпен, пеницилламинмен, циклосеринмен және тиосемикарбазонмен бір мезгілде қолданған кезде В6 дәруменінің қандағы концентрациясы азаяды. Пиридоксин гидрохлориді безеулі бөртпенің пайда болуына әкелуі мүмкін.
Препаратты қолданған кезде құрамында В тобындағы дәрумендер бар поливитаминдік дәрілерді қолданбаған жөн.
Препараттың құрамында В тобындағы дәрумендер бар, олардың мөлшері тәуліктік қажеттіліктен асады, яғни бұл дәрілік затты стресс кезіндегі және дұрыс тамақтанбаған жағдайларда В тобындағы дәрумендер жеткіліксіздігін емдеуде кешенді ем құрамында пайдалануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Көлік құралдарының жүргізушілеріне және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істейтін тұлғаларға препаратты қолдануға қатысты алдын ала сақтандыру жөнінде ақпарат жоқ.
Артық дозалануы
Симптомдары: бас айналу, аритмия, құрысулар.
Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық емдеу.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 капсуладан ПВХ/ПВДХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25oC-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Mega Lifesciences Public Company Limited
384 Moo 4, Soi 6, Bangpoo Industrial Estate,
Pattana 3 Road, Phraeksa, Mueang,
Samutprakarn 10280,Таиланд.
Телефон: +66-2-401-8686
Телефакс: +66-2-324-0451
Эл. пошта: info@megawecare.com
Тіркеу куәлігінің иесі
Mega Lifesciences Public Company Limited, Таиланд
Қаптаушы ұйымның атауы және елі
Mega Lifesciences Public Company Limited
384 Moo 4, Soi 6, Bangpoo Industrial Estate,
Pattana 3 Road, Phraeksa, Mueang,
Samutprakarn 10280,Таиланд.
Телефон: +66-2-401-8686
Телефакс: +66-2-324-0451
Эл. пошта: info@megawecare.com
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«СonsultAsia» ЖШС
E-mail: registration@consultingasia.kz
Тел/факс: +77051708876; +77051708825
Дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
ConsultAsia ЖШС
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі 165 Б
тел./факс: +77051708876/+77051708825
e-mail: pv@consultingasia.kz