Натрия хлорид 5 мл (0,9%)

МНН: Натрия хлорид
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Растворители и растворы для разведения, включая ирригационные растворы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010181
Информация о регистрации в РК: 15.01.2018 - 15.01.2023
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 18.71 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Натрий хлориді

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 0,9% 5 мл ерітінді

Құрамы

5 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - 45.0 мг натрий хлориді,

қосымша зат: инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір, тұзды дәмі бар түссіз сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да емге арналмаған заттар. Еріткіштер.

АТХ коды V07AB

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Плазма алмастырғыш зат. Натрий және хлор иондары қан плазмасында және жасушадан тыс сұйықтықта тиісінше осмостық қысымды демейтін жасушадан тыс сұйықтықтың маңызды органикалық емес компоненттері болып табылады. Препарат аз уақыт тамыр арнасында тұрақтайды және интерстициальді секторға және жасуша ішіне өте тез өтеді. Натрий хлориді енгізгеннен кейін бүкіл организмге тез таралады, елеусіз метаболизденеді. Жартылай шығарылу кезеңі 1 сағатқа жуықты құрайды. Несеппен өзгермеген түрде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Натрий хлориді – дегидратацияда изотониялық ерітінді организмдегі сұйықтық тапшылығының орнын толтырады, плазма алмастыратын, дезинтоксикациялық және гидратациялайтын әсер көрсетеді, қышқыл-сілтілік теңгерімді қалпына келтіреді.

Қолданылуы

  • дәрілік препараттарды еріту және сұйылту үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Дәрілік заттарды еріткеннен немесе сұйылтқаннан кейін тері астына, бұлшықет ішіне, көктамыр ішіне. Инъекция үшін натрий хлоридін пайдаланумен дәрілік заттар ерітіндісін дайындау стерильді жағдайларда жүзеге асырылады (ампуланы ашу, еккішті және дәрілік заттары бар ыдысты толтыру). Нақты заттың ерітіндісін дайындау мақсатындағы инъекцияға арналған натрий хлоридінің мөлшерін соңғысын қолдану бойынша нұсқаулыққа немесе жағдайға байланысты дәрігер анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

Еріткіш ретінде төмен дозаларды енгізуде жағымсыз әсерлер анықталмаған. Өте жоғары сезімталдығы болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Инъекцияға арналған натрий хлориді ерітіндісі, егер олардың кейбірі үшін міндетті түрде басқа еріткіш көрсетілсе, дәрілік заттардың еріткіші ретінде қолданылмайды.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісі әртүрлі дәрілік заттарды еріту үшін кеңінен пайдаланылады. Кортикостероидтармен қолданылғанда гипернатриемия күшейтіледі.

Натрий хлоридінің ерітіндісін басқа гидрофильді дәрілік препараттармен араластыруға болады.

Айрықша нұсқаулар

Зақымданбаған ампулаларды ғана пайдалану керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Препарат көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Нұсқаулықтағы еріткішпен пайдаланылатын дәрілік затқа берілген нұсқаулармен сәйкес.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бейтарап шыны ампулада 5 мл-ден.

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 5 ампуладан қапталған. Әрбір қаптамаға ампулалық скарификатор салынған. Кертігі, сақинасы және нүктесі бар ампулаларды қаптағанда скарификатор салынбайды. Пішінді қаптамалар картоннан жасалған қорапқа салынған.

Медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтар қаптама санына қарай топтамалық қаптамаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 300С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Препараттың жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Химфарм» АҚ, Қазақстан

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, ҚАЗАҚСТАН,

Шымкент қ., Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

электронды поштасы standart@santo.kz

 

Прикрепленные файлы

070129201477976968_ru.doc 67.5 кб
998864911477978140_kz.doc 68 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники