Натрия хлорид (5 мл)

МНН: Натрия хлорид
Производитель: НИКО ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Растворители и растворы для разведения, включая ирригационные растворы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021499
Период регистрации: 03.07.2015 - 03.07.2020
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)

Инструкция

Саудалық атауы

Натрий хлориді

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 0,9% ерітінді, 5 мл, 10 мл

Құрамы

1 мл ерітінді құрамында

белсенді зат: натрий хлориді – 9 мг,

қосымша заттар: сұйылтылған хлорлы сутегі қышқылы, инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да препараттар. Еріткіштер.

АТХ коды V07AB

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Натрий мен хлор иондары қан плазмасында және жасуша сыртындағы сұйықтықта қажетті осмостық қысымды демеп тұратын жасуша сыртындағы сұйықтықтың маңызды органикалық емес компоненті болып табылады. Натрий хлориді енгізгеннен кейін бүкіл организмге тез таралады, аздап метаболизденеді. Жартылай шығарылу кезеңі 1 сағатқа жуықты құрайды. Бүйректермен өзгермеген күйінде тез шығарылады.

Фармакодинамикасы

Натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісі адам плазмасына изотониялық, сондықтан қантамырлары арнасынан тез шығарылады.

Қолданылуы

- дәрілік препараттарды еріту және сұйылтуда

- жараларды, мұрынның шырышты қабығын жуып-шаю үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Дәрілік заттарды еріту және сұйылтудан кейін тері астына, бұлшықет ішіне, көктамыр ішіне. Инъекция үшін натрий хлоридін қолданумен дәрілік заттардың ерітіндісін дайындау стерильді жағдайда жүреді (ампуланы ашу, еккіш пен ыдысты дәрілік заттармен толтыру). Инъекцияға арналған натрий хлоридінің мөлшері белгілі дәрінің ерітіндісін дайындау мақсатында соңғысының қолдану жөніндегі нұсқаулығы бойынша немесе жағдайға байланысты дәрігермен анықталады.

Ампуламен жұмыс істеу тәртібі:

 

1-сурет 2-сурет 3-сурет 4-сурет

1. Бір ампуланы блоктан ажыратып, оны мойнынан ұстап, сілку керек (1-сурет).

2. Ампуланы препарат шықпайтындай етіп, қолда қысып, басын айналдыра бұрап, бөліп алу керек (2-сурет).

3. Пайда болған саңылау арқылы еккішті ампуламен қосу керек (3-сурет).

4. Ампуланы төңкереді де, оның ішіндегісін еккішке баяу тартып алады (4-сурет).

5. Инені еккішке кигізеді.

Жағымсыз әсерлері

Еріткіш ретінде аз дозаны енгізген жағдайда жағымсыз әсерлері анықталмаған. Аса жоғары сезімталдық болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Инъекцияға арналған натрий хлоридінің ерітіндісі, егер олардың кейбіреуіне міндетті түрде басқа еріткіш аталса, дәрілік заттардың еріткіші ретінде қолданылмайды.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Натрий хлориді дәрілік заттардың көпшілігімен үйлесімді.

Басқа еріткіштермен бірге пайдалануға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары тіркелмеген.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

5 мл немесе 10 мл-ден полиэтилен ампулада. 10 ампуладан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«НИКО» ЖШҚ, Украина, 86123, Донецк обл., Макеевка қ., Таежная к-сі, 1-1

Тіркеу куәлігінің иесі

«НИКО» ЖШҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Өтегенова Б.А.» ЖК, 010000, Астана қ., Рамазан к-сі, 33/9,

тел: + 7 701 707 61 81; электронды поштасы: b.utegenova_ip@mail.ru

Прикрепленные файлы

897699391477976385_ru.doc 212.5 кб
025128821477977641_kz.doc 234.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники