Натрия хлорид (200 мл)

МНН: Натрия хлорид
Производитель: СП ООО Reka-Med Farm
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Электролиты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015060
Период регистрации: 21.01.2016 - 21.01.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Натрий хлориді

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған изотониялық 0,9% ерітінді

Құрамы

1 л препараттың құрамында

белсенді зат - 9.0г натрий хлориді,

қосымша заттар – инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Иіссіз, тұзды дәмі бар, түссіз, мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Плазма алмастырғыш және перфузиялық ерітінділер. Су-электролитті теңгеріміне әсер ететін ерітінді. Электролиттер

АТХ коды B05ВB01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Енгізгеннен кейін бүкіл организмге жылдам таралады, мардымсыз метаболизденеді. Препарат қантамырлары арнасында аз уақыт ұсталып тұрады және жылдам интерстициальді секторға және жасуша ішіне өтеді. Жартылай шығарылу кезеңі шамамен 1 сағатты құрайды. Бүйрекпен бөлінеді.

Фармакодинамикасы

Плазма алмастырғыш дәрі. Уытсыздандыратын және регидратациялайтын әсері бар. Натрий және хлор иондары қан плазмасындағы осмостық қысымды және жасушадан тыс сұйықтықты тиісінше демейді. Дегидратация кезінде организмдегі сұйықтық тапшылығының орнын толтырады. Зат алмасу үдерісін көтермелейді, бауырдың уыттылыққа қарсы функциясын жақсартады, диурезді жоғарылатады.

Қолданылуы

- шығу тегі әртүрлі дегидратацияда

- эндогенді және экзогенді уыттануда

- гипонатриемияда

- гиповолемиялық шокта (қосымша ем)

- сұйықтықты жоғалтумен метаболизмдік ацидозда, операцияға дейін және кейін плазма көлемін сақтау үшін

- дәрілік препараттарды еріту және сұйылту үшін

- жараларды, көз конъюктивасын, құрсақ қуысы мен плевральді қуысты, қынапты, қуықты шаю үшін, таңғыш материалдарды ылғалдандыру үшін.

Қолдану тәсілі және дозалары

Көктамыр ішіне тамшылатып, тері астына, ректальді, жергілікті, сыртқа қолданылады.

Енгізудің алдында ерітіндісі бар контейнерді 36 - 380С-ге дейін қыздырады.

Доза органзмнің сұйықтықты, натрий және хлор иондарын жоғалтуына байланысты анықталады және тәулігіне орташа 1000 мл құрайды. Сұйықтықты көп мөлшерде жоғалтқан және айқын уыттанған кезде тәулігіне 3000 мл-ге дейін енгізілуі мүмкін.

Енгізу жылдамдығы – 540 мл/с (минутына 180 тамшы); қажет болған кезде енгізу жылдамдығын арттырады.

Шоктық дегидратация кезінде балаларға (зертханалық параметрлерді анықтаусыз) 20-30 мл/кг енгізеді. Натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісін көп дозада ұзақ енгізу зертханалық тексерулер бақылауымен жүргізілуі тиіс. Жалпы тәуліктік доза дене салмағының 6% аспайтынын құрайды.

Жағымсыз әсерлері

- бас ауыруы, бас айналуы, мазасыздық, әлсіздік

- жас ағуы, тершеңдік, қызба

- тахикардия, артериялық гипертензия

- жүрек айнуы, құсу, диарея

- хлоридті ацидоз

- гипергидратация

- гипокалиемия

- гипернатриемия

- бүйрек функциясының бұзылуы

- ісінулер

- енгізген жердегі ауыру және тітіркену, тромбофлебит.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- тромбофлебит

- декомпенсацияланған жүрек ақауы

- ауыр бүйрек аурулары

- өкпе және ми ісінуін тудыруға қабілетті айналымдағы бұзылулар

- гипернатриемия, гиперхлоремия, гипокалиемия, ацидоз

- көп дозада кортикостероидтарды қолдану

- мидың ісінуі, өкпенің ісінуі

- жедел сол жақ қарыншалық жеткіліксіздік.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Натрий хлориді басқа препараттармен химиялық тұрғыдан үйлесімсіз біріктірілімдер түзбейді. Коллоидты гемодинамикалық қан алмастырғыштармен үйлесімді (өзара әсерінің күшеюі). Кортикостероидтармен қолданғанда гипернатриемия күшейеді.

Басқа дәрілік заттармен араластырған кезде біріктірілімін көзбен бақылау қажет (сонда да көрінбейтін және емдік үйлесімсіздік болуы мүмкін).

Айрықша нұсқаулар

Натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінде дәрілік затты ерітудің алдында дәрі мен еріткіштің үйлесімсізділігінің алдын алу үшін дәрілік заттың медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығын мұқият оқып танысып шығу керек.

Натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісін көп мөлшерде ұзақ уақыт енгізген кезде қан плазмасындағы электролиттердің құрамына бақылау жүргізу керек. Бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарға ерітіндінің көп мөлшерін абайлап тағайындау керек.

Балалар жасы

Емшек еметін жастағы балаларды емдеу кезінде тек су-электролитті теңгерімді түзету үшін ғана қолданылады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінде қолданылады. Гестоз дамыған жағдайда мұқият дозалау керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары – жағымсыз әсерлердің күшеюі. Ерітіндінің көп мөлшерін енгізу хлоридті ацидозға және гипергидратацияға әкелуі мүмкін.

Емі - препаратты қабылдауды тоқтату және симптоматикалық ем бастау керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Резеңке тығынмен тығындалған және алюминий қалпақшамен қаусырылған, қанға және қан алмастырғыш, трансфузиялық және инфузиялық препараттарға арналған шыны бөтелкеге препарат 200 мл-ден құйылған.

28 бөтелкеден немесе тапсырыс берушінің талабы бойынша қажетті саны мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың сәйкесінше санымен бірге гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге салынады.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардан қорғау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдалануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Reka - Med Farm» БК ЖШҚ, Өзбекстан Республикасы, Сырдария ауданы, С. Рахимов атындағы ф/ш, Захидов к-сі, 36

Тіркеу куәлігінің иесі

«Reka - Med Farm» БК ЖШҚ, Өзбекстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«МегаФармПлюс» ЖШС

ОҚО, Шымкент қ., Қызыл жар ықш., Қара су к-сі №30

Тел./факс: (7252) 45-31-23

E-mail: megafarmplus@yandex.kz

 

Прикрепленные файлы

650663711477976299_ru.doc 72.5 кб
993278271477977543_kz.doc 84.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники